Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны


Үшінші педагогикалық кеңес



бет6/17
Дата31.01.2023
өлшемі65,88 Kb.
#166992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Директор
Презентация-1, Жеңіл атлетиканың шығу тарихы және түрлері — копия, Жеңіл атлетиканың шығу тарихы және түрлері — копия, Karimova Madina, sabaq-kz attachment kazak-tili-11-587e574d185b6, 1603209038, 1513869848, БЖБ ТЖБ талдау шаттық, Е11-Пірназарова. Л.(КМИС)
Үшінші педагогикалық кеңес - наурыз айында.
Қаралатын мәселе:

1. Қазіргі сабақ қандай болу керек?


а) баяндама: "Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар";
ә) сабақтарды талдау, іс-тәжірибе алмасу.
2. Мектептегі спорт жұмысы - баяндама және оны талқылау.
3. Мектеп пен отбасының адамгершілік тәрбиесі бойынша бірігіп істеген жұмыстары. Жекелеген сынып жетекшілерінің хабарламалары.
Төртінші педагогикалық кеңес – мамыр айында. Қаралатын мәселе:
4. Мұғалімдер мен оқушылардың өзара қатынасы – мектеп жұмысы туралы баяндама.
5. Емтихан мен балалардың жазғы демалысын өткізуге әзірлік.

Бесінші педагогикалық кеңес - мамыр-маусым айлары. Қаралатын мәселе: Емтиханның қорытындысы және оқушылардың келесі сыныпқа көшіру.
Сонымен, барлық педагогикалық кеңестің тақырыптары бір-бірімен байланысты, адамгершілік тәрбиесінің және танымдық белсенділікті көтерудің жекелеген мәселелері талқыланады, аталған мәселені шешу үшін ғылыми зерттеулердің және озық тәжіребиенің нәтижелерін енгізу жолдары аталады, тақырып мектеп өмірімен байланысты. Әдістемелік пән бірлестігінің және мұғалімдердің өз бетімен білім алу жоспарлары да мектеп шешкелі отырған мәселемен байланысты.
Педагогикалық кеңесті өткізуге алдын-ала дайындалу. Педагогикалық кеңеске мұқият әзірлену керек, онсыз дұрыс өтпейді. Баяндамашылар белгіленіп, оларға шешім жобасын жасау тапсырылады.
Озық тәжірибеден алынған әдістеме бойынша педагогикалық кеңес былай өткізіледі: мектептің жалпы жоспары бойынша баяндамаға жауап беретін адамдар бөлінеді, басқа дайындық жұмыстары әкімшілік директоры мен оның орынбасарларының басшылығымен жүреді. Әкімшілік 1-2 ай бұрын баяндаманың негізгі мазмұны – теориялық негіз, жиналған нақты материалдардың қандай әдістермен алынғандығы туралы сөйлеседі. Баяндамашыға нені оқу керек, тақырыпқа сай жұмыстармен танысу, тәрбиелік іс-шараларға қатысу, сабақтарға, мәжілістерге қатысу жоспарларын жасау керектігі туралы айтылады.
Педагогикалық кеңесті әзірлеуге мектептің жекелеген қызметкерлері, кей әдістемелік бірлестіктер қатысады. Олар мұғалімдердің жұмысын зерттеп, оқу процесінің күшті және әлсіз жақтарын педагогикалық тұрғыдан талдайды. Шағын көрме ұйымдастырып, әдебиеттердің тізімін ілуге болады. Сонымен теориялық жағынан негізделген материалдарды уақытында табу, тәжірибеден жақсы мысалдар алу, жақсы үлгілерді тәжірибеге енгізу тәсілдерін ұсыну педагогикалық кеңестің жақсы өтуін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық кеңесті өткізу. Педагогикалық кеңесте түрлі пікірлер тыңдалып, мұғалімдерді толғандырып жүрген мәселелердің бәрі талқыланып, оларды шешу жолдарын белгілеу керек. Ұжым мәжілістерді, соның ішінде педагогикалық кеңесті өткізу ережесін келісіп алу керек. Ол ережелер: нақты регламент (уақытында бастау), педагогикалық кеңес уақытын 3 сағаттан асырмау, баяндамашылар мен сөз сөйлеушілерге белгілі бір уақыт бөлу, мәселелердің бәрін сабырлықпен, іскерлік жағдайда талқылау. Барлық сөйлеушілер көтеретін мәселені, құбылысты талдап, оны шешудің нақты жолдары туралы ұсыныстар айту керек.
Мектеп директоры педагогикалық кеңесті бастарда осы ережелерді еске салып, оны қатаң сақтауды талап етеді.
Көп нәрсе директордың талқылауды басқара білуіне, әдептілігіне, көңіл-күйіне, ескертулерінің нақтылығына, сын-ескертулерге дұрыс жауап беруіне байланысты. Директордың беделінің, тапқырлығының, талқыланатын мәселенің мазмұнын терең білуі, мұғалімдерді жақсы білуі, өзін-өзі ұстай білуінің дс маңызы зор. Педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау үшін істелетін жұмыстар, шешімдер алдын-ала әзірленіп, директор жанындағы отырыста талқыланады.
Оны жасарда талқылау қорытындылары, мұғалімдердің пікірлері ескеріледі. Мұндай шешімде талқыланған тақырыптың теориялық негізі баяндалады. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі алдында тұрған міндеттер нақты тұжырымдалады, осы мімдеттерді шешудің кейбір әдістері және тәсілдері, жауапты адамдар, мерзімі көрсетіледі. Педагогикалық кеңестің шешімі хаттамаға жазылып, мұғалімдер оқу үшін мұғалімдер бөлмесіне ілінеді. Шешімде оның орындалу барысын қадағалайтыны туралы айтылады. Бақылау нәтижелері жұмыс барысында талқыланып, ол туралы келесі педагогикалық кеңесте айтылады. Подагогикалық кеңес шешімін орындаудың мәні неде? Ең алдымен мектептің барлық мұғалімдері педагогикалық кеңесте көтерілетін мәселелерді шешуге қатысу керек. Мектеп басшылары педагогикалық кеңес шешімін практикада іске асыру жолдарын көрсетіп, ұстаздар қауымына көмек беріп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет