Мазмұны нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе І мәтіннің композициялық СӨйлеу түрлері



бет11/22
Дата28.01.2023
өлшемі144,71 Kb.
#166652
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
дөненбай ағжан
қызылша, Лекцияны жоспары ндірістік мазм нды есептер ндіріс материалы, электр тгы
Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы…[ ]
Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады.
Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.
Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән сөйлеу түрі пайымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді (единицаларды) таңдап жұмсау, біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы әңгіме т. б.), функциональдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әр түрлі монологтар көрініс береді. Жанрішілік айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылыми баяндама, үгіт-насихат мақсатындағы сөз т. б.) монологтың стилистикалық ерекшіліктерін танытады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, монологтың белсенді болуы (риторикалық сұрақтардың жиі ұшырасуы, аудиторияға тікелей қарата сөйлеу дәстүрі т. б.) оны "диалогтандыра түседі", яғни адресаттарды (тыңдаушылар мен оқырмандарды) сөйлеуші немесе жазушы өзінің ойына етене араластыра алады. Монологтың бір көрінісі ретінде көркем шығармада, әсіресе, прозалық дүниедегі авторлық баяндау, бір жағынан, әдеби тілді ауызекі сөйлеу тіліне біршама жақындатса, екінші жағынан, тыңдармандар мен оқырмандарды оқиғаға араластырып жіберетін ұлы сөз зергерлері де бар. Демек, монолог туралы сөз болғанда, тек көркем әдебиеттегі мысалдарды келтіру бір жақты болады. Ғылыми баяндамада да, көпшілік алдында сөйлегенде де, екеу, үшеу ара сөйлескенде де, монологтың шебер құрылуы арқылы тыңдармандарымен диалог құрып кететін шешендер де болады [32, 104].
Шығарма желісі осы монолог тәсілі арқылы кейіпкер атынан сөйлеген автор арқылы өрбіп отырады.
Осылардың қарым-қатынастарында қайсысының басым болуына қарай негізгі екі композициялық-стилистикалық баяндау типі ажыратылады:
1) автор атынан жүргізілетін баяндау типі;
2) басқа біреудің (кейіпкер не әңгімелеуші) атынан жүргізілетін баяндау типі.
Баяндауды субъективтентірудің екінші түрі кейіпкер тарапымен байланысты. Бұл жағдайда субъектінің «көрінуі» тікелей , анық және жабық, «жасырын» түрлерде болады. Кейіпкердің ашық көрінуі – диалог пен монологтық сөйлеу түрінде жүзеге асады [33, 42-43].
Көркем шығармадағы баяндау стилін автордың тікелей өз атынан оқиғаны баяндауы, кейіпкерге мінездеме беруі, олардың іс - әрекеттеріне бағалауы, күйініш – сүйінішті, оқиға болып жатқан жағдайды суреттеуі, осының бәрін ол өзі құрайды. Сондықтан да қатысушыларды мінездеп – суреттейтін, оқиғаны баяндайтын автор сөзінің маңызы зор болады.
Романда автор баяндауды кейіпкер ретінде білдіре отырып, авторлық сана мен бас кейіпкер санасын тұтастырып отырады. Жазушы өзінің шеберлігін авторлық баяндауында көрсете отырып, кейіпкердің ішкі ой ағысын толық ашады.
Автор шығарма тілінде сөйлеу тіліне тән қарапайым лексикалық бірліктерді қолданады. Ол шығарманың жеңіл оқылуына мүмкіндік береді. Мысалы, Оның келіншегі Света, орысша айтқанда, менің подру­гам.Екеуміздің қаншалықты жаңын дос екенімізді өзім де әлі мықтап ажыратқаным жоқ» дегенде подруга варваризмі, мықты, шынашақтай ғана, қит етсе, тентек бала сияқты деген қарапайым тұрмыстық лексикажанама мінездеуде жиі қолданылады,кейіпкер тілінде ауызекі сөйлеу стиліне тән «өтіп баратқан» деген жергілікті тілдік ерекшелікке құрылған грамматикалық сипаттағы сөздерде кездеседі.
Ішкі монологтың персонаждық түріне тоқталар болсақ, негізі ішкі монологтың бәрі кейіпкердің ой – санасы арқылы жүзеге асырылады. Ішкі монолог таза кейіпкердің төл сөзі – ойы болғандықтан ол тегінде сөйлеу тіліне жақын болып, жалқылық сипатта болады. Бірақ олардың берілу формалары сан алуан, бейнелеу тәсілдері де әрқилы болып келеді [29, 20].
Персонаж сөзі – кейіпкердің жан әлемін ашатын шығарманың көркемдік кестесінің ажырамас бөлігі болып табылады. “Шырағың сөнбесін” романының баяндаушы кейіпкері Нәзира соғыс болып жатқан жерден тылға қарай өтіп кету сапарында орыс халқымен, орыс әйелдерімен бірге көп бейнет шегеді. Света есімді әйелмен достасады. Бір топ әйел балалармен бірге бірнеше шақырым жер жаяу аттанады. Осы ұзақ жол сапарын баяндағанда автор кейіпкер сөзі, іс-әрекеті арқылы қазақ тұрмыс-тіршілігінің белгілерін аңғартып отырады. Мысалы, «Байқап келем, бұл әйелдер бала арқалау дегенді білмейді екен, үш-төрт жасар балаларды қолақпандай етіп, бауырына қысып көтереді. Ондайға адам шыдай ма, тез шаршайды ғой, содан кейін мен оларға бала арқалауды үйреттім. Кейбіреулері бірден арқалай алмай әлек». Жоғарыдағы мәтінде қазақ тұрмысындағы бала арқалау әрекеті көрініс тапқан. Осы ұлттық ерекшелікті танытуда автор ір ұлттың өзіндік ерекшелігін, танымдық өзгешелігін шебер танытқан. Оны да Нәзираның баяндауымен шебер жеткізеді. Оп-оңай бала арқалауды үйренудің өзге ұлт үшін осынша қиын екенін әзілмен жеткізіп, оқырманды еріксіз езу тартқызып отырады. Оны біз: «Кейбіреулері бірден арқалай алмай әлек» деген сөйлемнен анық көреміз…[ ].
Мәтіндегі функционалдық сөйлеу түріндегі баяндауда бас кейіпкердің көзімен танылған басқа кейіпкерлермен таныстыру тәсілі де ерекше екенін айта кеткен жөн. Автор сутерттеу сөйлеу формасы арқылы кейіпкерлерінің портретін жасауда қазақи танымға негізделген туынды сын есімдерді молынан кездестіреміз: Мысалы бас кейіпкердің ерлі-зайыпты Света мен Николайды оқырманға таныстыруын қарастырайық:«Света аппақ, ақсары келіншек. Шашы ақселеуден гөрісәл сарғыштау. Атжақты, үш жағы өткірленіңкіреп келген жұқа танау, қыр мұрынды. Қабағы жұқалаң, кішілеу көзі ашық көк пе, әлде жасыл ма, ажырата алмаймын. Қызғылт шалған шикіл өңі — ар жағынан күн көрінгендей нәзік, бүкіл талдырмаш тұлғасында, балапанның түгіндей ақсары шашында, биязы ширақ қимылында тал жібектейесілген нәзіктік бар. Еркек тұрсын әйелдерді тартатыныда осы нәзіктігі болар. Ұрғашы болып, өмірінде түтігіп ашуланып, шаптығып біреудің бетінен алып көрмеген шығар деп ойлаймын» …[ ].
Кейіпкер сөзі – жазушының жеке дара баяндау стилінің ерекшелігін ғана айқындап қоймайды. Шығармадағы кейіпкерлерді оқырманға Нәзираның көзімен танытып, таныстырып отыруының өзі, кейіпкердің бейнесін ашу, өзіндік таным ерекшелігін, кейіпкердің мінез-құлық, қырларын, көзқарасын, психологиясын ашатын бірден-бір көркемдік амал. Мысалы, Николай Топорков Қасымбектің ротасында взвод ко­мандирі, шынашақтай ғана жігіт, кішкене гимнастеркасының жағасында қызыл эмаль жалатқан төрт бұрышты жалғыз кубигі бар — кіші лейтенант. Кішкентай адамдардың көбісі-ақ шелтеңдеген пысық болады ғой — бұ да сондай. Шекесі жұмырықтай, сопақ бет, аласа шот маңдай, су ішуге мойнын созған аттың басы сияқты иегі ілгері ұмсынып біткен. Өзінің кескіні-ақ қызық — қит етсе төбелесе кетейін деп тұрған тентек бала сияқты. Бір-екі рет саптың алдына шыққанын көргенім бар. Кішкентай кеудесін жырта керіп, екі шынтағын ширатып кейін шығарып, қаздаңдап билей басады. Тұсынан өтіп баратқан бәйгеге делбесі қозып, шыдай алмай, жер тарпып ауыздығымен алысын тұрған тай-құнан сияқты. Бірақ әйтеуір өзі бір нағыз адал жігіт, ар жағында бүкпесі жоқ, не де болса дыз етіп сыртына шыға келеді. Қасымбек оны сонысы үшін ұнататын…[ ]
Осы екі кейіпкерді оқырманға таныстыру үшін қолданған тілдік құралдардың ішінде қазақ танымын ашатын атжақты,балапанның түгіндей, тал жібектейесілген, шынашақтай ғана,тентек баладай, қаздаңдап, бәйгеге делбесі қозып, ауыздығымен алысын тұрған тай-құнан сияқты дегенсын есімдер мен есімше, көсемше формалары субектіні бағалаудағы қазақ халқындағы таным ерекшелігіне негізделген. Авторлық қолданыстардағы есімше, көсемше формаларының қимыл мәні мәнмәтін ыңғайына қарай күңгірттеніп, сындық мәні басым түсіп жататынын көреміз. Кейіпкерді суреттеу үшін қолданған «тентек баладай, шына шақтай ғана» деген мысалдарға автор әрі оқырманға мәлім аялық білімді де үстейді. Қазақта «ауру баладан тентек бала жаман» дейді. Осы бір деталь Николайдың кейінгі іс-әрекетіне, оның Светаға қатысты көзқарасына негіз болады. Автор адамзатты таныту үшін қазақи оқырманға жақын зоонимдерге негізделген туынды сын есімдерді, шығыс халқына етене жақын қыздың сұлулығын жібекке теңеу сияқты дәстүрлі тілдік құралды пайдаланады. Көркем шығармада кейіпкер атынан айтылатын төл сөз диалог және монолог түрінде келеді. Сонымен қатар авторлық баяндау ішінде диалогтың дара репликалары да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет