Мектеп математикасын оңай әрі жеңіл түсіндіретін заманауи бағдарламалар


Bilimland пен GeoGebra бағдарламаларын қолданудың артықшылықтары



бет2/4
Дата01.02.2023
өлшемі25,59 Kb.
#167086
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ғылыми мақала Айтөре
Оқуға құштар мектеп 1-жартыжылдықтың есебі, Презентация Технология пәнін оқытуда интерактивті тәсілдерді қолдану.

Bilimland пен GeoGebra бағдарламаларын қолданудың артықшылықтары




Bilimland бағдарламасы

Курстың сипаттамасы


Математиканы оқытуға арналған бірегей интерактивті кешен халықаралық методист ғалымдарының, алдыңғы қатарлы пән мамандарының, ұстаздардың, бағдарламалаушылар мен аниматорлардың ұжымымен жасалған. Кешен мектеп бағдарламасындағы математика пәнінің 5 пен 11 сыныптар арасындағы курсын қамтиды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған.
Курстың негізіне білім беру контентін жасаумен айналысатын Европаның алдыңғы қатарлы компаниясының материалдары алындыжәне курс мектеп бағдарламасына қойылатын халықаралық стандартына сәйкес дайындалған.

Курстың міндеттері


  • ұстаздарға сабақтарын қызықты әрі тиімді етуге көмектесу;

  • оқушыға ыңғайлы әрі заманауи құралдардың көмегімен пәнді өз бетімен оқуға мүмкіндік жасау;

  • математиканы үйде және мектепте оқыту мақсатында (инфо- коммуникативті технологиялар) құралдарын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау (интерактивті тақта, проектор, компьютер, портативті және планшетті құралдардың, смартфондардың көмегімен интернет арқылы немесе локалды түрде қолжетімді математика курсы);

Курстың артықшылықтары


Көптілді білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес кешен казақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды. Ағылшын тіліндегі курстың нұсқасы халықаралық бағдарламасына бағытталып жасалған және талапкерлерге халықаралық тестерге дайындалуға және ағылшынтілді оқу орындарына түсуге көмектеседі.
Оқу контентін жасауға арналған алдыңғы қатарлы платформа негізінде жасалған кешен жоғары деңгейлі интерактивтілігімен ерекшеленеді және барлық үлгідегі құрылғылар мен операциялық жүйелерде жұмыс істейді.
Курс анимациялық презентациялардың, видеороликтер мен видео түсіндірмелердің, мультимедиалық слайд-шоулардың, интерактивті жаттығулардың, үш өлшемді моделдердің, диаграммалардың, схемалардың, иллюстрациялардың, математикалық симуляторлар мен тренажерлардың комбинациясынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет