Мәдениеттер Диалогі Бүгін сабақта


ІІ. Мәдениеттердің өзара әрекетінің ұлттық деңгейі



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі36,35 Kb.
#124960
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
10 лекция Мәдениеттер диалогі
Қазақстан тәуелсiздiгiне қол жеткiзген уақыттан берi көптеген ғылыми мәселелерге түбегейлi жаңаша қарауға мүмкiндiктер туды
ІІ. Мәдениеттердің өзара әрекетінің ұлттық деңгейі жүзеге асып отырған этникалық қатынастардың негізінде пайда болады.
Халықаралық тәжірибеде «ұлт» саяси, азаматтық және мемлекеттік қауым ретінде қабылданады.
Ұлттық бірлік моно этникалық немесе саяси этникалық негізде жалпы шаруашылық әрекеттер, мемлекеттік-саяси реттеу, мемлекеттік тілдің құрылуы (полиэтникалық мемлекеттерде этника аралық қатынас тілі болып табылатын), идеология, нормалар, салт-дәстүрлер, яғни ұлттық мәдениет арқылы пайда болады.
Ұлттық бірліктің басты элементі–мемлекет. Ол өз шегарасының ішіндегі этника аралық қатынастарды және басқа мемлекеттермен ұлтаралық қатынастарды реттейді. Мемлекет аралық қатынастарда қиындықтар мынадай жерлерде туындайды: мемлекеттік шегаралар адамдардың табиғи орналасуын ескермей, яғни біртұтас этностарды бөлгенде жеке қалған халықтар өздерінің біртұтас мемлекетін құруға ұмтылады, керісінше жауласқан халықтарды бір мемлекетке біріктіру осы халықтардың қақтығысына әкеледі.
Ұлттық-мәдени байланыстар этномәдени байланыстарға қарағанда тұрақты емес, бірақ бүгінде оларсыз мәдениеттердің өзара ықпалдасуы мүмкін емес.
ІІІ. Мәдениеттердің өзара ықпалдастығының өркениетті деңгейі. Бұл жағдайда өркениет ортақ тарихы, діні, мәдени ерекшеліктерімен аймақтық шаруашылық байланыстары бар көршілес бірнеше халықтың басын құрау ретінде түсіндіріледі. Жаһандану жағдайында бірінші кезекке өркениеттер арасындағы байланыс шығады, өйткені мемлекеттер шегарасы барған сайын «ашық» болып бара жатыр. Өркениет деңгейіндегі мәдениеттердің өзара әрекеттесуі рухани, көркемдік және ғылыми жетістіктердің араласуы арқасында маңызды нәтижелерге жеткізуде. Мұндай жағдайға мысал ретінде ортағасырлардағы еуропалық мәдениеттің ислам әлемімен араласуын, Үндістанмен Қытай мәдениеттерінің байланысын келтіруге болады. Қарқынды байланыс ислам, үнді және Будда аймақтары арасында жүрді.
Ресей мәдениеттанушысы Г.С.Померанц өркениетті мәдени байланыстардың түрлерін анықтады: еуропалық –мәдениеттер ашықтығы, басқа мәдениеттердің жетістіктерін тез арада игеру, инновация есебінен өз өркениеттерін байыту;
тибеттік–түрлі мәдениет элементтерінің қосындысы және тоқтап қалуы (үнді және қытай мәдениеттерінің қосындысынан пайда болған тибет мәдениетін айтуға болады);
явалық–басқа мәдениетті жеңіл қабылдау әрі тез ұмыту. Явада осылайша полинезиялықтар, үнділіктер, қытайлықтар, мұсылмандық және еуропалық дәстүрлер тарихи түрде бірін-бірі ауыстырды;
жапондық–мәдени тұйықтықтан ашықтыққа өту және өз дәстүр-лерін сақтай отырып, бөтен тәжірибені игеру (Жапондық мәдениет қытай және үнді тәжірибелерін игере отырып дамыды, ал XIX ғасырдың соңында ол батыс тәжірибесіне назар аударды).
Жаһандану жағдайындағы мәдениеттер диалогі. Жаһандану мәдениеттер диалогін іске асыра отырып жаңа жағдай қалыптастырады, мәдениеттер дамиды. Жаһандану жағдайында мәдениеттердің өзара әрекеттесуіне заманауи ақпараттық-коммуникативтік жүйелер: теле-арна, радио, жеке компьютерлермен компьютерлік жүйелер, спутниктік таралымдар, онлайн желілермен ғаламтор аса зор ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік жүйелер мәдениеттердің өзара әрекеттесуіне, формасына, оның ішінде диалогке ықпал етеді. Ол мәдениеттердің теңдігін және әр бір мәдениеттің еркіндігін тануға, тиімді жолмен олардың өзара әрекеттесу тәсілдерін табуға негізделген. Әр бір мәдениет және әр бір этнос жаһандану процесінің ырғағына енуде өзінің мәдени ерекшеліктерін сақтаудың әдістерін дамытады.
Жаһандану процесі дәстүрлі әлемге агрессивті түрде басып кіреді. Бұл тұрғыда халықтар қозғалысы және мәдениеттердің өзіндік бірегейлігі мен ерекшелігін нақтылау, адамзаттың бірігуінің үйлесімді жолын табу анық байқалады. Ерте ме, кеш пе барлық мәдениеттер жаһандық ақпараттық-технологиялық ағымға түседі. Осыған орай басқа мәдениетпен араласқан адам, өзінің этномәдени (түпкі) бірегейлігінен айырылмағаны өте маңызды.
Адамзат мәдениетімен халықтардың алуан түрлі қауымдастығын құру идеясының өмірде жүзеге асуы үшін бүгінгі техногендік және дәстүрлі әлемдегі мүдделер келісімімен құндылықтардың өзара сіңісуі тиіс. Мәдениеттер диалогі барысында болатын өзара даму адамзат өркениетінің басты жетістігі болып қалады.
Білімдеріңді тексеріңдер
1. Мәдениеттердің өзара әрекеттесуі нене қосылады?
2. Мәдениеттердің өзара әрекеттесу формаларын атаңдар және түсіндіріңдер.
3. Мәдениеттің өзара әрекеттесуінің этникалық, ұлттық, өркениеттік деңгейі туралы түсінгендеріңді баяндаңдар.
4. Жаһандану жағдайындағы мәдениеттер диалогінің ерекшелігі неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет