Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



бет5/64
Дата07.11.2022
өлшемі2,02 Mb.
#156774
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Этика и эстетика 12-том
Дене тәрбиесінің маңызы, міндеттері, мазмұны
Ынтымақ-бірлік туралы
Ырыс алды-ынтымақ.
Бірлік болмай,
Тірлік болмас.
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Ынтымақ түбі — игілік.
Тірлік, тірлік түбі — бірлік.
Татулық — табылмас бақыт.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Игілік басы – ынтымақ.


Жақсылық, жамандық, достық, қастық туралы
Жақсы — ай мен күндей,
Әлемге бірдей.
Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ.
Жақсы туса — ел ырысы,
Жаңбыр жауса — жер ырысы.
Жақсы болсаң — жақын көп.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Досыңның көзінде болғанша,
Көңілінде бол.
Жолдасы көптің қолдасы көп.
Жолдас қадірін жорықта білерсің.


Батырлық, ерлік туралы
Отан үшін отқа түс — күймейсің.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Ерлік білекте емес, жүректе.
Айласыз батыр алдырар.
Жігіт — ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
Батыр туса — ел ырысы,
Жаңбыр жауса — жер ырысы.
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
Шын ер жеңсе — тасымас,
Жеңілсе — жасымас.
Еменнің иілгені — сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.
Жауға жаныңды берсең де,
Сырыңцы берме.
Өжет адам өлімді жеңеді.
Елінді сүйсең, ерлік істейсің.


Еңбек туралы
Ер дәулеті — еңбек.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбек ерлікке жеткізеді,
Ерлік елдікке жеткізеді.
Ердің атын еңбек шығарады.
Жан қиналмай, жұмыс бітпес,
Талап қылмай, мұратқа жетпес.
Еңбек түбі — береке.
Ер қадірін ел біледі,
Зер қадірін зергер біледі.
Еңбек етсең, емерсің.
Еңбегі аздың өнбегі аз.


Өнер-білім туралы
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім — таусылмайтын кен.
Білім — қымбат, білу — қиын.
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерлінің өрісі ұзақ.
Өнер — ердің қанаты.
Ақыл көпке жеткізеді,
Өнер көкке жеткізеді.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Өнерлі бала сүйкімді.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ілім — жанып түрған шырақ.
Өнер — таусылмас азық,
Жұтамас байлық.
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні ғарып.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет