Мектеп математикасын оңай әрі жеңіл түсіндіретін заманауи бағдарламалар



бет1/4
Дата01.02.2023
өлшемі25,59 Kb.
#167086
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
ғылыми мақала Айтөре
Оқуға құштар мектеп 1-жартыжылдықтың есебі, Презентация Технология пәнін оқытуда интерактивті тәсілдерді қолдану.
    Бұл бет үшін навигация:
  • Түйін

ӘОЖ 51-7


МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫН ОҢАЙ ӘРІ ЖЕҢІЛ ТҮСІНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ БАҒДАРЛАМАЛАР.

тех. ғыл. докторы, проф. Б. Кенжегулов,


7М01503 мамандығының магистранты А. Еділбай, Әнуарбек Ә
Х. Досмұхамедов ат. Атырау университеті, Атырау қ.
a.edilbay@asu.edu.kz


Аннотация: Біз видеороликтер арқылы оқушыларға сабақты қызықты түрде түсіндіре аламыз. 2 өлшемді сызбаларды тақтада түсіндіруге болады, бірақ 3 өлшемді сызбаларды түсіндіру мұғалімге қиын соғаты анық. Әрі оқушыларда кеңістік ұғымын енгізу кез келген мұғалімге қиын соғатынын көріп жүрміз. Бұл мәселені шешуге жаңа ақпараттық технологиялар бізге көмектесетін болады.


Түйін сөздер: Bilimland, Мультимедиа, GeoGebra, интерактивті тақта


Мультимедиа-компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.
Bilimland – бағдарламасы оқушылар мен мұғалімдерге арналған таптырмас сайттардың бірі. Біз бұл бағдарлама арқылы қандай жетістіктерге жетеміз білесіз бе?
Мектеп прогроммасына арнайы жасалған 20000-ға жуық мультимедиялық сабаққа жол ашып сабақты жеңілдетеді.
Мұғалімдерге арналған көптеген видео мен көрнекі құрал ұсынады. 3 тілде яғни қазақ, ағылшын, орыс тілінде жұмыс істейді.
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша әлемдегі ең озық виртуалды бағдарламаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Өзіңізге ыңғайлы әрі жеңіл жерде және ыңғайлы уақытта оқуға жағдай жасайды.
Оқу мен жаңа ақпараттық технологияларды тиімді ұштастырады.
Арнайы көмекке зәру, кеміс, мүгедек оқушылардың сапалы білім алуына жол ашып көмектеседі.
Баршаға сапалы білім алуға бірдей жағдай жасайды.


GeoGebra - Математикалық бағдарламасы


GeoGebra-бұл тегін, білім берудің барлық деңгейлері үшін кросс- платформалы динамикалық математикалық бағдарлама. Құрамында геометрия, алгебра, кестелер, бағандар, статистика және арифметика секілді бөлімдері бар бағдарлама.


Сонымен қоса, бағдарламаның функциямен жұмыс жасау мүмкіндігі мол.
Бағдарламаны Маркус Хохенвартер Java тілінде жазған. 39 тілге аударылып, қазіргі уақытта белсенді дамып жатыр.
2013 жылдың маусым айында ресейлік ғылыми-әдістемелік журналдар тарихында алғаш рет еуропалық журналдың қазіргі заманғы білім беру арнайы шығарылымы шықты (European Journal of Contemporary Education, ISSN 2304- 9650), ол GeoGebra оқу процесін пайдалануға арналған болатын.
GeoGebra - бұл геометрия, алгебра, кестелерді, графиктерді, статистика және математикалық анализді бір ортаға әкелетін, білім берудің барлық деңгейіне арналған интерактивті компьютерлік бағдарлама. Сонымен қатар GeoGebra - миллиондаған қолданушылардан құрылған үлкен қарқынмен өсіп келе жатқан қауымдастық. GeoGebra - ғылым, технология, инженерия және математиканы (STEM) үйренуге арналған алдыңғы қатардағы интерактивті бағдарламаға айналды.
Кішігірім ақпарат
Интерактивті геометрия, алгебра және кестелер - барлығы да бір жерде Қолдануы түсінкті, мүмкіндіктері мол
Уеб-бет ретіндегі авторлық интерактивті оқыту материал жасауға мүмкіндік беретін құрал
Әлемдегі миллиондаған қолданушыларымызға арнайы көптеген тілге аударылған
Ашық кодты бағдарламалық қаптама бейкоммерциялық мақсатта қолдануға ашық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет