«мемлекттік қызметтің этикасы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының МӘтіні тақырып 1


тақырып Іскерлік қарым -қатынас этикеті Мақсаты:Этика категорияларыны ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу Дәріс жоспары 1



бет4/16
Дата28.02.2023
өлшемі89,19 Kb.
#170543
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
98c45863362777aebc88fac1acbe39ca 1
Excel Grade 9 Workbook, ҚҚЗТ эдвайзерлерге (копия), Култрология 5лек, РК-1 Философия на рус 2022-23
4 тақырып Іскерлік қарым -қатынас этикеті
Мақсаты:Этика категорияларыны ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу
Дәріс жоспары
1.Мемлекеттик кызметкерлердің эткасы әдеп функциясасы
2.Әлеуметтік басқару элементері

Кәсіби білікті мамандар – қуатты мемлекет кепілі. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сатылы мансаптық өсім қағидаларына негізделген кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған. Білімді әрі ұлтжанды мемлекеттік қызметші елдің мүддесіне еңбек еткенде ғана бұл реформаны жүзеге асырудың сәті түседі. Осы ретте Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілері сенім үдесінен шығып, білікті маман болып қалыптасуға бар күш-жігерін салып келеді. Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметкерлер тәртібінің жаңа этикалық кодексі бекітілді. Сондай-ақ іс басындағы жас мамандар тобын кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне де өзгерістер енгізілді. Абзал: – Мемлекеттік қызметші қызметке келген кезде 3 айлық сынақ мерзімімен қоса қасына оны тәрбиелейтін, оған белгілі бір жұмыстың бағыт-бағдарын түсіндіретін тәлімгерді қосып, бекітіп беріп жатырмыз. Демек бұл бағыттағы біздің бірінші қоятын талабымыз ол мемлекеттік қызметші бәсекеге қабілетті бола білуі керек Әдеп жөнiндегi уәкiл өз құзыретi шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:


1) мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексiнiң талаптарын сақтау мәселелерi бойынша консультациялық көмек көрсетедi;
2) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңдарда белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етедi;
3) өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын бұзу фактiлерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес келетiн өзара қатынастар мәдениетiн қалыптастыруға жәрдемдеседi;
5) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеудi және бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қызметтiк әдеп нормаларын бұзу деректерi бойынша тиiстi шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттiк органның басшылығына хабарлайды;
8) мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттiк органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгiзедi;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтiң оң бейнесiн қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн сақтау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлермен түсiндiру жұмыстарын тұрақты негiзде жүргiзедi;
11) заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi лауазымды адамдарға қызметтiк әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiгiн қарау туралы ұсыныммен жүгiнедi;
12) қызметтiк әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметтi ұйымдастырады.
5. Әдеп жөнiндегi уәкiл өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзуға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды талдауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды сұратады және алады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет