Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§2.. Қазақстанда 1917 жылға дейін адвокатура институтының бекітілуі



Pdf көрінісі
бет9/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§2.. Қазақстанда 1917 жылға дейін адвокатура институтының бекітілуі 
Ресейдегі Адвокатураның дамуына Қазақстандағы адвокатураның 
дамуының алғышарты ретінде қарап бітсек, енді нақ Қазақстандағы 
адвокатураның құқықтық жағдайының қандай болғанына көшуге болады.
Қазақстанда жоғарыда көрсетілген сот реформасы патша үкіметі 
жүргізгендіктен колониалдық соттарда қаралған істер бойынша маңызы зор 
болды. Сонымен қатар қорғау институты қазақ қоғамында нақты тарихи салт-
дәстүрлерге негізделді. Қазақ құқығының негізін қалаушылардың еңбегінде 
қазақтарда әділсотты жүзеге асырғанда қорғаушылардың қатысуы міндетті 
екені тікелей көрсетілмейді. Бірақ қорғаудың өзіндік институттары не сол 
сияқты механизмдері Ресей империясының колонизациясына енбей тұрып та 
бар екенін керек десеңіз оның соңы өткен ғасырдың 20-жылдарына дейін 
сақталғанын білуге болады. бұл жұмыстармен қазақстандық атақты ғалымдар 
еңбегінен көруге болады. олар: Л. И. Баллюзек, Н.А. Гродекова, К.А.Жиренчин, 
С.А. Сабатаев, С.С. Фукс және З.К. Кенжалиевтың еңбектерімен қатар, С.С. 
Сартаев, Н.У. ¤серовтың еңбектерінде айтылып өткен. Қазақтардың әдет-салт 
құқықтарындағы айыптаумен қатар, іздеу басы деп саналатын құқық 
бұзушылық себептерін объективті жан-жақты талдауды, сонымен қатар 
айыпкерге негізсіз претензиялар қоюдан қорғауға жағдай туғызатын 
қылмыстық істі қарауды тез қарау мен бірден шешуге тиісті тергеу мен іс қарау 
және "қоғамдық" пікірге беру арқылы жүзеге асатын. 
Көптеген жағдайларда билер сотының шешімімен қатар мүліктік дауларды 
ақсақалдар кеңесі шешіп отырған. Олар сот билігін жүзеге асырмаса да 
адамгершілік беделге ие болғандықтан олардың билігі сот билігінен кем 
болмаған. Осы ойды өрбіткен С.А. Сабатаев "ақсақалдар сотә таза халықтық 
сот ретінде ежелгі салт-дәстүрлерді басшылыққа алып жүргенін тікелей 
көрсетеді. Оқымысты ғалымдар Қ.А. Жиренчин мен А.Н. Тәукелов және т.б. 
өздерінің еңбектерінде қазақтардың әдет-ғұрып заңдарында қорғаудың 
элементтері болғанын тікелей көрсетпейді, бірақ біздің көзқарасымыз 
бойынша, "Соттарға қарсылық білдіру институты", "Істерді қарау келісімі", 


21 
"Ант беру институты" механизмдерінің болуы олардың болғаны туралы пікірді 
қалыптастырады.
14
Қазақ қоғамына төрелік өкілеттілік беру институты мен Ресей 
империясының басқа заңдарының енуі өте жаймен жүрді. Бұны 1867-1868 
жылғы реформалар негізінде билер сот мен қазылар сотының өздерінің ұлттық 
және жергілікті ерекшеліктеріне сай міндеттері мен бағыттарының сақталуынан 
көруге болады. билер соты дауларды шешу барысында әдет-ғұрып құқық 
нормалары мен шариғат заңдарына сүйенді, ал қазылар соты тек шариғат 
заңдарына сүйенгендіктен біздің елімізде қазылар соты кең дамымады. ¤йткені 
Қазақстанда 
исламның 
кең 
етек 
жаюына 
кедергі 
болған 
Ресей 
колонизациясында болуы да әсер етті, және қазақтардың өздерінің 
шаруашылық әлеуметтік жағдайларының ерекшеліктері де, Ресей мемлекетінің 
саясатына қарай қалыптасты. 
Облыстық басқармалар барлық азаматтық істерді қарады. Олар тек әскери 
және уездік соттар қарамағына берілетін істерді қарамады. Сонымен қатар, 
жоғарыда келтірілген актілер негізінде адвокаттар қызметінің негізгі заңдық 
күшке ие бола отырып қазақ қоғамындағы әділсот жүйесіне біртіндеп ене 
бастады. 
19 ғасырдың соңында Қазақстандағы сот құрылымы 1886 жылы Түркістан 
және дала аймақтарын басқару ережелерімен және 1898 жылғы жаңа 
бекітулермен жүзеге аса бастады. 
1898 жылғы сот реформасы адвокаттық қызметінің құқықтық негіздері мен 
оны реттеуді қортындылады. Мысалы, 1898 жылы 2 июньдегі "Уақытша 
Ереженің" 24-бабы бойынша адвокаттар қызметін жүргізу куәлік беру, округтік 
соттарға берілді. Бұл куәлік адвокаттар тәжірибесін бітістіруші соттарда өтуге 
құқық беретін құжат болды. Және оған 75 сом көлемінде мүшелік жарна төлеу 
керек болды. Бұл соманың жартысы мемлекеттік қазынаға кетсе, жартысы 
жергілікті жер қорына аударылды.
15
Қорытындылай келе қазақ даласы өзінің істерін дау айтуда билерге берген. 
Би –кесім айтушы сотта, айыптаушы прокурор да , қорғай отырып 
бітімгершілік келісімге келтіруші адвокат қорғаушы да болған. Осындай 
бірнеше функцияны қатар алып жүрген би-ақсақалдардың арқасында қазақ 
даласында түрме де, зынданда болмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет