Мазмұны. Кіріспе



бет2/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,19 Mb.
#32910
1   2   3   4   5   6

1.ӨЗІНДІК САНА.
Этнопсихологияның көптеген мәселелерін тұлганың өзіндік санасы сондайақ әлеуметтік және этникалық топтар сана сезімі жайлы ғылыми көзқарастарды ескере отырып түсіндіруге болады.

Тұлганың ішкі әлемі,оның өзіндік санасы әрқашанда зерттеушілердің назарында болып келді.Сондықтанда сана сазімге байлапнысты әр зерттеуші әр түрлі анықтама берген.Сана-сезім мәселесіне зерттеген отандық зерттеушілердің бірі В.В.Столин адамның психикалық ұйымындағы өзіндік сана-сезімінің орнын талдай келіп,жалпы барлық сана-сезім жөніндегі зерттеулерді екі сұрақ төңірегіне топтастырды.Б.Г.Ананевтің Л.С.Рубенштейннің,А.Н.Леоньтевтің т.б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы контектіндегі өзіндік сананың қалыптасу сұрағы жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған.Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады.Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі ретінде ұғынуына ықпал ететін психикалық үрдістердің жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады.

Өзіндік сананың табиғаты жайлы,оның қалыптасуы,қызметі мен механизімдері жайында А.Н.Леонтев қарастырған .Оның айтуынша,өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің )мөлшері олардің жағдайды эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады.Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.

С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады. Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылымболып табылады.Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады. В.С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:

-өзінің ұқсастығының санасы

-өзінің «Менінің» санасы

-өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы

-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.

И.И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:

-өзін-өзі тану

-өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас

-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу

Бұл аталған компоненттер И.С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне ұқсас келеді.Оның пікірінше, «Мен» бейнесі –бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан,3 компоненттен тұрады:

1 танымдық (когнетивті)

2 эмоцианалды (өзінің қасиеттерін бағалау)

3 мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы)

Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен,біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл ретінде қарастырылған.(В.Джеймс, В.М. Бехтеров, В.А. Ядов және т.б)

Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтініболдырмауға көмектеседі.

Өзіндік сана - бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, ол дамудың өнімі.

Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре отырып,адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.

Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі кез-келген өзгеріс тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді.Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші,ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.
2. Этноидентификация.
Этностық идентификация-әр адамның этностық топтағы басқа бір адаммен бірігудге эмоциялық қатынастың процссі.Мұнда сол этностың тарихына, мәдениетіне,ұлттық салтына,әдет-ғұрпына,олардың мұраттарына,сезімі мен фольклоры мекендейтін аймағы мен оның менталитетіне деген жағымды көзқарастары арқылы теңдестіру.Этностық идентификация адамның өзін сол немесе басқа этносқа жатқызып қоюы ғана емес, сондай-ақ өз халқы туралы,оның өзгеше қасиеттріне мәденитіне,тіліне,тарихи өткен өміріне тән «біз» бейнесінің көрінісі.

Этностық идентификация тұлғаның ішкі психологиялық қайшылықтарға қарым-қатынаста өз этномәдениетін жатсыну мен оған жаулық сезімін туғызатын конфликтілерге,әртүрлі әлеуметтік фрустрацияға әкеледі (ұлттық нигилизм,мәңгүрттену)-деген ойды Қ.Б.Жарықбаев пен Ж.С.Нүкежановтар тұжырымдаған әрин бұл пікірдің түбірі этникалық иднтификацияны жан-жақты зерттеп,оның ерекшеліктерін ашуға ізденіс жасауға ой салды.

Этностық идентификация үдерісі мен оның нәтижесі жеке және топтың құндылықты қабылдау негізінде индивидтің этникалық топтағы мүшелері мен қауым туралы пікірдің бөлінуіне байланысты болады.Осы идентификация түрі адамның өз этикалық қауымымен байланысын және оның басқалармен салыстырғанда анықталатын этникалық бірігушілік пен этностық шектің белгілері туралы ойдың жиынтығынан тұрады.

Психологияда иднтификация ұғымын З.Фрейд енгізді.Ол идентификацияны,үлгі бойынша саналы нмс парықсыз әрекетке тырысатын маңызды тұлғалардың адамның өзіндік теңестіру ретінде қараған.Идентификация тұжырымдамаларын Э.Эриксон, Э.Горман, Р.Линтон, Т. Пирсон т.б. зерттеген.

Д.Ранопорт идентификация ұғымын «мен» субъектінің өзіндік дамуына қабілетін қарастырудың орталық механизмі ретінде ұққан.

Идентификация әр түрлі деңгейде:ең алдымен,адам идентификациясы туралы айтатын болсақ, өмірдегі жеткілікті түрде маңызы бар.Мысалы: Біріншіден ата-анасымен.

Екіншден, топпен идентификациясы (референтті топпен) ал ең соңғы деңгейде,әлеуметтік құбылыстың кең шеңберінде,басқаша айтсақ,этникалық қауыммн болуы мүмкін.

Бүгінгі психологияда идентификация ұғымы психикалық ақиқаттың қиылысатын үш бөлігін қамтиды.



  • біріншіден идентификация-ол эмоциялық байланысты құру негізінде субъектінің өзін басқа индивиттрмен немесе топпен біріктіру үдерісі,сондай-ақ жеке нормалар,құндылықтар,үлгілер ретінде өзінің ішкі дүниесін қосып қабылдау.

- екіншіден идентификация-басқа адам субъектісін өзін-өзі жалғастырушы ретінде көз алдына елестетуі көруі.

- үшіншіден идентификация-ол субъект өзінің басқаның орнына қою механизмі.Идентификация тиістілік сезіммен байланысты,оның көмегімен адам сол топпен өзін теңестіреді,оның (адамның) ойыша өзі сол топқа тиісті болып есептеледі.

Сонымен бірге идентификация көпшіліктің мәдениетімен ассимиляция ретінде бағаланса,әрі көп ұлттық қоғамдағы жеке топпен күшті идентификация болса, ол сонда ғана-сенаратизм (бөліну, оқшаулануға ұмтылу) туралы екен деп О.Л.Романова санаған.


3. Этникалық бірдейлік.
Дифференциация идентификацияның біртұтас процесі әлеуметтік ұқсастықты қалыптастырады. Тәшфелдің анықтамасы бойынша, әлеуметтік ұқсастық- бұл индивидтің белгілі бір әлеуметтік топ мүшесі екендігін, сезініп

сол мүшеге тән құндылықтары мен эмоционалды мәнділіктерін ұғындыратын

«Мен концепциясының» бөлігі болып табылады.Сондай-ақ жалпы мағынасында әлеуметтік ұқсастық – бұл өзінің тобын басқа әлеуметтік қауымдармен салыстыру процесінің нәтижесі.

Этникалық ұқсастық – тұлғаның әлеуметтік ұқсастығының құрамды бөлігі, психологиялық категория тұрғысында белгілі бір этникалық қауымға жататынын ұғындыру болады. Осы орайда этникалық ұқсастық пен этникалық ұғымдарын ажыратып алған жөн.Этникалық этносқа тән объективті белгілерін анықтауға бағытталған әлеуметтік категория.Мысалы: ата-ананың белгілі бір этносқа жатуы, туған жерінің , тілінің, мәдениетінің сол этносқа тән болуы.

Этникалық (этничностъ) аскритивті (қоғамға тән) сипатқа ие болса, этникалық ұқсастық – этникалықтың негізінде әлеуметтік шындықты құрау процесіндегі индивидтің қол жеткен жетістігі болып табылады.Шынайы өмірде субъективті ұқсастық пен әлеуметтік белгіленген этникалық екеуі көп жағдайда сәйкес келмейді. Сондай-ақ этникалық ұқсастық өзін этникалық қауым қатарында санайтын декламацияланған ұқсастықпен де сәйкес келмеуі мүмкін. Күнделікті өмірде адам өзіне тән ұқсастықтарды қозғалмастан басқа этникалық кодтарға қосылуды тиімді пайдалануы мүмкін. Мысалы: мемлекеттік және тұрмыстық антисемитизммен сипатталатын советтік кезеңде еврейлер қайда, қашан және кіммен еврей болуды күнделікті таңдап отыруға тура келген. Этникалық ұқсастықты идентификация дифференциясының біртұтас когнетивті үрдісінің нәтижесі ретінде қарауға болмайды, ол индивидтің әлеуметтік кеңістіктегі көптеген этностар ішінен өзін - өзі анықтауының когнетивті – эмоционалды үрдісінің нәтижесі. Бұл сондай-ақ тек ұғыну ғана емес, бағалау, өзінің этносқа жататындығын ойлануы әсерленуі ( переживания).

Осы түсініктерді дәл бейнелейтін әсерленушілік термині десек болады, бұл терминді ресейдің әйгілі ойшылдары Г.Г. Шпет пен Выготский өз еңбектерінде қолданған.

Шпет ұжымдық әсерленушілік ұғымын енгізсе, осы ұғымға ұқсас түсінікті Выготский ұсынған. Выготский ол әсерленушілік ұғымын қоғамдағы тұлғаны зерттеу үшін қажет бірлік ретінде қарастырған. Екі ойшылдың да берген анықтамаларында сәйкестік бар.Шпеттің ойынша ұжымдық әсерленушілік (переживание) оның мүшелерінің мәдениетіне деген қатынасы болса, Выготскийде әсерленушілік «баланың адам ретіндегі белгілі бір шынайылық жағдайына деген ішкі қатынасы»тұрғысында қарастырылады.

Этникалық ұқсастықты әлеуметтік ұқсастықтың құрамды бөлігі ретінде қарастыра отырып, зерттеушілер оның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетуге тырысады. Мысалы, американдық мәдениантраполог Дж. Девос этникалық ұқсастықты мәдени салт-дәстүрге ұштасқан өткен мұраға бағытталған ұқсастықформасы ретінде қарастырады. Г.У. Солдатовамен де келісуге болады, ол этникалық ұқсастықтың ерекшелігін –мифтен көреді, себебі , оның басты тірегі –жалпы мәдениет, шығу тегі, тарихы туралы мифтер мен ой- пікірлер болып табылады. Этникалық ұқсастықтың әлеуметтік ұқсастықтың қандайда бір құрамдас бөлігінен айырмашылығын жекелеген ерекшеліктерінен іздемеу керек, оны сол немесе басқа да әлеуметтік контекстегі белгілі бір халық өкілдерінің құрылымдық қатыстарынан іздестірген жөн.

Этникалық ұқсастық құрылымында екі негізгі компонентті бөліп көрсетеді:

-когнитивті (өз тобының ерекшеліктерін білу, әрі жекелеген белгілерінің негізінде өзін сол этностың мүшесі екенін ұғынуы)

-аффективті (өз тобының қасиеттерін бағалауы, ондағы мүшелерге деген қатынасы)

Әр түрлі зерттешілер ұсынған моделъде этникалық ұқсастықтың когнетивті компонентінің құрамдас бөліктерін анықтауда көптеген терминдер қолданылады: этникалық бағдарлану, тотық концепциялар және т.б. Ең маңыздысы ретінде өз тобы мен басқалар арасындағы ,тарихы мен дәстүрі арасындағы айырмашылық туралы объективті білімдер мен субъективті әлеуметтік ойлардан тұратын этникалық мәліметтілікті және этникалық өзіндік ұқсастықты атауға болады.

Бірақ этникалық ұқсастық-бұл тек өзінің этникалық қауыммен ұқсастығын ұғып , сезіну ғана емес, ол сондай-ақ оны бағалауы, оған мүшелікте болудың мәнділігі, этникалық сезімдерді бөлісу. Жетістік, өркөкіректік, реніш, қуаныш сезімдері этнос аралық салыстырудың маңызды критериі болып табылады. Бұл сезімдер этникалық қауыммен терең эмоционалдыбайланысқа негізделеді.

Өзінің этникалық қауымына деген қатынас этникалық аттитюдерде көрінеді.Позитивті аттиюдтер этникалық қауым мүшелеріне көңіл толуынан, өз халқының жетістігіне қуануынан байқалады.

Керісінше, топқа қатынасына байланысты негативті аттитюдтардың көп болуы өзінің этникалық ұқсастығын мойындамау, төмен сезіну сезімінің болуы, референті ретінде басқа топқа бет алуы т. б. болады.Солдатованың зерттеулерінде Ресей республикасында өмір сүретін орыстар өзінің этникалық тобына деген қызығушылығы төмендегідей анықталған.

Соңғы жылдары бұлар өз тарихи тағдырына байланысты көптеген нәрселерден көңілдері қалған.

Тұтастай өз халхына деген ұят сезімдерін өркөкіректік сезіміне алмастырудан орыстардың ішінде өз этникалық тобынан бөтенсіні, бөлектену үрдістері көбейе бастағанын бейнелейді.

Кейбір авторлар этникалық ұқсастықтың мінез-құлықтың компонентін де ерекшелеп, оны белгілі бір топ мүшесі екенін ұғынып, өзін көрсете білуі деп түсіндіреді.Бірақ этникалық ұқсастықтағы этникалық мінез-құлықты бөліп көрсету бұл ұғым аясын одан да кеңейтіп жібереді.Этникалық топтың әлеуметтік өмірі мен мәдени практикасына қызығушылық таныту индивидтің этникалық ұқсауының индикаторы ретінде қарастырылады.Дегенмен, адамның өзі туралы ойлары мен шынайы өмірдегі әрекеттері , яғни этникалық өзін ұқсату мен этникалық қызығушылық таныту арасындағы тұрақты байланыс мәселесі әзірге дейін ойландыруда.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінің көрсетуінше, өзін этникалық топ мүшесі ретінде санауымен өзіне тән типтік мінез-құлықты қолдану секілді екі өлшеуіштің арасындағы тәуелсіздігі байқалған. Кейбір жағдайда ұқсастылық пен (идентичностъ) этникалық практиканың кейбір түрлерін қалау арасындағы байланыс мойындалмай жатады. Мысалы, адам басқа этникалық қауымның тілі мен дәстүрлерін сақтауға деген ниеті болмаса да, ол қауымға идентификациялануы мүмкін.

Сонымен қатар, шынайы өмірде пайдалануға, үлгілеуге боларлықтай өзінің этникалық прототипін немесе үлгісі бар этникалық мәдениет нұсқауын ажырату қажет. Мысалы, ұлттық мектепте оқитын мәскеулік еврей жасөспірімдерінен сауалнама алғанда, олардың еврей мәдениетіне деген қызығушылығының төмен екендігі байқалған: 11,7% респондент айына бір рет немесе одан жиірек синагогада болады екен, ал 39,5% ол жерде мүлде болмайды, 60,2% ұлттық газеттерді мүлде оқымайды, 76,7%ұлттық қоғамдарда жұмыс істемейді екен.Сондай болғанменде респонденттер еврей мәдениетіне бағытталатындықтарынжария етіп, нұсқауларының деңгейі құштарлықтарынанда екі есе жоғары екендіктерін көрсетті.

Басқа сөзбен айтқанда, этникалық ұқсастықтың (идентичности) мінез-құлық компонентін бөлмеген дұрыс, ал тек индивидтен іс - әреккетің ұжымдық формасын топтық мақсатқа жетуге деген талпынысын бөлген жөн.Бұл тек әрекет барысында жүзеге аса бермейтін дайындығы ғана.

Сонымен, қазіргі кезде этникалық ұқсастық топпен өзара әрекеттесуді әрқашан болжай бермейді.Дегенмен, дәстүрлі қоғамда этникалық топтың әлеуметтік өмірі мен мәдени практикасына қатынасу этникалық ұқсастықтың құрылуы мен қалыптасуының маңызды компонентті екенін ескерген жөн.


4. Эгоцентризм.
Эгоцентризм-айналадағы болып жатқанды ескермей,адамның зейіні мн ойлауын тек өзін ғана бағыттауы арнауы.Эгоцентризм (лат ego – мен, centrum-шеңбер орталығы) өз мүдделерін ғана деттеген индивидтің тіпті ақпарат өз тәжірибесіне қарама-қарсы келіп тұрғанда да қайсы бір объектіге,пікірге не түсінікке қатысты өзінің бастапқы танымдық ұстанымын өзгерте алмаушылығы эгоцентризмнің түпкі негізі субъектінің басқадай қарама-қарсы көзқарас болуы мүмкін екендігін түсінбуі,басқа адамдардың психологиялық ұйымдастырылуы өзінікіне барабар дегн имплицитті снмілік болып табылады.Эгоцентризмнн арылту дцптрацияға дгн қабілеттілікті біртіндеп дамыту арқылы жүзге асырады.Эгоцентризм балалық кезеңінде нғұрлым айқын көрініп негізінен 12-14 жасқа қарай қалады.Эгоцентризімнң бр шама күшеюі қартайғанда да, байқалады.Нақты зерттеулрде эгоцнтризімнің әрқилы түрлері сараланады.

1.Қабылдау және ойлау процестерімен сипатталатын танымдық эгоцентризм.

2.Өзінен басқалардың моральдық іс-қимылы мен қылықтарының негіздерін ұғына алмаушылықты көрсететін моральдық эгоцентризм.

3.Субьктінің басқа адамдарға ақпарат беруі кезіндее тезаурустардың,ұғымдардың мағаналық толымдығын жән т.б.Елмеушіліктен көрнтін коммуникативтік эгоцентризм.Бұл салалардың әрқайсысында эгоцнтризмнн арылтуды бір-бірінн тәуелсіз тұрғыда жүзеге асыруға болады.

Этноцентризм дегеніміз не? У.Самнердің көзқаратары.

Халыөтардың салт-дәстүрлері туралы өзінің классикалық кітабында У.Самнер алғашқыладың бірі болып этноцентризмге анықтама берді.Ол этноцетризмді техникалық атау деп ұқты, Этноцентримде әркім өзінің тобын бәрінің орталығында деп санап топ өзінің абырой-мақтанышы мен атақ-даңқын қастерлейді де басқа топ мүшелеріне жек көрушілік пен қарай отырып, өздерін бәрінен жоғары санайды.

У.Самнердің пікірінше этноцентризмнен топтардың провинциалимі және көзқарастарымен мәдениеттің тарлығы байқалады. Этноцентрлік тұлға өз мәдениетін қабылдауда ...

Этноцентримге өзінің тобына деген жағымды құрылымдары мен бөлек әлеуметтік топтарға жағымсыз құрылымдарын қамтиды. Өз анықтамасының дұрыстығын дәлелдемек болып, У.Самнер өз топ мүшелеріне дұрыс көзқарас тудырып, ал басқа топтағылардың намысына тиіп беделін түсіруге дайын тұратындықтарын этнографиялық мәліметтер келтіреді. У.Самнердің пікірінше этникалық топтар басқаларда өздерінің құндылықтарына сүйене отырып бағалайды. Осы бағалаудың негізіне сүйенсек онда барлық халық этноцентрлік болып табылады. Ол құндылықтар өлшеу бірлігінің рөлін атқарады. Ұзақ уақыт бойы салыстырмалы түрде оқшауланып өмір сүрген этникалық топтарда этноцетризм күштірек байқалады. Мұндай топтардың өкілдері өздерінің мінез-құлық шаблондарын - дұрыс және табиғи деп, ал барлық ауытқуларын –қате деп әрі табиғи емес деп бағалайды.

Этноцентризмде өз тобының мүшелерін нағыз адам деп, ал бөтендерді жағымсыз яғни варварлар, жабайылар және т.б. ретінде сипаттап, оларды аморальді және күлкілі тіршілік иесі деп қарастырады.Этноцентризм бөтен мәдениеттің киелі және культ немесе табудың заты болып табылатын кейбір элементтеріне ерекше ықпал етеді. Мұнда ең алдымен діни және басқада символдар туралы, отбасылық және басқада құндылықтар жайлы сөз болып тұр. Мысалы, күйеуі тірі болса тура әйелі онымен ажырасып екінші бір адамға тұрмыс құруға рұхсат беретін даниялықтарды қытайлықтар жағымсыз бағалайды.

Әр түрлі ұлттар мен этностардың өкілдері басқа этностың өкілдерін жеке құндылықтар жүйесі позициясында қабылдайтындықтан осы этностарды бағалауда әр этникалық топтардың оларға деген көзқарастары әр түрлі болып келеді. Мысалы, армяндықтарды орыстар, француздар, түріктер, арабтар өздерінің түрлі құндылықтарымен этолондары арқылы салыстыра отырып әрқайсысы әр түрлі қабылдап әр түрлі баяндайды.

Этноцентризмнен жеке және сонымен ұқсас расоцентризм кездесетіндіктен адамдар бір уақытта әрі этноцентрист, әрі расоцентрист бола алады. Мұндай адамдар неміс фашисттері ішінде көп болған. Олар өздерін армицстер және германдықтар ретінде санап, осы екі аспект арқылы басқалардан асып түсетіндіктеріне сенімді болды.

Топтың нарцизм (этнонарцизм) және агресивтілік

Этникалық топтың мүшелері өздерін құнды адамдар деп ойлай отырып, басқа топтар басқа топтарда мұнысын мойындап , дәл сондай көзқараста деп түсінеді. Ал шын мәнісінде басқа этникалық топтардың оларды мүлде бағаламайтықтарын білгенде таң қалып жатады. Бұлда этноцентризм басқа бір көрініс болып табылады.

Осы орайда жаңа идея туындайды әрбір этникалық топ белгілі бір нарцизм деңгейіне ие. Әсіресе доминантты халықтарда ерекше күшті болып келеді (Ақш, Ресей).

Саяси психологияның дәлелдеуі бойынша тұлғаның нарцизмі оның жоғары агресивтілігінің бір себебі болып табылады. Осыдан мынадай гипотеза туындайды: ұлттың этноцентризмі қаншалықтаы күшті болса әсіресе топтық нарцизм онда осы ұлт соншалықты мөлшерде агресивті екенін байқауға болады.

Эталондар мәселесі.

Эталондар мәселесін, оның салыстыру көрсеткіштері жекелеп және терең зерттеу қажет. Басқа ұлттар мен оның өкілдері түрлі этникалық және мәдени-тарихи қауымдастарда әртүрлі болып келетін қандай да бір эталондардың негізінде бағаланады. Этникалық жеке дара және топтық ерекшеліктер де бар екені белгілі. Сондықтан да белгілі бір ұлттың мәдени жетістіктерін қандай да бір ұлт өкілдері жоғары бағалап, әлемдік мәдениетке қосқан үлкен үлес деп санаса , үшінші ұлт өкілдері оларды мүлде төмен бағалауы мүмкін. Ол әр түрлі көрсеткіштер эталондар құндылықтарға сүйенеді. Сондықтан да зерттеушілердің этноцентризм негізін этникалық құндылықтар тұрғысындағы қарастырулары дұрыс болып табылады.

Этноцентризм әсіресе тұрмыстық сферадан, салт-дәстүрден , және әдеттерден көрінеді.(тамақтану, әжетхана және т.б.). Қарым – қатынас сферасында да үлкен айырмашылықтар байқалады. Этникалық топтардың ар-ұят, адамгершілік және намыс туралы көзқарастары әр түрлі болғандықтан, олардың өкілдері бір-біріне абайсызда тіл тигізіп, қорлауы мүмкін.
Этноцентризмді зерттеудегі психологияның міндеттері.
Этноцентризм бұл кешенді құбылыс. Ол туралы құнды мәліметтер әлеуметтену, этнология, психология, экономика және басқа ғылымдардың әдістері арқылы алынады. Этноцентризм жайлы құнды дәлелдер көркем әдебиеттерде, журналистикалық текстерде және т.б. көптеген құнды құжаттар көздерінде көруге болады. Мамандардың айтуынша, психологияның міндеті – этноцентризмнің мотивн зерттеу. Бұл мотивтер – универсалды және қарапайым болып келеді, ал этноцентризм барлық жерде кездеседі.Әйгілі әлеуметтік психолог Р.Браунның пікірінше, этноцентризмнің психологиялық теориясының принципиалды мақсаты – неліктен бұл мотивтер кейде индивидуалды мінез – құлыққа, ал көп жағдай да топтық белсенділікке әкеледі. Деген сұраққа жауап іздеу болып табылады.

Этноцентризм мәселесі мен айналысқан психологтар Р.Броунның қойған сұрағы өз алдына маңызды. Дегенмен, бұл этноцентризм психологиясындағы бір ғана басты сұрақ емес. Этнопсихология аймағында бұданда басқа психологиялық мәселелер жеткілікті.

Д.М.Евансонның идеясы бойынша этноцентризм табиғатын білу – тұлға аралық және топ аралық қатынасты түсіну үшін қажет. Этноцентризмді зерттеу - әлеуметтік психологияның дамуы үшін маңызды. Бұл орайда этнопсихология әлеуметтік психология бірін – бірі толықтырып отырады. Этноцентризм әртүрлі себептерге байланысты тұрақты солардың ішіндегі ең маңыздысы – индивидтердің психикасында өз тамырын жайғандығы. Адамдар позитивтімен бейнесі мен өзін сыйлауға талпынады. Бұл талпыныс тереңде жатқандықтан оның жоқ болуын елестету мүмкін емес. Сондықтанда этноцентризм де болмай қалмайды. Осыған ұқсас көзқарасты Г Тэджфел мен Дж. Тернер де айтқан. Этноцентрикалық тұлғалардың ерекшеліктері: 1 1.этноцентрикалық тұлға басқа топ өкілдерін өзі және өзінің тобы үшін қауіпті деп санайды.

2.этноцентрикалық тұлға өзінің топ мүшелерінен конформизмді және бағынуды, топқа және оның лидеріне деген адалдықты талап етеді.

3.Этноцентрикалық тұлға үшін кез-келген өзара қатынас иерархиялық емес және авторитарлы болып келеді.

Этноцентризм теориясының негізін салушылардың ойынша, жоғарыда сипатталған этноцентрикалық тұлғаның ерекшеліктері бұл ішкі психикалық процесстер және басқа топ және оның мүшелерінің қасиеттері мен байланысы аз болып келеді. әрбір топтар бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысында этноцентризмді түсінуге тырыспайды. Осындай адамдар үшін пікір мен тәжірибе емес, олар үшін стеротиптер және сол стеротиптерге сәйкес жасаған антерпретация басты орын алады.Этнопсихологиялық зерттеулерде үш тенденцияны бөледі. Мәдени релятивизм тенденциясы- бұл әр түрлі халықтардың мәдениеті арасындағы өзгешеліктерді, яғни қабылдаудағы ,ойлаудағы, әлемді түйсінудегі ерекшеліктеріне көңіл аудару болып табылады. Барлық мәденит маңыздылығы, құндылығы жағынан бірдей ал сапасы жағынан әр түрлі қарастырылады. Әр түлі халықтардың психологиялық ерекшеліктерін мәдени өзгерістерге биологиялық факторлардың аз мөлшерін қосу негізінен түсіндіруге болады.

Мәдениет арасындағы ұқсастықты абсолютизациялық, Мысалы психологиялық феноменнің бірі – интеллект барлық мәдениетте бірдей қарастырылып, бір пост арқылы зерттелінеді – бұл абсолютизм тенденциясы.

Универсализм тенденциясы бойынша барлық халықтарда базалық психологияның роцестері бірдей немесе ортақ болады, ал олардың көрінуі мәдениетеріне байланысты. Басқа халықтарды зерттеуде зерттейтін әрбір мәдениетке міндетті түрде адаптацияланған стандартты әдістемелер қолданылады.

Психологияда этникалық шиеленістердің себебін әртүлі тұрғыдағы көзқарастар негізінде талдайды.

1.Топ арлық шиеленіс(конфликт) адамның тума берілген агрсивтілікке бейімділігі секілді универсалды адамзаттық сипаттамаларының өнімі болып табылады.

Зигмунд Фрейд пен К.Лоренцтің айтуынша, адамдардың агресивті мінез құлқы көршілеріне қастанып өз тобын сақтауға бағытталған биологиялық берілген агресивтіліктің салдары екен.

2. Миллер мен Д.Доллардың фрустация – агрессия гипотезасы бойынша агресивті мінез-құлық адамдардың немесе топтардың фрустацияға ұшырауы кезінде пайда болды.

3.Басқа топтарға қатынасы баланың ерте кездегі әлеуметтену процесі мен отбасындағы эмоционалдық қатынасы амбиваленттілігіне байланысты . Отбасында қатал, қатынаста тәрбиеленген адам агрессиясын өзіне ұқсамайтындарға, яғни сыртқы топқа шығарады.

4.Реалды шиеленіс теориясының (М. Шериф) дәлелдеуінше топ аралық шиеленіс топтың қызығушылықтық сәйкессіздігінен, өзара әрекетке түсуші топтардың біреуі екінші жоқ тоатың қызығушылықтарына зиян келтіре отырып жеңіске жетуінің нәтижесінен болады.

5.Әлеуметтік ұқсастық теориясының ( А.Темфол.) дәлелдеуінше топ аралық дұшпандықтың тууында қызығушылықтар мен мақсаттардың сәйкессіздігінде болуы міндетті емес, көп жағдайда өзінің топқа жататындығын сезіну, ұғыну шамасына, яғни әлеуметтік және этникалық ұқсастықтың шамасының болуы да жеткілікті.

5. Этностық стереотиптер.
Этностық стереотиптер- Әртүрлі этностық қауымдастықтардың өкілдріне тән моральдық,ақыл-ой,дене күш қаситтр туралы біршама орнықты түсніктер.Этностықм стереотиптердің мазмұнында,әдетте көрсетілген қасиеттер туралы бағымбаушылық пікірлр жинақталған.Бұған қоса,этностық стереотиптердің мазмұнында сол ұлт өкілдеріне қатысты іс-қимыл жөнінде нұсқамалар да,болуы мүмкін.Этностық стеротиптің мазмұнындағы бір шама тұрықты негізді осы халық өкілдерінің сырт келбеті туралы,оның тарихи өткені туралы, өмір салтының рекшліктері мен еңбек машықтары туралы түсініктер кешені және осы халықтың комуникативтік және моральдық қаситттері туралы бір қатар өзгерме пайымдауларды саралай білу керк.Бұл сапалық қасиеттерді бағандаулардың өзгергіштігі ұлтаралық және мемлетаралық қарым-қатыастардағы жағдайлардың өзгрмелілігмен тығыз байланысты.Этностық стереотиптрдң шындық болмысқа сәйкес болуы неғайбіл одан да гөрі этностық стреотиптр халықтардың қарым-қатынасының бұрығы жән қазргі жағымды н жағымсыз тәжірибесін,әсресе бұл халықтар неғұрлым белснді қарым-қатынас жасаған салалардың (сауда,ауыл шаруашылығы жән т.б.)тәжірибесін бйнлейтін ест ұстаған жөн.

Қазіргі таңда халықаралық қатынасты құру практикасы үшін осы қатынастың бұқаралық тұрмыстық санада бейнелену формасы ретіндегі этникалық стереотипті зерттеу ерекше маңызды болмақ.

Әлеуметтік және этнопсихологиялық әдебиеттерде этникалық стереотиптер , ең алдымен әр түрлі этникалық қауым өкілдеріне тән салыстырмалы түрде тұрақты болып келетін моральды ақыл-ой және физикалық сапалары ретінде анықталады. Сондай-ақ белгілі бір қасиеттер жинақталып қана қоймай, оларға деген құндылықты қатынастары да болады. Этникалық стереотиптер сондай-ақ адамның белгілі бір халықтарға қатынасы әрекетінің алдын-ала белгіленуін де қамтиды. Олардың барлығында этникалық өзіндік сананың құамды элементі ретінде өзінің бір этникалық қауымға жататындығы мен өзінің басқа этникалық қауымдастардан өзгешілігін сезінуге мүмкіндік беретін ұжымдық көзқарастар ретінде қарастыруға болады.

Шиеленіс жағдайында топтар арасында өрістік бейнелер құралады. Т.Стефаненконың дәлелдеуінше өрістік бейнелер де әр этникалық топ өздерінен позитивті салаларды көріп, ал дұшпандарына негативті салаларды жүктейтін шиеленіс кезіндегі стереотиптерді түсіндіреді. Олай болса, стереотиптер қарама –қарсылық формасындағы топ аралық бөлектенудің индекаторы болып табылады. Бұл психологияда сипаттамасын «айналық бейне» феноменінің көрінісі. Бұлар өздерінің этникалық тобын жоғары моральды деп, ал бөтен топтарды агресивті қауіп төндірушілер ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Осыларға байланысты психологияда этностереотиптердің екі түрін бөледі: Автостереотиптер мен гетеростереотиптер.

Автостереотиптер дегеніміз – бұл басқалар үшін өзінің этникалық тобының бейнесі. Респонденттер бұл орайда өздерінің этникалық топтарын бағалай отырып онысын басқа топтарға білдіргісі, көрсеткісі келеді, соған орай өздерін қабылдағандарын қалайды. Гетеростереотиптер – басқа этникалық топ туралы жағымды және жағымсыз бейнелер. Бұл сондай-ақ өзінің қатынасын жариялау болып табылады. Егер автостереотиптер жағымды түрде болса, гетеростеретиптер әрі жағымды, әрі жағымсыз немесе нейтралды болып келеді. Г.У.Солдатованың айтуынша, стереотиптер – бұл бір уақытта әрі проекцияның әрі шынайы айырмашылықтардың нәтижесі. Сондықтанда автостереотиптерге мәдени «құпталған» бегілер тән болса, гетеростереотиптер жағымсыз сапалар үшін резервуар болып табылады. Дегенмен, автостереотиптер мен гетеростереотиптерді автономды бірліктер деп анықтауға болмайды. Олар біртұтас құрылымның, әсіресе және топтық сананың компоннті болады.Этностық стреотип адамдардың арақатынастарын және қатыныстарын біріктіретін әлеумттік және психологиялық тәжірибе.Соның нәтижесінде жаратылысы бойынша тұрақты,эмоциялық,психикалық құрлымдықтар әлеумттік бйнлрді сезім деңгейіне жетізді.Жалпы этностық стеротип осылай бейнлнді.



6.Ұлттық мінез

Ұлттық мінез-бұл әрбір ұлттың ішкі рухани дүниесінің нгізгі бір компоненті, ол жеке адамның мнезі скілді,бір сыырғы тұрлаулы және тұрақты сипат ол қоғам дамуының белстерінде өзгрістерге түсіп отырады. Мәселен, қазан төкерісінен кейін қазақ халқының ұлттық мінзін жаңа заман талабыа орай ұлттық мінез бітістері пайда болды.Соның бірі жеке дара мнез-құлық ұжымдық мінздің пайда болуы.Сол секілд халқымыз нарықты қатынасты қатынастын өту кездерінде өзінің мізін осы жағдайға беймдей бастады.мәслн,социализм кзінд ұлттық мінез ұжымдық сипат алса, қазыргі кезде бұл этностың әртүрлі даралық мінз бітістрі пайда бола бастады.Осыған орай, шала қазақтың мінзі бр сипат алса, мәңгүрт қазақтарда ұлттық мінезге үйлсе қоймайтын,көрініс бретін мінз бітістр пайда бола бастады.Сөйтіп, ұлттық мінзг жеке адамның да,қоғамның дамуын нақты жағдайда сондай-ақ жеке адамның тыныш-тіршілігінд, олардың психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ұлттық мінез блгілі ұлтқа ортақ психологиялық ерекшеліктердің жиынтығы: нақты этникалық қоғамдастықтың қатынас жүйесі ртінде айналадағы шынайылықтың әртүрлі жақтарына яғни ойлаудың тұрақты стеротиптерінд эмоционалдық реакциясында жәнетұтастай қылығында бекініп көрініс бретін ұлттық психикалық жиынтығының компоннті ұлттық мінездің құрамдас бірлігі –ұлттық намыс,ұлттық намыс-ұлт өкілдрнің атамекенін,тілн,тегін,салт-дәстүрін ерекшее қадірлп,оның абыройын кір жуытпай қызғыштай қору.



Ұлттық діл, ұлттық мінез проблемалары.

Жалпы, «ұлт» терминінің мәніне келсек,бұл – этникалық топтар ұғымынан гөрі белгілі бір мемлекеттегі басым этникалық топтың төңірегіне біріккен, сол елдің өткенімен, қазіргі халі мен болашағынаөз тағдырларын тамырлас еткен түрлі этникалық топтарға қатысты халықтық атау.

Белгілі жазушы, ғалым М.Әуезов этнопсихология, ұлттық мінез туралы тұжырымдарында әр халықтың, не ұлттың өзіне тән мінез-құлқы, темпераменті, талғам-түсінігі, әдет-ғұрып,салт-санасы болатындығын, қоғамдық сананың осынау ұлттық бояуларға қанық болуы қажеттілігі айтылған. Халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ортақ рухани тіршіліктері (фольклор, тіл, дін, өнер, дәстүр,салт, әдет-ғұрып т.б)ұлт психолгиясының ерекшеліктерін танып білдіретін басты өлшемдер дейді Өлең жырды бірден, табан астында жанынан шығарып айту,суырып салма қабілеттілік, қиыннан қиыстырулар, тіл байлығы, сөз қабілетіне табыну халқымыздың ұлттық психологиясының басты ерекшеліктерінің бірі.

М.Жұмабаев: «... жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп,есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлттық рухпен, дәстүр-салт, әдет ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аударуымыз қажет.Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес , біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру», -дейді.

Қазіргі білім мен тәрбие беруде негізгі талаптар үш түрлі бағытта қарастырылған: 1.Еркін тұлғаны тәрбиелеу. 2.Рухани тұлғаны тәрбиелеу. 3.Ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу.

М.Жұмабаев: «... адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының, әсіресе жанын, тәрбие қылу керек деп ұғу керек. ... Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең... Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады... Ұлттық тілі кеми бастағаны құри бастағанын көрсетеді... ұлттық тілінде сол ұлттың жері, тарихы,тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады».

«Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғысқанның пенделік құпиясы) атты поэмалардан құралған романның авторы М. Шаханов: « Адамдардың 97 пайызы өзгенің ықпалында кетеді, өз бетінше ойлауға да құалықсыз.Еліктеумен өмір сүреді. Көңілі қалағанын емес өзгелерден көргенін істейді.Өз басымен ойламайды, біредің айтқанына көніп, айдағанына жүреді» дейді. Ішкі «Менінен» айрылған адам рухсыздық дертіне шалдығады. Рухсыздық – барлық бақытсыздықтың бастауы. М.Шаханов адамзатты осы рухсыздық апатынан сақтандырады Рухани жұтаған кезде ұлттық сана ғана емес, ауылдық сана қалмайды Адам бойындағы діни-рухани тазалық, имандылық, ұлттықнышандарды сақтау мен ұлттық кесел болып табылатын мінез-құлықтан арылу, діл мен пиғыл тазалығы қажет Жалпы экономикалық мүддемен қатар халықтың мәдениеті мен тарихы, тілі мен ділі оның байлығы болып есептеледі.

Біздің бойымызда ұлтжандылыұ сезім, ойымызда өз ұлтымызға деген мақтаныш сезімі төмен екенін жасырмау керек. Рухы төмен елдің – болашағы күңгірт.

Қазақстан-2030 стратегиясында шет елдегі замандастарынан білімі мен білігі жағынан жеңілмейтін, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі көрсетілген Осыған орай Қ.Р. Білім және ғылым министрі Ш. Беркімбаева өз сөзінде «Біз белгілі бір білімдер мен дағдылар жиынтығын меңгерген адамдар ғана емес қазақстандық діл мен дүниетаным негізінде азаматтық көзқарас қалыптасқан, әлуметтік белсенділігі жоғары отаншыл тұлғалар тәрбиелеп өсіруге баса назар аударуымыз қажет»- дейді. Азаматтық қасиет елге деген сүйіспеншіліктен бастау алуы тиіс.

Қазақ елінің әлемдік өркениет көшіне ілесіп, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін күш ол отан сүйгіштік рух.

Білім ордаларында қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына негізделген патриоттық тәрбие беруге көп көңіл бөлінеді. Қазақ этнопедогогикасын республикалық «Атамекен» бағдарламасын басшылыққа алып, осы бағытта жұмыс істеп жатқан мектеп ұжымдары аз емес.

Қазіргі кезеңде ақпараттар ағыны заманы және Интернет империясы билей бастаған жаһандану заманы. Біз үшін осы жаһандану заманында жоғалып кетпеу, өз төл тумалығымызды қайталанбас төл туындыларымызбен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр.

Егеменді елдің әрбір азаматы ұлттық шеңберде қалмай бүкіл әлемдік, адамзаттық категориялардың деңгейінде ойшылдық танытып, өзіңді де, өзгені де құрметтеп және өзгелерді де өзіңді сыйлауға жеткізу-алда тұрған абзал мұрат.Сонда ғана біз өркениеттің биік шыңынан көріне аламыз.

Халықтың мінез-құлқы туралы.(И.С.Кон.)

“Халықтың мінез-құлқы”ұғымы бастыпқыда белгілі бір халықтың өмір сүру стилін көрсету мақсатында саясат туралы әдебиттерде қолданылған.Кейінірек,халықтың мінезі немесе ұлттық мінезі туралы айтқанда кейбір авторлар темпараметке енді біреулері тұлғалық қаиеттеріне көңіл бөлсе,үшінші бірулері ұлттық мінезге құндылық бағыттарын,бейлікке еңбекке деген қатынастарын және т.б. жатқызады. Мәдениантропологияда мәдениеттегі индивидтің ерекшеліктерінің ттастық паттерін анықтау үшін көптеген жаңа терминдер пайда болда. (мәдениет конфигулациясы базалық тұлға,моралды тұлға және т.б.) кейінрек зерттеушілер халық мінезі ұғымын қайта көңіл бөлді.Бірақ қазірдің өзінде халық мінезі дегеніміз не?, ол тіпті де бар ма ма, ол маңызды белгі болып табылады ма? Деген секілді сұрақтар төңірегінде әртүрлі көзқарастар бар. Бүгінгі күнде мінез тақырыбые психологиядан қудалап, оның орнына тұлғалық қасиеттер немесе тұлға ұғымдарымен ауыстыру жағдайды оданда күрделендіруде. Мұндай жағдайда халықтық мінезі ұғымын немесе түсінегін қарастырғанда бірнеше принциптерді басшылыққа алу қажет.

Біріншіден этностық мінезі дегеніміз-оның жекелеген өкілдері мінезінің мөлшері немесе шамасы емес,ол индивидтердің белгілі бір шамасында әртүрлі сәйкестікпен, әртүрлі деңгейде кездесетінтиптік қасиеттерін белгілеу еенін анықтаған. Сондықтан И.С. Кон айтқандай:”Халықтың мінезін түсіну үшін ең алдымен ол елдің тарихын, қоғамдық құрылысын және мәениетін зерттеп білу керек,ол тек индивидуалды-психологиялық әдістер бұл орайда жеткіліксіз” - деген әбден дұрыс.

Екіншіден, қандайда бір қаситтерді жекелеген этникалық қауымның жетістігі ретінде қарауға жол бермеу керек. Қасиеттер немесе олардың шамасы бірегей емес, олордың құрлымы,яғни бұнда қандайда бір қаситтер жиынтығы жөнінде ғана емес,ол қаситтердің осы жиынтықта көріну деңгейі,оның көріну ерекшелігі жайында сөз болып тұр.

Үшіншіден мінез қырларын әлеуметтік–экономикалық және географиялық жағдайға, халықтың өмір сүру салтына және олардың діни сенімдеріне байланысты жалпы құндылықтар жүйесінде қарастыру арқылы түсіндіруге болады.

Халық мінезін интерпритациялаудағы көзқарастардың ішінде әлеуметтік немесе мәдени детерминизм принципін ұстанатын әлеуметтік тарихи өзқарас жетекші болып табылады.

Халықтық мінезін зерттеудің тарихы көрсеткендей, олордың мәдени арнаулы каситтерін ерекшелеу арқылы анықтауға тырысақан кез-келген әрекеттер сәтті бола бермейді, себебі жекелеген қаситтер мен олардың шамасы бірегей емес, ал белгілі бір халық өкілдерінің менталды әлем құрлымының тарихы даму тәжрибесі мен мәденитке күделі түрде детерминацияланғандығы бірегей болып табылады. Дәл осы ебептерге байланысты соңғы кездері “халық мінезі” түсінігін “халық менталдылығы” түсінігіне ауыстырып қолдануда. Менталдық түсінігіне анықтама берген Ж.Дюби берді. Оның айтуынша:”бұл адамның әлем туралы жәнеөзінің әлемдегі орны туралы көзқарастарының негізінде жатқын бейнелер жүйесі, сондайақ адамдардың іс-әрекеттерін және мінез-құлқын анықтайды. Менталдықтың бұл түсіндірмесі орысша “әлемдік түсіну” сөзінің анықтамасына ұқсас келеді. Сонымен қатар менталдылық ұжымдық бейсаналылық пен тығыз байланысты болғандықтан У.Раульфтің пікірінше, адам санасы мен мінез-құлқының әртүрлі формасынан да тереңде жатыр, бірақол ойлауда, сезімде әрекетте көрінеді.



1.ӨЗІНДІК САНА.
Этнопсихологияның көптеген мәселелерін тұлганың өзіндік санасы сондайақ әлеуметтік және этникалық топтар сана сезімі жайлы ғылыми көзқарастарды ескере отырып түсіндіруге болады.

Тұлганың ішкі әлемі,оның өзіндік санасы әрқашанда зерттеушілердің назарында болып келді.Сондықтанда сана сазімге байлапнысты әр зерттеуші әр түрлі анықтама берген.Сана-сезім мәселесіне зерттеген отандық зерттеушілердің бірі В.В.Столин адамның психикалық ұйымындағы өзіндік сана-сезімінің орнын талдай келіп,жалпы барлық сана-сезім жөніндегі зерттеулерді екі сұрақ төңірегіне топтастырды.Б.Г.Ананевтің Л.С.Рубенштейннің,А.Н.Леоньтевтің т.б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы контектіндегі өзіндік сананың қалыптасу сұрағы жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған.Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады.Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі ретінде ұғынуына ықпал ететін психикалық үрдістердің жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады.

Өзіндік сананың табиғаты жайлы,оның қалыптасуы,қызметі мен механизімдері жайында А.Н.Леонтев қарастырған .Оның айтуынша,өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің )мөлшері олардің жағдайды эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады.Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.

С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады. Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылымболып табылады.Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады. В.С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:

-өзінің ұқсастығының санасы

-өзінің «Менінің» санасы

-өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы

-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.

И.И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:

-өзін-өзі тану

-өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас

-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу

Бұл аталған компоненттер И.С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне ұқсас келеді.Оның пікірінше, «Мен» бейнесі –бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан,3 компоненттен тұрады:

1 танымдық (когнетивті)

2 эмоцианалды (өзінің қасиеттерін бағалау)

3 мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы)

Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен,біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл ретінде қарастырылған.(В.Джеймс, В.М. Бехтеров, В.А. Ядов және т.б)

Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтініболдырмауға көмектеседі.

Өзіндік сана - бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, ол дамудың өнімі.

Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре отырып,адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.

Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі кез-келген өзгеріс тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді.Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші,ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.


1.3.Ұлттық және этникалық өзіндік сана (сана сезім)

Ұлттық сана сезім

Ұлттық сана сезім дегенде адамның белгілі бір ұлтқа қатысты санасы деп түсінуге болады, яғни , адамның белгілі бір ұлттың өкілі ретіндегі өзіне деген көзқарасы болып табылатын тұрақты, ұғынымды жүйе.

Ұлттық сана сезімге ұлттық ар-намыс, отанға деген махаббат, Ұлттық мәдениеттің объектілерін қабылдаудағы қуаныш, қандай да бір саяси қадамдар мен идеологиялық жағдайдың әділеттілігіне деген сенімділіктің болуын жатқызамыз.

Австриялық әлеуметтанушы және саясаттанушы Отто Бауэр ұлтқа тән табиғи және мәдени белгілерін анықтап көрсеткен.Оның айтуынша,ұлт «табиғи қауым» ретінде ата-ананың қасиеттерінің балаға берілуі тұқымқуалаушылықтан шығады. Дегенменде ұлтты ерекшелейтін белгісі ол сол халықтың тілі мен мәдениеті екенін де айтқан. «Мәдени қауым болмаған жағдайда, ол тек белгілі бір нәсіл ғанаболып қалады әрі ол ешқашан ұлт бола алмайды» деп жазған екен Бауэр.

Ұлт - бұл өзінің шығу тегімен, тілімен, территориясымен, экономикалық жағдайымен сондай-ақ қауымдағы олардың этникалық санасы мен өзіндік санасынан көрінетін психикалық құрылымы мен мәдениеті арқылы сипатталатын адамдардың ерекше тарихи қауымы.

Ұлттық қатынас көптеген кешенді сипатқа ие. Қатынасқа түсуші субъектілер өздерінің этникалық санасы мен өзіндік санасын, сонымен бірге өздеріне тән сезімдері мен ақыл-ойларын жария еткендіктен белгілі бір шамадағы бай рухани мазмұнға ие болады.Осы кездерде кей жағдайда әр түрлі иллюзиялар адасулар және мифтер де көрінеді.Бұл-халықтар арасындағыұлттық-этникалық қатынастарының көріну ерекшеліктерінің бірі.

4.2.Этникалық сана сезім (өзіндік сана)

Адамдардың бірлескен ұзақ тіршіліктерінің үрдісінде әрбір топтың аймағында бір топты екіншісіненер ерекшелейтін жалпы ортақ әрі тұрақты белгілері қалыптасты.Осындай белгілерге тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшеліктері, сол халыққа немесе этносқа тән салт-дәстүрлері жатады.Бұл белгілер халықтың этникалық сана сезіміненкөрінеді.Халықтың Этникалық сана сезімі ерте ме, кеш пе , оның шығу тегіне белгіленіп, салт дәстүрлерінен, өзінің басқа халықтар ішіндегі орнын белгілеп білуінен, яғни өзінің сана сезімінен көріне бастайды.Этникалық сана-сезім субъектінің өзінің этникалық қауым ретіндегі ұғынуынан да көрінеді.Өзін қандай да бір этникалық топтың мүшесі екенін сезіне отырып, адам жалпы қоғам алдындағы қорқынышын жойып өзін сенімді ұстайды.

Тұлға деңгейіндегі этникалық өзіндік сана

Жекелеген адамның этникалық «Мен концепциясы»-өзіне белгілі, өзінің этносы бейнесімен тығыз байланысты өзі туралы көзқарастарының тұтастай жүйесі болып табылады.

Адамның этникалық «Мен бейнесі»оның жалпы «Мен концепциясының» құрлымының біреуі болып табылады. Ол мыналардан тұрады:

-ол мыңдаған және миллиондаған этностардың ішіндегі өз этносының бір өкілі екендігін елестету;(көзқарасы)

-осы этностың көптеген басқа өкілдерімен өзіне тән қандайда бір физикалық және психикалық қасиеттері туралы елестетуі; көзқарасы (мысалы:белгілі бір физикалық, антропологиялық белгілері: көзінің түсі мен формасы, мұрнының формасы, бойы, терісінің түсі және т.б.

-ең бастысы сол қауымға , оның мүшелеріне ұқсау, эмпатия сезімі мен туысқандық сезімінің болуы.

Э. Эриксонның тұлғаның даму теориясынан белгілі болғандай, адамдардағы «Менінің» ұқсастық сезімі 18-20 жасында қалыптаса бастайды.Адам ондай даму деңгейіндеөзінің кім екендігін,қай топқа жататындығын, неге талпынатындығын білгенде ғана жетеді.Бұған қарама- қайшы жағдайды Эриксон «Меннің» анықталмағандығы немесе диффуздылығы деп атады. Егер индивидтің жекелік анықталуы дамыған болса, оның кемел жасқа өтуінде еш қиындық болмайды.

Тұлғаның этникалық «Мен -концепциясының» элементтері «Мен концепциясының » барлық бөлімінде кездеседі, бірақ когнитивті, бейнелік, және бағалау элементтері бір-бірімен тығыз байланысты.




ІІ ТАРАУ Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
Біздің еліміздегі этнопсихологиялық мәселелер туралы зерттеулерді екі негізгі бағытта қарастыруға болады. Жұмыстардың бірінші тобын көптеген ұрпақтардың шығармашылық даналығының негізі болатынын халықтың психологиялық тәжірибесін зерттеп құрайды. Осы тәжірибені ғылыми тұрғыда зерттеудегі маңызды қадам ретінде Ш.Уалихановтың, Ж.Аймауытовтың, Т.Тәжібаевтың еңбектерін атауға болады. Бүгінгі таңда осы дәстүрді Қ.Б.Жарықбаев. С.М.Жақыпов. Н.Елікбаева. т.б. болып табылады.

70 жылдардан бастап еліміздің бірталай ғалымдарының профессор Н.Джандельдиннің "Ұлттық психологияның табиғаты" профессор Н.Елікбаевтың "Ұлттық психология" еңбегінде бүгінгі этностық психологияның кейбір теориялық әдіснамалық мәселелері қамтылған. Сонымен қатар аталған ғалымдар көптеген ғылыми конференцияларда этникалық психология тақырыбына байланысты мақалалармен халық көпшілікке ой салуда.

Бүгінгі этнопсихологиядағы міндеттерді айта отырып В.К. Шабельников халықтардың өткен кезеңдегі психикалық турпат өзгерістерін өзгертіп зерттеп қана қоймай болашақ кезеңдегісіне де алдын ала болжау жасау қажет екенін атағаны мәлім. Бұл әрине сананың детерминация механизмдері мен гео био детерминациясын зерттеп білгенде ғана мүмкіндігі бар. Ғалым Қазақстанның айрықша аймақтық-биосфералық жағдайына сәйкестенетін ұлттық дәстүрлер мен текстік өмірдің өзін психологиялық жаңа формаларымен салыстыруда жете түйсінуге тоқталған.

Сондай-ақ бұл бағытта Б.А.Әмірованың этностық жаңсақ танымдарының оқыту процесіне әсер ететіні туралы зерттеулері А.Т.Малаева, Л.К.Көмекбаева ғылыми еңбектерінің маңызы зор.



Зерттеу мақсаты: Поли және моноэтностың ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмперикалық зерттеу.

Зерттеу объектісі: Поли және моноэтностық топ мүшелері.Эксперимент №15 Лингвистикалық гимназия мектеп оқушыларына 2007 жылдың ақпан айынан бастап наурыз айына дейін жүргізілді.Зерттелінушілер зерттеуге белсенді қатысты.Еш қарсылық реакцияларды көрсеткен жоқ,көмектесемін деген ниетпен қатысты.Зерттеу алдында зерттелінушілерге жауап бланктері таратылды,және әдістемелерге жауап беру жөнінде инструкция айтылды.Оқушылар инструкцияны тез қабылдап,орындауға кірісті.Әдіснамаларды толтыру барысы 1сағат 20 минут уақытты алды.Бірінші Л.Г.Почебуттың Мәдени құндылық бағдар тестті өткізілді,екіншіО.И.Комиссарованың Топтағы нормалық қалауларды өлшеу әдіснамасы өткіздім,үшіншіВ.В.Столин Тұлғаның өз-өзіне қатынасын зерттеу әдіснамасын жүргіздім.О.И.Комиссарованың әдіснамысында шамалы қиындықтар болды,бірақ бұл қиындықтарды оңай жеңдік.Л.Г.Почебут,В.В.Столин әдіснамаларын инструкциясын тез түсініп оңай орындады.Әдістемелер қазақ тілінде болды.Тілдік бөгеттер болмағандықтан,сұрақтарды түсінуде қиындықтар туындаған жоқ.Оқушылар зерттеуге белсенді қатысты және нәтижені білуге қызығушылықты көрсетті.

Зерттеу пәні: Поли және моноэтностық топ өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.

Зерттеу әдістемелері: 1. Мәдени құндылық бағдар тесті (Л.Г.Почебут)

2. Топтағы нормалық қалауларды өлшеу

(О.И. Комиссарова)

3. Тұлғаның өз-өзіне қатынасын зерттеу

(В.В. Столин)

2.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы мен зерттеу барысы.
1. О.И. Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесіне сипаттама:

Берілген тест индивидтің әртүрлі нормаларды қалауын зерттеуге арналған. Тест нормативті қалаулардың екі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлінген нормативті қалаулардың негізінде топтағы индивидтер де нормативті үміттердің екі типі қалыптасады және олар қабылдаудың субъектісіне беріледі. Коммуникативті және функционалды. Нормативті үміттерді білу зерттеушіге басқаны қабылдаудағы пайда болатын қателіктерді түсіндіруге және топтағы мінез-құлықтық әлеуметтік реттеу процесін адекватты сипаттауға мүмкіндік береді.



Нұсқау: "Сіздердің алдарыңызда бірнеше сауалдардан тұратын сұрақнама. Егер Сіз келіссеңіз "қосу" белгісін қойыңыз; егер келіспесеңіз "алу" белгісін қойыңыз. Кейбір жеке жағдайларда "қосу мен алу" бірге жіберіледі, егер Сіз жауабыңызға сенімді болмасаңыз.

Берілген тесті топтағы индивидтердің міне-құлығын болжауға мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастыруға болады.



  1. Зерттеу құрылғанына 1 жыл болған топта жүргізіледі.

  1. Топтың біріккен іс-әрекетте тәжірибесі болуы керек.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет