Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет6/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)
Рупи Каур - Milk and honey, ИВБДВ, zheltuhi okvar hhh, Эпид 2, ойын инттеллектуалды, Власть социология, продолговатый мозг Костенко Светланы 115Б, Tuition-and-fees-2023-24 rus
Бақылау сұрақтары:

  1. ҚР құқық саласы, ғылым және оқу пәні ретінде медициналық құқықтың мәні неде?

  2. Сіздің ойыңызша, медицина қызметкерлері, пациенттер және жалпы қоғам үшін «медициналық құқықтың» дербес құқық саласы ретінде болуы қаншалықты маңызды?

  3. . Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын әзірлеуде, медициналық көмек көрсету кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауда медициналық құқықтың рөлі қандай?

4. Нақты мысалды негізге ала отырып медициналық құқықтық қатынастардың субъектілеріне сипаттама беріңіз.
5. Медициналық құқықтың қайнар көздері дегеніміз не? Медициналық құқықтың қайнар көздері ретінде Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарының, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен клиникалық хаттамалардың орнын анықтаңыздар.


3 Тақырып. Әлеуметтік реттеу жүйедегі медициналық құқықтың орны
Тақырып сұрақтары:
1. Медициналық қызметті әлеуметтік реттеу деңгейлері.
2. Моральдық, әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар мен заңдардың арақатынасы.
3. Медициналық қызметті әлеуметтік реттеу құрылымындағы медициналық этика мен деонтологияның рөлі.
4. Биоэтика адам құқықтарын қорғау тұрғысынан медицина мәселелерімен айналысатын кешенді ғылым ретінде.
5. Биоэтиканың негізгі принциптері.
Тапсырмалар:
1. Қазіргі медициналық этиканың бірқатар ережелері ежелгі постулаттар негізінде қалыптасқан. Медицинада кеңінен қолданылатын «Salus Aergoti suprema lex» («науқастың пайдасы - ең жоғары заң») этикалық ереженің мәні. Сіздің ойыңызша, медициналық қызметтің осы негізгі қағидатының мәні неде? Жауапты негіздеңіздер.
2. Дәрігерлік құпия ұғым ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында және халықаралық медициналық Этика кодексінде қалай көрініс тапқан? Жоғарыда көрсетілген құжаттардағы медициналық құпия туралы ережелермен танысыныздар.
3. Төмендегі тақырыптардың біріне эссе дайындаңыз: «Медицинадағы моральдық, әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар мен заңдардың арақатынасы», «Паиенттердін құқықтарын қамтамасыз етуде медициналық этика мен деонтологияның рөлі», «Биоэтика қағидалары мен ережелерінің адам құқықтарын қамтамасыз етудегі орны».
4. Ұсынылған кейстерді шешіңіздер.


1 Кейс.
Науқас Н., 15 жаста, созылмалы нефриттің ауыр түрімен ауырады. Консервативті терапияның болжамына сай ем тиімсіз деп танылды. Бүйрек трансплантациясы көрсетілген. Науқастың ата-анасы ең оңтайлы әлеуетті донорды анықтау үшін тексеруден өтті. Ол қыздың әкесі болды. Алайда, әкесі дәрігерлерге туыстарына оның бүйрегі медициналық параметрлер бойынша қызын трансплантациялауға жарамсыз екенін (яғни, биологиялық сәйкессіздікке байланысты) хабарлауды сұрады.
Дәрігерлер өтірік айту керек пе немесе туыстарына шындықты айту керек пе? Дәрігерлер әкесіне шешімін өзгерту үшін қысым көрсетуге құқылы ма? Неліктен әкесіне шешімін өзгерту үшін дәрігерлер қысым көрсете алмайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет