«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет30/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- тақпақтардың мазмұнын;

- «бір», «көп» түсініктері.

Нені игереді:

- өлең жолдары мен ойын қимылдары арасындағы байланыс, ойыншықтар мен заттардың «бір», «көп» болатыны туралы ұғымдар.

Нені біледі:

- тақпақтарды әсерлі сезіну, заттардың тобынан бір затты бөліп алу, заттардың тобын құру.

Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
«Таным» білім беру саласы

Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ»

Мақсаты: балаларда табиғаттағы қарапайым байланыстар туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: күз - осень


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға қонаққа Орманшы атай келеді.


Орманшы атайдың келгеніне балалар қуанады, онымен қарым-қатынас жасауда белсенділік қөрсетеді.

Ұйымдастыру-іздестіру

«Шырша жыры».

Ағаштар туралы жұмбақтар.

Ағаштар туралы суреттер көрсету.

Ағаштар туралы тәрбиешінің әңгімелері.

Қайың мен шыршаның суреттерін көрсету.

Музыка әуені қосылады.

Қол ұстасып шеңбер құрып, ән айту.

«Күзгі жапырақтар», «Ұқсас жапырақты тап» ойындарын ойнайды.

Күзгі жапырақтар тізбегін жинайды.
Балаларға арналған кітаптардан суреттер қарайды

Е. Өтетілеуовтің «Күз жомарт» әнін тыңдау.

Ж. Қалжанованың «Күз келгенде» әнін айту.

Рефлексивті – түзетушілік

Орманшы атай балалармен қоштасады.

Балалардың ойын кейіпкерлерімен қоштасуы, әсерлі сезімдерін білдіруі.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- айналадағы ағаштар: шырша, үйеңкі, қайың, шетен, терек; ағаштардың ерекшеліктері: діңі, бұтағы, жапырақтары, тікенектері.

Нені игереді:

- күз құбылыстары туралы түсінік: жапырақтардың түсуі, күннің салқындауы.

Нені біледі:

- ағаштарды жапырақтарына және түсіне қарай ажырату.


Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту
Тақырыбы: «Әжем қонаққа келді» (Әжеге шай беру)

Мақсаты: балаларда шайға арналған ыдыстар, олардың неге арналғандығы жөніндегі білімдерін қалыптастыру;

Қостілділік компонент: әже -бабушка

шай -чай

ыдыс – посуда


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ермектің әжесі бүгін қонаққа келетінін хабарлау.


Балалар әжеге шай беру ниеттері мен дайындыққа қызығушылықта

рын білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

«Шай дастарханын жаямыз» ойынын ұйымдастыру.

«Жаңа сөз ойлап тап» ойын- жаттығуы.


«Әжем қонаққа келді» ғажайып сәті.

«Қайнаған шайнектің дыбысы»

ойын-жаттығуы.

«Шәй демдейміз» ойынын ұйымдастыру.

Шайға арналған ыдыстарды, олардың бөліктерін атай отырып, дастархан дайындайды.

Жұрнақтар жалғау арқылы жаңа сөз жасайды. Мысалы: шай+нек=шайнек, сүт құй+ғыш=сүт құйғыш.

Балалар әженің келгеніне қуанып, онымен сәлемдесіп, дастархан басына шақырады (мәдениеттілік пен әдеп).

Шайнектің қайнаған дыбысына салып, уілдейді (у-у-у).

Шайнекке шай салып, қайнаған, ыстық су құйып, шай демдейді. Сосын оған сүт, қант қосады. Әжеге ұсынады.

Рефлексивті – түзетушілік

Әжемен, балалармен және тәрбиешімен бірге шай ішуді ұйымдастыру.

Балалар шай ішіп, әжеге құрмет көрсетеді, бәрінің көңілі көтеріңкі.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- шайға арналған ыдыс-аяқтар мен олардың бөліктерін біледі, аттарын атайды. Қызметі мен қолданылуын біледі. Қонақ қабылдау әдебі.

Нені игереді:

- жұрнақтардың көмегімен сөзден сөз тудыру: шайнек, құйғыш.

Нені біледі:

- қонақасы мен шай демдеу кезеңдерін атап, даярлау және көрсету;

- ойын жағдайына айналдыру (құманға шай салып, үстінен ыстық су құю, шайға сүт немесе қаймақ қосып, қонақтарға ұсыну); «У» дыбысын бір деммен ұзақ әрі бірқалыпты айту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет