Мазмұны. Кіріспе


ҚОСЫМША О.И. Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесі



бет6/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,19 Mb.
#32910
1   2   3   4   5   6

ҚОСЫМША

О.И. Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесі


  1. Ең үлкен қанағатты адамдар өз жұмыстарының жоғары бағасынан алады

  1. Өмірде шынайы достары бар адамдар ғана бақытты

  1. Барлық спортсмендер атаққа ұмтылады

  2. Рационалды адамдар үнемі сөйлесудің кемшілігінен зардап шегеді

  3. Мен өзімді арам ойы жоқ адам деп санамаймын

  4. Ең жақсы мұғалімдер деп мен өз пәнін білетін адамдарды есептеймін

  5. Әрбір адам қоршағандардың ашуын келтірмейтіндей өздерін ұстау керек

  6. Студенттің сәттіліктері оның міндеттеріне мойындаумен қарауына байланысты

  7. Адам қарым қатынасын ешқандай іс орнын толтыра алмайды

  8. Кейде өсек айтқан маған қанағат әкеледі

  9. Басқаларға ұнау үшін өз ісіңді жақсы жасау керек

  10. Жұмыста әріптестер арасында тек іскер қатынас болуы керек

  11. Адамға ең қорқыныштысы жалғыздық сезімі

  12. Балалық шағымда мен мақтағанды жақсы көретінмін

  13. Адамдардың көбісі топтағы жұмысты өз өзін көрсету мүмкіндігі ретінде қолданады

  14. Өзін түсінетіндерді адам ең жақсы достары деп санайды

  15. Мектептің негізгі рөлі оқушыларды дұрыс мамандық таңдауға бағыттауда болуы керек

  16. Өзіне ұнайтын адамдармен жұмыс істеген кезде адам ерекше күштің пайда болғанын сезінеді

  17. Мен өзім жақсы қарайтын адамдарға ғана көмектесемін

  18. Мен телефон арқылы тек іс жайлы сөз жүргізгім келеді

  19. Істің қызығушылығы үшін қызметкерлер жайлы ұмытып кететін мекемелер ұнайды

  20. Қоршағандардың менің жұмысымды сынауы менің нәтижеме жаман әсер етеді.

  21. Бос уақытты достармен қарым- қатынасқа жұмсау керек.

  22. Мен келер күнімді жоспарлап қоюға тырысамын.

  23. Жақсы басшы ең алдымен өз саласында жақсы маман.

  24. Көп адамдар үшін топтық жұмыс жаңа адамдармен танысудың тағы бір мүмкіндігі.

  25. Мен атақты адамдардың өмірі жайлы кітаптарды қалаймын.

  26. Жұмыстағы әріптестер достық қарым- қатынаста болулары керек.

  27. Өздерінің сезімдерін ұстай алмайтын адамдармен жұмыс істеу маған қиын.

  28. Мектеп ең алдымен оқушыларда ең жақсы адамдық қасиеттерді тәрбиелеу керек.

  29. Менің жақсы достарым көп білулері керек.

  30. Мен басқалармен менің ісіме байланысты жоқ заттар жайлы сөйлесемін.

  31. Талпыныстары марапатталған кезде , көптеген істер жасай алады.

  32. Достық қарым- қатынастың нашарлауы жұмысшылардың іс әрекетіне ықпалын тигізеді.

  33. Менің ойымша іс үшін жұмысшылар қарым- қатынасын құрбандыққа шалуға болады.

  34. Таныс емес ортада мені ашық адамдар тартады.

  35. Жақсы басшы ең алдымен жұмыста өзара түсінушілік атмосферасын қалыптастырады.

  36. Бос уақытты өзіндік оқыту мен сүйікті іске жұмсау керек.

  37. Студенттің жетістіктері көбінесе ЖОО да қоршаған адамдармен , қарым- қатынасқа байланысты.

  38. Мен ашық, тура адамдарды дөрекі деп есептеймін.

  39. Бірдей қаржылай жетістік жағдайында мен байқауды ұйымдастырғанға қарағанда , оған қатысуды қалар едім.

  40. Ең жақсы қанағат сезімді адам жақын достарының арасында алады.

  41. Адамдар қарым- қатынастарын анықтау үшін өте көп уақыт жұмсайды.

  42. Мен адамдар жайлы бірінші әсерім арқылы ойлаймын.

  43. Мұғалімнің басты міндеті оқушылар арасында жақсы түсінушілікті орнату.

  44. Өмірде адам тек өз-өзіне ғана сенуі керек.

  45. Өз қателіктерімді мойындау маған қиынға түседі.

  46. Сүйікті ісіне өмірлерін арнаған адамдар таңдандырады.

  47. Компанияның жаны болу адам үшін үлкен ләззат.

  48. Маған адамдардан көңілімді қалдыру үнемі қиын.


Этникалық бірдейлік негізгі компоненттері


Дифференциация идентификацияның біртұтас процесі әлеуметтік ұқсастықты қалыптастырады. Тәшфелдің анықтамасы бойынша, әлеуметтік ұқсастық- бұл индивидтің белгілі бір әлеуметтік топ мүшесі екендігін, сезініп

сол мүшеге тән құндылықтары мен эмоционалды мәнділіктерін ұғындыратын

«Мен концепциясының» бөлігі болып табылады.Сондай-ақ жалпы мағынасында әлеуметтік ұқсастық – бұл өзінің тобын басқа әлеуметтік қауымдармен салыстыру процесінің нәтижесі.

Этникалық ұқсастық – тұлғаның әлеуметтік ұқсастығының құрамды бөлігі, психологиялық категория тұрғысында белгілі бір этникалық қауымға жататынын ұғындыру болады. Осы орайда этникалық ұқсастық пен этникалық ұғымдарын ажыратып алған жөн.Этникалық этносқа тән объективті белгілерін анықтауға бағытталған әлеуметтік категория.Мысалы: ата-ананың белгілі бір этносқа жатуы, туған жерінің , тілінің, мәдениетінің сол этносқа тән болуы.

Этникалық (этничностъ) аскритивті (қоғамға тән) сипатқа ие болса, этникалық ұқсастық – этникалықтың негізінде әлеуметтік шындықты құрау процесіндегі индивидтің қол жеткен жетістігі болып табылады.Шынайы өмірде субъективті ұқсастық пен әлеуметтік белгіленген этникалық екеуі көп жағдайда сәйкес келмейді. Сондай-ақ этникалық ұқсастық өзін этникалық қауым қатарында санайтын декламацияланған ұқсастықпен де сәйкес келмеуі мүмкін. Күнделікті өмірде адам өзіне тән ұқсастықтарды қозғалмастан басқа этникалық кодтарға қосылуды тиімді пайдалануы мүмкін. Мысалы: мемлекеттік және тұрмыстық антисемитизммен сипатталатын советтік кезеңде еврейлер қайда, қашан және кіммен еврей болуды күнделікті таңдап отыруға тура келген. Этникалық ұқсастықты идентификация дифференциясының біртұтас когнетивті үрдісінің нәтижесі ретінде қарауға болмайды, ол индивидтің әлеуметтік кеңістіктегі көптеген этностар ішінен өзін - өзі анықтауының когнетивті – эмоционалды үрдісінің нәтижесі. Бұл сондай-ақ тек ұғыну ғана емес, бағалау, өзінің этносқа жататындығын ойлануы әсерленуі ( переживания).

Осы түсініктерді дәл бейнелейтін әсерленушілік термині десек болады, бұл терминді ресейдің әйгілі ойшылдары Г.Г. Шпет пен Выготский өз еңбектерінде қолданған.

Шпет ұжымдық әсерленушілік ұғымын енгізсе, осы ұғымға ұқсас түсінікті Выготский ұсынған. Выготский ол әсерленушілік ұғымын қоғамдағы тұлғаны зерттеу үшін қажет бірлік ретінде қарастырған. Екі ойшылдың да берген анықтамаларында сәйкестік бар.Шпеттің ойынша ұжымдық әсерленушілік (переживание) оның мүшелерінің мәдениетіне деген қатынасы болса, Выготскийде әсерленушілік «баланың адам ретіндегі белгілі бір шынайылық жағдайына деген ішкі қатынасы»тұрғысында қарастырылады.

Этникалық ұқсастықты әлеуметтік ұқсастықтың құрамды бөлігі ретінде қарастыра отырып, зерттеушілер оның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетуге тырысады. Мысалы, американдық мәдениантраполог Дж. Девос этникалық ұқсастықты мәдени салт-дәстүрге ұштасқан өткен мұраға бағытталған ұқсастықформасы ретінде қарастырады. Г.У. Солдатовамен де келісуге болады, ол этникалық ұқсастықтың ерекшелігін –мифтен көреді, себебі , оның басты тірегі –жалпы мәдениет, шығу тегі, тарихы туралы мифтер мен ой- пікірлер болып табылады. Этникалық ұқсастықтың әлеуметтік ұқсастықтың қандайда бір құрамдас бөлігінен айырмашылығын жекелеген ерекшеліктерінен іздемеу керек, оны сол немесе басқа да әлеуметтік контекстегі белгілі бір халық өкілдерінің құрылымдық қатыстарынан іздестірген жөн.

Этникалық ұқсастық құрылымында екі негізгі компонентті бөліп көрсетеді:

-когнитивті (өз тобының ерекшеліктерін білу, әрі жекелеген белгілерінің негізінде өзін сол этностың мүшесі екенін ұғынуы)

-аффективті (өз тобының қасиеттерін бағалауы, ондағы мүшелерге деген қатынасы)

Әр түрлі зерттешілер ұсынған моделъде этникалық ұқсастықтың когнетивті компонентінің құрамдас бөліктерін анықтауда көптеген терминдер қолданылады: этникалық бағдарлану, тотық концепциялар және т.б. Ең маңыздысы ретінде өз тобы мен басқалар арасындағы ,тарихы мен дәстүрі арасындағы айырмашылық туралы объективті білімдер мен субъективті әлеуметтік ойлардан тұратын этникалық мәліметтілікті және этникалық өзіндік ұқсастықты атауға болады.

Бірақ этникалық ұқсастық-бұл тек өзінің этникалық қауыммен ұқсастығын ұғып , сезіну ғана емес, ол сондай-ақ оны бағалауы, оған мүшелікте болудың мәнділігі, этникалық сезімдерді бөлісу. Жетістік, өркөкіректік, реніш, қуаныш сезімдері этнос аралық салыстырудың маңызды критериі болып табылады. Бұл сезімдер этникалық қауыммен терең эмоционалдыбайланысқа негізделеді.

Өзінің этникалық қауымына деген қатынас этникалық аттитюдерде көрінеді.Позитивті аттиюдтер этникалық қауым мүшелеріне көңіл толуынан, өз халқының жетістігіне қуануынан байқалады.

Керісінше, топқа қатынасына байланысты негативті аттитюдтардың көп болуы өзінің этникалық ұқсастығын мойындамау, төмен сезіну сезімінің болуы, референті ретінде басқа топқа бет алуы т. б. болады.Солдатованың зерттеулерінде Ресей республикасында өмір сүретін орыстар өзінің этникалық тобына деген қызығушылығы төмендегідей анықталған.

Соңғы жылдары бұлар өз тарихи тағдырына байланысты көптеген нәрселерден көңілдері қалған.

Тұтастай өз халхына деген ұят сезімдерін өркөкіректік сезіміне алмастырудан орыстардың ішінде өз этникалық тобынан бөтенсіні, бөлектену үрдістері көбейе бастағанын бейнелейді.

Кейбір авторлар этникалық ұқсастықтың мінез-құлықтың компонентін де ерекшелеп, оны белгілі бір топ мүшесі екенін ұғынып, өзін көрсете білуі деп түсіндіреді.Бірақ этникалық ұқсастықтағы этникалық мінез-құлықты бөліп көрсету бұл ұғым аясын одан да кеңейтіп жібереді.Этникалық топтың әлеуметтік өмірі мен мәдени практикасына қызығушылық таныту индивидтің этникалық ұқсауының индикаторы ретінде қарастырылады.Дегенмен, адамның өзі туралы ойлары мен шынайы өмірдегі әрекеттері , яғни этникалық өзін ұқсату мен этникалық қызығушылық таныту арасындағы тұрақты байланыс мәселесі әзірге дейін ойландыруда.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінің көрсетуінше, өзін этникалық топ мүшесі ретінде санауымен өзіне тән типтік мінез-құлықты қолдану секілді екі өлшеуіштің арасындағы тәуелсіздігі байқалған. Кейбір жағдайда ұқсастылық пен (идентичностъ) этникалық практиканың кейбір түрлерін қалау арасындағы байланыс мойындалмай жатады. Мысалы, адам басқа этникалық қауымның тілі мен дәстүрлерін сақтауға деген ниеті болмаса да, ол қауымға идентификациялануы мүмкін.

Сонымен қатар, шынайы өмірде пайдалануға, үлгілеуге боларлықтай өзінің этникалық прототипін немесе үлгісі бар этникалық мәдениет нұсқауын ажырату қажет. Мысалы, ұлттық мектепте оқитын мәскеулік еврей жасөспірімдерінен сауалнама алғанда, олардың еврей мәдениетіне деген қызығушылығының төмен екендігі байқалған: 11,7% респондент айына бір рет немесе одан жиірек синагогада болады екен, ал 39,5% ол жерде мүлде болмайды, 60,2% ұлттық газеттерді мүлде оқымайды, 76,7%ұлттық қоғамдарда жұмыс істемейді екен.Сондай болғанменде респонденттер еврей мәдениетіне бағытталатындықтарынжария етіп, нұсқауларының деңгейі құштарлықтарынанда екі есе жоғары екендіктерін көрсетті.

Басқа сөзбен айтқанда, этникалық ұқсастықтың (идентичности) мінез-құлық компонентін бөлмеген дұрыс, ал тек индивидтен іс - әреккетің ұжымдық формасын топтық мақсатқа жетуге деген талпынысын бөлген жөн.Бұл тек әрекет барысында жүзеге аса бермейтін дайындығы ғана.

Сонымен, қазіргі кезде этникалық ұқсастық топпен өзара әрекеттесуді әрқашан болжай бермейді.Дегенмен, дәстүрлі қоғамда этникалық топтың әлеуметтік өмірі мен мәдени практикасына қатынасу этникалық ұқсастықтың құрылуы мен қалыптасуының маңызды компонентті екенін ескерген жөн.






Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет