Мектебі: 88 жоббм. Күні: №: 20 Мұғалімі: Айтбаева Анипа Сыныбы


Позитивті мәлімдеме. Дәйексөз



бет2/3
Дата09.02.2022
өлшемі24,2 Kb.
#131168
1   2   3
Байланысты:
Өзін-өзі тану. 5 сын. 20 саб
7 класс вопросы задание(1), 7 класс вопросы задание, 1223, 1-6,17-18, 25-30, 5-лекция, анатомия тест, tut ssmu-2011-13, ЛФ 5 курс госпитальная терапия, клин.фармакология КФ антигипертензивных, антиангинальных, антиромбоцитарных..., Хроническая обструктивная болезнь легких. ХОБЛ (J44) > Справочник заболеваний MedElement > MedElement
3. Позитивті мәлімдеме. Дәйексөз.
(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту).
Сыпайының сыры мол.
Нақыл сөз
Сұрақтар:
1. «Өзара сыйластық» дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. 2. Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсетесіңдер?
    3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

5 Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
https://bilim-all.kz/



4. Оқиғаларды әңгімелеу . (Әңгімелесу).
Адам үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды. Көңілімдегі ойға алған істеріне қол жеткізуді ойлайды. Оның жолында қанша адамдармен сыйлас, сапарлас болады. Жанын түсінетін серік іздейді. Бәлкім, адамдардың мүмкіндігі де осыдан бастау алатын шығар?
Адамдардың өмір жолдарының тоғысуы да қызық-ақ. Біреу мектепте, бірі жоғарғы оқу орнында, біреу әскери борышын өтегенде, бірі қызметтес болғанда, енді бірі ауруханада... танысып, табысып жатады. Әсіресе, өмірге деген көзқарастарының бірлігі, мінездерінің сәйкестігі жолдастық жолдарын ұзарта түседі.
Осындайда бабаларымыздың сөзі ойға оралады «Жүз теңгең болғанша, жүз жолдасың болсын» - деген. Мұны бүгінгі өмірдің адамдары «жүз долларың да, жүз жолдасың да болсын» - дейді. Қазіргілер араласар адамын таңдап барып, белгілейді. Ал кейбіреулерін өмірдің өзі көрсетіп жатады.
Шынын айту керек, көбінесе бастық пен бастық, бай мен бай, іскер мен іскер, қойшы мен қойшы... достасуға ұмтылады. Бұл әсіресе жұмысы, тыныс-тіршілігі, ойы, қызығушылығы, мүддесі бір болғаннан шығар. Ал бастық пен қарапайым қызметкердің, баймен кедейдің, іскер мен жұмыссыздың сыйластығын байқай қоймайсыз. Күштілер әлсіздерді менсінбейді. Әлсіздер күштілерге жете бермейді. Оны уақытты текке өткеру деп біледі. Бүгін кедей ертең бай болмасына кім кепіл. Бүгінгі байдың ертең кедейге айналмасына ешкім де ештеңе айта алмайды. Тағдыр - шебер бәрін орнына қойып жатады. Жалғанды жалпағынан басып, асып-тасқандар да тәубасына келеді.
Ертеде бір жолбарыс ұйықтап жатса үстінен бір тышқан өте беріпті. Оянып кеткен жолбарыс тышқанды ұстап алып, сығымдап, өлтіруге айналады.
Жаны қиналған тышқан еңіреп жылап тұрып:
О, тақсыр! Өзіңе айтатын арызым бар. Мені өлтіре көрме. Күнәмды кешіре гөр.
Білместік өтті басымнан. Тірі жүрсем мен де саған пайдамды тигізермін, – деп жалбарыныпты.
Сонда жолбарыс бармақтай тышқанның сөзіне қарқылдап күліп:
–Мен жолбарыспын! Күшім де мығым. Сен шырпы сындыра алмайтын тышқансың.Сонда да қалжыңың қызық екен. Мына түріңмен сен маған қалай қызмет етпексің? Дегенмен, әзілің ұнады. Босатайын, бар, бара ғой, – деп тышқанды қоя беріпті.
Тышқан:
–Жолбарыспен дос болдым! – деп мақтанып жорғалай жөнеліпті.
Өмір деген қарама-қайшылыққа толы емес пе? Күндердің күнінде жолбарыс тоғайда жортып жүргенде мойны аспалы тұзаққа ілініп қалыпты. Қанша бұлқынса да босана алмай қиналыпты. Жолбарыстың гүрілдеген дауысын естіген тышқан жетіп барыпты.
Жолбарыс қинала:
– Ей досым, мынаның бір амалын жасашы, – деп көмек сұрапты.
– Қазір, қазір... – деп зыр жүгіріп жүріп, тұзақтың жібін тісімен қырқып үзеді.
Тышқанға разы болған жолбарыс:
– Рахмет, досым. Бұл жақсылығыңды өмір-бақи ұмытпаймын, – деп қайталай беріпті.
Иә, ажал тырнағынан алып қалған бармақтай тышқанғажолбарыс осылай разы болған екен.
Иә, мұндайжағдай өмірде болмай қалмайды.
Ауылдан іздеп келіп қаладағы бастық досының кабинетіне кіре алмай отыратындар да бар. Немесе керісінше, үлкен лауазымдағы басшы ауылдағы қарапайым шаруа досын арнайы іздеп баратыны бар.
* * *
Иә, кіршіксіз көңілге, шынайы сыйластыққа не жетсін? «Қайта кірер есігіңді қатты жаппа» - деген сөз бар халқымызда. Ертеңгі күніңді ойлан.
Сұрақтар:

  1. Риясыз сүйіспеншілік болмаған жерде достық бола ма?

  2. Жолбарыс тышқанды не үшін жібере салды?

  3. Тышқан досына қандай көмек көрсетті?

Бармақтай тышқанға жолбарыс қалай разы болды?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет