Мен бірінші жақты білдіруші, өзін-өзі көрсетуші жіктеу есімдігі



Дата28.04.2020
өлшемі66,52 Kb.
#65033
Байланысты:
мысал 15 том


МЕН – бірінші жақты білдіруші, өзін-өзі көрсетуші жіктеу есімдігі.

Адалыңды арам деп,

М е н адалға барам деп,

Ит жейтұғын жемтікті,

Жиіркенбей жалар ол (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Нары – жалқау, кер табан;

Құсы – күйшіл, ат – шабан

Жырғалаң жоқ, жобалаң,

Ебі кеткен ел болды

Енді қайда м е н барам?! (Д.Бабатайұлы, Замана сазы.).

М е н өзім талай сөзді хатпен жазғам,

Әзілден мерт болады артық қазған.

Өткен іске өкінсем, өмірім зая,

Тұяққа ілінгенді қайта жазбан (Шал ақын, Өлеңд.).

3. а у ы с. Паңдық, тәкаппарлық. М е н боламын демеңдер,

Аяқты алшақ басқанға.

Екі көзің аларып,

Құр қарайсың аспанға.

Бір ғылымнан басқаның

Бәрі де кесел асқанға.

Үйткен адам жолығар,

Кешікпей-ақ тосқанға (Абай, Тол. жин.).

Қайратпен кіріп жалынбай,

Ақылмен тауып айласын,

«М е н қалайға» салынбай,

Жылы жүзбен жайнасын (Абай, Тол. жин.).

Француздар қырылды,

Жеңілмейтін м е н д е г е н,

Асқанға тосқан бар деген

Сол да бізді жеңбеген (Қ.Жапсарбаев. Сөйле.).

СЕН – екінші жақтағы жіктеу есімдігі.

Жорықта менің жолдасым,

Сесің менің қанатым.

Аллаға с е н і тапсырдым,

Кер тұлпарым, Ғиратым (Бат. жыры).

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де – бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан! (Абай, Шығ. жин.).

Біздің расчеттағы адамдардың барлығы да сен тұр, мен атайын, сақадай сай жігіттер еді (Ә.Нұршайықов, Махабб. жыр.).

Сенің табаныңа кірген шөгір [шөңге, тікен] менің [біздің] маңдайыма қадалсын.

– Сенген қойым сен болсаң, күйсегенің құрысын! Ақмоладан оқып келгенде, одан «қосшы болыс» атағанда жылпос Жақыпқа бір ауыз сөз айта алмадың, – деді Тәуке Әлжанға (Ғ.Мұстафин, Дауыл. Кейін).

Ол – үшінші жақты білдіретін жіктеу есімдігі.

О л дағы намыс қылды қызын бермей,

Елшіні қайырыпты сөзге көнбей.

Әскерін жиып алып қарсы шықты,

Ләйліні бермеймін деп өзім өлмей (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

2. Едәуір қашығырақтағыны, алысырақтағыны нұсқайтын сілтеу есімдігі. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады (Абай, Тол. жин.).

Ол жаққа кітапша қазір жуан-жуан кітаптарға айналды, жүдеу Шерхан бүгінде тығыршықтай жігіт ағасы, белгілі жазушы болды (Ә.Нұршайықов, Ақиқат.).

3. Бұл, осы, мұны. Мен де соққы жедім – деп – сұм дүниеден» Көп жазып ем, о н ы м а өкіндім мен. Ойласам, көрген бейнет, тартқан қайры Болыпты не біреуден, не өзімнен (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Есе, сыбаға, үлес тимегенде, кем болатындай біз кім едік, ол кім еді? деген мағынада айтылады. Бәріміздің баққанымыз бір совхоздың малы, о л а р б ә й б і ш е д е н, б і з т о қ а л д а н т у ы п п ы з б а, үлесіміз тимейтіндей (Қаз. тілі фразеол. сөзд.).

Онан соң. Одан кейін, сонан соң. О н а н с о ң жүрек айтыпты: мен адамның денесінің патшасымын (Абай, Тол. жин.).

Оның үстіне о н ы с ы з д а ш ы ғ а й ы н д е п т ұ р ғ а н к ө з е д і дегендей, арадағы жүріп жатқан бітімнің күрт тоқталып, Орынбор әскери губернаторы Обругиевтың Кенесарыға қатал ұсыныс етуіне тағы да бір қанды оқиға себеп болды (І.Есерберлин, Шығ.).

Біз – жіктеу есімдігінің бірінші жағының көпше түрі. Жұмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп. Ол күшті ұйымдастыра білсек, біз алмайтын қамал жоқ (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).

2. э к с п р. Жіктеу есімдігінің бірінші жағының сыпайы реңкті жекеше түрі, «мен» дегенді сыпайылай жеткізу. Күн батпай биттей алаң болма б і з г е, Қас қарая келермін мен де сізге. Ішіп, жеу арасында сөйлер сөз көп, Ол үйде жан болмасын сенен өзге (Абай, Шығ. жин.). Қарағым, бермен кел, Б і з г е де көңілің бөл. Қалқамның нұсқасын көр, Көзім, бір кенел (Абай, Шығ. жин.). Керемет кезде тусақ та, Керемет шақта тұрсақ та, Білдірмей іштен тынсақ та, Б і з д і ң хал мүшкіл бұл шақта (М.Мақатаев, өмір-өзен). Осы жасқа келгенше, өршеленіп өлгенше, таба алмадық еш адам Б і з д і ң сөзге ергенді (Абай, Шығ. жин.). Ғафу етерсіздер, «б і з д і ң» дейтін себебіміз, б і з д і ң де жұрт қатарлы іш тартарымыз бар (Т.Әлімқұлов, Ақбоз ат).

СІЗ – сен деген есімдіктің сыпайы түрі. С і з г е надан қанша малын Берсе, босқа алмаңыз алмаңыз, Неге десең, ол өзіңдей Ақылы бар кісі емес (Ш.Құдайбердиев, шығ.). «С і з» деген әдеп, «Біз» деген көмек (Мақал).


СІЗ-БІЗ – бәрі бірге, ортақтасып. Тату-тәтті ынтымақта тұрды деген мағынада айтылады. Қойшы әрі! Пәлен жылдан бері түтін түтетіп, с і з- б і з б о л ы п отырған ағайын-ауылды қиып, қайда бармақшысыңдар, – деді (ЛЖ).

Бұл – біреуді не бір нәрсені нұсқап, сілтеп көрсететін сілтеу есімдігі; осы, мына.

Елде көп б ұ л бидайдай адам, – деді,

– Тәкаппар, оны халық жаман, – деді,

– Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның

Тұтынба б ұ л мінезді, балам, – деді (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Үлкендер ұмтылмайды ұғайын деп,

Мен дағы б ұ л қылықтан шығайын деп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).


Бұл арада

Б ұ л е к і о р т а д а ханның әйелі бұған ғашық болады (Қаз. ертег.).

Б ұ л ж а л ғ а н ғ а шіркін-ау не болған деп, Жат болуға пєтшағар жаралған деп, Өңшең өгей ұлдарды туыппын деп, Өзіме де обал жоқ, о, жалған деп (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

Б ұ л ж о л ы басқа дәл ұрмай, тұмсықтан соғып қайырдым (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.).

Б ұ л к е з д е Ақсақ Темірдің екінші ұлы Мұхамедтен туған Мираншах мырзаның баласы Әбусейіт қуғында жүрген (І.Есенберлин, Алмас.).

Сарайшыға айтады: – Ей, сарайбан, Бір сарайды босатып берші маған. Алатын жұрт қатарлы

Содан қалған курста Ақша да, ет те там-тұмдап, Хатың да сиреп б ұ л т ұ с т а, Дүкеннен азық сатып ап (Ғ.Қайырбеков, Таулар.).

Білгенге жол бос,

Болсайшы қол бос.

Талаптың дәмін татуға.

Білмеген соқыр,

Қайғысыз отыр

Тамағы тойса жатуға.

Н е о л е м е с, б ұ л е м е с,

Менің де күнім – күн емес (Абай, Тол. жин.).

ОСЫ – нақтылықты, дәлдікті білдіретін сілтеу есімдігі. О с ы «Оқушының саулығын сақтау» деген кітапшаны Голландия үкіметінің бұйрығы бойынша, нағыз білгіш деген доқтырлар жазған екен (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).

О с ы д а н пайда не шықты?

Мас күнінде нені ұқты?

Ақылға салып ойлашы,

Мұнымен болар кім мықты? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Осы күн өмірімнің

Ешбір жоқ қызығы,

Жаралы көңілімнің

Жазылмай сызығы (Абай, Тол. жин.).

Сөзді ұғар о с ы к ү н д е кісі бар ма?

Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.

Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,

Біреуден біреу алып елге тарар (Абай, Тол. жин.).


ОСЫНАУ

Артық та болар ма екен-ау о с ы н а у зымыран жылдар ішінде Күн сайын сені жүз рет көрдім десем мен! (Т.Айбергенов, Мен саған ғашық едім.). Жанай о с ы н а у әнді алғаш рет кімнен, қалай естігенін ойлап тұрды (Т.Әлімқұлов, Туған ауыл). Басталған өшпес өзегі, Орыстың жомарт жерінен. О с ы н а у өрен өзенді, Көрмесем жылда зерігем (Ж.Молдағалиев, Таңд. шығ.).

СОНАУ

С о н а у тұстан бір кәрия қалың топты қақ жарып ілгері ұмтылған (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.). Таныс маған с о н а у шың, Таныс Ольшан орманы. Ақ шашты бұл жолаушың, Жас офиқер сондағы (Қ. Бекхожин, Менің заман.). 2. Баяғы, ерте, бағзы д. м. қолданылады. С о н а у заманнан бері мұнда егін ексе, елдің кө-зі көрмей жүрген жоқ шығар (Т. Қаупынбаев, Жазира).



СОЛ

Анау, осы, ол д.м. білдіретін сілтеу есімдігі. Көшейін деп қыбырлап, Ел қыстаудан қозғалды. Жаралы жүрек жыбырлап, Жазылмай жалғыз с о л қалды (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Күн батып, қас қарайып кеш боп қалды, Аузына әрне десе тәңірім салды. Құдайдың қаһар, ғазап көп пәлесі, С о л уақытта бау ағышты қоршап алды (Мәшһүр-Жүсіп.). Нияз с о л күні түнде Дәметке айтқан әңгімесін бас дәрігердің үйіне барып, оятып ап, оған да баяндады (3.Шашкин, Доктор Дарханов). Тақымынан толық шығарып алғанша бастырмалатып кеп, Жұмабайдың қалың қара тымағын көзіне қарай баса кигізіп жіберіп, с о л с ә т т е шоқпарға жармасты (М.Әуезов, Шығ.).

АНАУ

Алыс қашықтықтағы затты, құбылысты меңзеп көрсету үшін қолданылатын сөз. «А н а у бәлен болды, мынау түген болды» деген күншілдікті де қою керек (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). А н а у да Қартқожаның дәмесін сезе қойды білем, тізгінін қымтап, о дақамшыны бір басты (Ж.Аймауытов, Шығ.). «А н а у балаларға біздің қоралардың да қиын ойғыза сал» дегісі келді-ақ, әттең мінезінде жоқ бөтендік танытуға дәт шіркін бара алмаған (О.Бөкей, Таңд.).



АНА

А н а жылы қасқа атын орысқа әпергеннен бері оның ішіне қан қатулы болатын (Ж.Аймауытов, Шығ.). –Маған Оспан істеген істі үлгі қылма, сен. Оспан дүниеліктің құлы болса, а н а қасыңдағы тақыр кедей Жансейіт не қылып отыр? (М.Әуезов, Қилы заман). Біз мынау алаяқтардан ірге айырғалы а н а бір төбенің басына жиналамыз (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). А н а жолы кішкентай ұлын атасының қолында қалдырып, жаяу әскер рота командирі, аға лейтенант Атымтай жұмыс істеуге осы рудникке келген (І.Есенберлин, Шығ.).

АТАУЛЫ

Және ішіп кетер, жеп кетер суылдақтан басқа жаман-жұман қатындар болмаса, жас а т а у л ы қыздардан жалғызы Нұрымның қасына жолаған жоқ (С.Торайғыров, Шығ.). Жауыздық бар, алайда жауыздық бар! Жақсылық а т а у л ы н ы ауыздықтар (М.Мақатаев, Шығ.). Тереңдігі жоқ әйелдің Қорқу керек сыртқы сұлулығынан. Әйел – еркек намысының қорғаны, Нағыз сұлу әйел табу – Бүкіл еркек а т а у л ы н ы ң арманы (М.Шаханов, Ғасырлар.). Дәл осы кезде үй-үйден шанасы барлары шанасын сүйретіп, конькиі барлары аяғына конькиін байлап, бала а т а у л ы тегіс көшеге шығатын (С.Мұратбеков, Көкорай).



ӘНЕ

Ә н е, тамам қалың ауыл ортасында Ұлжан отыратын үлкен үй тігілді (М.Әуезов, Абай). Көңіліңнен көтеріліп ойран дауыл, Кемеңді бұрып еді қайранға бір...Сағынған сазың ә н е, тауың әне, Жатырсың өзің, міне, қайран бауыр! (М.Мақатаев, Шығ.). Бұл да бір кезім болсын ой ағытқан, Тағы да келеді, әне, ағарып таң, Тағы да келеді, ә н е, ақ боз атым, Алдымнан мені қимай орағытқан (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

ӘНІ

Кездеспей бақыт жолынан Күрсініп ана қалды ә н і. Басқа ешкім оның қолынан Қалпағын сатып алмады (Т.Молдағалиев, Қош, көктем). Ауыл ә н і, анау белдің астындағы көк сайды бойлай қонған («Лен.жас»). Бұл Бурятта бәрі де бар, шырағым, Тайга мынау, теңіз міне, тау ә н і! Әлдекімнен қызғанып-ақ тұрамын, Басқа түгіл өзім жұтқан ауаны («Қаз. әдеб.»).


ӘНІКИ

Алыс кетті ә н і к и, Махаббаттың иесі. Алыста қол бұлғайды, Махаббат бал дүниесі (А.Жұмағалиев, Өшп. жалын). – Ә н і к и, танктер келеді, – деді Бозжанов (Б.Момышұлы, Шығ.).

МЫНАУ

Жазушыларға ескертетін нәрсе м ы н а у: әлі болса – қара халық үшін, бері болса – ауыл мектептеріндегі мұғалімдер түсінетін сөздер жазуға. Жазған сөздерің қойыртпақ болмай, таза, тартымды болсын. (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. жин.). Ел жайы өзіне мәлім, м ы н а у ы теріс дейтін адам жоқ екенін біледі, сонсоң несіне тайынсын (Б.Майлин, Шығ.). Көзден бір төкпегендей жылап жасты, Күліп те көрмегендей сұм албасты. М ы н а у кең дүниеге – сахараға, Келгендей осы күйде түрі алғашқы (X.Ерғалиев, Көбік шашқан). Зарлайды ол, байды қарғайды, Аспанға қолын жайыпты. Ендеше м ы н а у өлімге, Бай зұлым ғана айыпты (А.Жұмағалиев, Өшп. жалын). 2. Міне, мінеки. Ал мен кеше күні бойы басымды қатырып отырғаным – мынау (К. Тоқаев, Тасқын). Осы арада тағы бір айта кететін жәйт – м ы н а у (3.Ақышев, Біздің шамш.). Мұның бәрінің түп себебі м ы н а у романда ұнамсыз кейіпкер мүлдем жоқ (Ф.Оразаев, Басты.). // Осы кісі, осы адам. Төбелестен көп жарылған төбесі, М ы н а у ы ң н ы ң шомбал екен денесі. Не де болса күресемін осыңмен, Сен боласың екеуімізге тереші (С. Мәуленов, Алыс кет.). Мәдениетті боламыз дейік, жолымызды дұрыстап түзеп алып, бетімізді бір бағытқа салып, азық-түлігімізді түгендеп, ұзақ сапарға шығу керек. Асықпаған арбамен қоянға жетеді. «А н а у б ә л е н болды, м ы н а у т ү г е н б о л д ы» д е г е н күншілдікті де қою керек (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).



МІНЕ

М і н е, осы уақытқа дейін сол үш адаммен баспахана түрлі махкамалардың заказдарын атқарып келді. Бұл баспахананың үлкен жұмысының біреуі – қазақ тілінде бір газет басып таратпақ еді. (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).

КІМ

– Атың к і м? – деді жолаушы жігіт Тасмағамбетке (Б.Майлин, Шығ.). Әзімбай асқан ақылды, Желмаядай бақырды: «Он екі баулы өзбекте Келмей қалған к і м бар?» – деп, Шақырушыны шақырды (Қамбар батыр). К і м айтар тазамын деп Хақ қасында? Күнәлі үлкен-кіші, қарт-жасыңда. Жасырмай, аз ба, көп пе, айтып шықсын, Қылмысын болған әркім өз басында (А.Байтұрсынов, Шығ.). Олар осы ескі моланың к і м н е н қалған көне белгі екенін білмеуші еді (М.Әуезов, Абай жолы.). Сізге ғылым к і м берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз (Абай, Тол. жин.). Ақбөкенді аулауға тыйым салынған кейбір аудандарда к і м к ө р і н г е н бұл аңды кездескен жерде атып, құртуға дейін барған (X.Қыдырбаев, Дала көркі). Жердің халі не болар К і м к ө р і н г е н таптаған? Елдің халі не болар Таңы бір тыныш атпаған (Манас). Сән-салтанат жұбантпас жас жүректі, К і м д е б о л с а тұрғысын көксемек-ті. Мезгілі өткен дәуренді қуалаған Неғылсын бір қартайған қу сүйекті? (Абай, Тол. жин.). ә) Кім болса, ол болсын. Шал байғұс айғайлайды аттан салып, Айырып алған жан жоқ оны барып. К і м д е б о л с а бір ерлік қылайын деп, Масғұт ұшты ұрыға оңтайланып (Абай, Тол. жин.).



КІМДЕ-КІМ

Кәрі, жас дәурені өзге тату емес, Епке көнер ет жүрек сату емес. К і м д е-к і м үлкен болса екі мүшел, Мал беріп алғанмен, қатын емес (Абай, Тол. жин.). Адам баласын заман өсіреді, к і м д е-к і м жаман болса, замандасының бәрі виноват (Абай, Тол. жин.). Іздесе мені к і м д е-к і м, Шырағдан етсін жырымды. Жырымның жайса өрмегін, Табар да, ұғар сырымды (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес). Осы топта к і м д е-к і м күресіп, жығып, күші асса, қызымды соған беремін (Қаз. ертег.). 2. Әркім, барлық адам. Адамдарға жедел қызмет көрсетіп, ықыласпен шығарып салу, әрине, к і м д е-к і м д і қуантпай қоймайды («Жаңа өмір»).

НЕ Сұрау мағынаны білдіретін есім сөз. Әй, қу қатын-ай, Базарбаймен көзқарасың жаман. Шекенді жер соқтырып жүрсің ғой. Өз байынан н е с і артық, сайтан-ау... Жап-жақсы қатынын тастап, Бұ да бір есі шыққан сорлы (Ж.Аймауытов, Шығ.). – Сұрқы бұзылып тұр. Бірақ н е шара?! Н е қылмақ керек, – деп Нүке өзге жолдастарына қарады (М. Әуезов, Қилы заман). – О, н е Дүреке? – жұмыс бабы ғой! (Ө.Ахметов, Адам.). 2. Неше түрлі, қилы-қилы. Мұны жазған кісінің Атын білме, сөзін біл! Осы жалған дүниеден шешен де өткен н е бұлбұл Көсем де өткен не дүлдүл (Абай, Тол. жин.). Мен жаспын, білесің бе жастықты сен? Н е қызықты үміт бар ойға келген! Көріп пе ең, я болмаса ұмыттың ба, Іштегі отты достық пен қастық деген (Абай, Тол. жин.). Н е жамандар өткен жоқ Өкпедей суда қалқыған. Ғаламға мәлім аттары Ертеде өткен ерлер көп Тақ шыққан талай талқыдан (Базар жырау, Шығ.). Орынсыз, қисынсыз іс істеді. Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады және қуанғанда н е а й т ы п, н е қ о й ғ а н ы н, н е қ ы л ғ а н ы н өзі б і л м е й, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді (Абай, Тол. жин.). Еш қатысы жоқ, жеті атамда жоқ. Н е а т а м д а, н е б а т а м д а жоқ еді, бұл бәле қайдан болды (Қаз. тілі аймақ. сөздігі). Адам алдында н е б о л а р ы н болжай білсе, көре білсе, ешқандай қателік жасамай, жолдас-дос болар адамдарын ертерек таңдап алып, жер жүзіне тыныштық орнатып, бақытты өмір сүрер еді («Жас Алаш»). Мүмкіндігінше толық жүріп кеткенше, шығындарын азайтып, коммерциялық ұсыныстармен келген танысқа, жора-жолдастарға уәде бере бермеу керек. Себебі, Сіздің коммерцияда тәжірибеңіз аз болғандықтан, алда н е б о л а р ы н болжап біле алмайсыз («Ана тілі»). Бізде келе жатқан жаһандануды төніп қалған әлемдік топан су немесе апшыны қуырған құрғақшылық сияқты апат ретінде көзге елестеу, үйрену басым. Өйткені жаһанданудың не екенін бізге бажайлап түсіндіріп беріп жатқан, н е б і р саясаткеріміз, не бір философымыз жоқ екен («Жас Алаш»).
НЕШЕЛЕГЕН

Екі жақтан н е ш е л е г е н жігіттер сойылға жығылды (Б.Құсбегин. Зуқа батыр).


НЕШЕДЕ

Қызыңыз н е ш е д е еді? (Т.Тобағабылов, Жазира). Олардың әрқайсысының жасы н е ш е д е, білімі қанша екенін анықтаңыздар (С.Сейфуллин, Шығ.). – Жә, арыныңды бас, жөніңді айт. Жасың н е ш е д е? Келін бар ма? – деп тіпті адами әңгімеге бет бұрды (“Түркістан”).


НЕШЕЛЕР е с. ж е р г. Неше түрлі. Біздің ауданда н е ш е л е р жақсы ақындар бар емес пе? (Қаз. тілі. аймақ. сөзд.). – Мәдениеті марқайған ел – асарын асап, жасарын жасаған ел, н е ш е л е р дәуірді басынан кешіріп, ой көзін өсірген ел; қиядан қияға, тереңнен тереңге, жаңа пікір, жаңа өнер, жаңа тұрмыс табуға құлаш сермеген ел – табиғат сырын дендеп білген, табиғатты жеңген ел (Ж.Аймауытов, Шығ.).

НЕШЕМЕ Оңғарбаев н е ш е м е табын жылқының қоңын сылып алып жемеді! («Ара»). Бұл арадан н е ш е м е сылқым қыз-келіншектерді де кересің (С.Сарғасқаев, Біз төртеу). Құдайға тәуба, бүгінде республикамыз н е ш е м е ұлттар мен ұлыстар қоян-қолтық араласып, бір-бірімен бейбіт өмір сүріп жатқан, тыныштық бақыты салтанат құрған жер бетіндегі бірден-бір ел екені рас (“Егемен Қазақстан”).

НЕШЕУ Өнерпаз н е ш е у болса, өрнек те сонша (Мақалнама). Бес алманың үшеуін Досың сұрап алады. Айтшы, сонда н е ш е у і Өз қолыңда қалады? (Қ.Мырзалиев, Күміс). Мен келдім алпыс жастың бесеуіне, Не жиып, не жетпейміз н е ш е у і н е. Құдайым иман бергей, бір қаза бар, Дүниенің көз жете ме өлшеуіне?! (Шал ақын, Өлеңд.). Және пайғамбарымыз саллаллаһу ғалайһи уәссәлам “ақыр заманда бір жылдық, бір күн болар” дегенде сахаба-и, кәрәмлар ,”бұл бір жылдық күнде намаз н е ш е у болар” деп сұрағанда, оның пәтуасын сол заманның ғалымдары білер деген сөзінен ғибратланып қарасаң, заман өзгерумен қағидалар өзгерілмегенін білдіргені мағлұм болады (Абай, Тол. жин.).

НЕШІК Қайтіп тура бағармын деп, Иранбаққа н е шік от жағармын деп. Анасы ақырында ой ойлады, Бір ақыл енді бұған табармын деп (Ғашықнаме). Қонақ келсе сыртыңа Жүгіріп шық, кешікпе. Қырықтың бірі Қыдыр-ды, Дұғасы тиер н е ш і к те (Кердері Әбубәкір, Қазағым.). Қайыршы енді қарап тұрсын н е ш і к, Дорбасын тоса берді аузын шешіп. «Сала бер, төгілер деп қорықпа, – деді, Болғанмен дорбам ескі, емес тесік» (А.Байтұрсынов, Шығ.). 2. Қандай. Қоңыршұнақ боқтыңмын, Мен түсемін қиялға, Н е ш і к айла болады Көзімнің жасын тиярға (Батырлар жыры). 3. ж е р г. Не себепті, неге. Құдай осы немені н е ш і к т е п жаратты екен (Қаз. тілі. аймақ. сөзд.). Нешік совхоз жұмысы жүрмей жатыр (Қаз. тілі. аймақ. сөзд.).

НЕШІНШІ Айназар Жанбикеге қарап: – Бұлар н е ш і н ш і бригада еді? – деді (С.Сейфуллин, Шығ.). Үстелдің үстінде тұр екі шыны, Кім білсін н е ш і н ш і ғып алды мұны, Салынған сәнді ыдыс табақтарға, Алдарында қымбатты астың түрі (С.Мұқанов, Шыңнан шыңға). ұзақ әңгімені қозғамыс бұръін ол Үрмәштен: – Осы Ақпан сенің н е ш і н ш і атаң? – деп сұрады (Ә.Әлішев, Батыр.).

ҚАЙ Әм жабықтым, әм жалықтым, Сүйеу болар қ а й жігіт, Көңілден кеткен соң тыным? (Абай, Тол.жин.). Алдына әкеп қатар қой, Қ а й сүйгенін тыңдасын (М.Жұмабаев, Оразада). Кебек келсе төсек жоқ төр алдында Қ а й араға жатарын тұрды білмей (Шәкәрім, Еңлік-Кебек). Қ а й ғылымды білсеңіз де қазір оны елге жай, Құры ішіңде кеткенінше пайдалысын өзгелер (Шәкәрім, Өлең., поэм.). Қ а й халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет-салты, ырым-кәдесі бар (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз. әдеб.). 3. Қане, айтшы біреуін, көрсетші деген мағынада қолданылады. Кісі айтпаған сөз бар ма, Тегіс ұғар қ а й құлақ? (Абай, Тол.жин.). Мендей сені қызғанар Бауырыңда өскен қ а й балаң! Көл қорыған қызғыштай Сен десе салам байбалам (Дулат Бабатайұлы, Замана.).


Қай күні

. с ө й л. Осыдан біраз күн бұрын. Қ а й к ү н і қалада оқуда жүрген баламыз келіп, мәре-сәре боп қалдық (Ауызекі).

Қай теңі

Сенің неңді алған деген мағынада, қорашсынып, менсіңкіремей тұрғанда айтылатын сөз. Итке темір не керек демекші, алпамсадай болған албасты басқыр-ау, жүйрік ат сенің қ а й т е ң і ң-ей?! (3.Жәкенов, Таң самалы).

ҚАНДАЙ

Аласың жақсы келсең сауап жақтан, Болады қ а н д а й пәрмен жалғыз хақтан?! Аласың жаман болып қолға тисе, Сығалап сен жүрерсің әр бұрыштан (Мәшһүр Жүсіп.) Қара жұртта бықсыған шала қалған, Аналардан ес кеткен, балалардан. Тал да таппай қармауға жағалаудан, Ақыл қашқан адыра бабалардан. Қ а н д а й қарғыс атты екен қайран елді?! Қайда барып тығылар паналауға?! (М.Мақатаев, Шығ.). Сан айқастан өткен бұл батырларды ел күйін түсінбей жүр деуге менің қ а н д а й қақым бар? (I.Есенберлин, Қаһар).

2. Ерекше таңданып-таңырқаушылықты білдіреді; керемет, өте, тым. У-шу боп қыбырлаған төрт түлік мал, Есетін солтүстіктен салқын самал. Апырым-ай, қ а н д а й жауыз тағдыр деген Бұйырған тұтқын болып жат та қамал? (А.Байтұрсынов, Шығ.). Матай тауын көлегейлеп Ай қарады албырап, Қ а н д а й кәусар, Қ а н д а й бейқам таңғы уақ, Жұлдыздар тұр бір сұмдықты сезінгендей қалтырап (М.Шаханов, Ғасыр.). Тай қ а н д а й, құлын қ а н д а й, дөнен қ а н д а й, Шерленіп іште жатқан шемен қ а н д а й. ұл болмас ұрыспайтын ағайында, Балаң жоқ мұндар қу бас деген қ а н д а й! (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Қос ішекпен домбыраға күй келер, Қ а н д а й әсем пар ат жеккен күймелер. Омырауынан бүршік жарып қос алма ақ, Музыкалы қыз өмірі басталмақ (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.). 3. Кез келген. Үрейлі сенің атың «Барсакелмес», Тұрады көз алдыңда қаншама елес, Қысса да қ а н д а й сындар қыспағына, Адамның жақсы үміті – аңсауы өлмес (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.). 4. Белгілі бір істің нақ болғандығын, дұрыстығын, растығын күшейту үшін айтылады. – Сен дестені жинауға кірістің бе? – Кіріскенде қ а н д а й! Бірінші бригада жинап жатыр. Күні-түні екі смена істейді (3.Шашкин, Өмір.). – Туыстарың бар ма? – Болғанда қ а н д а й! Бәрі де осы ауылда тұрады (Е.Естаев, Өмір.). – Балаларым аман ба екен? – деп сұрады қария. – Аман болғанда қ а н д а й! – деді ферма меңгерушісі көңілді үнмен (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Күнде думан шаң қылдың, Малын тарттың халқымның. Халқымды қ а н д а й қырып ең, Жан қ а н д а й екен шамала. Өлтірген елің өзіңдей Енді бүгін бағала (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). Шіркін, қайсар қанаттыны, қ а н д а й күш бар бөгеген, Саңқ-саңқ етіп бала қыран ұшып өтті төбеден (М.Шаханов, Ғасыр.). Бар еді менде не ақың кеткендей-ақ? Тиеді мына сөзің кетпендей-ақ. Аузыңнан қ а н д а й-қ а н д а й сөз шығады, Тұлпарды есек келіп тепкендей-ақ (О.Шораяқов, Шайыр.).

ҚАНША


Қ а н ш а ғасыр өтті екен, қ а н ш а заман? Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам? Қ а н ш а шырша өсті екен, құлады екен, Жетім көлге қараудан шаршамаған? Жетім көлден су ішкен қ а н ш а марал, Қ а н ш а киік қалды екен сай-салада? Қанатынан үзіліп ән-самала, Қаншама аққу кетті екен - аңсаған ән? (М.Мақатаев, Шығ.). Қ а н ш а үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар. Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар? (С.Мәуленов, Алыс кет.). Құнанбай қ а н ш а кәрлі, зәрлі болса да мынадай кінәдан қатты сасып, құп-қу болып, дірілдеп кетті (М. Әуезов, Абай). Қайратым қ а н ш а қайтса да, Мұныңа ханым шыдаман. Арқаға қарай көшермін. (Х.Досмұхамедұлы). Ғалымның қ а н ш а айтқанмен қасиеті, Патшаға айтқызбады бөтен бұлтаң. – Мейірбан перзентімнің мейірі үшін. Келтіргіл бір қап гауһар, болса імкән (О.Шораяқов, Шайыр.). Мұз үстіне шықпа деп қ а н ш а жалындым (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

3. Бірдеңені жоққа шығару үшін қолданылатын сөз. Балалы-шағалы болған адамдарды үнемі жетектей берудің қажеті қ а н ш а (С.Мыңжасарова, Замандас.). Шошқаның етін сатып, қ а н ш а байи аласың (I.Есенберлин, Көлеңке.). Бай қызына үйлендің деп кім жазғырар дейсің, біреуде біреудің жұмысы қ а н ш а (Б.Тілегенов, Аққайнар).

4. Толып жатқан, сансыз көп. Аттысы, арбалы, жаяуы бар ағылған халық көшеге сыймайды. Мал айдағандар қ а н ш а (Т.Дәуренбеков, Біз. кездес.). Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап, Жиса да бай болмапты, қ а н ш а малды ап. Қазаққа өлең деген бір қадірсіз, Былжырақ көрінеді соларды аңдап (Абай, Тол. жин.). Сенбе жұртқа тұрса да қ а н ш а мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап, Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап (Абай, Тол. жин.).

Қанша дегенмен

Қ а н ш а д е г е н м е н Көкем салдың баласы емес пе! (М.Дүзенов, Ақәже). Қ а н ш а д е г е н м е н ақылды тентек қой (М.Дүзенов, Ақ әже).

ҚАНШАЛЫҚ

е с. Қаншама, соншалық. Өтті күнім, кетті жылым қ а н ш а л ы қ Көрінгенмен құшақтасып, ән салып. Келем төзіп не көрсем де бәріне, Шын досымды табам ба деп жан салып (C.Жиенбаев, Алтын қалам). Анда-санда солқ етіп калатын денеден, бүкірейе түскен жауырынынан бұл адамның қ а н ш а л ы қ қайғы құшағында отырғанын аңғарды (Қ.Исабаев, Соңғы.). Саңқылын оның таныды түгел бұл Отан, Есіткен сайын мен де оны сансыз гүл атам. Бекежандарды жек көремін-ай қ а н ш а л ы қ, Құрекеңдерді десеңші қанша ұнатам (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.). Тобылғы сап сегіз өрме қамшы алып, Торы үстінде шырқай салып Шәмші әнін, Табыныңды дүркіретіп, Түзіңде Тірлік кешу бақыт еді қ а н ш а л ы қ! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).

ҚАНШАЛЫҚТЫ

е с. Қаншама, сонша. Бір адамның түр-әлпеті екінші адамға қ а н ш а л ы қ т ы ұқсас болмаса, мінез-кұлқы да соншалықты бөлек, алуан түрлі (3.Шашкин, Сенім). Ақын халық үшін қ а н ш а л ы қ т ы қызмет істесе, халық соншалықты құрмет көрсеткен ғой (Ж.Молдағалиев, Тыңдағы.). Мәдени өсімдіктер өзіне қажетті қоректік заттарды қ а н ш а л ы қ т ы мол алса, соған сәйкес мол өнім береді (Т. Мұсақұлов, Ботаника). Даулы сөздің көрдім де елеп көбін, Дұрыс пенен бұрысты бөлектедім. Қ а н ш а л ы қ т ы күдікпен қарасам да, Көңіліме қонады көбі өкпенің (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).

ҚАНШАМА


е с. 1. Қаншалықты, қаншалық. Балқы Базар, дүр Көрде де енді сен жайлы ойға батамын Бұл іңкәрлік созылады қаншаға? Кім қ а н ш а м а шексіз сүйсе Отанын Оның тартар азабы да соншама (М.Шаханов, Ғасыр.). Қ а н ш а м а асықтым, жеделдеп келемін десе де, адымы мардымсыз, жолы қысқармай қойды (А. Байтанаев, Асан). Гүлшәрі қ а н ш а м а қиналса да, бала күннен бірге өскен құрбысынан сыр бүгіп қала алмады (А.Байтанаев, Қайнар.). 2. Өте көп, сансыз; ұшан-теңіз. Аралығы қарын менен жүректің Төрт-ақ елі болса да, Қашық олар қ а н ш а м а! Иә, көп болса төрт елі (Т. Айбергенов, Мен. ғашық.). Көрмеймін деген жоқ ем мен, Жеткізбеді ғой сан қырлар. Қ а н ш а м а құйды дегенмен, Басылған шығар жаңбырлар (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.). Тұрғызса да қ а н ш а м а астанасы, Талайлардың жоқ әлі баспанасы. Интернатқа, Балалар бақшасына Бару керек жесірдің бес баласы (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.). Қ а н ш а м а ел ата мекен жерін тастап, жаңа қонысқа қонды! (І.Есенберлин, Көшпенділер). 2. Қанша, неше. Дастарқанға төгілген бауырсақтай жайылып, жапан түзде біресе солтүстікке, біресе оңтүстікке бытырап көшіп жүрген қазақты ел етіп біріктіру үшін қ а н ш а м а тәсіл, қ а н ш а м а күш қолданылады (І.Есенберлин, Көшпенділер). Жер бетінде қ а н ш а м а халық болса, соншама календары болған (Ғалам ғажайыптары). Егістікті суару мерзімін және су жұмсау мөлшерін анықтау үшін қазіргі кезеңде топырақтары ылғалдың қ а н ш а м а екенін анықтау қажет (Б. Шағыров, Картон).
ҚАЛАЙ-ҚАЛАЙ

е с. Қимыл-сын мағыналы сұрау сөз. Шапырашты басыңмен байлық айтып, Сен кезікпей жатырсың құлар сайға. Қ а л а й-қ а л а й сөйлейсің байғұс шолақ, Сары майдан дәметкен кеудең қайда (Айтыс).

ҚАЛАЙ

е с. Белгілі бір зат не іс-әрекеттің мән-жайын білу үшін қойылатын сұрау сөз. Ол кезде қазақта жалғыз-ақ «Қазақ» газеті бар еді. Ол заманның жуан ортасында болмаған, ащы-тұщысын татпаған бүгінгі бақытты жастар ол «Қазақ» газетін енді оқыса, «Бишара қ а л а й жасқаншақ, қ а л а й қорқақ, былай жазса да болмас па еді, олай жазса да болмас па еді?» дер еді. Ол кездегі газеттердің бет-аузын алапес қылып шығаратын цензураны бүгінгі жастар көрген жоқ қой (М.Дулатов, Шығ.). Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің. Қойға пана болмайды тал дегенің. Жалаң аяқ, жалаң бас тоқты арқалап, Хан ата, қ а л а й екен мал дегенің? (Шал ақын, Өлеңд.). Жез киік, біздің жаққа қалай келдің, Жолымды тіке кесіп, жанай бердің. Адамның көздеріндей екі көзің, Япырмай, дәтім шыдап қ а л а й көрдім (К.Салықов, Жезкиік). Өсек болды баққаным Момынға құрған қақпаным; Өсекші – тәңірі дұшпаны, Күнәмді қ а л а й ақтадым (Дулат Бабатайұлы, Замана.).



ҚАШАН

е с. 1. Бір нәрсенің уақытын, мезгілін білу үшін қойылатын сұрау сөз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қ а ш а н ол қарыз? (Абай, Тол. жин.). Жиылған халықтар амандасып, қ а ш а н Меккеден шыққанын, жолда қанша жүргенін өзге қажылар қайда екенін, араб жұртында не жаман, жақсы бар екенін сұрады («ДУГ»). Зықыр көрсеткен соң науқас адамның сырқатын қ а ш а н ћәм не себептен жабысқанын, бұған қандай дәрі керек екенін айтады («ДУГ»). – Оны айтсаң, ұлы сөзде ұят жоқ, өз басым күні бүгінге шейін әйелде ай сайын болатын бірдеңенің қ а ш а н келіп, қ а ш а н қоятынын да білмеймін (Ө.Қанахин, Бақыт). – Жорыққа аттануға мен дайынмын. Қ а ш а н, қай, шаһарға шығамыз? (І.Есенберлин, Алмас қылыш).

2. Қай уақытта деген мағынадағы ұзаққа созылған процестің тездетіп аяқталғанын қалайтын қолданыс. Неке қиған молдалар теңге жияр. Сатылған мал орнына сорлы қыздар, Көз жасын теңін тауып қ а ш а н тыяр (С.Торайғыров, Шығ.). – Ей жігіттер, осы қазақшылықтарың қ а ш а н қалады? (А.Тоқмағанбетов, Әке мен бала). Арда күрең жігітсін алым-берім. Қ а ш а н өзің өлгенше есіл көзел, Күнде той, күнде жиын жүрген жерің (Айтыс). Көрмегелі жүзіңді көп күн болды, Құмарланған көңілім қ а ш а н тынар (Қаз. әндер) // Оған дейін, соған шейін, уақыты болғанша, мезгілі жеткенше деген үстеулік мағынада жұмсалады. Аңызды сөздер Дина қ а ш а н сахнаға шыққанша басылған жоқ (С.Бақбергенов). Қ а ш а н жігіт қызды қуып жетіп бетінен сүйіп алса, жігіт мәз болып қуанғанынан қайта қашады, мұның артынан батыр қыз қуады («ДУГ»). Жау жақындап келеді. Көп емес. Жиырма шақты. Біреулері жетсе де, жетпесе де оқ атып келеді. – Қ а ш а н жақын келгенше, оқ атылмасын! (С.Бақбергенов, Белгісіз солдат). О сүйгенің сүрініп кетсе сүйе, сүйгенің рас болса, қ а ш а н қолыңа қондырғанша күрес! (Ж.Молдағалиев, Жүрек қазынасы). 3. -Ғалы/-гелі қосымшалы сөздерден кейін келіп, талай уақыт өтті, көп уақыт болды деген мағынаны береді. Жағдайларың жақсарады, бәрі де өзгереді дегелі қ а ш а н, әзірге ештеңесі көрінбей-ақ тұр ғой (Б.Тілегенов, Аққайнар). Әлгі жылқышы Жапар қолқалап сұрағалы қ а ш а н Қарашолақты (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).

ҚАШАНҒА


Қ а ш а н ғ а дейін ықыласы Қабыл болды тілегі (Алпамыс). Абылаевқа қ а ш а н ғ а д е й і н атқосшы боласыз (С.Бақбергенов, Қоянкөз.).

ӨЗ


е с. 1. Іс-әрекетті, затты, нәрсені меншіктенуші, иеленуші жақ. Ертеңіне бұлар ө з ауылына келді (С.Бақбергенов, Алтынемел.). Ө з жаулығын ө з і айырып, бес саусағын бетіне салып, ақсақ қатын ойбаймен үйді басына көтерді (Б.Майлин, Шығ.). Қош, аман бол, боз атым, Он жыл мінген ө з атым. Мен жүйрікпін дегеннің Қолтығын талай созатын (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Сол кісінің ақылымен Бұққан деген жерден ө з қаражатына мешіт салдырып, бала оқыттырды. Құдайға шүкір, бүгін соның игілігін бүкіл ел көріп отыр («Жалын»).

2. Субъектінің өзі, сөйлеуші жақ. Ақбілек ө з і н е н бетер сол екеуінің жетімдігіне қабырғасы қайысатын (Ж.Аймауытов, Шығ.). Осы өтірік еді десе, қосшының бастығы ғой, Үрпектің ө з і айтсын (Б.Майлин, Шығ.).

3. Таныс, ішіміздегі деген мағына. – Ойбай-ау, бұл ө з і м і з д і ң Жамантай болды ғой (С.Шаймерденов, Өмір.). // Басқаны былай қойғанда, ең зор мықты деген адамның өзі деген мағынада. Шалқыған айдын шалқардай Көл тарылды көзінен Сандуғаштай сайраған Тіл тартылды сөзінен. Бәрі сондай жігіттер, Мәуреті өтсе басылар Әр нәрсенің кезінен. Осы кезде баяусып Бұрынғы дәуір болмай жүр, Базарыңның ө з і н е н (Базар жырау, Шығ.). Алдарыңнан ө з і м шығып аттарыңды байлаймын. Бәрінді де қошеметтеп төрден орын сайлаймын (Т.Молдағалиев, Шақырады.).

Әркімнің қолы өз аузына жуық

Кім де болса өзіне қарай тартады, жақынын қолдайды, ағайынын сүйемелдейді. Жақсы, жаман болса да қаның бірге, Өлсең де, тірілсең де тәнің бірге. Ә р к і м н і ң ө з а у з ы н а қ о л ы ж у ы қ. Егерде өлшестіріп салсаң гирге (С.Торайғыров).
Бір [жалғыз өзі] өзі

Сұлуды адам жаны қимайды екен, Беймезгіл еске түсіп қинайды екен Жезкиік, сені аңсаған кездерімде Б і р ө з і м кең далама сыймай кетем (К.Салықов, Жезкиік.). ә) Ешкімнен қорықпай, өзі ғана. Он кісіден олжа алдым, Жапанда жүріп б і р ө з і м. Қоймады маған қоқаңдап, Баймұрат болыс, үйезің (О.Шипин, Екі дастан). Үшеуін бір уыс қып ж а л ғ ы з ө з і, Шық-шықтап, үйін сабап, ойран салды. Азырақ ат үстінде қамшыласып, Беттері үшеуінің жараланды (О.Шипин, Дастан.). Өзіңді ғана ойладым, саған ғана сендім д.м. Б і р ө з і ң деп к е л д і м. «Анау-мынау десең де, қимайды екен көз көрген» деген бар емес пе. «Өзің» деп келдінің төркінін Ұмсындық бірден сезсе керек (С.Шаймерденов, Селдің екпіні).

Жатты өз қылды

Қашан әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, ж а т т ы ө з қ ы л ы п, үйір боларлық қайрат, жалын сөніп те қалған екен (Абай, Тол. жин.).

Өз адамы

. Сөйлеушінің сөзін сөйлейтін, өзіне жақын, сенуге болатын. Е, ол өкіметтің ө з а д а м ы еді ғой? («Жалын»).

Өз әнін өзіне айтты

м ы с қ ы л. Төмен, сапасыз, түкке тұрғысыз әрекет іс туралы. Шетелдің ө з ә н і н ө з і н е а й т ы п, жағынып, бәйге алып келетін әншілер бүгінде көбейіп барады («Жалын»).


Өз бармағын өзі шайнап

Ыза-кектен, дәрменсіздіктен іштей тынғандықты бейнелеген сөз. Еркек біткен ө з б а р м а ғ ы н ө з і ш а й н а п, тістеніп алған. Әйел жағы шаштарын жұлып азан-қазан (Ә.Кекілбаев, Шығ.).

Өз басын күйттеді [қайттады]

Өз жанын күтті, өзінің ғана қамын ойлады. Қатын-бала, мал-мүлікпен ешкімнің жұмысы болған жоқ, әркім ө з б а с ы н қ а й т т а д ы (Қаз. тілі фраз. сөзд.).

Өз басы өз мойнына жүк болып

Басын көтере алмай деген мағынада. Шапши-шапши, кегежектей-кегежектей мойыны да талып қалыпты; ө з б а с ы ө з м о й н ы н а зіл батпан ж ү к б о л ы п, жерге тартып, әрең-әрең қазыққа жетті (Ә.Кекілбаев, Шығ.).

Өз бетімен

. а) Өз алдына лағып. – Қарсы алуға келді ме, әлде ө з б е т і м е н жүр ме? (3.Шашкин, Темір.). ә) Жайына, жөніне. Сен мені не етесің? Мені тастап, өнер бастап, Жайыңа және алдап, Арбап, ө з б е т і ң м е н сен кетесің (Абай, Тол. жин.). б) Жеке, өз шешімімен. Сармолла тегі өз үйінде бір топ балаларды, жастау шәкірттерді ө з б е т і м е н оқытып жүрген бұр ұстаз екен (М.Әуезов, Абай жолы). Бірақ Сібірде тағы да әлденеше ақтардың үкіметтері жасалып, ө з б е т т е р і м е н әрекет қылып жатты (С.Сейфуллин). Шалдың ө з б е т і м е н істеген ісіне намыстанған Қаратай ызаланып, оның ұзын сақалынан ұстай алды (Қаз. тіл. фраз. сөзд.).

Өз билігі өзінде

Ешкімге тәуелді емес, ерікті. Сені ғана қаңбақтай ұйтқытып тағдыр қуалап жүр. Ал берекелі адамның ө з б и л і г і ө з і н д е. Өз өмірін өзі басқарады (Т.Ахтанов, Дала.).

Өз бойы жеткен жер

э к с п р. м ы с қ ы л. Шамасы, өресі әрең келетін істі «білемінге» салушылық туралы. Біздің бүгінгі қазақ зиялылары ө з б о й ы ж е т к е н ж е р д і табындырғысы (культ болғысы) келеді де тұрады («Жалын»).


Өз дегенінен қайтпады

Біреудің айтқанына көнбеді, қасарысты – Екеуі де ағайыншылықты алыс-берісті білмейтін, түк көрмеген топастар емес пе, ө з д е г е н д е р і н е н қ а й т п а й, қасарысатын түрлері бар (Ж.Арыстанов, Жалын.).


Өз кезінде

. Уақытында, мерзімінде. Оған ө з к е з і н д е азуы алты қарыс дұшпаны да қарсы тұра алмай қалды («Жалын»).

Өзі би [патша] өзі қожа [хан]

Толық ерікті, не істесе де еркі деген мағынада. Өзі әкелген кәмпитті тістеп, өзі әкелген ақ құйрық шайға көк тер боп қанып алды. Сөйтіп қатын баланың арасында бетінен қағатын, алдына шығатын бір жан жоқ: ө з і б и, ө з і х а н боп, сұңқылдап сөйлеп, шалқып отыр (Қаз. тілі фраз. сөзд.). Ө з і п а т ш а, ө з і х а н. Он жеті мың бар ғалам Оның үшін түзіліп, Тәртіп, низам тапқандай. Шаттық құрар мәз болып, Қарық олжаға батқандай. Қиямет, мақшар, таң туып, Жер көтерген өгізді Сойып салып жайратып Тойын жасап жатқандай («Жұлдыз»).

Өзі болған

Өзінше өсіп жетілген, өзінше өсіп азамат болып кемеліне келген. Бәйбішесі сыбанның, Жараскүл деген атадан, Ө з і б о л ғ а н жігіттен Сұрама кім деп ата-анаң (Дулат Бабатайұлы).

Өзім [өзімдікі] дегенде өгіз қара күші бар

Өзі үшін, өзіне келгенде жанын аямайды, бар қайратын салады деген мағынада. Әрқайсысы өзін-өзі дөй санайтын, ө з і м д е г е н д е ө г і з қ а р а к ү ш і б а р әр рудың би, батырларын бір ханға бағындыру оңай болып па? (Қаз. тілі фраз. сөзд.). Ө з і м д і к і д е г е н д е ө г і з қ а р а к ү ш і м б а р, Өзгенікі дегенде болар-болмас ісім бар (Мақал).

Өзім деген кісіге өзегін жұлып [суырып] береді

Сенген адамынан еш нәрсесін аямайды; жанын да қияды. Жұртпен әрі түсінікті, әрі қысқа сөйлеседі. Ықыласы түспесе күлмейді де. Ал, ө з і м д е г е н к і с і г е ө з е г і н ж ұ л ы п б е р е д і (И.Жақанов, Қайта өрал.).– Оқа емес, әлі жұмыс ыңғайымен толық таныса алмай жүр ғой, әйтпесе, ө з і м д е г е н к і с і г е ө з е г і н с у ы р ы п б е р е т і н азамат (С. Досымов, Директор.).

Өзімен кетсін!

қ а р ғ ы с. Біреуге тап болған жамандықты әңгіме еткенде құдай аулақ етсін» деген мағынада қолданылады.

Өзім өз болғалы

Туғалы бері, ес білгелі бері. Аз өмірде көп ауырған жан емен. Ө з і м ө з б о л ы п екі-ақ ауырғанымды білемін. Оның да бірі – шиқан (Қ.Тайжанов).

Өзіндей көрді

Сырын жасырмады, сенді. Санамай-ақ сенемін! Сені ө з і м д е й к ө р е м і н! Сенімен бірдей өсуге, Сенімді серт беремін (Айтыс).

Өзіне өзі келді [келе алмады]

Ес жиды, әлденді. Енді ө з і м е ө з і м к е л і п, есімді жинағаннан кейін, бұл маңдағы елдің жайын сұрай бастадым (Ә. Әбішев, Замана.). Ақ ордаңа енейін, Аман, сәлем берейін. Аз дамылдап алайын, Ө з і м е ө з і м к е л е й і н (Жамбыл, Тол. жин.). Бір жағы Тамараның сәтсіздігі әсер етсе керек, ирридоктомия жасағанша ө з і м е ө з і м к е л е а л м а д ы м (М. Сүндетов, Құмда.).

Өзін өзі басқару

. п е д. с о в. Оқушылардың жауапкершілігін арттыру үшін берілетін ықтималды билік. Негізгі міндеттердің бірі оқушылардың ө з д е р і н ө з і б а с қ а р у л а р ы н дамыту болып табылады (Қаз. мұғ.).

Өзін өзі тұсады

. п о э т. Өзіне ерік бермеді, тыйым салды. Сезім де ұсақ боп кетті, сезім де ұсақ, Жібермеймін ө з і м д і ө з і м т ұ с а п. Мен де ғашық болғанмын дәл өзіндей, Опа таппай өкінгем өзін құсап (Т.Молдағалиев, Шақырады.).

Өзі өз болып [болғалы]

Туғаннан, жаратылғаннан бері; өз қолы өз аузына жеткелі бері. Ө з і м і з б о л ы п екі-ақ ауырғанымды білемін (Қ. Тайшықов, Окт. ұшқыны).– Ақырын! Ақырын!– Психологтың ө з і ө з б о п бір қатты сөйлегені осы шығар (Бәйшешек). Ө з і ө з б о л ғ а л ы қалтасынан тұтас он сомдық шығарғаны осы (Р. Тоқтаров, Ертіс.).

Өзі теңдес [қатар]

Жасы қатар, құрбы. Кеңес ө з і т е ң д е с балалардан гөрі, көбінесе, өзінен үлкен жолдастарымен араласатын (М.Иманжанов, Таныс қыз). Сыртқа жүгіріп шығып, күнге қолын қалқалап, ө з і қ а т а р балаларды іздейді, сірә мақтанбақ ойы бар (3.Қабдолов, Өмір.).

БІРДЕҢЕ е с і м. с ө й л. Бірдеме. 1. Қандай да бір нәрсе, зат. Әлгі жігіт жерден дөңгеленген б і р д е ң е н і алды да, тұпа-тура бізге қарай жүрді (Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұлақ).

2. Дерексіз, белгісіз, түсініксіз нәрсе. Күндіз көңіл тыншымас, түнде көңіл, Бәрі аян: Еткен тірлік сүрген өмір. Түнгі ұйқымды төрт бөліп, мазалаған, Көкейімде, жолдастар, б і р д е ң е жүр (М.Мақатаев, Жырлайды жүрек). Тұман тәріздес бұлыңғыр б і р д е ң е көк жүзін түгел торлап алды (Б.Соқпақбаев, Өзім тур.).

3. Қандай да бір түсініксіз, белгісіз, орынсыз сөз, әңгіме. Қарашы, әне, аңдап басып, барады өтіп қарт адам, Ажары да, назары да, базары да тарқаған. Қарт адамға қарсы келіп, сәлем берсе қарт Ана, ұзынсонар б і р д е ң е н і айтып жатыр қарт оған (М.Мақатаев, өмір-өзен).

БІРДЕҢКЕ


е с і м. с ө й л. Бірдеме. Тілі қанжар болғанда тік б і р д е ң к е Найзадан кем болмайды өткір сөзі (Ш.Қаржаубайұлы // ХІХ ғ. қаз. поэз.).

БІРЕУ


1 е с і м. Белгісіз, бөгде адам. Б і р е у л е р д і мезі қылып аламын деп, Ашуыма ауыздық саламын кеп. Тентек іні бетіме тік қараса, Жасқанамын жандай-ақ залалым көп (М.Мақатаев, Жырлайды жүрек). Желкесі күдірейіп, бұғағы әукеше салбырап, қарны шермиген б і р е у барбиған сұқ қолын шошайта сөйлегенде даусы қыр-қыр етеді (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Бұл – Елемес батырақ. Қасында арқалаған жүгі бар, ашаң бет, шоқша сақал б і р е у келеді (С.Ерубаев, Шығ.).

Баз [бағзы] біреу

Кейбіреу, кез келген тосын адам. Б а з б і р е у «қарағым» деп жалынып жүр, Оны да тыңдаймысың құлақ салып. Жақсыны жат санамай, жадыңа алсаң, Толқыған көңілі табар ризалық (Үш ғасыр.). Б а ғ з ы б і р е у л е р жылап қайтар еді (Боз жігіт). «Етікшіні кім елеп, ескеріп жатыр», деп мұрнын шүйіретін де шығар б а ғ з ы б і р е у л е р («Лен. жас»).

Біреу болмаса біреу

Көптің ішінен біреуі. Қазір еректеніп тысқа шығу хауіпті, б і р е у б о л м а с а б і р е у саусағын шошайтып көрсетеді (Р.Тоқтаров, Ертіс.).

БІРНЕШЕ


е с і м. Бірсыпыра, бірқатар. Шілдеде қандай момақан, Толқының майда мақпалдай. Б і р н е ш е жұмсақ алақан Көтеріп бара жатқандай (Ғ.Қайырбеков, Құрдас). Солардың бір-екеуіне барсам, ұзақ сөйлесіп, қатарында б і р н е ш е күндер жүрсем деп ойлайды (С.Бақбергенов, Біздің колхоз). Саян сабақтан қолы бос кездерін пайдаланып тағы да б і р н е ш е модель жасады (С.Шаймерденов, Мезгіл).

КЕЙ


е с. Кейбір, қайбір, қайсыбір. К е й жұрт жанды бүйректе, кейбір ел – жатырда, тағы біреулер – жүректе, енді біреулер – қанда болады деп ойлаған. Берірек заманда жан мида болуға тиіс деген ұғым туған (Ж.Аймауытов, Шығ.). Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, Құлағын біреу салмас, біреу салар. Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес, Кейіне жарамаса, к е й і н е жарар (А.Байтұрсынов, Шығ.). Бәріне жұрттың жасаған Бермеген бірақ түгел бақ. Толып жатыр жалғанда Жетім-жесір, к е й бейбақ (М.Дулатов, Шығ.). // Тәуелденіп келіп, заттық мағына туғызады. Ән салған, арақ ішкен, өлеңдеткен, К е й і айық, к е й і мас боп, есі кеткен. Дуылдап, сауық салып отырғанда, Қақпаға біреу келді үш ат жеккен (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Абай түгіл, ақылды көп жан өткен, Түпсіз терең ғылымға көзі жеткен. Солардың да бар сөзі бір жерде емес, К е й і жөн, кейі қате айтып кеткен (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Мұжықтың к е й і қорқып, кейі састы, Владимир құлдарға амандасты: «Мен кетемін, бәрің де аман бол» – деп, Дайындаулы арбаға қадам басты (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Айналама қарасам, үй ішінде отырған ауылдастың к е й і жымың-жымың, к е й і теріс қарап мырсылдасып жатыр екен (Ғ.Сыланов, Домбыра.). Бәйгі аттарының бәрі қат-қабат ұйлығып, құйын қуған қаңбақтай үйіріліп к е й і алқымдаса, к е й і құйрық тістесе құйғытады (Р.Әутәліпов, Қыр әңгім.). К е й і жардан атылатын, Суға құлаш батыл ұрып. К е й і құмда отыратын, Көйлегінен шатыр құрып (С.Мәуленов, Тартыс.).

КЕЙБІР


е с. Қайсыбір, қайбір, кей; бірлі - жарым. Комиссия әуелі аупарткомге барып, к е й б і р мәселелерін келісіп алды (3. Шашкин, Өмір.). Оның к е й б і р мінездерін Қасболат жақсы біледі (Т. Ахтанов, Боран). Арын мен Нағима да, к е й б і р балалар да Түктібайдың сөзін қостап сөйледі (М. Гумеров, Шыңырау). // Кейбіреу, қайсыбіреу. Солдаттардың к е й б і р і қолынан, к е й б і р і аяғынан жаралы келсе де, ел ішіндегі қуанышта шек жоқ (С. Сейітхазин, Хадиша). Бұлардың к е й б і р і н і ң мінездері, Ешнәрсе көрмегенсіп, бұртақтаған. К е й б і р і жайдары, ашық боламын деп, Орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай, Тол. жин.).

КЕЙБІРЕУ


е с. 1. Қайсыбіреу, қайбіреу; кейбір (адам). Ел жайын біліп қансаңыз, Айтайын құлақ салсаңыз: К е й б і р е у і дүрсіп жүр, Жер тәңірісіп кер мағыз. К е й б і р е у і – законшік, Оңдырмассып, берсе арыз. Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз (Абай тілі сөзд.). Мүмкін жігіттердің к е й б і р е у і бізді сол жақта күтіп тұрған шығар (Р. Райымқұлов, Болат.). К е й б і р е у л е р і н і ң қолында сойыл, ағаш, бір-екеуі иығына мылтық асынып алыпты (Б.Тілегенов, Аққайнар).

2. Бірлі-жарым, бірен-саран. Хаттардың кейбіреулеріне жауап жазуды ол Сәменге тапсырды (С. Бегалин, Уақыт.). Олардың к е й б і р е у л е р і сол газеттердің өзінде де жарияланды (Р.Ыдырысов, Отты жыл.). Теңіз тасбақалары көп жасайды, к е й б і р е у і 300–350 жыл өмір сүреді екен (Қ. Қайымов, Қызықты зоол.).

ҚАЙСЫБІР

е с. 1. Бәрі емес, кейбір. Кетті еріншек өкпелеп Қайта келіп қонбасқа Қ а й с ы б і р і қайғы айтып, Үміттің үйін құлаты (Шәкәрім, Өлеңд., поэм.). Жүргемін жоқ қайғының жүгін артып, Ер сүрінсе еңкеймес, жығылар тік. Бөліп-жарған қ а й с ы б і р қуаныштан, Ойландырған оңаша мұңым артық... (М.Мақатаев, Шығ.). Ішкендей тұзсыз атала Борбайлары сатала; Бәрінің іші өтіп жүр Қ а й с ы б і р і н емдерсің? (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

2. Қайсысы, қайбірі. Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес, Кейіне жарамаса, кейіне жарар. Қайсысы ықыласын салып тыңдап, Жаратпай қ а й с ы б і р і теріс қарар (А.Байтұрсынұлы, Шығ.). 3. Қайбір, қандай. Қ а й с ы б і р халықтың болмасын өзінің қадір тұтып, қастерлейтін дәстүрі болады («Лен. жас»).

ҚАЙСЫ


е с. Саралап білу мақсатымен айтылатын сұрау сөз. Жалын мен оттан жаралған, Сөзді ұғатын қ а й с ы ң бар? Партия жиып, пара алған Бейілі кедей байсыңдар (Абай, Тол. жин.). Қас қ а й с ы, қаза қ а й с ы, таза қ а й с ы Аларсың көп ғибрат байқағаның (Шәкәрім, Еңлік-Кебек). Досың қ а й с ы, қимастай елің қ а й с ы Ел салмағын көтерер белің қ а й с ы? Аузың темір татиды бәрін татып Жалғанды қимайтұғын жерің қ а й с ы? (Шәкәрім, Өлеңд., поэм.).

ӘР

2 е с і м. Өз алды, жеке-жеке, әрбір. Кейбіреу көтереді өзін-өзі, Көктен үлгі алғандай ә р мінезі. Ежелден сыншы халық бағалайды, Көпшілік текке қалмас айтқан сөзі (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Абайға тән – маған да тән сыбаға, Келсін мейлі, келмесін тәржімаға. Осы менің отырып оңашада Оқитұғын намазым ә р жұмада (М.Мақатаев, Шығ.). Әзірлеп сүлгі, су құйдыр, Болғасын тамақ ішіліп, Аларсың алғыс ә р жерде-ақ Үлкенге қылсаң кішілік (Базар жырау, Шығ.).



Бұл кезде Бекболға алғаш кездескен асау қара сұрда ә р а л у а н сұрақтар бере бастап еді (М.Әуезов,Таңд.). Кендер басқа, шөп басқа, Шөптен болмайды ет басқа, Өмірге серік – өсімдік, Атайын атын ә р б а с қ а (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Мастер оған кәрі көздері күлімсірей қарайды, өз түлегінің ә р ж а қ т ы өнеріне қуанады (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен).

Әр кез


Әр істің ақырын күт сабырлықпен, Санаулы саңлақтардың ет мінезін! Ә р к е з д е уағзыма қойғыл құлақ, Сен – көжек, менің – қоян болған кезім (О.Шораяқов, Шайыр). Эпостық және тарихи тақырыптарға арналған пьесалардың сахналық шешімдерін, көріністерін табуда Қалибек – қай режиссерге болсын ә р к е з консультант, ұстаз болған актер («Қаз. әдеб.»). Азелде, тұлпарды асқан бағы бар, Жуас, көнбіс, моп-момақан жабылар. Қасиетін сезбесе де тәлім алар, табынар, Жуасты ә р к е з мақтайтын жұрт табылар (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Әр нәрсе


Ә р н ә р с е г е ұрынып Аман жүрмей, сау басын – Шатыпалған жиырма бес (Базар жырау, Шығ.). Ініне еніп жатқан тышқандай боп, Өкпемнен аяз жатырқысқандай боп. Қасқырлар тұра келіп бассалғандай, Ә р н ә р с е елестейді дұшпандай боп (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Жас күнің, әлі-ақ өтер жайраңдаған, Ә р н ә р с е тұс-тұсымен сайраңдаған. Қақ жарған қара суды болса жайын, Болады о да шортан қайраңдаған... (Ә.Найманбаев, Шығ.).

ӘРБІР


е с і м. Әр, жеке-жеке алғандағы, әрқайсысы. Тек қана баласының ә р б і р адымынсанап тұрғандай, көзі шоқ ағашқа қадалып қалыпты (Ғ.Мүсірепов, Таңд.). Тыныштықпен күн батып, кеш кіреді, Біздің жерден шаттық ән естіледі. Адамның баласына жатқылықтар Ә р б і р таң атқан сайын ескіреді (М.Мақатаев, Шығ.). Шәйі сиса, асыл қылышердің көркі, Ер жігіт жауға аттанған елдің көркі, Жарасар ә р б і р нәрсе өз сәнімен, Аққуқұс айдын шалқар көлдің көркі (Шал ақын, Өлеңд.).

ӘРБІРЕУ


е с і м. Әркім, әрқайсысы. Ә р б і р е у д і ң тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағдысына кіреді (Абай, Тол. жин.). Біздің ауыл мінекей, Көз жіберіп қараймын. Ә р б і р е у і н ауылдың, Іздеп, қарап санаймын (С.Сейфуллин, Өлеңд.). Дейтұғын Арыс, Қарысекі батыр, Соғыста ә р б і р е у і мыңға татыр. Жіберді сол екеуін бастық сайлап, Басынасалып кел деп заманақыр (Ә.Найманбаев, Шығ.).

ӘРКІМ


е с і м. 1. Әр адам, әрқайсысы, кез келген кісі. Базарға қарап тұрсам, ә р к і м барар, Іздегені не болса, сол табылар. Біреу асты қалады, біреу маржан, Ә р к і м г е бірдей нәрсе бермес базар (Абай, Шығ.). Дүниеде ешбір қатер жуымайды, Ә р к і м ие боп жүрсе өз аузына. Басына бәле адамның тілден болар, Сол тілден ұрынады сөз дауына (Қабан жырау, Алтын қазық). Ә р к і м н і ң ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар (ҚР Конституциясы).

2. Бәрі, барлығы, кім болса да. Өлеңге ә р к і м н і ң-а қ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы, Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? (Абай, Шығ.). Жігітті шешенсінген дауда сына, Мақтаған қырандарды ауда сына. Ә р к і м-а қ тамақ тоқта үйде батыр, Батырсынған жігітті жауда сына (Қабан жырау, Алтын қазық).

ӘРҚАЙСЫ

е с і м. с ө й л. Әрбіреуі, әркім. Әйелдер-ай! Әйелдер-ай! Қандайсың?! Әдемі боп кетіпсің ғой ә р қ а й с ы ң. Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың, Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың. Әйелдер-ай! Әй әйлар-ай, қандайсың?! (М.Мақатаев, Шығ.).


ӘРҚАЙСЫСЫ

ү с т. Әрбіреуі, әрбірі. Жаралған көп мақұлы хат бірдей емес, Құдайым ә р қ а й с ы с ы н а қылған нарық. Арасы жақсы, жаман жер мен көктей, Ақылмен ойлау керекзейін салып (Қабан жырау, Алтын қазық). Бұл күні Ғали мен Жамал әбден сөйлесіп, ә р қ а й с ы с ы хал-ахуалын біліскен еді (М.Дулатов, Шығ.). Қолымды арт жағыма қойды байлап, Зар жылап мен отырмын көзім жайнап. Қалғандар ә р қ а й с ы с ы бір тебеді. Жалтақтап жалынамын ағатайлап (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

ӘРҚИЛЫ

е с і м. Ұқсас емес, түрлі-түрлі, әртүрлі, әрқайсысы өзінше. Шөгерген түйедей болып жатқан ә р қ и л ы тастар орынды көкбурыл өзенге еш бөгет емес (Б.Соқпақбаев, Алыс.ауыл.). Біреу қойнынан таза кездеме шығарса, бәрі топырлап, ә р қ и л ы баға беріп, әп-сәтте жинала қалады (К.Тоқаев, Тасқын). Маған бір күннен екінші күн аса қадірлі, аса қымбат бола бастады, өйткені әр күндердің маған әкелер бақыт, қуанышы ә р қ и л ы, өздерінше зор, баға жетпес қымбат (Ж.Саин, Жол үсті.).



ӘРМЕНЕ

е с і м. с ө й л. Әркім, әрқайсысы. Бағынған бір өзіңе ә р м е н е м і з, басқа бағынуды ар көреміз (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). Бишанға берді бата «барсаң, бар» деп, Соларды айт «бүтін жүктік туған нар» деп, Алғысын ә р м е н е л е р беріп жатыр: – Мұныңа құлдық, тақсыр, алдияр, – деп (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).

ӘРНЕ

е с і м. Әр нәрсе, анау-мынау. Әсемпаз болма ә р н е г е, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар, қалан (Абай, Шығ. жин.). Қызығы естен қалмас өткен жайдың, Еркі бар ә р н е қылса бір Құдайдың. Жалғыздан екі жасар жалқы туған, Бар еді жалғыз ұлы Кешубайдың (Ә.Найманбаев, Шығ.). Көзім тойды көрмеге, Көңілім тойды ә р н е г е. Зар заманның тұсында Мұндай қызық көрмеп ем (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).



ӘРНЕМЕ

е с і м. с ө й л. Әр нәрсе, әр жағдай, оны-мұны. Сөйтіп, шомыт қоста Гүлияның қасында Сәтбай ә р н е м е н і бір айтып отырды (С.Сейфуллин, Шығ.). Келеміз әңгімелеп ә р н е м е н і, Күлеміз тамашалап әлденені. Бір сәтте әйел адам мың құбылтқан, Қыр астынан құйқылжып ән келеді (М.Мақатаев, Шығ.). Мария апамның жүзігі десе-дағы, Тануға ыңғайланды сөз аяғы. Ә р н е м е н і бір айтты, жөн сөйлемей. Қиын болды анығын байқамағы (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

ЕШ

е с і м. 1. Түк жоқ, еш нәрсе болмау деген мағынадағы болымсыз есімдік. Өзім де ерте, кеш емес, Кезінде туған адаммын. Өмірім менің е ш емес, Бейтаныс мүлде маған мұң (Достық жыры). 2. Ешбір, түк, ешқандай. Таба алмай бір барғанда е ш белгісін, Көзден жас көлдей болып ағасың да (М.Дулатов, Шығ.). Кешке таман Артемовка деревнясына баратын көрінеді. Онан әрі баратын жолы белгісіз, е ш жан білмейді (Ә.Шәріпов, Қапаста). Сонда да сол жол кескіні Салады ойға ескіні. Ал, қайда жаңа, жақсы жол Болмайтын енді е ш міні (Қ.Ұябаев, Тағдыр.). 3. Мүлдем, тіптен де. Е ш қаймықпа, айтқандыққа. – Ашып айт бүкпей бәрін! Е ш қаймықпа! Аласын таңдап жақсы ат айтқандыққа («Жұлдыз»). Олар бір кезде өмір сүргенін, туған ата-анасы, сүйген жары, бала-шағасы болғанын е ш есіне түсіре алмайтын шығар (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.).



Еш болмаса

Ең құрыса, тіптен, түк болмаса. Маған күнде қуаныш әкеліп жүрген жанға е ш б о л м а с а бір рет қуанышпен жауап беруден мен неге бас тартамын (К.Баялиев, Дегелек.).


Еш нәрсе

Ештеңе, дәнеңе, түк те. Хазіреттің сарнап айтып жатқанынан е ш н ә р с е ұғына алмаған Мұхтар жанындағы Асылжанға қарап еді (К.Оразалин, Абай.). Жамалға бетпе-бет кеп е ш н ә р с е айтып үлгіре алмаса да, болған жайды оның білетініне көзі жетті (Р.Райымқұлов, Бұрылыстар). Арамызда е ш н ә р с е болмағандай Рахмет бабай мен Тоғайәлі қопарыла ығысып, маған орын ұсынды (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.).

Ештен кеш жақсы

Игіліктің ерте-кеші жоқ. Жолдас Оразалиев, «е ш т е н де к е ш ж а қ с ы» деген, оныңыз айып емес, – деді комиссар сөзге араласып (Е.Оразақов, Дәрігер.). Ертерек келмедің деп несіне ескертейін, е ш т е н к е ш ж а қ с ы (Ғ.Мүсірепов, Шығ.).


ЕШБІР

е с і м. Ешқандай, бірде-бір. Е ш б і р дарынды ақын, е ш б і р дарынды жазушы орыс әдебиетін, орыс әдебиеті арқылы дүниежүзілік озық әдебиеттің көрнекті үлгілерін аттап өте алмауы керек (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Бауыржан е ш б і р кемшілікті кешірмейтін, әр нәрсені өз атымен атайтын, лезде тауып айтатын адам болып көрінді (С.Бақбергенов, Қарға там.). Соғыстың төрт жылы мұны солдаттық достыққа үйретті. Ұрыста мұны е ш б і р қарумен салыстыруға болмайды (Р.Хайруллин, Офицер.).

ЕШБІРЕУ

е с і м. Ешбір адам, ешкім. Осының бәрі онкология институтында берілген қағазда көрсетіледі, бірақ Жамалға дертің қатерлі деп е ш б і р е у і айтқан емес (Н.Ғабдуллин, Сарғ. жапырақ). Бірақ олардың е ш б і р е у і де сайтанды көздерімен көріп, қолдарымен ұстап алған емес (М.Етекбаев, Алтын мүйіз). Диюлар келе қойса мұнда қашып, Кетуге болса ойлары сыртқа асып. Жібермей е ш б і р е у і н өлтіріңдер, Жем болып құрт-құзғынға қалсын сасып (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).

ЕШКІМ

е с і м. Ешбіреу, еш адам, ешбір жан. Мен ешкімнен байлық, бақ сұрамаймын, Мен е ш к і м г е жағынып ұнамаймын. Өзгелерден биікті қызғанбаймын, Өзім шыққан биіктен құламаймын (Ш.Мұхамеджанов, Көңіл ашар). Кеңседе е ш к і м жоқ болар деген оймен жолаушылар кешікпей шықты да, әлгі қарттың үйіне қарай тура тартты (А.Байтуғанов, Шопан.). Кеудемде жаным тұрғанда Гауһарды е ш к і м г е бермеспін. Ертең жиналыстан кейін біржола кететін күнді белгілеймін (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.).



ЕШҚАЙДА

е с і м. 1. Еш жаққа, еш тарапқа. Жолаушы да атының басын е ш қ а й д а бұрмастан осы екі қыз тұрған тұсты бетке ұстап тура тартты (А.Байтанаев, Қайнар.). Мен бұл түнде е ш қ а й д а бармаймын, ешкімді оятпаймын, сағынып келген Сарышоқының төбесінде түнеймін (Ж.Жұмақанов, Екі жол). Бүгін е ш қ а й д а бармайсыңдар, маған бір кешті қимайсыңдар ма? (Ж.Молдағалиев, Самал).

2. Еш жерде, еш елде. Байы да болып шықты туған өлкем, Е ш қ а й д а болмай шықты оған жер тең. Дейтұғын «түгін тартса, майы шыққан», Құнарлы топырағы, түгі көркем (С.Мұқанов, Шыңнан.).

ЕШҚАЙДАН


е с і м. Ешбір жақтан, еш тараптан. Жалғызға біздің жанымыз шығатыны сол емес па? Қарағым, е ш қ а й д а н тамақ іштің бе, шай қояйын ба?! (Ж.Аймауытов, Шығ.).

ЕШҚАЙСЫ


е с і м. с ө й л. Ешбірі, ешкімі, ешқайсысы. Ертең байдың малын бағуға е ш қ а й с ы ң шығуға асықпаңдар (А.Байтанаев, Қайнар.). Біз барсақ көпшіліктің сүрінді көз, Бәрі де көрмекші боп жиналған сөз. Есікке ретпенен барып тұрдық, Сөйлемей е ш қ а й с ы м ы з бір ауыз сөз (Ақын жырлары). Көзімнің тірісінде е ш қ а й с ы ң а да салмағымды салмаймын (Ш.Хұсайынов, Таныс.).

ЕШҚАЙСЫСЫ

е с і м. Ешбірі, ешкім, ешқайсы. Бибі тарқылдап күлді, оның қисынсыз күлкісіне мұндағылар үйренсе керек, е ш қ а й с ы с ы назар аудармады (М.Гумеров, Хазірет.). Ол мына отырғандардың е ш қ а й с ы с ы н а ұқсамайтын еді (Қ.Жұмаділов, Қаздар.). Қанша уақыттың алға зымырап үлгіргеніне көңіл бөлген е ш қ а й с ы с ы болмады (А.Байтанаев, Қайнар бұлақ).

ЕШҚАНДАЙ


е с і м. Ешбір, бірде-бір, дәнеңе, түк те. Ашық мінез, ақ маңдай, Менмендік жоқ е ш қ а н д а й Сөзің алтын, күлкің наз, Жайдары жүз еркем-ай (Қаз. әндері). Төрт айдың ішінде сарышұнақ бүкіл жыл бойына жететін май жинап алады да, е ш қ а н д а й аштықтан қорықпайды (Ә.Бірмағамбетов, Қазақст. географ.). Е ш қ а н д а й бөтен ойы, бөлек пікірі, бұл дүниеде күмәні жоқ адамдай көздері жаудырап, мөлие қалыпты (Б.Тілегенов, Аққайнар).

ЕШҚАШАН


е с і м. Еш уақытта, ешбір кезде де. Мылтық оқтағанда оның аузын е ш қ а ш а н кісіге қаратпа, кісіге қаратып ойнап оқтама (Ш.Айманов, Қыран.). Махаббат сөнбейді, өлмейді, Сөнсе күн, өлсе жан қорлықта. Махаббат е ш қ а ш а н көнбейді, Ажалға, үкімге, зорлыққа (Н.Шакенов, Сақина). Достыққа шекара жоқ бүгінде, Адам достығымен күшті. Досы көпті жау алмайды е ш қ а ш а н (Достық нұры).

ЕШТЕҢЕ


е с і м. Ештеме, дәнеңе, еш нәрсе. Тақырыбыңды терең барлап, тамырын ұстап, жүрек соғысын білмесең, е ш т е ң е жаза алмайды екенсің (С.Мәуленов, Үркер.). Бейлис неміс жұмысшыларының жарылғыш оқ-дәрі жинап беруге уәдесін алып бергені болмаса, одан бөтен е ш т е ң е н і білмейді (І.Есенберлин, Алтын құс). Қызылшашы дегенде ертеден кешке дейін қызылша түбіне шұқшиюдан басқа қолымыздан е ш т е ң е келмегені ме? (К.Оспанова, Жүрек лүпілі). Мен жаңа білдім, туған жердің топырағына жетер е ш т е ң е жоқ екен (К.Қазыбаев, Ызғар). // ф и л о с. Шынайы нақтылықты немесе болмысты мойындамай, жоққа шығаратын ілімдер категориясы. Хайдеггер е ш т е ң е н і ң болмысқа қатысы жайындағы мәселені қарастырды (ҚҰЭ).

ЕШТЕҢКЕ


е с і м. с ө й л. Ештеме. Көңілдегі ойымды, ынтызар халімді өзіне баяндармын деп күткен Садуақас бүгінге дейін қыз қарасын көріп, Үміт соңынан ергеннен басқа е ш т е ң к е тапқан жоқ (Ж.Саин, Жол үстінде). Мұны ол жақсы көріп айтты ма, яки жақтырмай айтты ма, даусынан е ш т е ң к е аңғарып болмайтын (Н.Сералиев, Ыстық күлше).

ЕШТЕМЕ


е с і м. Ештеңе, еш нәрсе, дәнеңе, түк те. Надан қуанар, арсаңдар, Тоқырап тұра қалсаңдар. Татымды е ш т е м е болмас, Адамсып босқа талтаңдар (Абай, Тол. жин.). Барлық күзетшілер орнында екен, күдіктенерліктей е ш т е м е байқалмады (Е.Оразақов, Дәрігер.). Мына жаңа жолаушының мысы жеңді ме, әлде оның е ш т е м е д е н қысылмайтын, еркін қимылы қызық көрінді ме, әйтеуір купедегілер бір сәт тым-тырыс бола қалды (Қ.Жұмаділов, Қаздар.). Гүлжанды тұзағына түсірмекке талай рет айла-шарық жасап көрді, бірақ онысынан е ш т е м е шығара алмады (М.Дүйсенов, Гүлжан).

БӘР-БАРШАСЫ

е с і м. Барлығы, күллі, тегіс, тұтас. Б ә р-б а р ш а с ы н құран мен хадісте айтылған түрде ғана түсінбей ме мұсылман? (М. Әуезов, Абай жолы). Алысы мен жақыны – б ә р-б а р ш а с ы жаңа түсер келіннің, қыз сүйетін күйеудің жүрек қылын шертіп-шертіп жібереді де, қазанның асылуын тездетуге кірісіп кеп кетеді (С.Төлешев, Түрлі. бас.).

БӘР-БӘРІ


е с і м. с ө й л. Баршасы, барлығы, түгелімен. Әрине, б ә р-б ә р і н жалғастырып, септестіріп жүрген сол Алшынбайлар (М.Әуезов, Шығ.). Батя, ойлашы өзің солардың б ә р-б ә р і батыр болып кеткен бе? (О.Бөкеев, Қамшыгер). Әйтеуір сол қызға орыс-қазағы б ә р-б ә р і қызығатын (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.).
БӘРІ

е с і м. Барлығы, баршасы, тегіс, түгел. Б ә р і н і ң құяр жері Балхаш көлі Өзендер ‰лкен-‰лкен басын қосқан. Кµз жетпес кµк мұздары ызғар есті, Күн мен ай, шолпан жұлдыз сєуле түсті (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Әйелдің б ә р і үнсіз жылап, аһ ұрып, күрсініп отыр (М.Әуезов, Шығ.). Туысқаның, достарың – б ә р і екі ұшты, Сол себепті досыңнан дұшпан күшті Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған, Бұл не деген заманға ісім түсті (Абай, Тол. жин.). Жігерлі, қолға алған ісін тындырмайынша тыным таппайтын Елбасының жүзеге асырған қай шаруасын да ауызға алсақ, оның б ә р і халықтың игілігіне жасалғанын жақсы білеміз («Егемен Қазақстан»). Тыңдадың дала күйін жаның ұйып, Алдың сен көкірегіңе б ә р і н құйып. Болдың сен өз халқыңдай қарапайым, Тұлғасы әрі аласа, әрі биік (С.Мәуленов, Алыс кетіп.).

БӘРІ-БӘРІ

е с і м. Барлығы дерлік, түгелімен. Адам сезімінің ішкі қайшылығы, өте нәзік психологиялық өрнек, аһ ұра күрсіну, шексіз ынтығу, сағыну, жеру, қайта аңсау, жаның қылбұрауға түскендей ышқыну – б ә р і-б ә р і шағын әңгіменің өн бойына шебер өрілген («Қаз. әдеб.»). Жұпыны бөлмені шамның әлсіз жарығы болмашы ғана сәулеге бөлеген: бұрышта тұрған ағаш кебеже, іргедегі ағаш төсек, есік жақтағы тандыр – б ә р і-б ә р і абажадай болып көрінеді (О.Бөкеев, Ән салады.).

БАР

Дүниедегі нәрсенің бәрін қамтитын, барлық, бүкіл, тұтас. Әм сүйіндім, әм түңілдім, Үнемі неткен үміт, Өткен соң б а р жақсы жылым (Абай, Тол. жин.). Дүние - қызықтырған қызыл киік, Б а р адам соны қуған көңілі сүйіп. Көпшілігі далақтай жете алмай жүр, Азшылығы кенелген қолға тиіп (С.Торайғыров, Шығ.). Бақытыңа кез бопты долы қатын, Мұны алған ер жанжалға молығатын, Ұрысса б а р адамды жеңбей қоймас, Бір үй түгіл, бір ауыл торығатын (Шал ақын, Өлеңд.). Жұтсам да, жүзе бердім, сусын қанбай, Қысылды кейде жаным шошынғандай. Арылып б а р күнәдан асау жаным, Тәңірінің дарғаһына бас ұрғандай (М.Жұмабаев, Шығ.).



БАРЛЫҚ

Бүкіл, түгел, барша, күллі. Кедейдің де күткені сондай кезек, Ұзамай болатынын ішім сезет. Б а р л ы қ адам теңеліп, бірдей болмай, Дүниені басқамен болмас түзеп (С.Торайғыров, Алаш ұраны). Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, биебауы, ауыл қонысы, қой өрісі – б а р л ы ғ ы да соншалық таныс (М.Әуезов, Абай жолы). Өлмеген кұлға атты таң, Бағынып отыр б а р л ы қ жан. Тұтқында жүрген босанып, Жылағандарға жанды шам (Бақтыбай ақын, Жел қобыз). Ұлттық идея қазақтың ғана емес, елімізді мекендеген б а р л ы қ этностың көкейкесті мүдделеріне қайшы келмейді («Егемен Қазақстан»).

БАРША

Бүкіл, барлық, күллі. Б а р ш а әлем тапжылмай тұрып қалса, Бола ма уақыт деген өлшеу салып? Мақсат, тәртіп керексіз тозаңы жоқ, Тексермей неге отырмыз мұны ойланып? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Дүниеден мың жасасақ кетер күні, Болмаймыз шәй ішкендей әбден қанып. Б а р ш а ң ы з өлмей тұрып ғибрат қыл, Болғанда тумақ – сүннәт, өлім – анық! (Қабан жырау, Алтын қазық). Құдая, жаманыңмен теңді қылма, Құрбымнан өзім теңді кемді қылма. Жаратқан б а р ш а жанды пәруардігер, Өзімдей пенделерге пенде қылма (Шал ақын, Өлеңд.). Мысалы, үлкен Өзен тынбай аққан – Халықтар мехнат шегіп, рақат тапқан. Жетісіп ғылым, өнер б а р ш а с ы н а, Толып тұр ханасына қонған бақтан (А.Байтұрсынов, Шығ.).



2. Бар бастан өткізгені. Жаман, жақсы – б а р ш а с ы Бір тәңірге мәлім-ді, Білгенімді сөйледім Айып етпе, оқушы, Аяғы жетті, сөз тамам (Ғұмар Қарашев, Шығ.). Аңменен әбден үйір болып алып, Шөп оттап, су ішеді бірге жүріп. Жүрген-тұрған б а р ш а с ы ойдан шығып, Баянды көргеннен соң, көңілі толды (Қозы Көрпеш.).

БҮКІЛ


е с і м. Түгел, тұтас, барлық, күллі. Аялап беттен сипап, жел еседі, Ұларым жақын қонып, кеңеседі. Сондайда б ү к і л дүние менікі боп, Ұлытау иығыма теңеседі (К.Салықов, Жезкиік). Б ү к і л адам бас иетін, Сенің ерлік қасиетің, Қажымайтын қанатты үнің, Ел таныған жомарттығың Келер күнге менімен бір барады Қатал-қайсар махаббатың жүрегімде жанады (М.Шаханов, Ғасырлар.). Өмір деген өрге тартқан көш екен, Түзу көшсіз б ү к і л тірлік бос екен. Балалық пен жігіттіктің арасын Мен өзімше бауыр басқан дос етем (К.Салықов, Жезкиік).

КҮЛЛІ


Барлық, бүкіл, тұтас, бүтін. Біздің қарыштап өскен өнеркәсібіміз бен ауыл шаруашылығымызға, ғылымымызға қазіргі к ү л л і дүние жүзі таңдануда (I.Омаров, Серпін.). Шешендік пен өз ойын ырғақ әуенмен жеткізу қабілеті к ү л л і қазақ халқына тән қасиет, бұл тұрғыдан әсіресе өлеңші, ақын, халық билері ерекше көзге түседі (Х.Досмұхамедұлы. Шығ.). – К ү л л і жұрт сені санайды, Бақыты асқан адам, – деп, – Есімі – күн деп арайлы, Есімі нұрлы заман! – деп... (Ғ.Мүсірепов, Алау.). 2. Неше түрлі, алуан түрлі. Ньютон кәдімгі ақ жарықтың түрлі түсті сәулелерден тұратынын анықтап берді. Кәдімгі Күн сәулесінде к ү л л і түстің бәрі бар (А.Қалығұлов, Сан сырлы.). К ү л л і аспаптардың ішінен, әсіресе, домбыра орындаушылық дәстүр жақсы сақталып, айтарлықтай жетістікке жеткеніміз баршаға аян («Лен. жас»).

ТҮГЕЛ


е с. Барлығы, тегіс, күллісі. Адасқандай аңсатқан мол арманы, Анамның да тұрмысы оңалмады. Көршіміздің оралса бәрі т ү г е л, Біздің үйден үш арыс оралмады (К.Салықов, Жезкиік.). Найманның т ү г е л сөзінің түбін ұстаған белді деген биінің бірі сен едің (М.Әуезов, Абай жолы). Бұлары т ү г е л бақытты ер – Ханзададан кем де емес (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Манағы жыртылған бұлт қайта тұтасып, аспанды т ү г е л торлап алған (Т.Ахтанов, Боран).

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет