Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



бет9/64
Дата07.11.2022
өлшемі2,02 Mb.
#156774
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64
Байланысты:
Этика и эстетика 12-том
Дене тәрбиесінің маңызы, міндеттері, мазмұны
Сәт сапар батасы
Жортқанда жолың болсын,
Мәртебең үстем болсын!
От пен судан сақтасын,
Пәле-жаладан сақтасын.
Аман барып, сау қайт.
Аллау әкпар!

* * *
Жортқанда жолың болсын,


Жолдасың Қыдыр болсын.
Періштелер қолдап,
Қоржының олжаға толсын.
Аман барып, сау қайт,
Үйіңнен жазсын дәмінді аллаң!
Аллау әкпар!


Наурыз батасы
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барса,
Жол болсын!


Жарапазан батасы
Байдың көңілі жай болсын,
Мың жылқылы бай болсын.
Айдағаны қой болсын,
Шайнағаны май болсын.
Азын-аулақ дәулеті,
Күнде өзіне май болсын.
Жұртта қалған жұрыны,
Домалап келіп қой болсын.
Жұртта қалған тулағы,
Тулап келіп тай болсын.
Есігіңнің алдында,
Елу інген боздасын,
Қораңда бес жүз саулық қоздасын,
Жылқың сенің мың болсын,
Бетегелі тауга жаба сал.
Сиырың сенің мың болсын,
Қысың қатты болғанда,
Қамысты жерге айдап сал.
Бісмілла, аллау әкпар!

Маң-маң маң басқан,


Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Ботақанның атасы,
Бура бассын үйінді.
Шыңғыр-шыңғыр кісінескен,
Құлыншақтың атасы,
Айғыр бассын үйіңді.
Желге қарап қаптаған,
Жайылған жерін таптаған,
Қошақанның атасы,
Қошқар бассын үйіңді.
Қасқыр көрсе пысқырған,
Құйрығын бұтқа қыстырған,
Лақ атасы текелер,
Теке бассын үйіңді.
Үй арасын боқ еткен,
Балаларды тоқ еткен,
Бұзауқанның атасы,
Бұқа бассын үйінді.
Аллау әкпар!


Құрмалдыққа бата
Құдайым жарылқасын,
Бай қылсын!
Төрт түлігің сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін!
Кең бейіл берсін!
Құрмалдығың қабыл болсын!
Аллау әкпар!


Садақаға бата
Садақаң қабыл болсын,
Құдай оңдасын,
Қыдыр қолдасын!
Мал-басың аман болып,
Еш жамандық болмасын!
Аллау әкпар!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет