Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


ТАҚЫРЫП №3. АДВОКАТУРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ САТЫЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

ТАҚЫРЫП №3. АДВОКАТУРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ САТЫЛАРЫ. 
§1. 1917 жылғы октябрь төңкерісіне дейінгі Ресейде адвокатура 
институтының құрылуы Қазақстандағы адвокатура институтының пайда 
болуы мен дамуының алғышарты. 
Қазақстандағы адвокатура институтын қарап ұғыну үшін оның ең алдымен 
құрылу, даму тарихын зерттемей, қоғамдық-құқықтық институт болып 
саналатын адвокатураның маңызы мен міндетін білу мүмкін емес. ¤йткені 
соңғы қорытындыда бұл бізге құқықтық-демократиялық мемлекетте 
адвокатураның орны, ролі және маңызы қандай екенін анықтаумызға мүмкіндік 
береді. 
Сонымен қатар Қазақстандағы адвокатура институтын зерттеу үшін 
алдымен Ресейдегі адвокатура институтының дамуы мен қатар отырып зерттеу 
керек. Адвокатураның қызметінің бағыты, құқықтық қатынастары жүйесіндегі 
жағдайы әр кезеңдерде қоғамның саяси жүйесінің, экономикалық жағдайы, 
құқықтық мәдениеті мен азаматтардың құқықтық сана-сезімін өзгеруіне 
байланысты ол да өзгеріп дамып отырады. 
Адвокатураның құрылу жолы қиын болды және әрқашан әр кезеңдерде 
қоғамның дамуы адвокаттық қызметтің құрылу, дамуының құралдары мен 
әдістерін іздестіріп отырды. 
1917 жылға дейінгі адвокатураның дамуы Ресей империясының 
заңдарының құрылу және даму тарихымен және 1864 жылғы прогрессивті сот 
реформасының 
құрылуымен 
де 
тығыз 
байланысты. 
Юридикалық 
терминологиядан сол кездегі уақытта "адвокат" ұғымы 1864 жылы пайда 
болды, бірақ бұл термин неге екені белгісіз 1939 жылғы совет кезеңіне дейін 
заңда көрсетілген жоқ. Ал, адовкатураның қызметінің ұйымдық-құқықтық 
формасы бойынша адвокаттар алқасы қандай болады деген сұрақ осы кезеңде 
де бұрында дамыған демократиялық елдерде АҚШ-та, Германия, 
Франциядағыдай қоғамдық-құқықтық маңыз бен корпоративтік бірлестік 
ретінде бізде әлі де мән-мағынаға өз дәрежесінде ие болмай келе жатыр. 
1864 жылы сот уставтары шықты. Олар "Сот мекемелерінің құрылуы 
туралыУстав", "Қылмыстық сот өндірісі туралы Устав", "Бітімгершілік 
соттардың жаза тағайындауы туралы Уставтары" Қазақша осы сот жарғы – 
уставтары негізінде Ресейде сот жүйесінің нақты біртұтас жүйесі құрылды. 
20 ноябрь 1864 жылғы "Сот мекемелерінің бекітулері туралы" билік етуші 
Сенаттың қаулысымен бекітілген Уставы, адвокатураны Ресейде жаңа 
юридикалық-заңды мекеме ретінде қалыптастырды.
9
Патшалық билікте адвокатураның дамуы азаматтық қоғамда жаңа тәуелсіз 
институт яғни кәсіби адвокаттар ұйымының құрылуына мемлекеттің өзінің 
мүддесі болмағандықтан теңемелікке ұшырады. Барлық императорлар І 
9
Учреждение судебных установлении, утверждение Указом Правительствующего сената от 20 ноября 1864 г. – 
Россииское Законодательство. Суд. Реф. М., 1991. 


17 
Петрдан бастап І Николайға дейін Ресей империясында батыс үлгісіндегі 
адвокаттар корпорациясын құруға үзілді-кесілді қарсы тұрды.
10
І Петрдің өзі адвокаттарды "ұрылар мен қарылар, жүрегі таза еместерді 
құрайтын топ, өздерінің қажет емес әртүрлі келтірулері арқылы соттарды 
адасушылыққа әкелетін бұл топ жақын арада құритынын айтса, І Николай: 
"Францияны адвокаттар құртпай кім құртты. Мирабо, Марат Робеспьер деген 
кімдер еді? Жоқ, мен билік етіп тұрғанда Ресейге адвокаттар керегі жоқ 
оларсыз-ақ күн көреміз", - деді.
11
Осыған қарап-ақ сот реформасына дейін қорғау институты өзінің 
формалық-ұйымдық қоғамдық тпо ретінде өзінің алдына қойған міндеттері, 
бағыттары және мүдделері түгілі, олардың өкілдерінің тиісті кәсіби білімі, 
өздерінің ұйымдық құрылымы, керек десеңіз аты болған жоқ. Адвокаттардың 
ролін көптеген ғасырлар бойы жеке тұлғалар – іс бойынша ұсыныс түсірушілер 
атқарды. Олардың қызметі заң бойынша бекітілген жоқ, және оларға тиісті 
нақты талаптар қойылмады. Ереже бойынша олардың міндеті аз ғана құжаттар 
мен қағаздар толтырумен оны берімен шектелді. Керек десеңіз, 1832 жылы 
құрылған алқалы "стряпчих" институттары, ресейдің әлеуметтік топтарының 
алдарына бөгде адамдардың құқығын қорғауда олар кепілдік бере алмады. 
Сот бекітулерінің жаңа Ережелеріне сәйкес жалпы империялық соттар 
жүйесі – бітістіруші судялар, облыстық және жоғарғы сот инстанциясы 
қалыптасты. Бірақ бұл реформаның барлығы да отаршылдық және феодалдық 
езгіні күшейте түсуге бағытталған еді. Сондықтан адвокатураның құрылу негізі 
өзіне қарама-қарсы жағдай қалыптастырды, оның адвокаттың бір тұлға ретінде 
құқық қорғаушы шешен, және өзінің өкілдік берушісінің атынан өкіл болып 
қатысуы қазіргі заман талабындағы адвокаттың қызметінің бағытымен 
міндеттеріне сай келмейді. Көрсетілген құқықтық анықтама біздің ҚР 
заңдарында сақталған, біздің көзқарасымызша бұл дұрыс емес. ¤йткені Еуропа 
елдерінің көбісінде құқық қорғау мен сот өкілдігі екі бөлек институт ретінде 
жеке-жеке дамыды. 
Адвокаттар үлкен екі категорияға бөлінді – оның бірі төрелік өкілдік 
етушілер – адвокаттарға ант қабылдауға және өкілдік етушілерге, адвокаттық 
практикамен жеке айналысатындарға кәсіби басшылық жасайтын корпорация 
болса, екіншісі сот талаптарында төрелік өкілдік етушілердің кеңесі құрылды. 
Бұл жоғарыдағы төрелік өкілдік етушілердің мүшелерінің арасынан сайланды. 
Олардың міндеті болып жеке адвокаттардың қызметіне бақылау жасау және т.б. 
бағыттарда қызметтер кірді. Төрелік өкілдік етушілер кеңесінен қызметіне 
жоғарғы бақылау, қадағалау жұмысы соттар Палатасы мен Билік етуші Сенатқа 
жүктелді. 
Төрелік өкілдік етушілер өзін-өзі басқару органы ретінде, кәсіби 
мүшелерден тұра отырып соттар палатасында кеңесте әрекет жасады. Олардың 
кеңесі, төрелік етуші – Председательден, оның жолдастарынан, және сайлау 
тәртібімен қызмет жасайтын өзге кеңес мүшелерінен тұрды. Кеңеске сайлау әр 
лауазымға жеке және көпшілік дауыспен сайланды. Кеңес мүшелері әр жыл 
10
Буробина В.Н. Адвокатская деятельность. Учебно-практическое пособие. Москва 2001, стр 36-37 
11
Калмаков Н. Очерки и воспоминания // Русская старина. 1886. №12. Стр. 535-536. 


18 
сайын өткен кеңес мүшелерінің есебін тыңдай отырып қайтадан сайлау 
жүргізеді. 
Кеңес өзінің қызметін әртүрлі бағыттарда жүргізеді. Ол кеңес мүшелерін 
қабылдайды, шығарады және тәртіптік тәжірибе ұйымдастырады. Төрелік 
өкілдік етушілер арасында "тегін" істерді бөледі. ¤Здерінің арасындағы әртүрлі 
дауларды шешіп отырады. ¤зінің шешімін ол көпшілік дауысымен қабылдады. 
Сонымен, адвокаттар төрелігі – бостандықты кәсіптен құралған 
тұлғалардың корпорациясы бола отырып жоғарғы сот орындарының сырттай 
бақылауына ие. 
Қылмыстық құқықта қорғаушы, азаматтық іс жүргізудегі өкілдіктен басқа 
оларға жергілікті жерлерге оның ішінде кедей тұратын аумақтарға тегін 
қызмет көрсету де кірді.
12
Сот бекітулерінің жаңа Ережелеріне сәйкес жаңа қоғамдық-құқықтық 
институтқа қатаң талаптар қойылды. Онда төрелік өкілдік етушілердің 
құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері анық көрсетілді. Төрелік өкілдік 
етуші болып сол талаптарға жауап беретін және белгіленген тәртіпте 
адвокаттар корпорациясына қабылданғандар ғана алынды. 
Бұл нормативті құқықтық талаптар 2 категорияға бөлінді. Біріншісі, 
қалыпты, яғни кім болады және кері кім болмайды деген сұрақтарға жауап 
берді. 
Сонымен Сот бекітулерінің 354-бабы бойынша төрелік өкілдік етуші 
болып жасы 25-ке толған, жоғары заң білімі бар, және сот ведомстолығының 
чиновнигінен және төрелік өкілдік етушіден 5 жыл сот сынағынан өткендер 
бола алады. 
Ал 355 бап бойынша төрелік өкілдік етуші бола алмайтындар анық 
көрсетілген. Олар: 
1) 25 жасқа толмағандар; 
2) шетелдіктер мен жағдайы жоқ; 
3) қарызын өтеуге жағдайы жоқ деп жарияланғандар; 
4) үкімет қызметінде айлық жалақы алып тұрғандар; 
5) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылғандар немесе құқықтық 
жағдайы шектелгендер, сондай-ақ діни соттардың үкімі бойынша ,дін шенінен 
айырылған діни қызметкерлер; 
6) сот тергеуі бойынша қылмыстары мен әрекеттері бас бостандығы мен 
құқықтық жағдайын шектейтін жаза қолданылатын болса не оларға сот ақтау 
үкімін шығармағандар; 
7) қызметтен сот бойынша діни мекемеден кемшіліктерімен немесе 
қоғамнан дворяндық жиналыстар мен үкімдермен кеткендер; 
8) сот бойынша басқа біреудің ісіне араласуға тыйым салынғандар мен 
төрелік өкілдік етушілер мүшелігінен шығарылғандар. 
Осы жағдайларды негізге ала отырып төрелік өкілдік етушілер кеңесі өз 
құрамына кандидатураларды қабылдағанда осылармен қатар олардың 
адамгершілік қасиеттерін есепке алады. Жан-жақты мәліметтер жиналады. Сот 
бекітулері туралы Ережелерде төрелік өкілдік етуші қызметін жүзеге асыру 
12
Черкасова Н.В. Формирование и развитие адвокатуры в России в 60-80 годы 19 века. М., 1987 стр. 29. 


19 
үшін оған қабылдау тәртібі анық көрсетілумен қатар тағы да мынадай талаптар 
қойды: 
1. Қабылдау және тіркеу, қабылдау. Кеңестің өкілеттілігінде болды. Оның 
шешімі – төрелік өкілдік етушілер корпорациясына қабылдау туралы негізгі 
құжат болып есептелді. Кей жағдайда І кеңес қабылдауға қарсы болғанда, ол 
тұлға келесі кеңеспен қабылданды. Кеңестің формальды құқық қабілеттілік 
шарттарына сәйкес қабылдамауы жоғары тұрған Сенат арқылы сот 
палаталарына шағымдануға болады. Бірақ тұлғаның адамгершілік қасиеттеріне 
қарап кеңестің қабылдамауы ешқандай шағымдануға жатпайтын. 
Тіркеу – формальды анықтамаға ие болатын. ол тек сот палатасының 
кеңестің анықтамасы бойынша нақты тұлғаны төрелік өкілеттік беруші етіп 
алған турады ғана анықтама болатын тіркеу процесі округ бойынша төрелік 
өкілеттік етушінің аты-жөнін жазумен және кеңес берген куәлікке қол қоюмен 
және оны қабылдау туралы жариялаудан тұрады.
13
Кейінрек 1874 жылғы реформаға қарсылық адвокатура ролін әлсіретіп 
жіберді, және оған арнайы қоғамдық қызметтерді жүзеге асыратын юристтердің 
бірігуін көрсететін "сословие" таптар деген термин қолданды. 
Тараптардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері заңда регламенттеліп 
көрсетілген жоқ, олар тек Ережелерді аз ғана көрсетіп өтті. 
Төрелік өкілдік етушінің еңбек ақысына сыйақы төлеу оның 
клиентіменкеліскен жазбаша келісімде, ол жоқ болған жағдайда тек азаматтық 
істер бойынша әділет министрі бекіткен арнайы такса, яғни қаржымен 
анықталатын. 
Еңбекке ақы төлеудің негізгі критериі талаптың бағасы болды. Талаптың 
бағасы көтерілсе, процент кеміді, талапкердің өкілі, жауапкердің өкілінен оған 
белгіленген еңбек ақының 1/3 бөлігін алып отырды. 
Адвокаттар яғни төрелік өкілдік етуші өзі қабылдаған антында өзінің 
кәсіби міндетін орындау барысында заң талаптары мен адвокат талаптарын 
қатаң сақтауға және оны орындалуына міндетті болатына ант береді. 
Төрелік өкілдік берушілер өздерінің қызметін Сот бекітулерінің Ережесі 
бойынша бір-ақ округте атқарады, және оны сот палатасы бойынша 
тұрғылықты жері бойынша тіркелген округте жүзеге асырады. 
¤здерінің мүшелерінің қызметіне тиісті кеңсе округ бойынша басшылық 
жасайды. Егер сот округінде басталған іс, аяқталуы басқа округте бітетін болса 
адвокат іс басталған жердің кеңесіне бағынады. 
Егер ұсыныс бойынша басқа қалаға барып іс қарайтын болса, ол жоқ 
кездегі сот өндірісі өкілдік берушінің келісімімен басқа төрелік өкілдік 
білдірушіге ауысады. 
Төрелік өкілдік берушінің міндетіне өзіне тапсырылған істердің тізімін 
жасау берілген, және оны кеңес талап еткен уақытта бірден көрсетуге міндетті. 
Сот бекітулері Ережесінің 355 бабының 4-тармағы бойынша мемлекеттік 
қызметке тұруға құқығы болмады. ¤йткені бұл оның мемлекеттік органдар мен 
чиновниктерге қызметінің тәуелді болып, қызметіне шек қойып, тәуелсіздігін 
бұзар еді. 
13
Черкасова Н.В. Образование и арзвитие в России адвокатуры. М. 1986. Стр. 7. 


20 
Осы кезеңдерде төрелік өкілдік берушімен бірге оның көмекшілерінің 
институты пайда болды. Сот бекітулерінің 355-бабы бойынша оларға төрелік 
өкілдік берушілердің қарамағында 5 жыл көмекші ретінде сот практикасынан 
өткендерді айтамыз. Бұған түсініктеме бергенле, төрелік өкілдік берушілерінің 
көмекшілерінен тәжірибе қызметін ғана, заң курсын бітірген, еш жерде 
істемеген сондай-ақ сот практикасы бар адамдар қабылданатынын айтқан. 
1874 жылы 6 маусымда төрелік өкілдік берушімен бірге жеке өкілдік 
берушілер институты құрылды. Бұлардың төрелік өкілдік берушілерден 
айырмашылығы, бірінші кез келген сотта қатыса алса, жеке өкілдік берушілер 
тек олар қатысуға рұқсат беретін соттарда тек іс бойынша іске қатысу ұсынысы 
болғанда ғана қатыса алатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет