Международный центр культур и религий комитета по делам религий министерства культуры и спорта республики казахстан



бет12/23
Дата06.07.2018
өлшемі454,87 Kb.
#47961
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

ДІНАРАЛЫҚ СҰХБАТ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ



А.П. Әбуов,

филос.ғ.д., профессор, «Қазақстан дінтанушылары»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарындағы негізгі мақсат – елімізді мекендеген көпұлтты және көпконфессиялы халықтардың тәуелсіздік туы астында өзара ынтымақты әрі бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету болса, қазір ғаламдық жасампаздық пен тұрақтылықты баянды ету үшін әлемдік және дәстүрлі діндердің өзара әрекеттесуінің қазақстандық үлгісін қалыптастырды.

Дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың қасиетті ордасы Қазақстанды қазіргі таңда күллі әлем мойындады десек, артық айтқандық емес. Дін еліміздегі бірліктің рухани тірегі болып, халықтың ынтымағы мен тыныштығы үшін қызмет ететін өзінің табиғи міндетін атқарғанының нәтижесінде еліміз осындай биіктерге қол жеткізді.

Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстанда діни мүддесі ортақ 18 конфессияның өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп, еліміздің нұрлы болашағы үшін еңбек етуде. Тәжірибелері мен  ұстанымдары бөлек Қазақстандағы діндер әр түрлі сенімдегі ұлыстар мен әр қилы әлеуметтік топтағы адамдарды қамтиды.

Ішкі тұрақтылығы бекем Қазақстан қазіргі әлемдік дамудың күрделі, қарама-қайшылыққа толы, іргелі мәселелерін шешудің аса маңызды  әдісі ретінде өркениеттер үнқатысуын ұйымдастыру үшін үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізіп отыруды дәстүрге айналдырды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І Съезінде бейбітшілікті, келісім мен тұрақтылықты адамзат өмірінің маңызды қағидаттары ретінде бекітуді, діндер, конфессиялар, ұлттар мен этностар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізуді, адамдардың діни сенімдерін қақтығыстар мен әскери әрекеттерді өршіту мақсатында пайдалануға жол бермеу – бұл форумның негізгі басымдықтары болып белгіленді.

Сондай-ақ, осы Съезде дінаралық және конфессияаралық дәстүрлерді  дінаралық съездер түрінде нығайту, келешек съездердің келісілген, жан-жақты  идеологиясы мен тұжырымдамасын дайындау үшін Съездің үнемі әрекет ететін органын жасақтау, Қазақстан Республикасында орналасқан Съезд Хатшылығын құру мәселелері талқыланды.

І Съезде қаралған негізгі мәселелер – әр адамның  діни сенім бостандығының болуы, діндердің ерекшеліктерін зорлықты қорғауға, жеккөрушілік пен қақтығыстарды ақтауға пайдаланбау, терроризмнің бастауы мен себептері дінге қатыссыз екені, өркениеттер келіссөзі – қақтығыстарды болдырмауға бағытталған жаһандану жағдайындағы ерекше маңызды үрдіс болатыны, адамгершілік және этикалық құндылықтарға негізделген өркениеттер қатынасының әмбебап формуласын жасау үшін жаһандық келісімге ұмтылу.

Съездге дайындық мәселесі маңызды кездесулер ұйымдастырудан басталды. 2003 жылдың ақпан-маусым айларында әлемдік дін көшбасшыларымен бірнеше екіжақты кездесулер өткізіліп, онда Съезд мәселелері талқыланды. Солардың қатарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қасиетті Рим папасы Иоанн ІІ Павелмен, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы ІІ Алексиймен, Дүниежүзілік Ислам Лигасының бас хатшысы Шейх Абдалла бен Абдель Мухсин Ат-Туркимен (Сауд Арабиясы), Израильдің Бас раввині Йона Мецгермен, Ватиканның Бас хатшысы кардинал Анджело Соданомен болған кездесулерін атап өтуге болды.

І Съезге даярлық барысында Конфессияаралық штаб Ватикан мемлекетінің Папа кеңесшілерімен, Дүниежүзілік ислам Лигасымен және өзге де діни орталықтармен белсенді түрде ынтымақтастық жұмыстарын жүргізді. Съезді дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары ыждаһаттылықпен әзірленіп бекітілді.

2003 жылы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің қарсы алу сөзімен Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің І Съезін ашып, ризашылығын білдірді.

Алғашқы Съезд жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, даосизм, синтоизм және индуизм дін өкілдерінен 17 делегация қатысты.

Дін көшбасшыларының 2003 жылы болған алғашқы Съезінде ел Президенті Н.Назарбаев: «Материалдық игілікпен мүлдем байланысты емес, адам үшін басым және негізгі болып қала беретін дау тудырмас құндылықтар бар. Олардың бастысы – руханият, имандылық. Олардың негізгі көзі әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерін, өзіндік тарихи әрі мәдени тәжірибесін сақтаушы дін болып табылады», – деген болатын.

Әрі қарай мемлекет басшысы өз сөзінде соңғы кезде қалыптасқан «өркениеттер қақтығысы», «діндер дағдарысы» сияқты пікірлерге ерекше көңіл аударды. Қиындықтарға тап болғанда, адамның жаратылысы діннен жауап іздеуге бейім екенін Президент атап айтты. Діннің адамдарды ізгі іс-әрекеттерге жұмылдыра алу қасиеті қазіргі заманда қажет емес мақсаттарға пайдаланып жатқандығына, мұндай кезде қасиеттілік санатының мәні мен табиғи болмысы бұзылатынына баса назар аударды. Осының барлығы кез келген діннің негізгі қағидаларынан ауытқып, адамгершілікпен, әділеттікпен, жанашырлықпен еш түйіспейтін ессіздікке соқтыратынын қадап айтты.

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев әлем халықтарының мәдени, діни ерекшеліктерін идеологиялық және саяси мақсатта қолдануға болмайтын  уақыттың жеткенін жария етіп,  қатысушыларға ой салатындай дәлелдер келтірді.

«Осыған дейін конфессиялар өкілдері осыншалық көп жиналған мұндай форум болған емес. Астанадағы сол кездесу өңірлік әрі әлемдік ауқымда діндер арасындағы жаһандық диалогқа, түрлі конференциялар форумдарына маңызды ұйытқы болды. Бүгін біз Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының екінші съезін ашып отырмыз. Егер осыдан үш жыл бұрын біздің форумға 17 конфессиялық делегация қатысқан болса, қазіргі Съезге 29 делегация қатысып отыр. Бұл серпін назар аударуға тұрарлық және біздің форумның өскелең беделін білдіреді. Ол өзара түсіністік, қазіргі әлемде туындаған күрделі мәселелерге бірлесіп жауап іздеу жолымен біздің бірге жүріп келе жатқанымызды білдіреді», – деді Н.Назарбаев ІІ Съездің ашылуында.

«Халықтарды бір-бірінен бөлетін теңіздер емес, надандық пен тілдердің бөлектігі де емес, араздық қана» деген даналық сөз бар.

Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей, заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу – адамның өз міндеті.

Мінеки, біз бүгін осы жайында – адамзаттың бүгіні мен ертеңгі тағдыры туралы кең отырып кеңесуге жиналып отырмыз. Сонымен бірге бұл басқосу қазіргі дүниежүзілік саяси ахуалға, халықтар достығына игі ықпалын тигізеді деп сенемін»,– деген болатын Ұлт көшбасшысы ІІІ Съезде сөйлеген сөзінде.

11 қыркүйектегі сойқан лаңкестік әрекеттен кейін, әлемге «өркениеттер қақтығысы» дейтін қара бұлт төнгенде, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен шақырылған бұл форум 2006 жылы Таяу Шығыстағы ахуал шиеленісіп, Иракта соғыс жүріп жатқан күрделі уақытта да екінші Съезд арқылы жалғасын тапты.

Үшінші Съезд әлемді шарпыған ең күшті қаржылық экономикалық дағдарыс қызып тұрған шақта өтті. Бүкіл әлем үшін бетбұрысты кезең болып есептелетін «әлемдік тәртіптің жаһандық трансформациясы басталған» уақытта Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші Съезі өтті. Осы Съездің алдында Дін көшбасшылары кеңесі құрылып, оның құрамына әлемнің жетекші конфессиялары – исламның, христанның, иудаизмнің, буддизмнің, индуизмнің, синтоизмнің, зороастризмнің өкілдері енгізілді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші Съезін ашарда сөйлеген сөзінде Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: «Қазіргі дүние жол айрығында тұр.

Дін – руханисыздық пен ашкөздіктің алдындағы аса берік қорғаушы бөгеттердің бірі.Әлемнің ұлы ойшылдары дінді өнегелілік формуласы деп атайды», – деген тұжырымды ойлары арқылы діннің әлемдік деңгейдегі өлшеусіз ізгілігін игі мақсатқа пайдалануға шақырады.

2014 жылдың 17-18 қыркүйегі күндері Съезд Хатшылығы Жұмысшы тобының ХІІІ отырысы болып, онда 2015 жылы Астанада өтетін V Съезге байланысты барлық мәселелер қаралған болатын. Енді санаулы күндерден соң, яғни 10-11 маусым күндері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті V Съезі Астанада өткелі отыр.

Еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығы – ішкі және сыртқы қауіпсіздіктердің, бірлік пен татулықтың жемісі, бейбітшіліктен артық құндылық, тыныштықтан артық рахат болмайтынын әрбір саналы адам бағамдаса керек.

Қазақстан – әлем халықтарының да бейбітшілікте, келісіммен өмір сүргенін қалайды. Кез келген шынайы мәдениеттің наным-сенімге негізделетіні, наным-сенімнің түп қазығы дінге барып тірелетіні белгілі. Ал дін атаулының бейбітсүйгіштік, ізгілік қасиеттерге бағышталатын құндылығын игі мақсаттарға пайдалану – айтуға ауыз бармайтын нәубеттерден ғаламды құтқарып қалудың бірден-бір жолы.

УАҚЫТ атты төреші адамзаттан ғаламшардағы барлық мәдениеттер мен діндердің ізгілік жолындағы бір мақсатқа, дамыған әлемдік өркениетке бет бұруын талап етіп отыр.

«Өркениеттер тоғысы» шын мәніндегі өркениеттілікті, адами асыл қасиеттерді, демократияны жақтайтын діннің игі қағидаттарын халыққа жан-жақты түсіндіріп, адамзаттың рухани кемелденуін қажет етуде.

Баршаға ортақ «ЖЕР» атты алып мекенді сақтап қалу үшін келісім жасап, ортақ мәмілеге келу  – бүкіл әлем алдындағы парасатты парыз.



3.06.2015 ж.

http://ult.kz/?p=3388

* * *
РУХАНИ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛЖЕТКІЗУ – ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ


Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Марат ӘЗІЛХАНОВПЕН әңгіме.
Армысыз, Марат Алмасұлы! Әңгімемізді өзекті жаңа­лықтардан бастасақ. Алды­мызда дін өкілдерінің дүбірлі жиыны – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ларының V съезі жақындап келеді. Осы айтулы шараға бүгінгі күн биігінен қандай баға берер едіңіз?
– «Бүгінгі күн биігінен» деген сөзді өте орынды қол­дандыңыз. Шынында да, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан съездері толымды тәжірибе жинақтап, тағылымды тарих қалып­тастырып, биіктен көз салатын дәрежеге жетіп үлгерді десек, артық айтқанымыз емес.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік қоғамдастық назарына ұсынылған осы тың бастамасы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары мен саяси жетекшілер тарапынан қызу қолдау тапқаны баршаға аян. Оның айқын дәлелі – Астана төрінде табысты түрде өтіп, Қазақстанның әлем алдындағы абыройын асқақтатқан төрт бірдей съезд отырысы.

Бұл шараның басты мақсаты – әлемдік және дәстүрлі діндердің жасампаз әлеуетін жаһандық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағыттау, діндер мен мәдениеттер арасындағы үнқатысуды баянды ету, діни қауымдар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті тереңдету, діни экстремизм идеологиясына қарсы тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру.

Осынау жалпы адамзаттық маңызы зор ізгі мүддені жүзеге асыру әлемдегі діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы үнқатысуды өрістетуді мақсат ететін барлық халықаралық ұйымдар мен құрылымдардың терең ынтымақтасуына ықпал етуге бағдарланды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің ғаламдық деңгейдегі дінаралық үнқатысу мен келісімнің сақталуына ерекше үлес қосып отырғанын басқосуларға қатысқан діндер көшбасшылары бірауыздан атап көрсетті. Сол парасатты пікірлердің тобық­тай түйіні ретінде ІV съезге қатысқан бірқатар діни қайраткерлердің лебіздерінің бірін келтіре кетсем деймін: «Дүниежүзіндегі ұлттар Біріккен Ұлттар Ұйымын құрды, ал Нұрсұлтан Назарбаев барлық діндердің Біріккен Ұлттар Ұйымын құрды.

Бұл бастаманың арқасында осы жерде көзқарастары әралуан түрлі діннің өкілдері бас қосып, бір-бірімен ашық та шынайы әңгіме құрып, бірін бірі тыңдайды. Бұл – бүкіл әлемде жасалып отырған ұлы құбылыс. Мұндай ауқымда әлі ешбір іс жасалған емес».

Өз тарапымнан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін тәуелсіз Қазақстанның еңсесі биік елі мен елін сүйген Елбасының рухани біртұтастығының бірегей көрінісі ретінде бағалар едім.

Өйткені, бұл бастама мемлекет құраушы қазақ халқының қанына біткен мәмілегер мінезі мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы, сарабдал саясатының үндестік пен үйлесім тауып, туған топырағымызда діні мен ділі әралуан жүзден астам ұлт өкілдерін ынтымаққа ұйыстырған тағылымды тәжірибесінің әлемдік деңгейде жалғасын табуының айғағы болып табылады.


Толғамды тұжырымыңыз үшін алғысымды білдіре отырып, сіздің ойларыңыздан туындаған келесі сауалға көшейін. Бейбітшілік пен келісім – әлем халықтарының күн тәртібінен түсіп көрмеген мәселе. Дінаралық келісім алаңында да бүгінге дейін қандай да бір әлемдік тәжірибе жинақталды деп айта аламыз ба?
–Әрине, бастамасы жоқ бейқам дәуірді адамзат тарихы әзірге білмейді. Бірақ, әрбір іс ақырғы нәтижесімен қайырлы болғандықтан, сәтсіз тәжірибелер­дің санатқа алына бермейтіні де бар.

Соңғы үш ғасырды қамтыған шартты түрде «жаңа тарих» деп аталатын кезеңде әлемдік аренада дінаралық үнқатысу мен келісімге шақыруды ниет еткен басқосуларды ұйымдастыруда біршама қадамдар жасалды.

Атап айтар болсақ, 1893 жылы Чикаго қаласында дін өкілдерінің қатысуымен Діндердің бүкіләлемдік конгресі өтті. Конгресте бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін дінаралық үнқатысудың қажеттілігіне қоғам назарын аударудың маңызы сөз етілді.

Діндердің әлемдік парламенті құрылып, Біріккен діндер ұйымын құру мәселесі күн тәртібіне енгізілді.

Алайда, конгреске қатысушылардың ортақ келісімге келе алмауы салдарынан екінші отырысты 100 жылдан кейін ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Келесі бір қадам ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында Ватиканда құрылған «Ислам-Христиан үнқатысуының хат­шылығы» ұйымын атауға болады. Екі алып дінді бір-біріне жақындастырып, халықаралық іс-шаралар жүргізуді мақсат еткен ұйым уақыт өте келе Азия, Еуропа, Америка, Австралияда өз орталықтарын ашқан болатын. Дегенмен, бұл қозғалыс түрлі қайшылықты көзқарастар салдарынан өз мақсатын толық жүзеге асыра алмады.

Дінаралық келіссөздерге жол ашуды көздеген келесі шаралар 1986 және 2002 жылдары Италияның Ассизи қаласында өткізілді. Бұл кездесу әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің қарапайым отырысы түрінде ғана жүзеге асып, айтарлықтай ауқымды деңгейге көтеріле алған жоқ.

Осының барлығы діндер үнқатысуының әлемдік деңгейдегі бас­тамасын жүзеге асыру үшін тек ізгі ниет қана емес, тиянақты тірек болатын тарихи тәжірибе, көгеріп-көктейтін құнарлы топырақ керек екенін дәлелдейді.

Мұндай тарихи тәжірибе сан ғасыр бойы сайын даланы мекен етіп, тоғыз жолдың торабын жайлаған, діндес немесе діні жат, қазақ немесе қаймана деп бөлмей, өткен-кеткен жолаушыға есігі ашық, дастарқаны жаюлы, құлағы түрік болған, жақсы мен жаманды сарапқа сала отырып, жақын мен жаттың арасын айырмаған мәмілегер мінезді қазақ жұртына тән еді.

Сондықтан, әлем халықтары арман еткен дінаралық келісімнің ерен мақсаты шынайы түрде Қазақ жерінде жүзеге асырылды. Оның алғашқы алқалы жиыны ретінде 1992 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында бірнеше конфессия өкілдерінің қатысуымен өткен «Рухани келісімнің І бүкіләлемдік конгресін» айтуға болады.

Осы кездесуден кейін 18 қазан «Қазақстан Республикасының Рухани келісім күні» ретінде белгіленіп, жыл сайын аталып өтуде.

Содан кейінгі іргелі қадам – әңгіме арқауы болып отырған, елімізде 2003 жылдан бастау алған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі болды.


– Осы орайда, мемлекет құраушы қа­зақ ұлтының және еліміздегі көптеген ұлттардың ата діні – исламның тағылымына назар аударсақ. Өзіңіз айтып өткен мәмілегер мінездің қалыптасуына исламның да әсері аз болмаған шығар?

– Сөз жоқ, дінді құндылық ретінде қабыл­даған халқымыз исламның рухы мен мінезін де бо­йына сіңіре білді. Ал діннің рухы мен мінезі шариғи қағидаттардан бастау алатыны белгілі. Ол қағидаттар қандай еді?

Мұсылман қауымының бұл орайда негізге алатыны – «Дінде зорлық жоқ» деген Құран аяты, осы аяттың қарапайым әрі айқын түсіндірмесі іспетті: «Мен сіздердің табынатындарыңызға табынбаймын, сіздер де менің табынатыныма табынбайсыздар.

Сіздердің діндеріңіз өздеріңізге, менің дінім өзіме» деген Құран сөздері. Барша адамзаттың бір-бірімен бауыр, туыс екендігін айғақтайтын, адамдарды бір-бірімен аралас-құралас, таныс-біліс болуға шақыратын: «Әй, адамдар! Біз сендерді бір ер мен әйелден жараттық. Бір-бірімен таныссын деп сендерді өзара ұлттар мен ұлыстарға бөлдік» деген аяттардың да дінаралық және ұлтаралық татулыққа септескені айқын.

Құранда «Кітап иелері» деп аталған иудей және христиан діні өкілдерімен бейбітқатар өмір сүрудің исламда орнықты дәстүр­лері қалыптасқан. Мұхаммед пайғамбар мұсылмандарға: «Сендерге кітап иелерін, яғни христиандар мен еврейлерді аманат етемін», – деп өсиет қалдырған. Екінші бір хадисте: «Кімде-кім Кітап иелерін жәбірлесе, ақыретте мен оның дұшпанымын», деп қатаң ескерткен.

Осы орайда, Мұхаммед пайғамбардың кезінде орын алған мына бір оқиғаны да еске алған жөн. Исламды қабылдаған мұсылмандар 622 жылы Меккеден Мединеге қоныс аудар­ғаннан кейін өзге дін өкілдерімен Медине келісіміне қол қойған болатын.

VII ғасырда жасалған бұл құжат исламдағы бейбітшілік пен төзімділікті, исламның адам құқығына деген құрметі мен үнқатысу мәдениетін, өзге дін өкілдеріне көзқарасын, сондай-ақ, сенім бостандығы мен ар-ождан еркіндігін қамтамасыз еткен қағидаттарды қамтыған.

Мұхаммед пайғамбар өзге дін өкілдерінің ғибадат ететін ғимарат тарын қиратпауды, діндарларды өлтірмеуді, оларға қол жұмсамауды, алымсалық алмауды, мал-мүлкіне қол сұқ­пауды, өзге діндегілердің құдайларына тіл тигізбеуді өсиет еткен. Мұхаммед пайғамбардың тәлімін алған ізбасарлары да мұсылмандардың қол астына кірген елдерде осы ұстаныммен билік жүргізді.

Ислам тарихының кей дерек­теріне көз жүгіртсек, дінаралық келісімнің үздік үлгілеріне куә боламыз. Христиан діні өкілдері көбірек шоғырланған Палестина аймағын билеген халифа Омар 637 жылы арнайы келісімшарт жасап, өзге дін өкілдеріне қауіпсіздік қағазын берген. Бұл құжатта: «Христиандардың жандарына, малдарына, шіркеулеріне, крестеріне, дені саулары мен сырқаттарына және қалған ұлтына амандық берілді.

Шіркеулерін ешкім тұрғын үй есебінде қолданбайды, оларды ешкім бұзбайды, олардың ішкі және сыртқы қор мүліктерінен ешнәрсе кемітілмейді, олардың малдарына ешкім қол сұқпайды. Мұндағылардың дініне зорлық жасалмайды, ешкімге дін негізінде зорлық көрсетілмейді», делінген. Халифа Омар кедей әрі жұмыс істеуге қабілетсіз өзге дін өкілдері үшін мемлекеттік қазынадан арнайы қаржы бөліп, жалақы төлеп тұрған.

ХІІІ ғасырда Сирия маңында моңғол әскерімен бітім жасасуға келген мұсылман елшісі тек мұсылмандардың ғана емес, олармен отандас өзге дін өкілдерінің де тұтқыннан толық босатылуын талап еткен. Орта ғасырда Андалусияда орын алған келеңсіздіктер тұсында жергілікті иудейлер Османлы мемлекетіндегі мұсылмандарды паналаған.

Осының барлығы дінаралық келісім қағи­даттарының жасампаз рухани әлеуетке ие ислам дінінде ертеден берік орныққанын және тарихи миссиясын абыроймен атқарғанын айғақтайды.

– Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қайта оралайық. Отандық оқырманның ақпараттық жадын тағы бір жаңғыртып алу үшін съездердің ұйым­дастырылу кезеңдеріне шолу жасап өтсеңіз…

– Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының әрбір отырысы өзіндік ерекшеліктерімен есте қалды.

I Съезд Астана қаласында 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде өтті. Алғашқы басқосуға Еуропа, Азия және Африканың 17 елінен келген белгілі дін жетекшілері, қайраткерлер мен құрметті қонақтар қатысты. Қатысушылар дінаралық келісімнің идеялық орталығы іспетті осынау съезді тұрақты түрде өткізіп тұру жөнінде ұйғарымға келіп, оның жұмыс органы – Съезд Хатшылығын құру туралы шешім қабылдады.

2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының II съезі «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» деген тақырыпта өткізіліп, оған Еуропа, Азия, Африка және Американың 20 елінен келген 43 делегация қатысты. Бұл форумда «Дінаралық үнқатысу қағидаттары» атты маңызды құжат қабылданып, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын ашу туралы бастама көтерілді.

Ал 2009 жылғы 1-2 шілдеде өткен III съезд «Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастыққа негізделген әлемді қалыптастырудағы дін көшбасшыларының рөлі» атты тақырып аясында өтті.

Елбасы бастамасымен ашылған Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының белсене атсалысуымен өткен съезд жұмысына әлемнің барлық басты діндеріне қатысы бар 77 елден келген делегация мүшелері атсалысты. Бұл бас қосуда Елбасы Н.Назарбаев Дін көшбасшыларының кеңесін құруды ұсынды.

IV съезд 2012 жылғы 30-31 мамырда «Бейбітшілік пен келісім – адамзат таңдауы» тақырыбымен өткізілді. Бұл жолғы басқосуға 40 елден келген барлық әлемдік және дәстүрлі діндерге, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдарға қатысы бар 87 делегация қатысты.

IV Съезд аясында оның институттарының қалыптасуы жалғасты. Үйлестіруші орган ретінде Дін көшбасшыларының кеңесі құрылып, оның құрамына дәстүрлі діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері енді.

Дін көшбасшылары кеңесінің мүшелері елордадағы «Мәңгілік Ел» даңқ қақпасының маңында «Рухани жарасым» аллеясын ашты. Съездің пленарлық отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаһандық толеранттылық пен өзара сенімді қалыптастыру мен нығайтуға арналған «G-Global» порталының құрамдас бөлігі болатын ғаламтор ресурсын құруды ұсынды.

– Әңгімеңізден аңғарып отырғанымыздай, съезд бас қосулары өзара тығыз байланыста ұйымдастырылып, бірінде көтерілген бастама екіншісінде жүзеге асып келеді екен. Кезекті отырыстың тақырыбын айқындауға қандай мәселелер негіз болды?

– 2012 жылы өткен кезекті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезінен кейін әлем сахнасында бірқатар оқиғалар тізбегі орын алды. Сирия жерінде билік пен оппозициялық топтар арасындағы қақтығыстардың өрши түсуі, Нигерияда содырлар тарапынан әйел адамдар мен балалардың қолды болу фактілерінің жиі тіркелуі, Таяу Шығыс пен Үндістан аймақтарында әртүрлі діндер өкілдері арасында қақтығыстардың орын ала бастауы, дін атын жамылған радикалды идеологияның жағымсыз ықпалы салдарынан Батыс елдерінде жиі көрініс берген исламофобиялық әрекеттер легі жаһандық деңгейде діни ахуалдың ширыға түскенін аңғартуда.

Сирия және Ирак жеріндегі экстремистік және террористік топтардың әрекетіне жат идеологияға арбалған Орталық Азия, Үндіс­тан, Пәкістан, Қытай, Ресей, Батыс Еуропа және АҚШ азаматтарына дейін қатыса бас­тауы әлемдік қоғамдастықты алаңдатып отыр.

Әлемдік саяси және геосаяси, әлеуметтік-эконо­микалық мәселелермен қатар, өркениетаралық түсініс­пеушіліктердің арта түсуі бүгінгі таңда аса қауіпті құбылыстар қатарынан орын алуда.

Мұндай күрделі мәселелерді тек діндер және діни қатынастар ауқымында ғана қарастыруға болмайды. Оларды талқылап талдап қана қоймай, нақты шешім жолдарын табу үшін әлемдік саяси жетекшілердің, мемлекет қайраткерлерінің, қоғамдық ой-пікірге қозғау сала білетін көрнекті тұлғалардың басқосуға тартылуы өте маңызды.

Сондықтан, үш жылда бір рет жүзеге асатын осы съезде діни және саяси қайраткерлердің ынтымақтастығы мен бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуын тереңдету, сол арқылы заманауи сынтегеуріндерге тізе қоса төтеп беріп, қазіргі жаһандық үдерістер туындатқан өзекті мәселелерге бірлесе жауап іздеу мақсаты алға қойылып отыр.

– Дін саласында орын алған кикілжіңдерге куә болған сайын жұртшылықтың санасына: «Дін – мәселе ме, әлде оны шешудің тетігі ме?» деген сұрақ жиі оралуы мүмкін. Сіз не дер едіңіз?

– Дін – қоғамдық мәселелерді ширықтыру үшін емес, шешу үшін қалыптасқан институт. Оны өзінің болмысына жат мүддеге – күйретушілік мақсаттарға пайдалану дін атын жамылған лаңкес ұйымдар мен оларды қолдаушы күштердің адамзатқа қарсы қылмысы, қатерлі әрекеті болып табылады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер өздерінің жасампаз құндылықтары арқылы тұтастай ұлттар мәдениеті­нің негізіне, өркениеттердің қоз­ғаушы күшіне айналды. Ғылыми тұрғыдан пайымдасақ та дін – рухани мәдениет құбылысы, қоғамдық сана негіздерінің бірі ретінде адамзат қоғамымен ажырамастай тамырласқан.

Дін мен дін еместің ара-жігін ажыратып алуда мемлекет пен дәстүрлі діндер өкілдері азаматтарға дұрыс жолды көрсете білуі қажет. Яғни, ең алдымен қоғам өмірін реттеуші институт ретіндегі діннің шынайы болмысын тереңдей түсіне және түсіндіре білуге, діннің проблема емес, оны шешудің тетігі ретіндегі рөлін дұрыс пайымдап, орынды пайдалануға тиіспіз. Осы арнадағы ойларды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Барлық кезеңде мәртебелі моральдық құндылықтардың сақтаушылары дін көшбас­шылары – түрлі діндердің басшылары болған және болып отыр. Сондықтан да осынау күрделі кезеңде дін қайраткерлеріне айрықша үміт артылады.

Бүгінде қай кездегіге қарағанда діннің гуманистік императивтері қажет болып отыр. Нақ сіздер, дін көшбасшылары, руханилықтың – дүниенің үйлесімді дамуының басты шартының қайта өрлеуінің жүргізушілері бола аласыздар. Біз өз съезіміздің мәртебелі мақсатын осыдан көреміз», деп түйіндеген болатын.

Бүгінгі таңда адамзат баласына тартыспен емес, татулықпен, ымырасыздықпен емес, ынтымақпен күн кешу үшін дінаралық үнқатысу мен діни төзімділіктің насихаты ауадай қажет. Ішкі және сыртқы рухани келісімге, жеке тұлғалық және қоғамдық үйлесімге, рухани кемелдікке қол жеткізу – әлемдік және дәстүрлі діндердің не­гізгі мақсаты.

Сондықтан, әлемдік қоғамдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісімнің салтанат құруына әлемдік және дәстүрлі діндердің шексіз әлеуеті кеңінен тартылуы тиіс. Бейбітсүйгіш мемлекеттер тарапынан жүргізіліп келе жатқан сан салалы жұмыстардың қарапайым да қастерлі мақсаты – осы.

– Тартымды әңгімеңізге рахмет. Съезд жұмысына табыс тілейміз.
4.06.2015 ж.

http://egemen.kz/2015/06/04/65176

* * *


ФОРМАТ ПЯТОГО СЪЕЗДА

ЛИДЕРОВ МИРОВЫХ И ТРАДИЦИОННЫХ РЕЛИГИЙ

БУДЕТ РАСШИРЕН
На пресс-конференции в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК вице-министр культуры и спорта РК Марат Азильханов рассказал о предстоящих мероприятиях, которые пройдут в рамках предстоящего Съезда лидеров мировых и традиционных религий.

Напомним, 10-11 июня в Астане состоится Пятый Съезд лидеров мировых и традиционных религий.

Первое такое мероприятие было проведено по инициативе Главы государства Нурсултана Назарбаева, и сразу поручило широкую поддержку религиозных деятелей всего мира.

«На платформе Пятого Съезда будут действовать четыре панельные секции по разным направлениям: «Религиозные и политические лидеры: ответственность перед человечеством», «Влияние религии на молодежь: образование, наука, культура и средства массовой информации», «Религия и политика: новые тенденции и перспективы», «Диалог на основе взаимного уважения и понимания между лидерами мировых и традиционных религий ради мира, безопасности и гармонии».

Таким образом, тематика обсуждений значительно выйдет за рамки межконфессионального диалога и захватит сферы социальной политики и культуры», – сообщил вице-министр.

В рамках Астанинского межрелигиозного саммита пройдет также Второе заседание Совета религиозных лидеров, в состав которого входят руководители четырнадцати ведущих традиционных религий.

По завершении работы Съезда будет принят итоговый документ – «Астанинская Декларация участников Пятого Съезда лидеров мировых и традиционных религий».

«Мы ожидаем, что предстоящий Съезд лидеров мировых и традиционных религий внесет достойный вклад в разработку новых идей для дальнейшего успешного развития мирового сообщества», – резюмировал Марат Азильханов.

Съезд лидеров мировых и традиционных религий вносит неоценимый вклад в сохранение согласия в мире.

На фоне обострения современных вызовов и угроз Съезд лидеров мировых и традиционных религий становится одним из важных и признанных международных институтов для продвижения глобального диалога между религиями и цивилизациями.

Такое заявление сделал в ходе пресс-конференции в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК депутат Сената Парламента Республики Казахстан, председатель Комитета по международным отношениям, обороне и безопасности Икрам Адырбеков.

Как известно, инициатива о создании диалоговой площадки духовных лидеров была выдвинута Главой государства Нурсултаном Назарбаевым в 2003 году.

В ставших традиционными Съездах лидеров мировых и традиционных религий в Астане принимают активное участие руководители и выдающиеся представители ислама, христианства, иудаизма, буддизма, синтоизма, даосизма и других традиционных религий.

«Авторитетный международный форум, проходящий на нашей казахстанской земле, становится важным звеном укрепления мира и сотрудничества между странами и народами. И весь его потенциал направлен на снижение конфликтной ситуации на планете. Как вы помните, Президент Нурсултан Назарбаев, выступая на Четвертом Съезде лидеров мировых и традиционных религий, особо отметил, что Съезды в немалой степени способствовали тому, что мир не сорвался в пропасть «столкновения цивилизаций», – напомнил депутат.

По мнению международных экспертов, Пятый юбилейный съезд, который состоится в Астане 10-11 июня, несомненно, внесет значительный вклад в дело продвижения межконфессионального согласия, поскольку в качестве главного и ключевого вопроса повестки дня определена тема «Диалог религиозных лидеров и политических деятелей во имя мира и развития».

По данным Секретариата Съезда, на данный момент подтвердили участие в работе Съезда более 80 делегаций из 42 стран мира, качественный состав которых представлен авторитетными религиозными лидерами и политическими деятелями ведущих государств мира.

И. Адырбеков сообщил, что на текущий момент свое участие в работе Съезда подтвердили Генеральный секретарь Всемирной исламской лиги доктор Абдалла бен Абдель Мухсин ат-Турки, президент Папского Совета по межрелигиозному диалогу Его Высокопреосвященство Жан Луи Торан, Митрополит Франции Эммануэль Адамакис, президент Всемирной лютеранской федерации Муниб Юнан, Главный сефардский раввин Израиля Ребе Ицхак Йосеф, заместитель председателя Ассоциации буддистов Китая Цзун Син, Генеральный секретарь Всемирного сообщества буддистов Фаллоп Тайиари, заместитель председателя Ассоциации даосистов Китая Тан Чэнцин.

Также в мероприятии примет участие большое число политических деятелей, среди которых: Король Иордании Его Величество Абдалла II, Генеральный секретарь Организации Объединенных Наций Пан Ги Мун, Президент Финляндии Саули Ниинисте, Президент Эфиопии Мулату Тешоме, Генеральный секретарь ОБСЕ Ламберто Заньер, Генеральный секретарь Организации исламского сотрудничества Ияд Амин Мадани и другие.

Таким образом, V Съезд лидеров мировых и традиционных религий соберет на своей площадке крупнейших духовных и политических деятелей со всего мира.

Организуя мероприятие такого уровня, Казахстан вносит свой неоценимый вклад в сохранение мировой стабильности и межконфессионального согласия.



5.06.2015 ж.


www.astana-akshamy.kz/?p=28372

* * *
АСТАНАДА ӨТЕТІН ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ СЪЕЗІНЕ ҚЫТАЙДАН 12 ДІН ӨКІЛІ КЕЛЕДІ
Маусымның 8-10 күндері Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға Қытайдан 12 дін өкілі келеді.

Соның бірі – Қытай буддистер қауымдастығының жауапты өкілі Мин Жие. Әлемде қалыптасқан дәстүрлі діндердің басты қағидасы адамзат баласының бақытты, бейбіт өмір сүруін қалайды.

«Алайда бүгінде өзара түсініспеушіліктің салдарынан діни алауыздық туындап жатыр», – дейді Мин Жие. Оның айтуынша, осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігі маңызды.

«Биыл әлемнің түкпір түкпірінен келетін әр түрлі дін өкілдері мен басшылары Астанада бас қосып адамзат баласына өте өзекті мәселелерді талқылайды. Мен Қытай буддистер қауымдастығының мүшесі ретінде Астанада өтетін съезге қатысатыныма қуаныштымын. Бұл жолғы жиынның басты тақырыбы әлем діндері арасындағы түсіністікті арттырып, ынтымақтастықты нығайту турасында болмақ. Бұл съездің маңызы өте зор», – деді Мин Жие.


06.06.2015 ж.

http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/68125-jma
* * *

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет