Мәдениеттер Диалогі Бүгін сабақта



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі36,35 Kb.
#124960
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
10 лекция Мәдениеттер диалогі
Қазақстан тәуелсiздiгiне қол жеткiзген уақыттан берi көптеген ғылыми мәселелерге түбегейлi жаңаша қарауға мүмкiндiктер туды
І. Этникалық деңгейдің өзара байланысы жергілікті этностар, тарихи-этнографиялық, этноконфессионалдық қауымдар арасындағы қатынастарға тән. Бұл өзара әсерлерден екі жақты ағым пайда болады. Мәдениеттер элементтерін бірлесе меңгеру, бір жағынан, интеграциялық процестерге–байланыстардың артуына, екі тілділіктің таралуына, аралас некелер санының өсуі не ықпал етсе, екінші жағынан, этникалық өзіндік сананың нығаюына әкеледі. Мұндайда аз санды және бір тайпалы этникалық топтар өзіндік болмыстарын әлдеқайда жақсы қорғайды.
Этникалық деңгейдегі мәдениеттердің өзара әсері мынадай нәтижелерге әкелуі мүмкін:
- көбею–басқа мәдениетпен әсерлесіп, оның кейбір жетістіктерін сіңіріп алатын этнос мәдениетіндегі сандық өзгерістер. Еуропаны жаңа мәдени дақылдар түрі мен байытқан Үнділік Американың әсері осылай болған;
- күрделену–ежелгі мәдениеттің этнос мәдениетіне тигізетін сапалық өзгерістері: бұл этнос мәдениетінің бұдан кейінгі дамуына ықпал етеді. Мысал ретінде қытай мәдениетінің жапон және корей мәдениетіне ықпалын айтуға болады, олар қытай мәдениетінің еншілесі деп саналады;
- азаю–дамыған мәдениетпен байланыс нәтижесінде өзіндік бейнесін жоғалту. Бұл сапалық өзгерістер жазуы жоқ көптеген халықтарға тән сипат және мәдениет дағдарысының басталуы болады;
- тоқырау (эрозия) –тұрақтылық күші мен жеке мәдениеттің дамуы болмағандықтан, мәдениеттің ішкі әсерден қирауы. Мысалы, айндар мәдениеті жапон мәдениетіне толығымен жұтылып кетті, ал америкалық үндістер мәдениеті тек резервацияда ғана сақталып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет