Мазмұны нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе І мәтіннің композициялық СӨйлеу түрлері


Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше тілдесім формасы [34, 84]. Диалог



бет12/22
Дата28.01.2023
өлшемі144,71 Kb.
#166652
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
дөненбай ағжан
қызылша, Лекцияны жоспары ндірістік мазм нды есептер ндіріс материалы, электр тгы
Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше тілдесім формасы [34, 84].
Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінін идеяларымендамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады.
Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдаумеханизмдері қатар жүреді[35, 63].
Демек, диалог – екі адамның белгілі бір тақырып шеңберінде сөйлесуі әрі диалог – тілдік қатынастың бастапқы және табиғи түрі. Оның түп – төркіні – сөйлеу тілі.
Мысалы, «—Жаңа майор Масловты көрдім,- деді Қасымбек,
Ертең семьяларымызбен Брестке барып келуге бір маши­на беретін болды». …[ ] Шығарманың басты кейіпкерлерінің арасындағы диалог қарапайым-тұрмыстық лексикаға негізделген ауызекі сөйлеу стиліне құрылған. Автор оқиғаны шынайы жеткізу, кейіпкерлер арасындағы адами қарым-қатынастарының сипатын ашу мақсатында ауызекі сөйлеу стиліне жүгінген…
Мысалы,
«—Жүк машинасына орындық қойғызатын болды. Отыруға жайлы болады.— Қасымбек мені қуантқысы келген адамша сөйлеп отыр.— Жетпіс-сексен шақырым жер. Ерте шығып кетсек тіпті рахат. Күні бойы қалада болып, қонаға қайтып келеміз. Сонда өзіңе керек-жарағыңды да қарарсың.

  1. Бұрын көрмеген қалам еді, жаксы болды,—дедім Қасымбекті риза қылғым келіп.

  2. Я, десейші, жап-жақын жерде тұрып, қанша уақыт­тан бері бір бара алмап едік,- деп Қасымбек менің сөзімді іліп әкетті.—Енді міне, сәті де келді» …[ ]. Ерлі-зайыптылар арасында сөйлеу тіліне негізделген тілдік бірліктер арқылы елден алыстағы екі жастың бір-біріне деген көңілін жеткізу маұсатында автор эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданады:рахат, жақсы, риза қылу, жап-жақын, іліп әкету.

Кейіпкер сөзі – жазушының жеке дара баяндау стилінің ерекшелігін ғана айқындап қоймайды. Ол-кейіпкердің мінез-құлық, қырларын, көзқарасын, психологиясын ашатын бірден – бір көркемдік амал. Персонаж сөзі – кейіпкердің жан әлемін ашатын шығарманың көркемдік кестесінің ажырамас бөлігі.
Ой, ішкі ой – жалғыздың таптырмас серігі. Кейіпкер өз ойымен өзі, өзімен – өзі сөйлесуге ғана шешім қабылдайды, оны тек өзі шешеді. Жазушы кейіпкер тіршілігін қадір – қасиетін, үміт – ынтасына, іс – әрекетіне қарай оқиға бойында бейнелейді. Суреткер өмірдің бұралау жолындағы адам психлогиясын, толқуын, тебіренісін сананың үздіксіз күресін, сезім күйін нәзік шеберлікпен суреттейді. Кейіпкердің аузына сөз сала отырып, образ табиғатын, олардың ой – толғаныстары мен құпия сырларын ашу мақсатында ішкі монологқа жүгінеді. Мысалы, «Света күйеуін жақсы көреді. Әрине енді, біреудің ішіне кіріп шығу қиын, бірақ қасында жүрген менің білуімше солай сияқты. Ал Николай болса... оның Светаны жақсы көретіні соқыр адамға да көрініп тұрады. Ол әйелін сүйгенде жай емес, кәдімгідей күйіп-пісіп сүйеді. Кейде өзін корсынып, бұртаңдап жоқ нәрсеге өкпелеп таусылып қалса, кейде әйелін мақтаныш етіп танауы шелектей болады. Сұңғақ бойлы сұлу келіншегін қолтықтап ап, шынашақтай боп шіреніп баратқан түрін көрсең... тура «іштерің күйсе түз жалаңдар» деген кескіннің өзі». …[ ]Осылайша бас кейіпкер арқылы автор оқырманды баяндалар оқиғаның басқа кейіпкерлерімен де таныстыру арқылы кейінгі болар оқиғалардың себеп-салдарынан там-мұмдап мәлімет беріп отырады.
Жазушы өзінің суреткерлік шеберлігін кейіпкердің жан дүниесін ашу барысында қолданған кейіпкер сөзі, оның өмірге, қоғамға деген көзқарасы арқылы танылады. Шебер суреткер образ сомдауда ұлттық табиғатымызға тән сөйлеу ерекшеліктерімізге терен мән береді. Кейіпкер бейнесін ашу салмағында соған артады. Мысалы, «Осында келгелі Николаймен жиі араласып, жақындасып кеттік. Байғұс жаман жігіт емес, бірақ күнәкар болсам да, шынымды айтайын: өз басым Светаға Николайды теңсінбеймін. Светаның еркек-ұрғашыны бірдей тартатын ерекше бір лебі бар. Еркектер оны көргенде өңдері жылып, көздері мұнарланып, іштей күрсініп қояды. Нағыз бір ересек, ұстамдылары тамағын кенеп, көзін тайдырып әкетіп, бірақ кімге, қайда қарарып білмей, қипақтап қалады да, аржағында сайтаны барларының, май ұрлаған мысықтай, көздері жылтырап шыға келеді. Жұрт назарын Света сезбейтін сияқты, жайма-шуақ, ақжарқын қалпынан аумайды. Әрине сезбейтін болар, егер сезе қалса... онда жай-барақат қалпын жоғалтып, мінезі өзгеріп, не іштей тіксініп, бойыма дарытпаймын ден, тәкаппарсып кетер еді, не оңай сиқырмен еліктіріп, жігіттердің ындынын кептіре түсер еді ғой. Дегенмен, тереңінде жатқан, тіпті өзі де білмейтін, бір сиқыры бар шығар. Болмаса, асқан сұлу емес... әлде нәзіктігі ме?..» …[ ]
Тіл – адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттеген нәтижесін көрсететін құрал. Көркем шығармадағы тілдік жүйенің құрылымын, ұлттық тілдің табиғатын шынайы танудың бір жолы – тілдік таңбаларды, оны құрайтын элементтерді, олардың мазмұндық жағы мен тұлғалық жағын тілдің өз заңдылықтары негізінде қарау болса, екінші жолы– оларды тілдік емес құндылықтармен, яғни ақиқат өмір, ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен тығыз байланыста қарау болмақ. Ал бұл тұрғыдан алғанда көркем шығарма, ондағы тілдік бірліктер ақиқат өмірді, яғни ойлау мен тілді ұштастыратын категория ретінде танылады. Олай болса, тіл - ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным – шындық дүниенің бейнесі, ұлттық өзіндік бояуы бар құбылыс. Мысалы, «Менің Дариға деген жеңгем бар. Күйеуі бізге үш атадан қосылатын, бірақ әкем атадан жалғыз болған соң, олардың үй-іші бізге жақын араласып кеткен. Денесі тығыршықтай, бойы сұңғақ болса да жұдырықтай шүйке бас, бет-бітімі де қуыршақтай кішкентай ғана — бір қарағанда әжептәуір әйел денесіне кішкентай ғана қыз баланың басып қондырып қойған сияқты. Аузы оймақтай, кішкене пісте мұрын, сызылған қыйсық көзі моншақтай жылтырайды. Күйеуге шыққанына бес алты жыл болса да көзі күлімдей жылтырап тұратып томпақ бетінен балалық табы кетпей-ақ қойды. Балалық кезіндегі мінезі де өзгермеді. Содан болар, оның менен алты-жеті жас үлкендігіне қарамастан екеуміз қатар өскен құрбыдай — сырымыз ашық болды. …[ ]
Көркем туындыда шым – шытырық адамдар тағдыры молынан кездеседі. Қиын тағдырлар, жүрек сыздатар сергелдеңдер, ой арпалыстары, адам жанының құпия сырлары шынайы суреттеледі. Жазушының өзіндік қолтаңбасы осы тұста жақсы танылады.
Тіл – адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттеген нәтижесін көрсететін құрал. Көркем шығармадағы тілдік жүйенің құрылымын, ұлттық тілдің табиғатын шынайы танудың бір жолы – тілдік таңбаларды, оны құрайтын элементтерді, олардың мазмұндық жағы мен тұлғалық жағын тілдің өз заңдылықтары негізінде қарау болса, екінші жолы– оларды тілдік емес құндылықтармен, яғни ақиқат өмір, ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен тығыз байланыста қарау болмақ. Ал бұл тұрғыдан алғанда көркем шығарма, ондағы тілдік бірліктер ақиқат өмірді, яғни ойлау мен тілді ұштастыратын категория ретінде танылады. Олай болса, тіл - ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным – шындық дүниенің бейнесі.
Жазушы шығарамада кейіпкер атынан баяндаудың әдіс – тәсілдерін ұтымды пайдалана алады. Көркем шығармада кейіпкерлер мінезі, ойлау жүйесі, ішкі жан дүниесі оның сөйлеу мәнерінен көрінеді. Кейіпкер тілінде өткір драма элементі бар.
Қазақ көркем прозасындағы образ жасауда кейіпкерлер тілінің орны айрықша екендігін нақты фактілермен жүйелеп көрсету қажеттілігін сезіндік. Көркем әдебиетте кейіпкерлер тілінің эстетикалық қызметін көрсетуде тілдік – стильдік амал – тәсілдердің орны ерекше.
Көркем бейнені әр жазушы өзіндік амал – тәсіл арқылы бере алады. Ол диалог, монолог, авторлық баяндау сияқты амал – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Бұлар жазушының түйсінуіне, көркемдік талғамына, шеберлік сырына байланысты болады. Кейіпкердің мінезін, сөйлеу мәнерін, қимыл – қозғалысын, бір сөзбен айтқанда, көркем бейнесін аша білу – жазушы шеберлігін танытады. «Тіл көркемдігінің бір байқалар тұсы диалог пен монолог құруда. Мұнда шеберлік керек – ақ. Өйткені диалог адам мінездерін, қимыл - әрекеттерін ашуға бірден – бір қолайлы форма ғой. Монологқа келсек бұл талап одан да арта түседі» (
Көркем әдебиетте өмір шындығын әрі сенімді, әрі айқын көрсетілуінің бірі – кейіпкер сөздері. Кейіпкер сөздері диалог, ішкі монолог тәсілдері арқылы жүзеге асады. Жазушының көркем шығармада кейіпкерлерді сөйлете отырып, олардың мінезін, атқаратын қызметін, өмір сүрген ортасын және қарым – қатынас жасайтын адамдарын әр қырынан ашуды тілдік – стильдік мақсат ете білген…[ ]
Профессор Г.Винокур монологтың үш түрін (таза драмалық, эпикалық сипаты және лирикалық), академик В.Виноградов төрт түрін (сендірмелі реңктегі, шешендік сөздің жұпыны формасындағы, лирикалық, драмалық және хабарлаушы сипаттағы) ажыратады. Қазақ жазушыларының шығармаларындағы аталған репликалардың көпшілігі – эпикалық сипатты, яғни өткенді баяндайтын хабарлаушы монологтар. Мысалы,«Орыс деген халықпен араласқаныма үш-ақ ай, бұрын сыртынан естуім болмаса сырын білмеуші едім. Олардың қыздары, өсіресе қала қыздары еркін болады деуші еді, рас екен-ау. Қысылмай-қымтырылмай жүріп көңлі кеткен жігіттерін таңдайды, сырын біліп сынайды. Біздің қазақта да бұрынғыдай атастыру қалды ғой, қыздар көбіне көңілі кеткен жігіттеріне барады, бірақ әйел жолы әлі де жіңішке жатыр-ау. Әке-шешең қатал болмаған күнінің өзінде сынай қараған сырт көздер-ақ аяғыңа тұсау салып қояды. Аудандағы ең жоғарғы тоғызыншы класқа дейін оқып, білімді саналған, көзге түскен кердең қыздың бірі мен едім. Өзгеше түрімен кішкентай аудан орталығын елең еткізіп алыстап келгөн қызыл командирге күйеуге шықтым. Бүкіл бой жеткендердің ішінде жалғыз жүлдені өзім алғандай болдым» …[ ].
Тіл – дүниетаныммен тығыз байланысты ұғым. Кез келген ұлттың өзіне ғана тән дүниетанымдық түсініктері болады. Ұлттық дүниетаным – қандай да бір ұлттың басқаларға ұқсамайтын өмір сүру дағдысы, адам және сол дүниедегі тіршілігіне деген көзқарасы. Тілді мифтік таным тұрғысынан қарастырған Б.Ақбердиева: “Тіл – тек ойды білдірудің құралы, я оның тікелей құрылысы емес. Тіл – ең әуелі сол ойды әр ұлттың өзіндік танымына ғана тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан дүниетанымдық негізде құрап беруші құрал. Яғни, ғаламды тану тәсілі мен оның біртұтас танымдық моделі тілдің терең құрылымдарынан бастау алады”, -деп жазады [1, 4]. Демек, тілде әр халыққа тән ұлттық дүниетаным көрініс тауып отырады. Автор тілдің осы қасиетін өз мақсатында ұтымды пайдалана білген. Ол баяндалатын бар оқиғаны әйел көзімен көріп, әйелге тән психологиялық, әлеуметтік, ұлттық ерекшеліктердің бәрін қамтып, әйел тұрғысынан әңгімелейді. Мысалы, Басқа халықты білмеймін, қазақтың қыз баласының сезімін-оятатын тек жыр меи кітап қана емес, көбіне жеңгелері. Олар жай адамның қолы жетпейтін алыстағы ғашықтықты айтып әуре қылмайды, жас денедегі оянып келе жатқан сезімге жақын, ұрымтал түстан дәл басып, нағыз қытықты жерден түртеді. «Күйеу деген жақсы болады. Қу тізеңді құшақтап, қураған төсекте дөңбекшігеннен, беу, ой-бай-ай, жас жігіттің ыстық құшағына не жетсін»,— ден бастап, түк білмейтін шығарсың, әбдеи-ақ. Бой жетіпқалдың, ішің бәрін біледі ғой» деп онсыз да мазаңды алып, денеңді қыздыра бастаған табиғаттың отына май құяды». …[ ] Осылайшаавтор қыз тәрбиесіндегі Еуропа халықтары мен шығыс, соның ішінде қазақ қыздарының тәрбие ерекшеліктерін ашады. Европа қыздарының алғашқы сезімдерінің оянуына романтикалық сарында жазылған серілік (рыцарлық) романдар негіз болса, қазақ қыздарының тез есеюіне, болашақ жар, ана болуға дайындайтын, жаңсақ істен сақтайтын қырық үйдің бірі, осы жеңгелері.
Тіл – мәдениеттің бір көрінісі. В.Гумбольд “ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл” деп көрсетеді. Ғалым тілді адамның ойымен, санасымен, оның мәдениетімен және рухани өмірімен тығыз байланысты қарайды. Тіл мен рух – Гумболдьтің пікірінше, біртұтас ұғым. Оның пікірінше, тіл дүниені тікелей, тура бейнелемейді. Тілде адамның дүниені қалай түсінетіні көрініс береді. Ғалым: “Язык – это объединенная духовная энергия народа, чудесным образом запечатленная в определенных звуках, в этом облике и через взаимосвязь своих звуков понятная всем говорящим и возбуждающая в них примерно одинаковую энергию. Разные языки – это отнюдь не различные обозначения одной и той же вещи, а различные видения ее…”,– дейді[2, 349].
Штейнталь, М.Лацарус рух, халықтық рух деген ұғымдарды “халықтар психологиясы” дегенмен алмастырып, тілдің ішкі формасы – психологиялық процесс, ал мақсаты – халықтың психикалық (рухани) қызметін анықтау деп таниды.
Ұрпақ тәрбиелеудің, қызды болашақ аналық, жұбайлық өмірге дайындау, тәрбиелеуде аналар мен жеңгелердің ролін шебер танытқан. Этномәдени құнды мәліметті «жеңге» деген тірек сөзді қолдана отырып, этномәдени құнды ақпарат жеткізеді: «Одан әрі тұрмысқа шығудың, бір үйдің қазан-ошағына ие болудың артықшылығын құлағыңа құйып, «о бастан пешенеңе жазылған» болашақ тірлігіңе баулиды. Ай, айналайын қазақтың жеңгелері-ай, табиғат оята бастаған нәпсіні қатал ана қанша тұншықтырып тастаса да, сендер оп-оңай тірілтіп аласыңдар-ау. Кейде қыздың ардақтысын бір көйлекке сатып та жіберетін кездеріңбо­лады, бірақ әйтеуір не де болса омірге бастайсыңдар, өздерің татқан ләззатты аяғы тұсаулы, жолы тар қыз балаға татырғанша тағат етпеуші едіңдер-ау...» …[ ] А.А.Потебня: “Тіл – ойды туғызушы тетік, тіл оқшау тұрған құбылыс емес, ол халықтың мәдениетімен біртұтас байланыста, себебі халық – тілді жасаушы, тіл – “халықтық рухтың” жемісі, сондықтан тіл ұлттық ерекшелікті көрсетеді”, - деп жазады [3, 46].
Шешендік сөздердегі дүниетанымды зерттеген Г.Қосымова: “Адамзат, тіршілік, өмір т.б. туралы адамдардың алған білімдерінің көпшілігі абстрактылы ойлаудың маңызды бір формасы – ойқорытындының көмегімен алған білімдер. Олар тіл арқылы біреуден біреуге жетіп отырады. Біз өзімізді қоршаған дүние туралы білімді ұғым, пайымдау, пікір, ойқорытынды формасында тұжырымдаймыз” [4, 213] деген ой айтады.
“Тіл – қандай да бір ұлттың дүниетанымының, тарихының, барлық бітім-болмысының көрінісі. Сондықтан ұлттық үрдіс пен ұлт тілінде жазылған кез келген шығарманың негізінде аталған дүниетаным, тарих, бітім-болмыс ұғымдарымен қатар сол ұлттың өмірі, өмір сүру сипаты, ұлт қоғамында болған оқиғалардың ізі, ерекшеліктері жатады” [5, 77].
Қазақ халқының көрнекті жазушысы Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романында ұлттық дүниетанымды көрсететін тілдік құралдар мол қолданылған. Мысалы. «Дариға қазақтың салты бойыншаменің атымды атамайды, бірақ меншіктеп ен салып, ат та қоймайды, жәй «қыз-ау» дейді. Ішіне сыймай баратдан жаңалығы, не өсегі болса қасыма жүгіріп келіп, шымыр білегімен мойнымнан құшақтап алып: «қыз-ау, сен естідіңбе?» деп ыстық лебімен құлағымды шарпып сыбырлай жөнеледі. Оның демінен құлағым буланып, дымқыл тартып қалады. Кісі отырсын, мейлі оңаша болсын, маған айтатын әңгімесін сыбырлап байстайтын Дариғаның әдеті» Мұнда қазақтың салты бойынша әйелдердің қайынжұртының адамдарының атын атамау тәрізді этнографиялық табу көрініс тапқан. Басқа халықтарда табу мифологиялық таным негізінде пайда болатын тиым сөздерболатын болса, қазақ тіліндегі тиым сөздердің бір ерекшелігі табу екі негізден пайдаболады. Бірі-мифологиялық таным негізінде қалыптасқан табу сөздер болса, екнішісі-халықтың салт-дістүр ерекшелігіне негізделген энтографиялық табу. Автор шығармасында осы бір ұлттық ерекшелікті де қалт жібермеген. Мындағы табу-қыз-ау сөзі. Жалпылық сипаттғы қыз сөзінің авторлық мақсат пен контекст ыңғайына қарай жалқылық мәнде жұмсалып, мағынасы тарылып, семантикалық құбылысқа ұшыраған. Осындағы авторлық баяндау кейіпкердің көңіл-күйі, айналадағы құбылыстарды қабылдауы, оны бағалауымен тығыз бірлікте келеді. Шығармадағы оқиғаны іріктеп, таңдап алу және сол оқиғаны айтып беру, яғни баяндау тәсілі көркемдік талабымен тікелей байланысты.
Суреткер - өз қолтаңбасы бар өнерпаз. Оның қаруы – сөз, соны қолдана білу, сөзді сөйлете, ойната білу, бейнелі сөзден көркем бейне жасау. “Жалпы дүниетаным ұғымы объективті және субъективті факторларға тікелей байланысты. Шығарма авторының қиял дүниесі субъективтік факторға жатады. Дегенмен біз жазушы дүниетанымын абсолютті субъективтік деп айта алмаймыз, себебі ол оны ақиқат дүниеге негізделген объективтік факторларға, ұлт тәжірибесіне сүйене отырып қалыптастырады. Яғни жазушы дүниетанымының қалыптасуына белгілі бір тарихи кезең, қоғамдағы әлеуметтік орта, ұлттық дүние бейнесі өз әсерін тигізеді” [6, 75]. Ұлттық дүниетаным мен жазушының қиял дүниесі, яғни автор дүниетанымы астасып жатады. Солардың бірі – ұлттық салт-дәстүрлердің жазушы шығармаларындағы тілдік көрінісі болып табылады. Т.Ахтанов романында қазақи тұрмыста үлкен ұлдың тұңғыш баласын кемпір-шалдың бауырына салатын салт бар. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін ауылды жерлерде әлі жалғасып келеді. Ата-әжеге бауыр басқан бала өз анасын “жеңеше” деген немесе атын атайды. Жасында анасының атын атаған бала өсе келе өз анасын мойындағанмен “мама” деуге қиналып жатады. Бұл қазақы тәрбиедегі отбасылардың көбіне тән. Т.Ахтанов бұл ұлттық дүниетанымды “Шырағың сөнбесін” романында кейіпкер-баяндаушы сөзімен береді. Мысалы,
“…қазақта кемпір-шалға бауыр басқан үлкен баласын еркелетуге туған әке-шешесі үлкендерден қысылады, ал үлкенге бауыр басқан бала өз әке-шешесін мойындауға тіпті арланады” …[ ].
Қазақ отбасындағы үлкенді тыңдау, үлкеннің сөзін жерге тастау, үлкен адамдардың беделі деген ұлттық әлім-тәрбиеден көрініс беретін мына бір үзіндіге көңіл аударайық: «Сол күні кешке қарай Қамқа әжем мені шақырып алды. Біз ондайда «неге шақырдың?» деп сұрамайтынбыз, үнсіз ғана үлкеннің әмірін тосамыз».
Халықтың діни наным-сенімдері, қайтыс болғандарды еске алу салтынан да мәлімет бере отырып, ұлттық дүниетанымға негізделген ақпаратты енгізе отырып, автор сюжетті дамыту, мәтін түзу амалдары ретінде шебер қолдана білген: «Әжем ескі шүберектен пілте өріп алды да оны кішкене тостағандағы қойдың тоңмайына батырды. Содан кейін жайнамазын бүктеп қолтығына қысып, тостағанды маған ұстатты да:-Жүре ғой, балақайым, апаңның басына барып келейік,- деді…[ ].
Күн батып бара жатқанда екеуміз ауыл сыртындағы зиратқа келдік. Шымнан қалаған, мүжіліп шөгіп қалған ескі молалардың бергі шетінде топырағы басылмаған жас қабір... Қамқа әжем шарт жүгініп құран оқып отыр. Meн оңың бір сөзін түсінбеймін, оның үстіне Қамқа әжем, мол-далардай әуенге салып созбай, көбіне іштей күбірлей, ақырын оқиды» …[ ].
Қазақ халқындағы батаның қасиеттілігін, оған деген халық көзқарасын, ел танымын да автор назардан тыс қалдырмаған. Батаға деген ұлттықтаным ерекшелігін кейіпкердің ойы арқылы берген:Қанша айтқанмен бала емеспін бе, мен алаң болып кетіп едім, бір кезде үнсіз етегімнен тартып қалды. Сөйтсем қолын жайып бата қылайын деп жатыр екен, мен де қолымды жайдым. Бата қасиетті нәрсе. Батада айтылған тілекті құдай береді. Мен де іштей күбірлеп құдайдан апама бар жақсы тілек тілеп жатырмын. Қамқа әжем бетін сипап, қатты бір күрсініп қойды…[ ].
Апаңа жақсы тілек тіледің бе, қалқам? Сен періштесің ғой. Сенің тілегің қабыл болады,— деді меніц маңдайымнан сипап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет