Әңгiмелеу (сұхбат).Аңыз әңгіме: құндылықты ашу
Орта «иісі»
Баяғыда бір кісі моншаға барыпты. Оған досы емдік қасиеті бар саз балшық сыйға тартыпты. Ол әлгі саздан сондай бір әдемі жұпардың иісін байқап, таңғалыпты.
– Бұл не қылған иіс? – деп сұраса, досы:
– Білмеймін, – депті.
Саздың өзінен сұраса ол да: «білмеймін, – депті: – әйтсе де, мен бір раушан гүлінің түбінде жатқан балшық едім, сол раушанның жұпар иісі сіңген болар, сол раушанға тамған тамшылар маған тырс-тырс таматын. Содан шығар», – депті.
Кім қандай ортада жүрсе, ол сол қасиеттерді өзіне сіңіріп алады
|
|