Мектеп директоры Байбосинов Б. А



Дата19.03.2022
өлшемі15,6 Kb.
#136183
Байланысты:
мінездемеееееее
zts 7, кұнделік

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Физика-техникалық факультеті «Физика білім беру» мамандығының IV курс студенті Үшкен Ақжарқын Спандиярқызына

МІНЕЗДЕМЕ
Үшкен Ақжарқын Спандиярқызы – Ғани Муратбаев атындағы"№23 жалпы білім беретін орта мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 3 қаңтар мен 12 ақпан аралығында педагогикалық тəжірибеден өтті. Ақжарқын педагогикалық тәжірибе кезінде мектептегі өзіне бекітілген сыныптарға күнтізбелік жоспарға сәйкес Физика пәнінен тұрақты сабақ берумен қатар, өзіне бекітілген 8 «а» сыныбына сынып жетекшілік міндетін атқарды.
Педагогикалық тəжірибеден өту кезінде Үшкен Ақжарқын өзін жақсы жағынан көрсете білді. Тəжірибенің алғашқы күнінен бастап оқушылармен танысып, тез тіл табысып, оларды өзінің мəдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен əрбір оқушыны өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Өзіне жүктелген міндетке үлкен жауапкершіліпен қарап, күнделікті сабағына тиянақтылықпен дайындалып келді. Тәжірибе кезінде сабақта тек оқулық көлемімен шектеліп қалмай, қосымша көрнекіліктермен, қызықты ойындармен өткізе білді. Сабақ жүргізуде, түсіндіруде оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын оята білді. Сабақта әр тақырыпқа байланысты көрнекіліктер пайдаланып, сыныптың сабаққа көбінің қатысуы, топпен жұмыс істеуі, уақытты бөліп үйренгенін көрсете білді. Берілген жұмысты уақытылы жəне сапалы орындай білді. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым – қатынаста болды. Үшкен Ақжарқын тəжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыса алды. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Үшкен Ақжарқын болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азаматша болатынына сенеміз жəне педагогикалық тəжірибені «өте жақсы» деп бағалаймыз.
Мектеп директоры__________________ Байбосинов Б.А.
Физика пән мұғалімі________________________Джумабеков Б.
8 «А» сынып жетекшісі______________________ Салыбекова А.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет