Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§3. «Адвокатура және адвокаттық қызмет ».оқу курсының



Pdf көрінісі
бет6/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§3. «Адвокатура және адвокаттық қызмет ».оқу курсының 
пәні,мазмұны және жүйесі. 
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру жолында және 
нарықтық экономиканың даму барысында қоғамның құқыққорғау жүйесінде 
адвокатураның ролі арта түсті. Адвокаттық қызметсіз барлық жеке тұлғалар 
мен 
заңды 
тұлғалардың 
,азаматттар 
мен 
кәсіпкерлердің 
заңды 
мүддесін,құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау мүмкін емес. 
Оның үстіне күні кешеге дейін заң оқу орындарының оқу бағдарламасында 
сот, прокуратура сияқты құқыққорғау органдарына қарағанда адвокатураға 
тиісінше назар аударылмады.Ресейдің «Адвокатура и современность» 
жинағының авторлары бұл олқылықты дұрыс көрсете білді. Олар «…бұндай 
теңсіздік студенттердің адвокатураға деген тұрақсыз қатынастарын 
қалыптастырады. Адвокаттық қызмет туралы сұрақтар тек қылмыстық іс 
жүргізу, сот және прокуратура органдарын ұйымдастыру курстарында
қаралғаны 
жеткіліксіз 
болады. 
Сондықтан 
болашақ 
құқыққорғау 
қызметкерлерінің қызметіне дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін адвокатура 
жайлы жеке оқу курсы керек.»
4
Заң оқу орындарының стуленттеріне тек қана адвокаттардвң қорғау 
қызметіне жақсы көзқарас қалыптастыру үшін ғана емес, одан да кең ауқымды 
жоспар бойынша адвокаттық қызметтің тек қылмыстық іс жүргізуде ғана 
қорғау функциясын жүзеге асырмай, азаматтық, әкімшілік іс жүргізулерде 
өкілдікті және тағы да басқа көптеген салаларда кәсіби заң көмектерін 
көрсететінін жүйелі түрде олардың саналарына қалыптастыра білу керек. 
Болашақ судья, тергеуші, прокурор , адвокаттар мен басқа да маман-
заңгерлерге жүйелі қалыптастырылған білім беру бағытында «Адвокаттық 
қызмет» оқу курсы аясында осы оқу-әдістемелік оқулық даярланып отыр. Оның 
үстіне соңғы жылдары жоғары заң оқу орындары да заң мамандарын даярлауда 
жан-жақты кірісуде. Оның үстіне көптеген ведомоствалық мекемелер – Ішкі 
Істер Министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті,Салық қызметтері, сот және 
4
Институт государство и право СССР. 1987 ст 73 


12 
прокуратура органдары да өздерінің бағытында қызмет жасайтын мамандарды 
өздері дайындау үстінде. 
Келешекте адвокаттарды да арнайы мамандандырылған оқу орындарында 
оқытылуы, кәсіби білімін көтеру үшін адвокаттарда соттар сияқты яғни Сот 
Академиясында даярланатындай Адвокатура Академиясында оқытылу керек 
деп ойлаймын. Өйткені қазіргі кезеңде Адвокаттардың мәртебесін сот және 
прокурордың мәртебесімен теңестіру алда кезек күттірмейтін істердің бірі. 
Сондықтан «Адвокатура және адвокаттық қызмет» туралы оқу-әдістемелік 
оқулық осы курсты оқып үйрену үшін таптырмайтын оқу құралы деп 
ойлаймын. 
«Адвокатура және адвокаттық қызмет» оқу курсының пәні болып, 
Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызметтің және 
жеке адвокаттың кәсіби маңызды қасиеттері, Адвокатура тарихы,адвокаттық 
қызметтің құқықтық, ұйымдық және әтикалық негіздері, адвокаттың сотта 
сөйлеу,шешендік өнері, сондай-ақ адвокаттар көрсететін әртүрлі кәсіби заң 
көмектерінің түрлеріне жалпы сипаттама бере отырып, осы мәселелерді 
зерттеуді айтамыз. 
«Адвокаттық қызмет» курсының мазмұны мен жүйесін Жалпы және 
Ерекше бөлімде көрсетілген тақырыптар бойынша оқу-практикалық 
материалдар құрайды. 
Оқу курсының Жалпы бөлімі 9 - тақырыптан тұрады.
ЖАЛПЫ БӨЛІМ. 
1. Адвокатураның дамуы мен құрылуы. 
2. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі қағидалары.
3. Адвокатураның құрылу сатылары. 
4. Адвокаттық қызметтің ұйымдық және құқықтық негізі. 
5. Адвокаттардың құқықтық жағдайы. 
6. Адвокаттар еңбегіне ақы төлеу . 
7. Кәсіби адвокаттық қызмет стандарттары. 
8. Адвокаттың сөйлеу шешендік өнерінің негіздері. 
9. Адвокаттық қызметтің этикалық негіздері. 
Ал ЕРЕКШЕ БӨЛІМ мына тақырыптарды қамтиды. 
10.Адвокаттың қылмыстық іске қатысуы. 
11. Адвокаттың азаматтық іске қатысуы 
12.Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша адвокаттың қызметі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет