Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі


Меңгеріле байланысатын етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай бөлінеді



бет3/4
Дата31.03.2024
өлшемі4,33 Mb.
#200395
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
синтаксис. меңгеру (1)
Болатова С диссертация, Шпаргалка
Меңгеріле байланысатын етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай бөлінеді:
Табыс жалғаулы сөз тіркестері;
Барыс жалғаулы сөз тіркестері;
Шығыс жалғаулы сөз тіркестері;
Жатыс жалғаулы сөз тіркестері;
Көмектес жалғаулы сөз тіркестері.
Табыс жалғаулы сөз тіркестері. Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер - сабақты етістіктер. Қазақ тілінде сабақты, салт етістіктің тұлғалық айырмашылығы болмағанмен, оларды мағыналық ерекшеліктеріне қарап, табыс жалғаулы есімдердің олармен тіркесе алатын не тіркесе алмайтынына қарап айыруға болады.
Мысалы; кес, ұр, шап, ал, бер сияқты кісінің қимыл-әрекетін, ісін білдіретін етістіктер сабақты болады да, күл, қуан, қайғыр, жыла сияқты кісінің көңіл күйін білдіретін және маңыра, бозда, ұлы, мөңіре, бұзаула сияқты заттың қимылдық күйін білдіретін етістіктер салт болады. Бұларға етіс жұрнақтары жалғанып, сабақты етістік салтқа, салт етістік сабақтыға ауыса береді.
Табыс жалғаулы есімдер мен сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері объектілік қатынаста жұмсалады: табыс жалғаулы сөз сабақты етістікті толықтайды да, ол етістіктің қимылы тура толықтауышқа ауысып түседі, мысалы: ағашты кесу, етті турау, қойды айдау, баланы тәрбиелеу.
Барлық есімдердің сабақты етістіктермен тіркесу қабілеті бірдей емес: көбінесе ол құрамда айтылатын сөздер - зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер және сапалық есімдер. Бұлар қатысты сөз тіркестері былай бөлінеді:
1. Нақты объектілі;
2. Абстрактіленген объектілі.
Барыс жалғаулы сөз тіркестері. Барыс жалғаулы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері өзара меңгеріле байланысады да, жанама толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады.
а) Объектілік қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, қимыл процесінің кімге, неге арналғанын, бағытпен, қандай затпен үстемеленгенін, қандай затпен түйіскенін, неге қамтылғанын білдіреді. Мысалы: Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді. Абайға үйдегі кемпір де бұрылып қарады.
ә) Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, қимыл процесінің бағытын білдіреді және мекендік, мезгілдік, мақсаттық мағыналарда жұмсалады. Мысалы: Мен ауданға барамын. Ол үйге кірді. Ушаковты қонаққа шақырып келем.
Жатыс жалғаулы сөз тіркестері. Жатыс жалғаулы есімдіктерді меңгере алатын етістіктердің саны онша көп емес. Олардың көпшілігі заттың күйін білдіретін салт етістіктері: отыру, тұру, жүру, жату, кездесу, ойнау т.б.
Жатыс жалғаулы есімдер мынадай қатынастарда жұмсалады: а) Объектілік (толықтауыштық); ә) Пысықтауыштық. Пысықтауыштық қатынастағы жатыс жалғаулы сөз тіркестері мекендік және мезгілдік мағынада жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет