Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ОҚу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ



бет109/109
Дата29.05.2020
өлшемі173,9 Kb.
#71540
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109
Байланысты:
орт топ перспектива
орт топ перспектива, орт топ перспектива
Сөйлеуді дамыту

Тақырып: Жайлау көркі

Мақсаты. Хабарлы сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құрастыру. Жаз мезгіліне байланысты өлең оқу.

Дид.ойын « Сөзге сөз қос»


Драма

Тақырып. Біздің көңіл – күйіміз

Мақсаты. Өзінің қимылын серіктесінің қимылымен үйлестіріп, сахнада бағдарлау біліктілігін жетілдіру.

Дид.ойын «Кемпірқосақ жинастыр»




ҚМҰҚ

Тақырып. Саяхатқа дайындаламыз

Мақсаты. Заттарды қалыңдығы бойынша өсу және кему ретімен (ең жуан, жуан, жіңішке, ең жіңішке және керісінше) орналастыру біліктерін дамыту. 5 шамасында сандар. Заттар тобын салыстыру, теңдік және теңсіздікті орнату.

Дид.ойын «Қандай пішінді көріп тұрсың?»


Жаратылыстану

Тақырып:Табиғат  байлықтары  (білім сайысын өткізу)

Мақсаты. Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп , меңгерту,танымдық қабілетін арттыру; есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой –өрісін кеңейту.Табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру, эстетикалық;сезімдеріне баулу.

Дид-қ ойын: «Жаздағы түстер»





Сурет салу

Тақырып: Көңілді жаз

Мақсаты. Жаз мезгілінің ерекшелігіне тән белгілерді ажырата білуге үйрету. Жыл мезгілінің қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту. Жыл бойындағы жұмыстарының нәтижесіне баға беру, өз ойларынан сурет салуда белсенділігін арттыру.

Дид.ойын «Бұл қай мезгіл?»



Мүсіндеу

Тақырып: Гүлзардағы гүлдер

Мақсаты. Ойдан құрастырып мүсіндеу. Алған білімдерін қолдана білуге үйрету.

Дид.ойын «Аппақ гүлдер, ақ гүлдер»



Музыка

Тақырып: Көңілді жаз

Мақсаты. Орындаушылық мәдениетін, шығармашылыққа қызығушылықты, сахнада орындау талаптарын дамытуды жалғастыру. Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын жетілдіру. Меңгерген дағдыларын бекіту.

Ойын «Көліңке»





Экология негіздері

Тақырып: Жаз келді

Мақсаты. Жаз мезгілдегі ерекшеліктерімен таныстыру. Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесімен таныстыруды және балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға ынталандыруды жалғастыру.

Дид.ойын « Көбелек гүлге қонды»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет