Мектепті дамыту жоспары 2018-2019 оқу жылы Мектепті дамытудың негізгі төрт санаты



бет1/16
Дата07.02.2022
өлшемі212,32 Kb.
#87164
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
doc


МЕКТЕПТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ
2018-2019 оқу жылы
Мектепті дамытудың негізгі төрт санаты:

  1. Оқыту мен оқуға жетекшілік ету.

  2. Өзінің дамуы және басқаларды дамыту.

  3. Жетілдіру, инновациялар мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету.

  4. Жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту.

1. Ағымдағы жағдайды талдау: 2017-2018 оқу жылында барлығы 132 мұғалім, оның ішінде 32 деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған. Жалпы гимназияда 1033 оқушы білім алып, 76% білім сапасын көрсетті. Ағымдағы жағдайды анықтау мақсатында бастапқы аудит жүргізілді, оған 103 адам қатысты. Зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша мұғалімдер өзінің сыныптағы тәжірибесіне талдау жүргізуге уақыт аз арнайтыны айқындалды, мысалы сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің 27%-ғана тәжірибесіне талдау жасайтынын көрсетті (сауалнама қорытындысы диаграммада берілген).
Сауалнама нәтижесін талдай келе қоғамдастықтағы мектептердің әлсіз жақтары анықталды. «Оқушы үніне», ата-аналар пікіріне жеткілікті деңгейде назар аударылмауы, мұғалімдердің тәжірибелеріне талдау жүргізуге жеткілікті уақыт бөлмеулері, бірлесе жоспарлау, талдау, бағалау дағдыларының төмен деңгейде болуы. Осы әлсіз жақтардан туындайтын қауіп: оқушы мен ата-ана тарапынан оқу үрдісіне еніп жатқан жаңалықты
қабылдамауы,оқушының жетістікке жетуіне, сапаның өсуіне, мектептің дамуына кері әсер етеді, педагогтардың кәсіби өсуіне және оқушының сапалы білімі мен тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Осы әлсіз тұстарды жою мақсатында зерттеу нәтижелерін басшылыққа ала отырып, әдістемелік тақырыбы «Іс-әрекетті зерттеу: тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» таңдалды. Сонымен қатар, әр бөлімнің негізгі проблемалары анықталып, шешу мақсатында әр бөлім бойынша директордың орынбасарларына зерттеу тақырыптары бекітілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет