«Мектепке дейінгі ұйымды басқарудың жаңа тәсілдері»



Дата04.08.2017
өлшемі50,36 Kb.
#22601
«Мектепке дейінгі ұйымды басқарудың жаңа тәсілдері»

(аудандық семинарға баяндама)
«Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар.

Мұғалім оларға қалай білім берсе,

Қазақстан сол деңгейде болады.

Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»



Н.Ә.Назарбаев

Заманауи білім беруді - инновациялық тұрғысынан қарастыру үшін бәсекелестік жағдайда барлық оқыту – тәрбиелеу ұйымдарының үздіксіз дамуы мен қызметін жоғары дәрежеде жетілдіру қажеттігі артып отыр. Қоғам сұраныстарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңаша бағытта уақыт талаптарына сай құру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр .

Жалпы Бейнеу бөбекжайының негізі 1998 жылы қаланды. 2012 жылы «Балапан бағдарламасы» аясында типтік жаңа ғимаратқа көшірілді. Сол жылы қараша айында «Ауылдық жерлердегі балабақшаларда «Балапан бағдарламасының» орындалысы» атты облыстық семинар өтті.

1. Слаид балабақша бағыты,міндеті.

2.Облыстық семинар

3.Шығармашылық топ міндеті

4.Педагог мониторингі

5.Балалар мониторингі

6.Үздік аула

2012-2013 оқу жылының жоспарымен шығармашылық топ құрылды. Д.Ақшабаева мен әдіскер Ж.Қожанова жетекшілігімен «Өлке» авторлық жобасы әзірленді. Слаид Осы «Өлке» бағдарламасымен балабақша ішілік шығармашылық жумыс жасалды.Шығармашылық топ жетекшісі, мүшелері алдыңғы қатарлы педагогтардан құралды.Жыл сайын жұмыс жоспары жасақталып жоспар бойынша жұмыс жасалды.Арнайы «Шығармашылық орталық » жасақталды .Онда ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндігінше жағдай жасалды.Өлке жобасы біздің шығармашылық жұмысымыздың жемісі болды.

Шығармашылық топтың негізгі міндеті дарынды баланы анықтау болғандықтан, 2012-2013 жылдан бастап педагогтар мониторингісі және тәрбиеленушілерге жылына екі рет бес білім беру саласы бойынша мониторинг жасалып келді.Оқу жылының соңында педагогикалық кеңесте педагогтарға мониторингі бойынша есеп беру дәстүрге айналды. Жазғы сауықтыру шараларымен қатар «Үздік аула» байқауына бұйрық беріліп, ата-ана – бала-педагог бірігіп , жазғы жұмыстар жасалады.Ол уақытта дене тәрбиесі маманы спорт алаңын жасақтады.Бүгінгі күнде балалар спорт алаңы жұмыс жасайды. Тамыз айының соңында «Үздік аула» қорытындысы шығарылады.Соның нәтижесінде бүгінгі күні мыңға тарта ағаштармен 400 –дің үстіндегі бұталармен жасалған «Демалыс паркі» ұйымдастырылды.Ол жылдың барлық мезгілінде ата-ана, бала, педагог демалатын орынға айналды. (топ алаңдары туралы айтып кету)

Сол бағытты қорғау мақсатында облыстық «Маңғыстау облысы бойынша мектепке дейінгі білім жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық бағыттары»,- атты педагогикалық оқуда «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі экологиялық тәрбие беруде пәндік – заттық дамытушы орта қалыптастыру»,- тақырыбында Д.Ақшабаеваның жұмысы 3 – жүлделі орынға ие болды. Осы жұмыс «Педагогтың кәсіби өсуі –білім берудің жаңа сапасын камтамасыз етудің басты шарты» атты Республикалық педагогикалық оқуға қатысып, «Өрлеу», «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» 3 томдық әдістемелік жинағына енгізілді.пед.чтениематериалдары ,слайд (облыстық деңгейде таратылғанын айтып өту)

Осындай жұмыстар нәтижесінде 2014 жылы «Бейнеу» балабақшасы облыстық «Үздік ұйым -2014» сырттай байқауында «Бас жүлдеге » ие болды.үздік ұйым материалдары слайд

Балаға жаңа заман талабына сай білім беру үшін барлық мектепке дейінгі ұйымда шығармашылық топ жұмыс жасауы - ол міндетті. Осы бағытта біздің бақшаның шығармашылық жұмысы да аз емес.

Қарлығаш, Көгершін, Сұңқар, сәбилер тобы 2013 жылы республикалық педагогикалық оқылымының бас жүлде иегері Маңғыстаулық Саясат Әжіғалиевтың «Денсаулық » терапиясын басшылыққа алады. Себебі сәбилер тобының денсаулығын нығайту негізгі мақсат.

«Аққу» тобы «Құм терапиясы»(құм туралы айтып өту) технологиясымен жұмыс жасайды.Үстіміздегі жылы аудандық педагогикалық оқуда тәрбиеші Н.Төреханова жүлделі 3 орынды иеленді.

«Сандуғаш» тобы монтессори технологиясымен жұмыс жасайды.

2016 жылы тәрбиеші Ж.Хожахметова осы технологиямен «Үздік тәрбиеші-2016» байқауында 3 орынды иеленсе, дәл осы технологиямен А.Қожанова үстіміздегі оқу жылы «Үздік тәрбиеші -2017» байқауынан жүлделі 2 орынды иеленді. Ж. Қожахметованың, А. Қожанованың слаиды.

«Қыран» тобы «Тәй-тәй» бағдарламасымен жұмыс жасайды. Бұл топ өз жұмысын өмірде ең қажетті бес орталыққа бөлген, олар "Математика орталығы", "Тіл орталығы", "Өнер орталығы", "Аспаз орталығы", "Ғылыми орталық". Тәрбиеші балаға еркін қимыл-қозғалыс арқылы, бақылау жүргізеді. М.Жұмабаевтың өзі "Баланы еркіне жіберде, сыртынан бақыла"-деп айтқандай, баланың емін-еркін жүріп тәрбиеленуіне жағдай жасалған. Үстіміздегі жылдың ақпан айында осы топта ауданның алдыңғы қатарлы тәрбиешілері заманауи сабақ көрсетті.

Шығармашылық топ барлық өтетін іс-шараларды жаңа форматта өткізуді жоспарлап отыр.Оның бір көрінісі «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»,- атты жалпы ата-аналар жиналысы өте жоғары деңгейде өткізілді. Слаид

Сонымен бірге бөбекжайда ата-аналарға арналған:

1. Консультациялық пункі жұмыс жасайды.

2. "Тірі табиғат" бұрышы ұйымдастырылған тасбақа, тоты құс, балық, ұлу сияқты жәндіктерді күтіп ұстауды, зерттеуді үйрену.

3. Бөлме гүлдері оларды өсіру, күту, көбейту жұмыстары, 100-ге тарта бөлме гүлдері бар , олардың паспортын жасау жүріп жатыр. Арнайы этекет жасалуда, бұлда шығармашылық топтың жұмысы.

4. "Этноауыл", "жылдың 4 мезгілі", "Жібек жолы", "Океонориум", "Тастар да сыр шертеді"т.б. көрмелердің нәтижесі педагогтардың талмай жасаған еңбегінің нәтижесі екені белгілі. Осы тұста тастармен жұмысқа келгенде "Бес тас" ұлттық ойынан зерттеп, қыз балаларға үйрету жұмыстары жүргізілуде.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «КАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫ РУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» атты жолдауында «Ағылшын тілін меңгермей, Қазакстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды» - деп атап көрсетті.

Ауданның балабақшаларында «Үш тұғырлы тіл» 2006 - жылдан бастап енгізіле бастады.

"Үштұғырлы тіл" бойынша 2012 жылы Г.Тастемірова "жыл адамы" атағын жеңіп алды. Ағылшын, орыс тілі, бейнелеу кабинеттерімен, мамандармен қамтылған.



2017 жылы ақпан айында облыстық семинарда «Бейнеу бөбекжайы» аудандағы рейтинг бойынша жұмыс жасайтын бірден-бір бөбекжай ретінде танылды.

Жалпы қорыта келе "Бейнеу бөбекжайының" ғылыми жұмысы облыс, республика көлемінде таратылып, республиканың БАҚ құралдарында жарық көріп келеді.
Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет