Сабақтың тақырыбы Мен және менің досым «Көптік жалғау»



Дата27.12.2016
өлшемі425,05 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы Мен және менің досым «Көптік жалғау »

Сабақтың мақсаттары:

* а) Білімділік – оқушыларға кесте арқылы көптік жалғауын түсіндіру. Менің досым туралы әңгіме, мысал арқылы түсінік беру, жасалу жолына тоқталу.

* ә) Тәрбиелік - пәнге деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау, тыңдай білу қабілеттерін дамыту.

* б) Дамытушылық - оқушылардың өз ойын еркі жеткізуге , тіл байлығын дамытуға,

Жаңа сөздер арқылы сөйлем құрап өзара сұқбатасуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, оқу құралдары, кеспе қағаздар.

Сабақтың түрі: Тіл дамыту сабағы:

Сабақтың барысы:Сәлемдесу, түгелдеу, оқу-құралдарын даярлау, сабаққа назарларын аудару.

С А Б А Қ Т Ы Ң Ж О С П А Р Ы :

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Үй тапсырмасын тексеру.

3)Жаңа сабақты түсіндіру.

4)Кестемен жұмыс.

5)Кітаппен жұмыс.

6) Қортындылау.

7) Үйге тапсырма.

8) Бағалау.

2.Үй тапсырмасын қайтала. Сұрақ-жауап.

Сұрақтар:

1. Түбір нешеге бөлінеді және ата?

2. Сөздерді аудар:

гранат –

слива –

клубника –

малина –

3.Жидектер,жемістер ,көкөністерді ата.

4. Күз айларын ата;

а) наурыз, сәуір, мамыр

ә)қыркүйек, қазан, қараша

б)көктем, күз, жаз

4. Сөздерді құрамына қарай талда;

3. Жаңа сабақ: Мен және менің досым «Көптік жалғау »

Кестенің көмегімен түсіндіру.




Көптік жалғауы (Окончание множетвенного числа)

-Барлығымыз кестеге назар аударайық.

-Түбір сөзге көптік жалғауы жалғанады. –лар, -лер жалғауы, дауысты және үнді р, й, у дыбыстарынан кейін жалғанады. Мысалы: бала+лар, кісі+лер, қар+лар, үй+лер, тау+лар.

-дар, -дер жалғауы, ұяң з, ж және үнді л, м, н, ң дыбыстарынан кейін жалғанады. Мысалы: үлкен+дер, қалам+дар, үстел+дер, қағаз+дар, аң+дар.

-тар, -тер жалғауы, қатаң және ұяң б, в, г, ғ, д дыбыстардан кейін жалғанады. Мысалы: сынып+тар, мектеп+тер, дос+тар.

4. Кітаппен жұмыс.

-Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғандар.

Дос+тар, құрбы+лар, бала+лар, қыз+дар, кітап+тар, мұғалім+дер, мектеп+тер.

-Кім тақтаға шығып жазады?

-Жазғанынды оқи ғой

-Өте жақсы.

3 – тарсырмадағы мәтінді оқып, мазмұның айтындар. Көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазындар.

-Енді, мәтінді түсіну үшін жаңа сөздерді оқуымыз керек.

-Кім оқиды?

-Өте жақсы.

-Мәтінді мен оқып беремін, сендер мұқият тыңдандар.

-Кім оқиды және орыс тіліне аударады?

-Бірінші сөйлемді оқып аудара ғой.

-Мәтіннің ішінен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазындар.

-Кім тақтаға шығып жазады?

-Жазғанынды оқи ғой

-Өте жақсы.
Қортынды:

-Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік?

-лар, -лер жалғаулары, қандай дыбыстардан кейін жалғанады?

-тар, -тер, жалғаулары, қандай дыбыстардан кейін жалғанады?

-дар, -дер, жалғаулары, қандай дыбыстардан кейін жалғанады?

-Өте жақсы.

Үй тапсырмасы:
40 бет 1 тапсырма. Сызба бойынша әңгіме құра.
Оқушыларды мадақтау, білімдерін бағалау. Бағаларын журналға, күнделіктеріне қою.
Каталог: uploads -> doc -> 0ffe
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ffe -> Сабақ барысы: Ұйымдастыру Балалар дөңгелене тұрады


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет