Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


-мәтін  Қазақ халқының салт-дәстүрлері



Pdf көрінісі
бет57/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   250
Байланысты:
4
4-мәтін 
Қазақ халқының салт-дәстүрлері 
Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Адамның маңызды сәттерінің әр қадамы салт-
дәстүрге негізделеді. Ягни, адам өмір есігін ашқаннан бастап, ғұмырының 
соңына дейін салт-дәстүрлерді санасына сіңіріп өтеді. 
Той малы. Келін алуға келген қадірлі құдалар дәстүр салты бойынша сән- 
салтанатымен, жөн-жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп 
болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі - осы топқа арнайы әкелген «Той 
малы» деп аталатын дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай 
жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шай 
да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол 
ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, 
тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. 
«Қалың мал». Құда түсу рәсімі келісілген соң, дала заңы бойынша күйеу жағы 
«қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл - қазақтың қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі 
дәстүрі. Оның мөлшерін құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі 
жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері 
бес-алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға 
дейін жеткен. Қалың малдың «қырық жеті», «отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», 
«отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», «жиырма жеті», «он жеті», 
«домалақ қалың мал», «домалақ бата» сияқты түрлері болған. Мұның сыртында 
той малы, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі-тірі апаратын, тағы басқа көптеген 
бағалы кәде, жоралар да болады. Қыздың жасауы «қалың мал» мөлшерінен кем 
болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты. Әрине, «қалың 
мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама-
шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен 
мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. XIX 
ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда 
болған. Сонда Байсақалдың қызының «қалың малы» бес жүз жылқы болған. Үш 
жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы той малына кетіпті. 
Өңір салу. Отқа шақырумен (кей жерлерде «үй көрсету» немесе «есік ашар» 
дейді) бірге болып жататын кәде - өңір салу. Мұнда ылғи бәйбішелер келеді. 
Ниеттері келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашумен бірге өңір әкеледі. 
Өңір киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау немесе жас төсекті басқалар 
басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі іледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін 
ашатын нәрселер. Келін түскен үй бұларды күтеді. Келіннің қоржынындағы 
аспен бірге келген маталарды таратады. Өңір салу жас шаңыраққа көрсетілген 
құрмет және жәрдем десе де болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   250




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет