Мәдениет және өнер институтының директоры



бет1/4
Дата25.03.2017
өлшемі0,57 Mb.
#12340
  1   2   3   4
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Мәдениет және өнер

институтының директоры

_______________ Нагимова М.М.

«____» _________________ 2011 ж.


Мәдениет және өнер институты

Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану кафедрасы

050406 – Режиссура

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған
Қуыршақ театр режиссурасы

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – 3

Семестр – 6

Кредит саны – 1

Дәріс – 15 сағат

ОЖСӨЖ – 15 сағат

СӨЖ – 15 сағат

Емтихан - 6

Барлығы – 45 сағат



Орал 2011 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені ҚР БжҒМ-ның 22.06.2006 ж. бекітілген, Типтік оқу бағдарлама ҚР МЖМБС 5.03.001 – 2004 ж., 3.08.288 – 2006 ж.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті «Жоғары кәсіби білім берудің негізгі тәртібі туралы» білім беру стандартына сәйкес, 050406 «Режиссура» мамандығы бойынша әзірленген, Астана, 2006 ж, негізінде құрастырылған.




Құрастырған: оқытушы Сундеткалиева А.А.
Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану кафедрасының отырысында қарастырылды.

“______ ” _________________2010 ж. №_____хаттама.


Кафедра меңгерушісі: ___________ өнертану кандидаты Айткалиева А.А

‹қолы› ‹аты-жөні›


Мәдениет және өнер институтының “_____” ____________ 2010 ж. оқу - әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды. № _____ хаттама
Мәдениет және өнер институттың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы _______ Утегенов И.У

‹қолы› ‹аты-жөні›



2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).

4 ғимарат, кабинет 208,«Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасында орналасқан.


1.1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

Оқытушының аты:Сундеткалиева А.А.- оқытушы

Офис:«Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: БҚМУ, Студенческая, 2, №4 ғимараты

Жұмыс телефоны:51-27-39 (106)

Е-mail:

1.2 «Қуыршақ театр режиссурасы» пәні туралы мәлімет.

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 1 кредит сағат қарастырылған. Әр аптада кредит сағат 1 байланыс сағаттан (дәріс) және 1 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ),студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің 1-15 аптаға бөліну кестесі :


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

( дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 1



Өту орны: 4 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


3

6

1

15

-

15

15

45

емтихан

1.3. Кіріспе.
«Қуыршақ театр режиссурасы» пәні міндетті мамандану пәндерімен қатар оқытылатын қажетті пәндерінің бірі.

Болашақ драма театрының режиссерін дайындауда театр өнерінің қызықты өнер түрі қуыршақ театр режиссурасын да меңгеруде, сонымен қатар кәсібилігін жан – жақты шыңдауда бұл пән бойынша әдістемесінен берілетін білім, білік, дағдыларды қалыптастыру процесі жүргізіледі.



Курстың негізгі мақсаты:

Студенттерге режиссер ретінде роль сомдаудың көп қырлы техникасын, қуыршақ театры өнерінің ерекшелігін, тәсілін меңгеруге, болашақ режиссерлардың творчестволық деңгейінің жоғары болуына, театр ұжымына басшылық ете алатын сатыға көтерілуіне ұстаз тарапынан шеберлік пен парасаттық көрсету.



Курстың міндеттері:

  • Студенттерді қуыршақ театр өнері түрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру;

  • Қуыршақ театрының негізгі аспабы – театр қуыршағын жасау технологиясын үйрету;

  • Қуыршақ театр актерінің тіл,дауыс техникасын меңгерту;

  • Студенттердің қол пластикасын, тілін жетілдіруге арналған жаттығуларымен таныстыру.

Курстың мазмұны: Қуыршақ театры өнері. Ширма және декорация. Қуыршақ театр түрлері. Қол (қолғап) қуыршақтарын жасау әдісі және олармен жұмыс істеу. Қуыршақты тірілту. Актер – қуыршақ театрындағы орталық тұлға. Қуыршақ спектаклін қоюдағы режиссердің жұмысы. Этюдтармен жұмыс. Спектаклді көркем безендіру. Қуыршақ театрының заңдылықтары. Шағын ертегілер қою. Қуыршақ театр актерінің дауыспен жұмыс істеуі.

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер төмендегідей білім мен ептілікті және дағдыны меңгеру қажет:

Семинар сабақтары барысында студенттер қуыршақ театр режиссурасы жөніндегі әдебиеттермен кеңінен танысып, өз беттерінше ізденіп, оқу, конспектілеу, баяндамалар мен көркем жазбалардағы мәліметтерді зерделейді. Қуыршақ театр өнерінің заңдылықтарын, жасау технологияларын меңгереді.



Оқыту әдістемесі: Қуыршақ театр режиссурасын оқыту дәріс, практикалық сабақтарда және студенттердің өзіндік жұмыстарында жүзеге асырылады. Оқыту негізінен оқу материалдары түсіндірілетін және қуыршақ театр режиссурасы жұмыстарына жаттықтырудағы тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын дәріс және практикалық сабақтар түрінде өтеді. Дәріс сабағында қуыршақ театр режиссурасы теориялық тұрғыдан қаралса, тәжірибелік сабақта қуыршақ театр режиссері мен актері жұмыстарының әдіс тәсілдерін меңгереді.

Курс дәріс оқу әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, көрнекілік құралдар қолдану,көркем бейне ойлау әдістері негізінде оқытылады. Өзіндік іздену әдістері өз бетімен қуыршақтарды жасау және олармен жұмыс істеген жағдайда ұсынылады. Студенттердің білім, білік, дағдыларын тексеру формалары: реферат, жасалған жұмыстары (сабақ үлгілері) және жеке семестрлік тапсырмалар және үй жұмыстарын тексеру. Негізгі қорытынды бақылау формасы- емтихан. Емтихан тәжірибелік түрде шағын қуыршақ спектаклін қоюмен аяқталады. Емтиханда – ширма, декорация, қуыршақтар қолданылады.



Пререквизиттер: Жалпы орта білім беретін мектептерде жүргізілетін қуыршақ театр үйірмелері.

Постреквизиттер: Қуыршақ театры туралы мол мағұлмат алады. Бұл театр өнерін қалай ұйымдастыруға болады және сабақтарда алған білімдерін, әдіс – тәсілдерін болашақта үйірме жұмыстарына пайдалануға үлкен көмегін тигізеді. Қуыршақ театр актері мен режиссерінің жұмыс ерекшеліктерімен танысады.

Қуыршақ театрнің спектаклін қою және қуыршақ актерінің қуыршақтармен жұмыс жасау дағдыларын тәжірибелік түрде меңгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет