«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет15/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Таным» білім беру саласы

Қоршаған ортамен таныстыру






Мазмұны


Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: «Киіз үйде әжеге қонаққа келу»

Мақсаты: Қазақтың үйі – киіз үймен таныстыруды жалғастыру. Қазір адамдар әртүрлі үйлерде тұратынын, ал бұрын олар ыңғайлы, жиналмалы, жылы қазақтың киіз үйінде тұрғаны туралы түсінігін жалпылау. Киіз үй жиналмалы, сондықтан оны жаңа орынға көшіріп апарып, сонда тез құруға болады. Киіз үйді қазақ халқының дәстүріне байланысты жинауын көрсету. Балаларды қазақ халқының ұлттық киімімен таныстыру. Қазақстанның халықтық қолданбалы өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу. Заттарға деген қамқорлық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, киімдерді күту және сақтау ережелерімен таныстыру.

1



2

Тақырыбы: Бау-бақшада (дидактикалық ойын)

Мақсаты: Көкөністер мен жемістер туралы түсінігін кеңейту: атауларын, сипаттық қасиеттерін, дәмдік қасиеттерін, тағамда қолдану әдістерін білу. Адам баласының өмірінде көкөністер мен жемістердің дәрумендері, қоректену өнімі ретінде ұымына түсінік беру. «Өнім, ақша – теңге, бағасы - тұрады» ұғымын енгізу.

1

3

Тақырыбы: Мен өмір сүретін қала (саяхат)

Мақсаты: Туған қала, оның ғимараттары, ескерткіштері (балабақша орналасқан көше атауы, демалыс және сауық көтеретін орын: мәдениет орталықтары, құрылыс салулары: ғимараттар, фонтандар, ескерткіштер) туралы білімін жалпылау. Қала адамдар үшін құрылған, ересектер жұмысқа, ал балалар балабақшаға, мектепке баратыны туралы түсінігін кеңейту. Туған қалаға деген махаббат, патриоттық, ересектерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

1

4

Тақырыбы: «Сумен ойнаймыз»

(ойындық және ізденушілік іс- әрекеттер)

Мақсаты: Судың қасиеттерімен танысу. Балаларға сумен тәжірибелік жұмыс жасауға ұсыныс жасау: су ыдысқа құйылып, оның пішінін алады, оны бояуға, тұзды, қышқыл, тәтті дәмдерін беруге болады.

Себеп-салдарлық қарапайым байланыс орната білуін дамыту. «Сиқырлы губка» жаттығу ойыны. Тәжірибе нәтижесін байқау үшін балаларды дербес жұмыс істеуге ынталандыру.

1



5

Тақырыбы: Халық ойыншықтары (ойын, ойыншықтарды қарау)

Мақсаты: Балаларды халық ойыншықтарымен таныстыруды жалғастыру, олардың материалдарының түрлілігі (ағаштан, саздан) туралы білімді қалыптастыру. Халық ойыншығына деген махаббатты, қамқорлық қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу. Заттар тобын (ойыншықтар) білдіретін жалпы ұғымдарды меңгеру.


1

6

Тақырыбы: Қазақстан үлкен және әртүрлі

(Қазақстан туралы бейнефильм, әңгімелесу)

Мақсаты: Қазақстан, қалаларының көптігі және әртүрлі табиғат аймақтары (орман және жазық дала, шөлдала, тау мен өзендер) туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстанның ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Өз Отанына деген махаббат пен қызығушылығын тәрбиелеу.

1



7

Тақырыбы: Пәндік лото (дидактикалық ойын).

Мақсаты: Балаларды заттардың неге арналуы бойынша топтастыруға үйрету. Жалпы ұғымдарды (ойыншық, киім, аяқ киім, ыдыс аяқ, жиһаз) бекіту. Заттар тобының жалпы ұғымдарын меңгеруге ынталандыру.

1

8

Тақырыбы: «Мен жалғыз болғанда»

(бейнетаспаны қарау, жағдаят келтіру)

Мақсаты: Балалардың тұрмыста қауіпсіздік мінез-құлықтарын дамыту (балабақшада және үйде қозғалыс ойындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, ересектердің рұқсатынсыз өткір заттарды, электрқұрылғыларды ұстауға, отпен ойнамауға, бөтен адамдарға есікті ашпауға, қайшымен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздігін сақтауға). Серуендеу кезінде мінез-құлық қауіпсіздіктерін сақтау ережелерін (бөтен адамдармен, қаңғыбас иттер мен мысықтармен кездескенде абай болу, серуен кезінде ересектерден алыстамауға, белгісіз саңырауқұлақтар мен жидектерді термеу) бекіту.

1

9

Тақырыбы: Металл мен ағаш қасиеттерімен танысу

(ізденушілік тәжірибелік іс-әрекет)

Мақсаты: Балаларды ағаш пен металдың қасиеттерімен (металл суық материал, ағаш жылы материал, металл ағашқа қарағанда берік және ауыр) таныстыру. Балаларға адамдар заттарды жасағанда осы материалдардың қасиеттерін қалай қолданатынын көрсету. Балаларға заттарды зерттеп, себеп-салдарлық байланыс орнатуға үйрету. Қоршаған заттарға деген қамқорлы қарым-қатынасты және еңбек адамдарына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

1

10

Тақырыбы: Қазақстанның рәміздері

(рәміздерді және бейнефильмдерді қарау)

Мақсаты: Балаларды республиканың туымен, елтаңбасымен, әнұранымен таныстыру. Мемлекеттік рәміздерді қайда қолданатынын және оларға қатысты қандай салттар орындалатынын көрсету. Отанға деген мақтаныш пен махаббат сезімдерін тәрбиелеу.

1

11


Тақырыбы: «Ұшамыз, жүземіз, барамыз» (дидактикалық ойын)

Мақсаты: Көліктің әртүрлі түрлерін ажыратуға, атауға үйретуді жалғастыру. Көліктердің ауа, су, жерасты топтарына бөлінетіні туралы түсінік беру. Машинаның құрылысы (машиналар жерде жүреді, тік ұшақтар ұшу, ал кемелер жүзу үшін) оның қолданыста қолданылуына байланысты екендігін айту. Көлік жұмысшыларының еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу.

1

12

Тақырыбы: «Шайға дастарқан дайындайық»

(дидактикалық ойын)

Мақсаты: Балалардың кіші, ас және асханалық ыдыстар туралы түсінігін кеңейту. Дастарқанды дайындау дағдыларын дамыту. Тілде шәйнек, сүт құйғыш, қант және кәмпит салғыш, тұз сауыты ыдыстарының атауын тілде айтуын белсендіру. Ыдыс-аяқ заттарына деген ұқыпты қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу, оны сақтау ережелерін ұстану. Жалпы ұғымдарды (ыдыс-аяқтар) меңгеруге ынталандыру.

1

13

Тақырыбы: «Кино көреміз»

(тәрбиешінің таңдауы бойынша танымдық сипатта фильм көру)

Мақсаты: Қолжетімді ақпаратты (көрген фильмнен) қабылдаудың қарапайым дағдыларын дамыту. Жаңа ақпарат көзі (Отан, мейрамдар, ойыншықтар және оларға деген қарым- қатыныс, баланың отбасы туралы және т.б.) ретінде фильмнің мазмұнына деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Әсерлерімен бөлісе білуін дамыту (не қызық болды, жаңа не білдік).

1

14

Тақырыбы: «Менің өлкем» (бейнефильм қарау, тәрбиешінің әңгімесі)

Мақсаты: Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы, оның назар аударарлық орындары туралы білім беру. Осы қалада Президент тұратыны, Қазақстанның Үкіметі орналасқаны туралы түсінігін кеңейту. Астанада түрлі ұлт өкілдері тұрады, балалар балабақшаға, мектепке, үлкендер жұмысқа барады. Өзінің республикасы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

1

15

Тақырыбы: «Қармен ойнаймыз»

(ойындық және ізденушілік іс-әрекет).

Мақсаты: Түрлі материалдармен таныстыру (қар түрлі болады, жылы ауа райында қар жабысқақ, қардан қар кесектерін, түрлі пішіндерді мүсіндеуге болады). Балаларға қармен тәжірибе жасауға ұсыныс жасау (егер қарды жылы жерге алып келсе, ол ериді, егер суды суыққа шығарса, ол қатып қалады). Қарапайым тәжірибе жасауға, қарапайым себеп-салдарлық байланыс орнатуға үйретуді жалғастыру. Тәжірибе нәтижесін көру үшін балаларды дербес әрекет етуге ынталандыру. Қарапайым тәжірибе жүргізуге деген қызығушылығын тәрбиелеу.

1

16

Тақырыбы: Біздің өміріміздегі машиналар

(жүргізушінің еңбегіне бақылау)

Мақсаты: Жүк көлігінің түрлерімен таныстыру (сүт, нан таситын жүк көліктері). Машинаның бөліктерін – рөл, кабина, дөңгелектерін көрсету. Адам өмірі мен еңбегін жеңілдету үшін көліктің мағынасын түсіне білуін дамыту. Жолдың бөліктері (жүргінші жол мен тротуар) ажырату мен атауға үйрету. Көшеде жүру ережелерімен таныстыруды жалғастыру.

1

17

Тақырыбы: Киім неден тігіледі?

(киім кешектерді қарау, матаның қасиеттерімен танысу)

Мақсаты: Киім тігетін матаның қасиеттері туралы білімдерін кеңейту (мата жұқа, қалық, ақ және түрлі-түсті болуы мүмкін).

Киімнің бөлшектерін (жең, жаға, қалталар) ажырату, атау және киімдерді маусымдар бойынша ажырата білуін үйрету. Киім заттарына ұқыпты қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу.

1

18

Тақырыбы: «Байланыс және қозғалыс құралдары»

(суреттерді қарау, әңгімелесу)

Мақсаты: Жеке және қоғамдық көлік, жүк көлігінің түрлерімен таныстыру, жүк көлігінің қорабы, түрлі жүктерді тасуға арналғаны туралы, машинаның құрылысы оның қолданысқа сай болуы мен жүктің сипатына (өзі төгетін машина, сүт таситын машина, фургон, пошталық және өрт сөндіру машиналары, жедел жәрдем машинасы) байланысты екенін айту. Адам өмірі мен еңбегін жеңілдету үшін көліктің мағынасын түсіне білуін дамыту.

1

19

Тақырыбы: Біз не үшін керекпіз (затты суреттерді қарау немесе бейнетаспаны көру, әңгімелесу).

Мақсаты: Тұрмыстық электртехника заттары - теледидармен, кір жуу машинасымен, қысқа толқынды пештермен таныстыру. Адам өмірі мен еңбегін жеңілдету үшін тұрмыстық техниканың мағынасын түсіну біліктілігін дамыту. Тұрмыс заттарына деген ұқыпты қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу.

1

20

Тақырыбы: Айгүлдің жаңа үйге көшуі (жиһаздарды алып келу)

(дидактикалық ойын)

Мақсаты: Балалардың жиһаз заттары туралы білімдерін кеңейту (ол неден жасалған, ол не үшін арналған). Кейбір заттардың жалпы бөлшектерін (арқасы, орындықтар, қорапшалар, есіктер, шынтақшаларды) бөлуге үйрету. Жиһазға деген ұқыпты қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу.

1

21

Тақырыбы: «Үнемді болуға үйренеміз

Мақсаты: Үй экономикасы туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру. Үй бюджеті туралы қарапайым түсініктер беру: ақша аламыз және оны жаратамыз. Адам еңбегімен жасалған қоршаған заттарға, ақшаға, табиғи ресурстарға (су) ұқыпты қарым-қатынас түсінігін талқылау. Адам еңбегімен жасалатын заттар: киім кешектер, аяқ киімдер, жиһаздар, ойыншықтар және т.б. қажетті және пайдалы екендігін түсіндіруге көмектесу.

1

22

Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін біл және орында»

(жол торабына саяхат)

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерімен таныстыруды жалғастыру, жолда қауіпсіз жүру дағдыларын дамыту. Торап, жүргінші жол, тротуар, жаяу жүрушілерге арналған өтулер, жол белгілері, бағдаршам түсініктерін бекіту. Жаяу жүргіншінің өзін-өзі ұстау мәдениетін тәрбиелеу.

1

23

Тақырыбы: «Біздің әскер»

(бейнефильм мен көрнекіліктерді қарау, тәрбиешінің әңгімесі)

Мақсаты: Әскер қатарындағылар Отанымызды қорғайтыны, әскерде танкистер, ұшқыштар, жаяу әскерлер, теңіз жаяу әскерлері бар екендігі туралы түсініктерін кеңейту. Әскер туралы түсініктерін кеңейту, әскер қызметі туралы алғашқы түсініктер беру; жауынгерлер мықты, епті болуы үшін жаттығады, нысананы дәлдеп атуды, қиындықтарды жеңуді үйренеді. Өзінің әскеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу және мықты әрі батыл жауынгерлерге ұқсау тілегін ояту.

1

24


Тақырыбы: «Бір отбасында» (көңіл көтеру)

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасында өмір сүретін түрлі халықтар туралы білімін кеңейту. Өзге ұлт адамдары, өзінің және өзге ұлттардың салттары мен дәстүрлері туралы білімін кеңейту. Қатарластарына қатысты достық сезімдерді тәрбиелеу. Халық өнеріне, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың мәдениетіне және әдеби кітаптарына қызығушылығын дамыту.

1

25


Тақырыбы: «Жеңіс күні»

(Жеңіс саябағына саяхат, бейнефильм көру, тәрбиешінің әңгімесі)

Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан Соғысы кезінде адамдардың ерлігі қалай бағаланғанын көрсету. Отанды қорғаған әскер туралы білімін кеңейту. ҰОС ардагерлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Өзінің әскеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу және мықты, әрі батыл жауынгерлерге ұқсау тілегін ояту.

1

26

Тақырыбы: «Үнемді болуға үйренеміз» (ойын жағдайларын ойнау)

Мақсаты: Үй экономикасы туралы көрінісін, отбасы бюджеті туралы түсінігін кеңейту: ақша аламыз, оны жаратамыз. «Өнім, ақша – теңге, бағасы - тұрады» ұғымын енгізу. Адам тілегі мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктерінің арасында өзара қатынас түсінігін тәрбиелеу. `

1

27

Тақырыбы: «Бағдаршамнан емтихан» (викторина)

Мақсаты: Балаларды жол бөлігі – сызық арқылы екі жолға бөлетін жүргінші жолымен, тротуармен таныстыруды жалғастыру. Балаларға бағдаршамның сары, қызыл, жасыл түстері нені білдіретінін және олардың мағынасын көрсетуді ұсыну. Жол белгілерін бекіту: «Жаяу жүргіншінің өту жолағы», «Медициналық көмек көрсету бөлімі». Жаяу жүргіншілерге арналған ережені еске түсіру (жүргіншілерге тек тротуармен жүреді, балалар жолды ересектіің сүйемелдеуімен ғана өтеді, жаяу жүргіншілер тек белгі бар жерден ғана жолдан өтеді, жаяу жүргіншілер бағдаршамның тек жасыл көзі жанғанда ғана жолдан өтеді). Көлік жолаушыларына арналған ережелерді қайталау (жолаушылар көлікті аялдамада күтеді, балалы жолаушылар көліктің алдыңғы жағынан кіруіне болады, көлікте әрбір жолаушы өзін сабырлы ұстап, өзге жолаушыларға кедергі келтірмеу керек).

1




Барлығы

27


Әдістемелік тәсілдер
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Шығармашылық — жеке адамның табиғи қасиеттері мен қабілеттіліктерін дамытудың мазмұнды ортасы. Шығармашылық - адамның өзін-өзі көрсетуге және іс-әрекетке, оның нәтижесіне қанағаттануға бағытталған адамның ішкі қажеттіліктерінен туындайтын іс-әрекет түрі.

Шығармашылық арқылы бала өзін қоршаған ортаны түсінуін, түйсінуін, эмоциясын, қарым-қатынасын білдіреді, орасан зор психикалық және эмоционалдық ләззат алады, жан-жақты және үйлесімді дамиды.

Шығармашылық — адам табиғатына тән іс-әрекет, өйткені шығармашылықта рухани қажеттіліктер қанағаттандырылып, құндылықтар жасалады. Шығармашылық процесінде адамзат баласы жасаған, сан ғасырлық тарихы бар көптеген рухани құндылықтар әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ (мысалы, Конфуций философиялық трактаттары, Рафаэль картиналары, Бетховен музыкасы және т.б.).

«Шығармашылық» білім беру саласындағы педагогикалық процесс, ең алдымен, балалар өздерінің және басқа халықтардың мәдениетін бағалауға, түсінуін қалыптастыруға, сонымен қатар шығармашылық өнерді қолдану біліктеріне бағытталған.

Сонымен қатар, педагогтер балаларға шығармашылық өнерді бағалап, түсінуге үйретулері тиіс.

Педагогтерге балалардың шығармашылық процесінің дамуын кеңінен байқауға мүмкіндік беретін жалпы әдістемелік жолдар ұсынылады:

- әртүрлі материалдарды (акварель, бор, коллаж материалы, қағаз және т.б.) күнделікті шығармашылықпен, көркем түрде қолдану мүмкіндіктерін қамтамасыз етіңіз;

- балаларды өз халқының және басқа да халықтардың мәдениетіне тән әртүрлі музыкалық әрекеттер жасауға тартыңыз;

- өз халқының және басқа да халықтар музыкасының тыңдату мүмкіндіктерімен, күнделікті музыкалық әрекеттер жасауға, музыкалық аспаптармен ойнау, ән салу және кітаптармен қамтамасыз ету;

- балалардың ұзақ мерзімді көркем жобаларының пайда болуына мүмкіндіктер туғызу;

- өз халқының және басқа да халықтар мәдениетінің негізінде (ән салу, би билеу, ән тыңдау, ойындар және т.б.) шығармашылық тәжірибелер жинақтауға балаларды қатыстыру.
Нәтижелі бейнелеу іс-әрекеті

(мүсіндеу, жапсыру, сурет салу)

Ересектер мен балалардың біріккен әрекеттері маңызды орын алатын жағдай құрып, тапсырмалармен қамтамасыз ету.

Көрмеге, мұражайға, жәрмеңкеге саяхат ұйымдастыру, қазақ халқының және басқа да халықтардың белгілі суретшілерінің шығармаларымен, кіші пішіндегі мүсіндермен, керамикалық және сазбалшықтан жасалған ыдыс-аяқтармен, металдан, теріден, киізден жасалған бұйымдармен таныстыру, олардың әдемілігін, мазмұнын, суреттегі және халықтық бұйымдағы жарқын түсті ойыншық бейнесін түсінуге үйрету. Өнер шығармаларына қызығушылығын арттыру.

Бейнелеу өнерімен таныстыруда көлемді объектілер бейнеленген иллюстрациялар мен картиналарды таңдаған дұрыс.

Балаларға кітаптар оқу және ондағы иллюстрацияларды қарау, мазмұнын түсінуге үйрету.

Өнер шығармаларынан алған әсерлері мен сезімдері жайлы әңгімелесу.

Балалар өздеріне қажетті материалдарды, ыңғайлы орынды таба білулері тиіс.

Дербес шығармашылыққа қызығушылықтарын арттырып, оларды жалықтырмау.

Қағаз, бояу, бор, сазбалшық, ермексаз, қамыр, құм, қар, табиғи және қалдық материалдарды қолдану арқылы балалардың шығармашылығына мүмкіндік туғызу.

Қылқалам, фломастер, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, сулық, қайшы сияқты түрлі құрал-жабдықтарды қолдануға жағдай жасау.

Мүсіндеу, жапсыру және сурет салу техникалық дағдыларын жетілдіруге және шығармашылығы мен қиялын дамыту үшін ересектер мен балалардың бірлесіп жұмыс істеу үлгісін әзірлеу.

Бейнелік ойыншықтарды, көркем сурет, мүсіндік объектілер, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер заттарын талқылай және көрсете отыра. Шығармашылықпен ойлауды дамыту.

Заттарды және олардың бөліктерін бейнелеуде мүсіндеу, жапсыру және сурет салу тәсілдерін өзгертуді және қолдануды көрсету.

Бейнелеу әрекетінде түрлі материалдарды (қағаз, бояу, ермексаз, сазбалшық, табиғи және қалдық материалдар) бірге қолдана отырып, шығармашылықтарын дамыту.

Ересектермен және балалармен бірлескен шығармашылық қызмет үлгісін әзірлеу, жеке жұмысты ұжымдық композициямен біріктіру.

Қазақстан халқы мәдениетінің қайнар көзімен таныстыру.

Бейнелеу іс-әрекеттерінде қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің сәндік-қолданбалы өнерінің мотивтерін қолданып, шығармашылыққа талпындыру.

Дөңгелекте, жолақшада, шаршыда және басқа да пішіндерде ою-өрнектерді құрастыруды таңдау барысында, өрнектерді орналастыруда шығармашылық танытуға мүмкіндіктер тудыру.

Суретшілердің жұмысын баспадан шығарған белгілер, суреттер және кітаптар арқылы көрсету.

Түрлі көркем материалдармен (бояу, бор, қарындаш және т.б.) эксперимент жасауына қолдау көрсету.

Басқа ұлт балаларының мәдениетімен бірлескен шығармашылық қызмет үлгісін әзірлеу.

Баланың шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын сұрақтар қою.

Балаға өз бетінше жобаны ойлап табуға және жасауға мүмкіндік беру.

Күнделікті түрлі көркем материалдарды (акварель, бояу, қағаз, қайшы, желім және т.б.) шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік туғызу.

Алғашқы кезде бейнелеуге арналған материалдарды және құрал-жабдықтарды таратып қоюға, жинауға көмектесу, оларға ұқыпты қарау үшін жууға үйрету.

Балалармен және ата-аналармен бірге балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру.

Балалардың едәуір сәтті шыққан барлық жұмыстарын (кімнің тақырыбы қызықты, жаңадан кім не ойлап тапты, кім бояуды әдемілеп үйлестірді) қарап, оларды атап өту.

Балалардың айтқан әңгімесін зейін қойып тыңдап, қызығушылық білдіру.

Баланың пікір таластыруға, сезімдерін білдіруге қажеттілігі бар екенін түсіну.
Музыка

Балаларды концертке, театрға апару.

Музыка мен театр өнеріндегі шығармалармен таныстыру, олардың мазмұны мен әсемдігін қабылдауға үйрету. Музыка-театр өнерінің шығармаларына деген қызығушылығын арттырып, қандай шығармалардың бала назарын аударғанын, не ұнағанын анықтау.

Ересектер мен балалардың бірлескен қызметі маңызды орын алатын жағдайлар құрып, тапсырмалар орындату.

Балаларды әртүрлі музыкалық әрекеттерге (ән салу, ән тыңдау, би билеу, музыкалық аспаптарда ойнау, қуыршақтар қойылымы) қатыстыру.

Түрлі музыкалық аспаптар мен музыкалық ойыншықтарда шығармашылық көрсету ұмтылысын қолдау.

Ересектермен және балалармен бірлескен әрекет үлгісін құру: ән салу, би билеу, сахнада және спектакльде ойнау.

Шулы оркестрде, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауға қатыстыру.

Ересектердің домбырада, аккордеонда, металлофонда, ксилофонда, т.б. түрлі музыкалық және шулы аспаптарда ойнауын тыңдауға талаптандыру.

Румбада, тарелкеде, үшбұрыштарда қарапайым ырғақты өз бетінше орындау ниеттерін мадақтау.

Өз бетінше шығармашылық музыкалық іс-әрекеттер жасау үшін концерттерге, театрдағы қойылымға қатысуға және балаларға таныс ертегілер мен өлеңдердің мазмұны бойынша сахналауға, сахнада микрофон қолдануға жағдай жасау.

Құрбы-құрдастарының музыкалық іс-әрекеттерін, билерін бақылауы, олардың қимылдарына еліктеп, байқап көру шығармашылық әрекеттеріне талпындыру.

Түрлі жанрдағы және халықтардың музыкасын тыңдау және оларға тән сипаттаманы талқылау.

Балалар композиторларын, халық музыкасын, бағдарламалық шығармалардың аттары мен олардың авторларын білу және атауға үйрету.

Балалармен бірге әр халықтың мәдениеті мен өнері, өмір сүрген дәуірі жайлы айтылған бейнефильмдер мен фильмдер қарау.

Ата-аналар мен балабақша қызметкерлерін балалармен бірге музыкалық шығармашылық әрекеттерге қатысуға жұмылдыру.

Дербес музыкалық әрекетті ынталандыратын заттық орта құру. Оны балалардың музыкалық және шулы, соқпалы аспаптарымен, музыкалық ойыншықтармен, суреттермен, түрлі атрибуттармен (ленталар, орамалдар, халық ертегілері кейіпкерлерінің бас киімдері) жабдықтау. Сонымен қатар, бұл ортаны костюмдердің элементтері мен түрлі театр қуыршақтарымен (көлеңке, саусақ, үстел үсті және т.б.) толықтыру.

Әдеп сақтап, көмек көрсетіп, ойын тәсілдерін естеріне түсіріп, көрсетіп, бидегі, әндегі кейбір олқылықтарды жөндеп, музыкалық іс-әрекетке қатыстыру.

Енжар, селқос балаларды белсенді іс-әрекетке тарту.

Әдемі киімді, түрлі театр қуыршақтарын, декорация элементтерін қолдану кезінде еркін шығармашылық танытуға мүмкіндік беру.

Қазақ халқы мәдениетіне тән бұйымдарды белгілі бір халықтың мәдениетінен ееркшелейтін ұлттық киімдер мен тұрмыстық заттарды пайдалану барысында өз еркімен шығармашылық танытуға мүмкіндік беру.

Балалардан мерекелерде қандай би, ойын, қуыршақ театры ұнағандарын сұрау. Содан кейін мерекеде немесе қуыршақ театрында ойындар ұйымдастыру, концерт қою.

Алғашқы кезде музыкалық әрекеттерге арналған материалдарды және құрал-жабдықтарды таңдап алуға көмектесу, орнына жинауға үйрету.

Ересектермен және балалармен бірлескен әрекеттердің (ән салу, ойын, би билеу, сахнада және спектакльде ойнау) нәтижесіне байланысты сезімін білдіруге мүмкіндік туғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет