Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы



бет14/15
Дата25.12.2016
өлшемі2,8 Mb.
#4813
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
17-параграф. Мүсіндеу

      262. Мақсаты мүсіндеу арқылы өзін көрсетуде шығармашылық қабілеттерін, сенсорлық және эстетикалық қабылдауын қалыптастыру болып табылады.

      263. Міндеттері:

      мүсіндеуге қызығушылығын, шығармашылық қиялын, фантазиясын, бақылағыштығын қалыптастыру,

      қолдың ұсақ моторикасын дамыту,

      мүсіндеуге арналған түрлі материалдармен жұмыс жасауда қарапайым білімдері мен дағдыларын қалыптастыру,

      заттардың, мүсінделетін бұйымдардың пішіні мен өлшемі туралы кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру,

      заттарды шынайы бейнесіне қарап, елестетіп, ойдан шығарып мүсіндеу дағдыларын дамыту,

      мүсіндеу барысында түрлі бейнелерді, олардың сипатының, пішінінің, пропорцияларының, фактураларының, зат қозғалыстарының ерекшеліктерін өздігінен бере білу дағдыларын дамыту,

      көркем-эстетикалық талғамды қалыптастыру және бейнеленген образдарға жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу,

      қарапайым еңбек дағдыларына, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,

      қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнер желісін мүсіндеуде қолдану арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу.

      264. "Мүсіндеу" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.



Бөлім

Бөлімше

Мүсіндеу бағыты

1.1 Заттық мүсіндеу

1.2 Сюжеттік мүсіндеу

1.3 Сәндік мүсіндеу

Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау

2.1 Мүсіндеуге арналған материалдармен, құралдармен жұмыс

      2. Оқу мақсаттарының жүйесі

      1-бөлім. Мүсіндеу бағыты



Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Заттық мүсіндеу
 

0.1.1.1 затқа қарап және елестету арқылы, ермексаздың, сазбалшықтың және басқа да материалдардың бүтін бөліктерін соза отырып, таныс заттарды, түрлі пішіндегі, көлемдегі жеміс-жидек, жануар, құстардың модельдерін қарапайым геометриялық пішіндер негізінде мүсіндеу

0.1.1.2 дененің қарапайым пропорцияларын есепке ала отырып, қозғалыстағы адамның немесе жануардың қарапайым фигурасын мүсіндеу, фигураны тік немесе көлденең орналастыру, фигура бөліктерін өзара қосып, олардың бір-біріне қосылған жерін арнайы кескіш көмегімен тегістеп, жымдастыру

0.1.1.3 кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз, көз, құлақ, аяқ, қанат) пропорцияны сақтай отырып, қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю, жалпайту, кескіш көмегімен ойып алу, т.б.) қолданып мүсіндеу, жұмыстың конструктивті және пластикалық техникаларын үйлестіріп, бөліктерді біріктіру

0.1.1.4 қарапайым көркем образдарды жасау, образды түрлі ұсақ бөліктермен, сәндік элементтермен толықтыра отырып, көңіл-күйін бере білу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау

1.2 Сюжеттік мүсіндеу

0.1.2.1 балалармен топтасып немесе жекелей біртекті заттардан образдар мен сюжеттік композициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, балаларға арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар, аңыздар желісімен)

0.1.2.2 бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға бірнеше бұйымды орналастыру

1.3 Сәндік мүсіндеу

0.1.3.1 пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштерді пайдалана отырып, Қазақстанның және әлемнің халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ мүсіндеу

0.1.3.2 әлем халықтарының ұлттық ойыншықтарының желісі бойынша затқа қарап, елестетіп және ойдан құрастырып жапсырып мәнерленген образды сәндеу әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып алу немесе қырып із салу)

      1.1. Заттық мүсіндеу.

      Жануарлар мен адамдардың, құстардың пішінін, көкөністер мен жемістердің үлгілерін, таныс заттарды бір кесек ермексаздан (сазбалшықтан және т.б. материалдардан), алдымен олардың жалпы пішінін, содан кейін бөлшектерін мүсіндейді. Мүсіндеудің түрлі тәсілдерін және қосымша материалдарды пайдаланады. Бөліктердің салыстырмалы көлемін сақтай біледі, мүсінделген пішіннің бөліктерін нықтап бекітеді, олардың біреуін екіншісіне қосып, бекітілген жерді тегістейді, саусақтардың қимылымен немесе кескішпен пішіннің бетін жөндейді.

      1.2.Сюжеттік мүсіндеу. Қоршаған орта тақырыбына, ертегі және әңгімелердің, халық өлеңдерінің желісі бойынша сюжеттік композиция құрады. Алған біліктері мен дағдыларын жеке мүсіндеуді, ойынға арналған ұжымдық мүсіндеуді орындауда, мереке күндері бөлмені, үйшікті, алаңқайды безендіруде қолданады. Өлшемдік қатынасты, бейненің мәнерлігін, адамның қимылына тән мәнерлікті береді, кескішті қолдана отырып пішіннің бетін безендіреді; тұғырда бұйымды орналастыру техникасын біледі; бір тұғырға бірнеше пішінді орналастыра отырып, біртекті заттардан мазмұн құрады.

      1.3. Сәндік мүсіндеу. Шығармашылықпен жұмыс жасайды: алдын-ала тақырыпты ойластырады, сурет түрінде алдын-ала үлгі құрады және жұмыс барысында оған сүйенеді, заттың пішінін өсімдік немесе геометриялық өрнектермен шартты түрде безендіреді.

      Бұйымдарды, заттарды және т.б. халық ертегілері, аңыздардың желісі бойынша көркем табиғи материалдардан сәндік элементтерді қолданып, безендіреді. Қауіпсіздік техникасын сақтап, дәстүрден тыс құралдарды, мүсіндеуге арналған заттарды (бұйымдарды) қолданады.

      2-бөлім. Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау



Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Мүсіндеуге арналған материалдармен, құралдармен жұмыс

0.2.1.1 мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану

0.2.1.2 өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек гигиенасын сақтау

0.2.1.3 жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру

      2.1. Мүсіндеуге арналған материал және құралдармен жұмыс істеу.

      Мүсіндеуге арналған көркем және дәстүрден тыс құралдармен жұмыс жасай алады, кескіштерді (өздері жасауға ыңғайлы болу үшін ағаштан жасалуы мүмкін және пластмассадан жасалған) қолданады. Көркем және табиғи материалдармен жұмыс жасаудың қарапайым еңбек дағдыларын игерген. Пайдаланатын материалдарға және құралдарға ұқыпты қарайды, жұмыс орны мен жұмыс істеу барысында құралдарды өздігінен тәртіпке келтіреді: үшкір құралдарды, сазбалшықты, ермексазды, тақтайшаларды және т.б. өз орнына қояды. Жеке бас гигиенасының ережесін сақтайды: қолын жуады, жеке сүлгіні қолданады, көркем жұмысты орындауға арналған киімді (алжапқышты) жинастырады.

18-параграф. Аппликация

      265. Мақсаты жапсыруды құрастыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

      266. Міндеттері:

      халық кәсіптері, материалдар мен құралдар туралы түсініктерін қалыптастыру,

      зат бейнесін бөлшектерден құрастыру, бөлшектерден шаблон арқылы, есте сақталған бейне арқылы, елестету арқылы композиция құрау дағдыларын дамыту,

      қайшымен жұмыстың негізгі тәсілдерін меңгеру (қайшылардың арнайы қауіпсіз үлгілерін қолдану),

      геометриялық және өсімдік өрнектері негізінде жырту, өру және қағазбен жұмыста пайдаланылатын түрлі аралас техникаларды қолданып, симметриялық, сұлбалық, көпқабатты пішіндерді қию техникасын меңгеру,

      сенсорлық қабылдауды, көркемдік-эстетикалық талғамды дамыту,

      композиция құрау дағдыларын дамыту,

      жапсыруда түс, пішін, өлшем, т.б. көркемдік мәнерлілік құралдарын пайдалану,

      қарапайым еңбек дағдыларына тәрбиелеу,

      жапсыруда қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнер желісін қолдану арқылы патриотизмге тәрбиелеу.

      267. "Аппликация" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бөлім

Бөлімше

1. Аппликация бағыты
 

1.1 Заттық аппликация

1.2 Сюжеттік аппликация

1.3 Сәндік аппликация

2. Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау

2.1 Қайшымен жұмыс тәсілдері
2.2 Жапсыруға арналған материалдармен, құралдармен жұмыс

      2. Мақсаттар жүйесі

      1-бөлім. Аппликация бағыттары



Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Заттық аппликация

0.1.1.1 жырту, қиып алу әдістерімен түрлі ертегілік бейнелер, т.б. жасай отырып, қарапайым заттарды жапсыру

0.1.1.2 шаблон/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану

0.1.1.3 елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын құрастыру, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс қолдана отырып, тұтас ойыншық бейнелерін жасау немесе қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру

1.2 Сюжеттік аппликация

0.1.2.1 жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру

1.3Сәндік аппликация

0.1.3.1 қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырулар құрастыру

0.1.3.2 қуыршақтар мен ойыншықтарға арнап ұлттық бұйымдарды, сондай-ақ, қазақ ою-өрнектерінің желісімен балалардың ойдан шығаруы/шаблон бойынша түрлі бұйымдарды, шырша ойыншықтарын, құттықтау ашық хаттарын, ұжымдық панноларды сәндеу

      1.1. Заттық аппликация

      Түрлі тақырыптарға жапсыруды құра алады: қоршаған ортаның шынайылық желісі негізінде, халық ертегілері, мультфильмдердің мазмұны бойынша және т.б., қағазбен және қайшымен жұмыстың қарапайым тәсілдерін қолданып, қайшымен жұмыс істейді. Қиып алудың негізгі түрлерін игерген: бүктелген сызығы бойынша қағаз парағын түзу қию, шаршының бұрыштарын дөңгелетіп, дөңгелек пішінді қиып алу, бірнеше рет бүктелген қағаз парағынан тіктөртбұрышты, үшбұрышты, дөңгелек пішіндерді қиып алу.

      Қиып алудың түрлі тәсілдерін қолданады: симметриялық (көбелек, инелік, қызғалдақ, Қарша қыз, зымыран) немесе ортасынан бастап қайталанатын бөлікті кезектестіру (түймедақ, қар бүршігі); ұсынылған күрделі контуры бойынша (жануарлар, құстар, балықтар).

      Дағдыларын жеке және ойынға арналған ұжымдық жапсыруды орындауда, мереке күндері бөлмені, үйшікті, безендіруде қолданады.

      Ойдан жапсыру дағдыларын игерген.

      1.2. Сюжеттік аппликация

      Тақырыпқа немесе сюжетке сәйкес түрлі заттарды қиып алады және жапсырады. Болашақ композицияның сюжеті мен бөліктерін ойластырады, нысандардың көлемін, пішінін, түрлі заттардың бөліктерін, құрылымын ескере отырып, оларды негізге бірізділікпен жапсырады.

      1.3. Сәндік аппликация

      Түстің ашықтығын салыстыруды қолдана отырып, ырғақ, симметрия заңдылығы бойынша безендірудің түрлі элементтерін (геометриялық, өсімдіктер пішіндері, құстардың, жануарлардың, адамдардың пішіндерінің жиынтығын) қиып алады және біріктіреді. Стильдей біледі, шынайы заттарды сәнді жасайды, олардың құрылысын жалпылайды, үлгілерді жаңа қасиеттерімен түрлендіреді. Халық өнері туралы ұғымға ие, тұрмыстық бұйымдарды халық өрнектерімен безендіреді. Ұлттық өрнектердің алуан түрлілігін; түстердің, композицияның сәйкестігін көрсетеді, қағаздың парағын жекелеген элементтермен толықтырады, жапсырудың негізгі және қосалқы бөліктерін бөліп көрсетеді.

      2-бөлім. Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері, еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау



Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Қайшымен жұмыс әдістері

0.2.1.1 геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тік төртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тік төртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу)

0.2.1.2 симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қию

0.2.1.3 табиғи және қолдан жасалған бейнелерден, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу

2.2 Материалдармен, құралдармен жұмыс

0.2.2.1 жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әр түрлі қағаздар)

0.2.2.2 бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді көбірек қиып алып, геометриялық пішіндерді (шаршылар, тік төртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан немесе диагональ бойынша қию

0.2.2.3 орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген қағаздан қол ұстасып, шеңберді айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын, гүлдер, т.б. қию

0.2.2.4 жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру

      2.1. Қайшымен жұмыс істеу әдістері

      Қиып алудың техникасын игерген. Қайшыны дұрыс қолданады.

      2.2. Материалдармен, құралдармен жұмыс істеу

      Материалды өңдеу (бүктеу, қию, желімдеу) біледі, құралдарды орынды (қайшы, желім, қылқалам, сүлгі және т.б.) қолданады. Сабақтарда алуан түрлі материалдарды: қағаз, ермексаз, мата, кептірілген жапырақтар мен гүлдер, түрлі-түсті ұнтақ жармасы немесе ұсақталған жұмыртқаның қабығын және т.б. қолданады. Түрлі материалдардың қасиеттерін біледі (қағаз, жарма, ағаш жапырақтары және гүлдер, дақылдар, сабан, мата және т.б.), геометриялық пішіндер мен түстерді ажыратады, көлемі бойынша бөліктер қатынасын орнатады және бөліктерді бүтін етіп біріктіреді, құрылымын, кеңістіктегі заттың орнын көрсетеді, қағаздың бетінде бағдарлайды. Жұмыс орнын және жұмыс барысында құралдарды өздігінен ретке келтіреді: ұшы үшкір құралдарды орнына қояды, қайшымен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін сақтайды.

19-параграф. Музыка

      268. Мақсаты алуан түрлі музыкалық іс-әрекет арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, эмоционалдық-сезімдік саланы, адамгершілік-эстетикалық сапаны дамыту, ұлттық музыкаға және өзге де елдердің музыкасына тұрақты қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.

      269. Міндеттері:

      музыкалық мәнерлілік құралдары, негізгі музыка формалары мен жанрлары туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру,

      дыбыс жоғарылығын есту және ырғақтық дағдыларын қалыптастыру,

      музыка туралы өз пікірін білдіру дағдыларын қалыптастыру,

      ән айтудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру,

      ұрмалы-шулы аспаптарда ойнау арқылы суырыпсалмалық қарапайым дағдыларын, ырғақты қозғалыстарын қалыптастыру,

      аспаптық музыкаға қызығушылық пен ұрмалы-шулы аспаптарда музыка ойнау дағдыларын дамыту,

      балаларға арналған музыка аспаптарында ойнау арқылы сенсорлық қабылдауын және қол моторикасын дамыту,

      дыбысталу тембрі бойынша кейбір музыка аспаптарын анықтау,

      музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттау арқылы тілдік дағдыларын дамыту,

      өнер ретінде музыкаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу,

      балаларға арналған қазақ халық әндерін орындау, халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының музыкасын тыңдау арқылы патриотизмге тәрбиелеу.

      270. "Музыка" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бөлім

Бөлімше

1.Музыкалық сауаттылық

1.1 Музыкалық мәнерлілік құралдары (әуен, қалып, ырғақ, қарқын, тембр, динамика, регистр)

1.2. Музыка жанрлары

1.3 Музыка формасы

2.Балаларға арналған музыка аспаптарында ән салу және ойнау

2.1 Ән салу

2.2 Аспаптарда ойнау

3.Музыкалық шығармашылық

3.1 Музыкалық-ырғақты қозғалыстар

3.2 Музыкалық суырыпсалулар

      2. Мақсаттар жүйесі

      1-бөлім. Музыкалық сауаттылық



Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Музыкалық мәнерлілік құралдары (әуен, қалып, ырғақ, қарқын, тембр, динамика, регистр)

0.1.1.1 таныс әндердің қарапайым әуендерін ажырату

0.1.1.2 музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы)

0.1.1.3 тыңдалған музыкалық шығармадағы қарқынды (жылдам, баяу), регистрді (жоғары – "құс", орташа – "қоян", төмен – "аю") анықтау

0.1.1.4 музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс),ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын),тембріне қарап ажырату

0.1.1.5 таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату

0.1.1.6 музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттау

1.2 Музыка жанрлары

0.1.2.1 музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату

0.1.2.2 музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырату

1.3 Музыка формалары

0.1.3.1 музыкалық шығарманың кіріспесі мен қайырмасын ажырату

      1.1. Музыкалық мәнерлілік құралдары (әуен, қалып, ырғақ, қарқын, тембр, динамика, регистр). Баланың рухани әлемін байытатын, мейірімділік сезімдерге, эстетикалық толғаныстарға ынталандыратын, бастапқы музыкалық талғамның қалыптасуына ықпал ететін алуан түрлі әндерді, кейбір бастапқы дыбыстың жоғарылығы мен ырғақтық түсініктерді біледі. Әуенді (әуенділік, қимылды,үздік-создық, асықпай, жылдам), шығарманың түрін (әннің бастамасы, қайырма, кіріспе) тыңдап, сипаттай алады.

      1.2. Музыка жанрлары. Музыкалық жанрларды: күй, ән, би, маршты ажырата алады. Таныс әндер мен қайырманың әуенін ажырату арқылы есту дағдыларына ие. Тыңдалған музыкалық шығармалардың (әндер, қайырмалар, музыкалық ойындар және т.б.) сипатын ажыратады.

      1.3. Музыка формасы. Әннің бастамасы және қайырмасын ажырата біледі, аспаптардың дыбысталуын ажыратады, ырғақтық сипатты, әуендік айналымды байқайды.

      2-бөлім. Балаларға арналған музыка аспаптарында ән салу және ойнау



Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Ән айту

0.2.1.1 қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу

0.2.1.2 музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу

2.2 Аспаптарда ойнау

0.2.2.1 балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнау

0.2.2.2 дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын (домбыра, асатаяқ, фортепиано, скрипка, флейта), сондай-ақ балаларға арналған музыка аспаптарын (сылдырмақ, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас) ажырату

      2.1. Ән айту. Бастапқы ән айту дағдыларына ие.

      2.2. Аспаптарда ойнау. Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларына ие: ксилофон, металлофон, сылдырмақ, үшбұрыш, марокаста, қазақ ұлттық музыкалық аспаптарында: тұяқ, асатаяқ, дауылпаз және т.б. Таныс әндерді жеке және шағын топпен орындайды. Топтық жұмыс дағдыларына ие, бір-бірін, музыканы тыңдай біледі.

      Музыканы тыңдай біледі, түсінеді, оның сипатын, жоғары регистрін ажыратады. Таныс музыкалық аспаптарды дыбысталу тембрі бойынша ажыратады. Балаларға арналған ұрмалы аспаптарда қарапайым әндердің ырғағын, жеке және ансамбльмен әннің бастамасын орындай алады. Қазақ ұрмалы аспаптарда ойнаудың бастапқы дағдыларын игерген: асатаяқ, тоқылдақ, қоңырауы бар жыланбас; фортепианоның сүйемелдеуімен балаларға арналған музыкалық аспаптарда ансамбльде ойнайды. Ырғақ суретін бере отырып, үйлесімді, әннің бастамасын ойынмен сүйемелдеп ойнай алады.

      3-бөлім. Музыкалық шығармашылық



Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1 Музыкалық-ырғақты қозғалыстар

0.3.1.1 музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау

3.2 Музыкалық импровизация

0.3.2.1 сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға арналған музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу.

0.3.2.2 таныс би элементтері мен қимылдары негізінде, би қимылдарын ойдан шығарып орындау

      3.1. Музыкалық-ырғақты қозғалыстар. Би-ойын шығармашылығы дағдыларын көрсетеді, театрлық қойылымдарды, әндерді сахналауда түрлі бейнелерді көркем орындайды. Анық ырғақты жүріспен марштың сипатын, билейтін музыканың сипатын жеңіл, ырғақты би қимылдарымен бере алады, жартылай отыруды (серіппе) орындайды, қимылды музыкамен сәйкестендіреді, қарапайым би қимылдарын - жарты қадамды игереді; қазақ би қимылдарының элементтерін орындайды.

      Музыка сипатын қимыл арқылы береді, қазақ және орыс халықтарының би элементтерін орындайды.

      3.2. Музыкалық импровизация. Шығармашылық қабілетті, балаларға арналған музыкалық аспаптар, би-ырғақтық қимылдар, дауыс арқылы суырыпсалмалық қарапайым дағдыларды көрсетеді, ырғаққа сай мәнерлі қимылдайды, музыкалық ойындар ойнайды, қол ұстаса әндетіп жүреді, би қимылдарын орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет