Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ


Кейсті орындау бойынша тапсырмалар



бет8/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)
Рупи Каур - Milk and honey, ИВБДВ, zheltuhi okvar hhh, Эпид 2, ойын инттеллектуалды, Власть социология, продолговатый мозг Костенко Светланы 115Б, Tuition-and-fees-2023-24 rus
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. Дәрігердің әрекетін мораль, құқық тұрғысынан бағалаңыз.
3. ҚР қылмыстық заңнамасының нормаларын зерделеу негізінде (ҚР ҚК 274-б.) дәрігер әрекеттерінің құқықбұзушылықты анықтаңыз.
4. Осы мәселені шешудің ең тиімді нұсқаларын ұсыныңыз
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Әлеуметтік желілерде жұқпалы аурулар туралы ақпаратты орналастырған дәрігердің іс-әрекеті моральдық нормалар тұрғысынан дұрыс па?
2. Дәрігердің әрекеті заңды ма?
3. Полицейлердің әрекеті заңды ма? Полицияның көрсетілген негіз бойынша дәрігерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешімі негізделген бе? Дәрігер қандай жазаға тартылуы керек?


Кейс 3.
Бала қала сыртындағы сауықтыру лагерінен жедел хирургиялық патологиясымен аруханаға жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. Баланың жағдайы тез нашарлай түсті. Аурухананың медициналық қызметкерлері баланы дереу құтқарудың орнына медициналық көмек көрсету мақсатында ата-ананысын шақыртып, рұқсатын алу қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Жедел жәрдемді уақытында алмаған себептерге байланысты бала комаға түсті.


Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. Медициналық қызметкерлердің әрекетіне мораль, құқық тұрғысынан бағалаңыз.
3. Медициналық қызметкерлерге басқа шешім қабылдауға, яғни балаға жедел көмек беруге моральдік және құқықтық норма тұрғысынан мүмкіндіктері болды ма?
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Денсаулық сақтау саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалардың түрлерін атаңыз.
2. Моральдік, әдет-ғұрыптар, корпоративтік нормаларға, заңдарға мысалдар келтіріңіз.
3. Медициналық қызметті реттеуде моральдық нормалар мен құқықтық нормалардың бірлігі мен айырмашылығы неде?
4. Медициналық қызметтің қай саласында мораль нормалары мен құқық нормалары арасында қарама-қайшылықтар жиі кездеседі: ағзалар мен тіндерді транспланттау; туылмаған адамның өмір сүру құқығын бағалау кезінде жүктілікті жасанды үзу; медициналық стерилдеу; эвтаназия; жынысын ауыстыру; клондау, басқа да репродуктивтік технологиялар?
5. Биология мен медицина жетістіктерін қолдануға байланысты адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау туралы конвенцияның (Овьедо, 4 сәуір 1997 жыл) мемлекеттердің ұлттық заңнамасын тигізген әсері?
6. Медициналық қызметті әлеуметтік реттеудің жалпы құрылымында медициналық этика, деонтология және биоэтиканың рөлі қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет