Мәдениеттер Диалогі Бүгін сабақта



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі36,35 Kb.
#124960
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
10 лекция Мәдениеттер диалогі
Қазақстан тәуелсiздiгiне қол жеткiзген уақыттан берi көптеген ғылыми мәселелерге түбегейлi жаңаша қарауға мүмкiндiктер туды



Мәдениеттер Диалогі


Бүгін сабақта:
Мәдениеттердің өзара байланысындағы формалар мен деңгейлер, жаһандану жағдайындағы мәдениеттер диалогі туралы білеміз.
Мәдениеттердің өзара әрекеттесуі:
а) тікелей қатынастармен байланыстың ерекше түрі, кем дегенде екі мәдениеттің арасында қалыптасатын және осы қатынастар барысында пайда болатын өзге ықпалдармен өзара өзгерістер;
ә)жаһандану жағдайында мәдениеттер қызметінің базалық принциптері;
б) мәдениеттердің интеграциялық ағымының әсерімен пайда болуының формасыболыптабылады.
Мәдениеттердің өзара әсерлесу процесі ұзақтығы жағынан өте ауқымды болады. Мәдениет диалогі–іштей алуан түрлі ұлттық дәстүрлер мен біріктірілген және көптеген түрлерге бөлінетін мәдениеттің өмір сүру формасы. Сондықтанда мәдениет туралы айтқанда: фран-цуз, орыс, қытай, жапон т. б. сөздер қосыла айтылады.
Мәдениеттердің өзара әрекетіндегі формалар әртүрлі болады.
Мәдениеттердің оқшаулануы – ұлттық мәдениеттің өзге мәдениеттер мен интернационалдық мәдениеттердің қысымына қарсы тұруының бір нұсқасы болып табылады. Мәдениеттердің оқшаулануы онда болатын қандай да өзгерістерге тыйым салуға, бөтен ықпалдарға қарсылық жасауға әкеледі. Мұндай мәдениет тұйықталып, дамуды тоқтатады, соңында жойылады. Түрлі жаттанды ақиқаттардың, мұражай экспонаттарының жиынтығына және халық шаруашылығының көшірмелеріне айналады. Қандайда болмасын мәдениеттің дамуына өзара байланыспен диалог қажет. Мәдениеттер диалогі бір-біріне ашықтықты қалайды. Бұл барлық мәдениеттердің теңдігін, әрбір мәдениеттің басқадан ерекшелік құқығы мойындағанда, өзге мәдениетті құрметтегенде мүмкін болады. Барлық мәдениет басқа мәдениетпен диалог арқылы өмір сүріп дамиды. Бір мәдениет тек басқа мәдениеттің алдында ғана өзін толық әрі терең ашып көрсетеді. Олардың арасында диалог орыналып, ол әрбір мәдениеттің оқшауланумен бір жақтылығын жеңеді. Мәдениеттер диалогін жүргізу үшін кросс-мәдени сауаттылық (басқа халықтардың мәдениетін түсініп-білу) қажет. Ол өзіне әртүрлі мәдениеттер арасындағы байланыс пен өз халқының мәдениетіне басқа халықтардың көзқарасымен қарауға үйретеді. Мәдениеттердің өзара байланысында олар сіңіп кетпейді немесе араласпайды, әрқайсысы өзінің даралығын және тұтастығын сақтайды, бірақ олар бірлесе дамиды.
Мәдени алуан түрлілік–адамның өзін тануындағы маңызды шарт: ол көп мәдениетті танып, көп елді аралап, көп тіл білген сайын өзін жақсы түсінеді және оның жандүниесі бай бола түседі.
Мәдениеттер диалогі – толеранттылық (төзімділік), құрмет, өзара көмек, қайырымдылық секілді құндылықтарды қалыптастырудың негізі және маңызды алғышарты.
Мәдениеттердің өзара әрекеттеріне адамдардың әртүрлі топтары –шағын санды этностардан миллиардтаған халықтарға дейін қатысады. Сондықтанда мәдениеттердің ықпалдастығын үш деңгейге бөледі. Күнделікті өмірде мемлекеттермен халықтардың араласуы нәтижесінде процестермен байланыстар өзара сапырылысып жатады, бұл–мәдениеттердің өзара байланысындағы үш деңгейге де тән құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет