Мазмұны Түсінік хат 4 Негізгі бөлім



бет8/41
Дата03.06.2022
өлшемі184,57 Kb.
#145888
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
2 5247149807377585073

Балл қою кестесі

Тапсырма

Сұрақ

Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

1

1

Дүниеге келуі

1

Ұсынылған сөздерге балама сөздер дұрыс жауапқа қабылданбайды

2

Жалғасуы

1

3

Ақпар етті

1

4

Әйгілі

1

5

Өте

1

2

1

Ұлттың мемлекеттілігі туралы мәселе осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында талқылауға түсті.

1

Білім алушы сөздердің орнын ықтимал жауаптардан бөлек өзгерте алады, бастысы ой мен сөйлем құрылымы сақталуы қажет. Құрастырушы
ның болжам жауаптың бірнеше нұсқасын көрсетуі қабылданады

2

1917 жылы 5 желтоқсанда бұл мәселені қараған Жалпы қазақ - қырғыз съезі Орынбор қаласында ашылды.

1

3

Ұлттық автономия мәселесі съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе еді.

1

4

Әлихан Бөкейханов - ұлттық идеологияны ұстанғандар арасынан алғашқы Алашорда автономиясын құруын қолға алғандардың бірі болып, оның төрағасы сайланды.

1

5

Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы күшпен таратылған соң Алашорда мен Кеңестік биліктің арақатынасы күрделене түсті.

1

6

Алашорда мен Кеңес үкіметі арасында өзара түсінушілікке ұмтылыстың нышандары 1918 жылдың көктемінде байқалды.

1

7

Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар Алашорда үкіметінің тапсыруымен осы жылдың наурызында Оралдан Мәскеуге аттанды.

1

8

Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаевтар “Алаш автономиясын” құруда өз үлесін қосты.

1

9

Қазақ халқы аса ірі қоғамдық - саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды XX ғасырдың басында бастан кешті.

1

10

Ахмет Байтұрсынов - халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан топтың рухани көсемі.

1

Тіл сапасы үшін қосымша бес балл беріледі

5




3

1

Қазақстанда ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шешу.

1

Білім алушының өз сөзімен жазған жауаптары қабылданады. Бірақ жауаптар мәтінде айтылған ақпараттар негізінде берілуі керек

2

1) Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы күшпен таратылды;
2) Алашорда мен Кеңестік биліктің арақатынасы күрделене түсті.

1

1


3

1) Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаевтар.
2) Қоғамдық - саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды енгізді.

1
1

Тіл сапасы үшін қосымша бес балл беріледі

5




Барлығы

30




1-тапсырма
Төменде берілген мәтінді оқыңыз.


Биотехнология жаңалықтары.
Биотехнология дегеніміз — биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. "Биотехнология" деген терминді алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки енгізді. Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты — өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің дақылын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады. Ата-әжелеріміз ежелден микроорганизмдерді қымыз бен шұбат, айран ашытуға, құрт пен ірімшік жасауға, нан пісіруге, тері илеуге, т.б. қажетті заттарды дайындауға пайдаланған. Қазіргі биотехнологияның мынадай негізгі бағыттары бар: микробиологиялық өндіріс, жасушалық инженерия және гендік инженерия. Биотехнологияда биохимия, микробиология, молекулалық биология, генетика ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде өте бағалы биологиялық белсенді заттар —гормондар, ферменттер, витаминдер, антибиотиктер, органикалық қышқылдар — сірке, лимон, сүт және кейбір дәрі-дәрмектер алынады. Қазір ең жоғары өнімді микроорганизмдер дақылдарының көмегімен 150-ден астам биологиялық заттардың түрлері синтезделді. Мысалы, адамда және кейбір жануарлар организмінде синтезделмейтін аминқышқылы лизинді тек микроорганизмдер арқылы алады. Егер жануарлар организмінде лизин жетіспейтін болса, оның денесінің өсуі тоқтайды. Сондықтан лизинді жануарлардың жемшебіне қосып береді. Биотехнологияның биологиялық әдістерін қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін қолданады. Ластанған суларды микроорганизмдердің көмегімен тазартады. Үлкен қалалардың, өндіріс орындардың шығарған зиянды қалдықтарын тазарту кейбір бактериялардың қатысуымен жүреді. Металл қалдықтарымен (уран, мыс, кобальт, т.б.) ластанған суларды тазарту үшін оларды өз жасушаларына жинайтын бактериялардың түрлерін пайдаланады. Сонымен биотехнология экологиялық мәселелерді шешуге қатысады. Үндістанда, Қытайда, Филиппинде үйлерді жылытуға және тамақ дайындауда биогаз — метан мен кеміркышқыл газдың қоспасын пайдаланады. Ол үшін арнаулы контейнерлерге малдың қиын, қант өндірісінің, ауыл шаруашылығы заттарының калдыңтарын жинап, оларға бактерияның арнайы себіндісін қосады. Осы қоспадан биогаз алады.
Қазақстанда биотехнология саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оның қолданылу аясы - медицина мен биология. Әсіресе, оның көмегімен қарапайым хирургиялық тігістерді алмастыру мүмкін. Бұл жоба бойынша Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары шамамен екі жылдай шұғылданды. Мамандардың сөздерінше, олар төзімділігі жоғары, яғни осыған ұқсас қазіргі материалдардан жүз есе сапалы материалға қол жеткізді. Айтпақшы, бүгінгі күні дүние жүзінде медициналық желім жасап шығарумен бар болғаны бірнеше ғана ғылыми топ айналысады. Қазақстандық ғалымдардың әзірленімі импорттың орнын отандық өніммен алмастыруға және алдағы уақытта шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

https://biocenter.kz/kz/zha-aly-tar/gbo-turaly-bak/530






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет