Мдб-н-17 Бақберген Бақнұр


Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлерін мынадай типтерге бөлуге болады



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі19,35 Kb.
#80772
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
11.09
Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлерін мынадай типтерге бөлуге болады:
Қайта жаңғырту- үлгіге қарап тапсырманы орындау.
Реконструктивті-вариативті- алған білімдеріне сүйене отырып, тапсырмаларды өз бетімен орындауы.
Эвристикалық- тапсырманы орындаудың басқа жолдарын оқушы өзі іздеп табады. /өз бетімен түсіндіру, демонстрация, құбылыс, ұғымға талдау жасау, аргументтерге сүйене отырып қорытынды жасау.
Шығармашылық- білімді өз бетімен іздеу.

Күні: 11.09.2020
Сабақ: Өзін-өзі тану 
Сабақтың тақырыбы: Мен елімнің азаматымын
Мақсаты: 1.Оқушылардың «Отан», «ел», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
-елге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
-елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім:
Шаттық шеңбері. «Өз елім» әні.
Тыныштық сәті.
Негізгі бөлім
.Әңгімелесу.
-Осы әнді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?
-«Жерім деп менің
Соғады мәңгі жүрегім», -дегенде нені түсінесіңдер?
-Әнде айтылғандай, сендер өздеріңді ел «тірегімін» деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?
-Әрбір адам үшін туған ел, туған жер барлық уақытта да қымбат. Өйткені сен туған өлке саған алтын бесік-атамекен болып саналады. Туған елді әңгіме еткенде оған деген сүйіспеншіліктен жұрегіміз лүпілдейді. Туған елдің құдыреттілігі соншалықты, жаныңды баурап алады. Бүгінгі сабақта осы айтылғандар туралы әңгімелесеміз.
2. Мәтінмен жұмыс.
С.Мәуленов «Мен елімді сүйемін»
-«Туған жерсіз адамның күні жоқ» дегенде нені түсінесіңдер?
-Сендерге өз елің несімен ыстық?
-Сендер өз еліңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар?
Еңселі елім, көркейе бер ұлы елім,
Сен деп соғар әрқашанда жүрегім.
О, туған ел оттай ыстық сезіммен,
Әлпештеген мені анамдай сүйемін.
3. Жаңа ақпарат.
4. Сахналау.
Екі оқушының «Туған ел» тақырыбындағы диалогі тыңдалады.
5. Тыныштық сәті.
6. Шығармашылық жұмыс.
1-топ: «Туған жерім-тірегім»
2-топ: «Аяулы өлкем»
3-топ: «Елімді мақтан етемін!»
-Осы тақырыптарға сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық, мейірімділік, аялау, мақтаныш тұрғысынан бірлесіп әңгіме- сұхбат жүргізіңдер.
7. Мәтінмен жұмыс.
Қ.Шаңғытбаев «Туған жер» өлеңін оқу.
8. Дәйексөз. «Ел іші-алтын бесік»
9. Тапсырма.
-Өз туған жерлеріңнің қандай артықшылығын білесіңдер?
-Ата-бабаларыңның туған жері туралы не білесіңдер?
9. Дәптермен жұмыс. Өлең жолдарын жалғастыру.
Сүйемін туған елімді ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет