Мендель Виктор Васильевич, (миф-2, №1, 2005)



бет3/5
Дата24.09.2022
өлшемі277,5 Kb.
#150586
1   2   3   4   5
Байланысты:
Стереометрия б ліміне есептер шы ару О у ма саттары

1-ескертпе. 2-тұжырымда көрсетілген қасиет дұрыс пирамидаларға тән.
2-ескертпе. Егер әу баста пирамиданың табаны-параллелограмм екені белгілі болса, онда ол тіктөртбұрыш болғаны, себебі параллелограммдардың ішінде тек қана тіктөртбұрышқа ғана сырттай шеңбер сызуға болады.
3-ескертпе. Егер мұндай пирамиданың табаны тік бұрышты үшбұрыш болса, онда пирамида биіктігі гипотенузаның ортасына түседі және гипотенуза арқылы өтетін бүйір жағы табанына перпендикуляр болады.
3-тұжырым. Егер тік призмаға сфера іштей сызылса, онда сфераның радиусы табанына іштей сызылған шеңбердің радиусына тең болады және призма биіктігінің жартысына тең болады.
4-тұжырым. Егер сфера тік призмаға сырттай сызылса, онда:

  1. призма табанына сырттай шеңбер сызуға болады,

  2. сфера центрі жоғарғы және төменгі табандарына сырттай сызылған шеңберлердің центрлерін қосатын кесіндінің ортасында жатады.

1-ескертпе. Сырттай сызылған сфераның радиусын катеттерді призманың биіктігінің жартысы мен табанына сырттай сызылған шеңбердің радиусы деп алып, Пифагор теоремасы бойынша табуға болады.
Енді цилиндр мен конусқа байланысты кеңестер берейік.

  • Көптеген есептерде стереометриялық сызба салу қажет болмайды, тек қана осьтік қиманы (яғни, конус пен цилиндрдің айналу осі арқылы өтетін қиманы) қарастыру жеткілікті.

  • Егер конустың екі жасаушысы тік бұрыш жасайды десе, онда осьтік қима тік бұрышты үшбұрыш болады.

  • Конус пен цилиндрдің жанама жазықтықтармен жанасу нүктесіне жүргізілген перпендикулярлар әрқашан айналу осі арқылы өтеді.



Планиметрия бойынша пайдалы ескертулер. Есептерді шығару кезінде тіктөртбұрыштың төбесінен диагоналына дейінгі қашықтықты табу есептері жиі кездеседі.
Есте сақтаңыздар!!! Егер а мен b – тіктөртбұрыштың қабырғалары болса, онда ізделінді қашықтық мынаған тең: . Бұл қашықтықты көбінесе тіктөртбұрыштың диагоналының жартысымен ауыстырып, қателеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет