«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет19/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30


Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Шығармашылық» білім беру саласы

Сурет салу






Мазмұны


Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекеттің көлемі

1

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Бақтағы піскен алмалар» (түрлі түсті қарындаштар)

Мақсаты: Пішіні дөңгелек заттардың суретін салу және пішінін ескере отырып, қарындашпен бояу дағдыларын бекіту.

1

2

Ойластырып сурет салу

Тақырыбы: «Күзгі сурет» (Шөп арасындағы саңырауқұлақтар)

Мақсаты: Бір суретте бірнеше заттардың суретін салып, оларды ортақ мазмұнмен біріктіру дағдысын тудыру.

1

3

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Табаны безендіру» (қазақтың өрнегі)

Мақсаты: Қазақ халқының өрнегін (толқын, нүкте) элементтерін шеңберде бір қалыпта орналастырып салуға үйрету.

1

4

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Апелсиндер мен лимондар»

Мақсаты: Пішіні дөңгелек және сопақ, көлемдері әр түрлі заттардың суретін салу және оларды бейнелеу үшін түстерді таңдау дағдысын бекіту.

1

5

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Үлкен және кішкентай сәбіздер»

Мақсаты: Пішіні сопақ заттардың суретін қағаз парағының барлық бетінде орналастыруға және заттың негізгі түсін, көлеміндегі айырмашылығын бейнелеуге үйрету.

1

6

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Мерекелік от шашу»

Мақсаты: Қоғамдық оқиғалардың (отшату жарығы) айқын бейнелерін құру үшін түстерді үйлестіріп қолдануға үйрету.

1

7

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Қазақ өрнегінің элементтерін салу» (жолақтың ішінде)

Мақсаты: Қазақ өрнегінің элементтерін жолақ ішіне бір қалыппен тізбектеп салуға үйрету.

1

8

Ойластырып сурет салу

Тақырыбы: «Қалағанымды саламын»

Мақсаты: Балаларды қоршаған өмірден алған әсерлерін бейнелеуге, суреттің мазмұнына сәйкес әр түрлі заттарды бейнелеулерін мадақдау.

1

9

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Арба»

Мақсаты: Пішіні домалақ және төрбұрышты заттардың суретін сауға, олардың құрылымын және негізгі бөлімдері мен бөлшектерін сипаттауға үйретуді жалғастыру.

1

10

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Алтын күз» И. Левитанның «Алтын күз» суретін қарау

Мақсаты: Көркем туындыны эмоционалды қабылдауға үйрету; ағаштың, оқпанның, жіңішке бұтақтардың суреттерін салып, техникалық дағдыларын бекіту.

1

11

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Сырмақты безендіреміз» (киіздің шетіне қазақ өрнегін салу)

Мақсаты: Балаларды жолақтың шетінде қазақ оюдың элементтерінің қарапайым өрнегін құруға үйрету, түстерді қабылдауды дамыту.


1

12

Ойластырып сурет салу

Тақырыбы: «Қай заттың пішіні шаршы болады?»

Мақсаты: Өз суретінің тақырыбын таңдауға үйрету, ойға алған аяғына дейін жеткізу, шығармашылық қабілеттерін, қиялды дамыту.

1

13

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Күрделі заттардың суретін салғанда бөліктердің орналасуын және олардың көлемі бойынша ара қатынасын көрсете білуді қалыптастыру.

1

14

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Балықтар аквариумда жүзеді»

Мақсаты: Пішіні бірдей, бірақ пропоцияларында айырмашылықтары бар әр түрлі балықтардың ерекшеліктерін көрсетуге үйрету.

1

15

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Орамалды безендіру» (шаршы ішіндегі өрнек)

Мақсаты: Қазақ халқының өрнегін орамалдың түсіне сәйкес бояуларды іріктеп, ерекшелеуге үйрету.

1

16

Ойластырып сурет салу

Тақырыбы: «Түрлі түсті үшбұрыштар»

Мақсаты: Қарындашқа біркелкі басып, суретті қарындашты қағаздан алмай бояуға (әрі-бері қарай), ал қылқаламмен бір жаққа қарай пішіннің сыртына шықпауға үйрету.

1

17

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Ақшақар»

Мақсаты: Ақшақарды тонда (тоның етегі кеңейген, қолдары ыйығынан) суреттеуге үйрету.

1

18

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Кішкентай шырша тоңып қалды қыста»

Мақсаты: Балаларды суретте оңай сюжетті, бастысын көрсетіп, көрсетуге үйрету, бейнелік қабылдауды дамыту.


1

19

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Торсықты әшекейлеу» (тікбұрыштағы ою)

Мақсаты: Тұрмыс заттарын көргенде балалардың бойында Қазақстан халықтарының бейнелеу өнеріне қызығушылықты тәрбиелеу. Тікбұрышта белгіленген бір қалыпта оюдың элементтерін орналастырып, өрнек құруға үйрету.

1

20

Ойластырып сурет салу

Тақырыбы: «Күн сәулелері» (жылы түстердің реңктер, жарқылдар)

Мақсаты: Балалардың сурет салу үшін түстердің жылы реңктерін таңдауға қажеттіліктерін қалыптастыру.

1

21

Заттың суретін салу

Тақырыбы: «Әдемі құс»

Мақсаты: Құстың суртін салып, денесінің пішінін (сопақ), бөліктерін, әсем қауырсындануын көрсетуге үйрету.

1

22

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Біздің әсемпаз шырша»

Мақсаты: Суретте жаңа жылдық шырша бейнесін көрсетіп, оны астыңғы жағында бұтақтарын ұзартылатып салуға үйрету.

1

23

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Тақияны әшекейлеу» (қазақтың өрнегі - шеңберде )

Мақсаты: Балалардың түстерді, комозицияны сезуді дамыту, шеңберде өздігінен (ортасына және шеттерінде) оюдың элементтерін орналастыруға үйрету.

1

24

Ойластырып сурет салу

Тақырыбы: «Не домалақ пішінді болады?»

Мақсаты: Шығармашылық өзінділікті және қиялды дамытып, дөңгелек пішінді заттардың суретін салу дағдысын бекіту.

1

25

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Аппақ қоян отыр»

Мақсаты: Жануарлардың суретін, тұлғасының горизонталды қалпын және денесінің мүшелерінің құрылымын көрсетіп, салуға үйрету.

1

26

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Қысқы пейзаж»

Мақсаты: Балаларды суреттерінде оңай сюжетті көрсетуге үйрету, бейнелік қабылдауды дамыту.

1

27

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Камзолды әшекейлеу»

Мақсаты: Қазақ халқының тұрмыстық және мерекелік киімдерді қарағанда, олардың ерекшеліктерін, оюдың элементтерін байқауға және қылқаламмен көркем сурет салудың тәсілдерін бекіту.

1

28

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Үй»

Мақсаты: Балаларға үлкен үйдің, қабырғаларының тікбұрышты пішінін, терезелердің қатарын көрсетіп, суретін салуға үйрету.

1

29

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Меркеге қарсы безендірілген үй»

Мақсаты: Үйдің суретін салып, оны жалаулармен, түсті оттармен безендіру дағдысын бекіту, түске түс қосып бояу тәсілі арқылы сурет салуда жаттықтыру.

1

30

Ойластырып сурет салу

Тақырыбы: «Сурет салып, анама сыйлаймын»

Мақсаты: Балаларды өзінің суреттерінің мазмұнын ойлауға, бейнелеудің қажетті тәсілдерін еске түсіруге үйрету.

1

31

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Мысық»

Мақсаты: Төрт аяқты жануарды салуға үйрету, тұлғасыны горизонталды қалыпын және құрылымын дұрыс көрсетуге үйрету.

1

32



Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Шөптегі бақбақ»

Мақсаты: Балалардың эстетикалық қабылдауын дамыту, болмыстың құбылыстарын әр түрлі тәсілдермен көрсету.

1

33

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Сәукелені әшекейлеу» (конус тәрізді қалыңдықтың бағалы тастармен безендірілген бас киімі)

Мақсаты: Таныс қазақ өрнегінің элементтерінен өздігінен оюды құру дағдысын бекіту.

1

34

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Алтын айдарлы әтеш»

Мақсаты: Балаларды суреттерінде сүйікті ертегі кейіпкерінің бейнесін құруға үйрету: денесінің пішінін, басын және басқа оған тән ерекшеліктерін көрсету.

1

35

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Гүлденген алма ағаштар»

Мақсаты: Балаларға суреттерінде көктемнен алған әсерін бейнелеуге, суретінің мазмұнын өздігінен анықтап, ұжымдық композицияны құруға үйрету.




36

Ойластырып сурет салу

Тақырыбы: «Сүйікті ойыншық»

Мақсаты: Балаларды сүйікті ойыншығының бейнесін құруға үйретіп, пішінін, бөліктерінің орналасуын, олардың салыстырмалы шамасын көрсету дағдысын бекіту.

1




Барлығы:

36



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет