аралығындағы жағдай) Науқасты жатқызу бір мейірбикемен орындалады.
Мақсаты:төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.
Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.
Дайындаңыз:жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.