Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі



бет2/4
Дата31.03.2024
өлшемі4,33 Mb.
#200395
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
синтаксис. меңгеру (1)
Болатова С диссертация, Шпаргалка
Өнімсіз іске шеп-шебер.
Жақсы - ісімен жақсы.
2. Зат есімдер. Зат есімдердің ішінде ағаш, тас, көмір сияқты атаулардан гөрі күш, бай, мейрам, сын сияқты абстракт зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші (басыңқы) бөлшегі болып көп жұмсалады. Мысалы: Елім менің жерге бай, Айдынды шалқар көлге бай. Қашпақ, қумақ - ерге сын, көшпек, қонбақ - жерге сын.
3. Заттың күйін білдіретін есімдер. Бар, жоқ, көп, аз, мәлім, бәрібір, мүмкін тәрізді заттың әр алуан күйін білдіретін есімдер сөз тіркесінің құрамында басыңқы болып көбірек айтылады. Мысалы: Астында семіз сары жорға аты бар. Аспанда алақандай бұлт жоқ. Әуелден сұлу жайы бізге мәлім.
4. Сан есімдер мен есімдіктер есімді сөз тіркесінің меңгерушісі болып өте аз кездеседі. Мысалы: Басқада құлақ екеу болса, секретарьда төртеу. Есжан, ол жақта… егіске дайындық қалай? Заводтың бәрінде солай.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері. Етістіктермен меңгеріле байланысып, әр түрлі қарым-қатынаста жұмсалатын сөздер - есімдер.
Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде айтылады.
Бұл жалғаулар - есімдерді етістіктермен ұластырушы ғана емес, сөздердің синтаксистік қызметтерін саралайтын да тұлғалар. Сондықтан меңгерудің етістікті сөз тіркесін құрауда мәні ерекше.
Аталған септік жалғаулардың синтаксистік қызметі, негізінде, етістіктердің лексикалық мағыналарымен байланысты болады да, сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларына септік жалғауы басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жалғанады. Мысалы, шық, түс, қара, жібер етістіктері барыс, шығыс, көмектес жалғауларындағы сөздерді керек етіп, өздеріне бағындырып (меңгеріп) тұрады.
Шық - тауға шық, үйден шық, сатымен шық;
Түс - суға түс, аттан түс, арқанмен түс;
Қара - балаға қара, терезеден қара, бинокльмен қара;
Жібер - жолдасыңа жібер, қаладан жібер, почтамен жібер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет