Менеджмента качества


Өндірістік тәжірибеның мақсаттары



бет2/4
Дата04.05.2024
өлшемі56,65 Kb.
#201757
1   2   3   4
Байланысты:
Палатиф
Биология кабинеті төлқұжаты, 174 kaz
Өндірістік тәжірибеның мақсаттары:

  • Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

  • мақсаты ауруды және басқа да физикалық, психологиялық және рухани симптомдарды ерте анықтау, мұқият бағалау және тоқтату арқылы олардың азаптауларының алдын алу және жеңілдету арқылы инкурабельді науқастар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылатын медициналық және әлеуметтік қызметті ұйымдастыру мен дағдыларының негіздерін зерделеу.

1.3 Өндірістік тәжірибе міндеттері:

  • Онкологиялық және неврологиялық аурулары бар пациенттерге, АИТВ жұқтырғандарға және басқа да созылмалы үдемелі аурулары бар пациенттерге ЕҰА-да және үйде паллиативтік көмекті ұйымдастыру;

    • қарттар мен мүгедектерге үйде паллиативтік көмекті ұйымдастыру: дайындау, жинау, жуу, тамақтандыру, күту, құжаттарды ресімдеуге көмектесу;

    • психоневрологиялық интернаттарда күтім бойынша паллиативтік көмекті ұйымдастыру: санитарлық-гигиеналық рәсімдер, тамақтандыру, серуендеу кезінде көмек;

    • Мүгедектер балалар үйлерінде паллиативтік көмекті ұйымдастыру: тамақтандыру кезінде көмек

1.4 Өндірістік тәжірибеден өтудің күтілетін нәтижелері:
БҚ-1 Оқыту.
Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын қояды. БҚ-1.1 Өзін-өзі дамыту: оқуды ұзақ мерзімді жоспарлау, кәсіби өсу дағдыларын меңгерген.
БҚ-1.2 Сыни ойлау және шешім қабылдау: мәселелерді және ықтимал шешу жолдарын анықтайды, гипотезаны тексереді және оқиғалардың ықтималдығын бағалайды, қортынды жасайды және негізделген шешімдерді қабылдайды.
БҚ-1.3 Ақпаратты басқару: ақпаратқа қажеттілікті, ақпараттық іздестірудің басым бағыттарын анықтайды, әртүрлі көздерден алынған ақпаратты өз бетінше табады және сыни бағалайды, алынған ақпаратты практикада жариялайды және қолданады.
БҚ-1.4 Компьютерлік технологиялар: жұмыста және өзін-өзі дамытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданады
БҚ-2 Этика және кәсіпқойлық. Жедел медициналық көмек көрсету барысында пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларға бейілділігін көрсетеді. Сондай-ақ оң жұмыс жағдайын қолдайды БҚ-2.1 Қоғамдық өмір: қоғамдық өмірге белсенді қатысады.
БҚ-2.2 Этикалық принциптер: кәсіби этикалық принциптерге бейілділігін көрсетеді.
БҚ-2.3 Эстетика: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды.
БҚ-3 Коммуникация және топта жұмыс істеу. Технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады. БҚ-3.1 Коммуникативтік дағдылар: жағдайды ескере отырып, әртүрлі адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді
БҚ -3.2 Топта жұмыс істеу: әртүрлі топтарда жұмыс істеуді көрсетеді
БҚ-3.3 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады.
КҚ -1 Денсаулықты нығайту. пациенттерді/клиенттерді, отбасыларды және халық топтарын тиімді бақылау және консультация беру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту. КҚ -1.1 Салауатты өмір салты: индивидуумдарда, отбасыларда және халық топтарында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
КҚ -1.2 Бақылау: әртүрлі қауіп тобындағы пациенттер мен адамдарды тиімді бақылауды жүзеге асырады.
КҚ -1.3 Консультация беру: пациентке / клиентке және оның отбасына денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша кеңес беру дағдыларын меңгерген.
КҚ-2 Қауіпсіздік және сапа. дәлелді білімді, технологиялық жетістіктер мен кәсіби дағдыларды тиімді қолдану негізінде шұғыл көмек көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігіне жауап береді. КҚ -2.1 Зиянды факторлардан қорғау: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады.
КҚ -2.2 Қауіпсіздік және сапа технологиялары: көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін инновациялық технологияларды пайдаланады.
КҚ -2.3 Медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін дәлелді білімді тиімді қолдану негізінде пациенттерге шұғыл көмек көрсетеді.
КҚ-3 Клиникалық құзыреттілік. Дәлелді практика принциптеріне негізделген пациент - орталандырылған көмек бойынша білімін көрсетеді және жүзеге асырады. КҚ -3.1 Медициналық көмек көрсету үрдісін басқару: ортақ жауапкершілік негізінде жеке-бағытталған тәсілді қолдана отырып, диагностиканы, емдеуді және алдын - алуды жүзеге асырады, емделушілердің әртүрлі санаттарына емдеу және шұғыл көмек көрсету әдістерін меңгереді, әр түрлі санаттағы пациенттерді диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың заманауи әдістерін қолданады, шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша фельдшерлік іс-әрекетінің алгоритмін қолданады, фельдшерлік мінез-құлықты және клиникалық ойлауды меңгерген, аурулар мен қиын жағдайларда қарқынды терапия мен реанимацияның қазіргі заманғы әдістерін қолданады, жүргізілген диагностикалық және емдік іс-шаралардың тиімділігін бағалайды, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады, салауатты өмір салтын насихаттайды.
КҚ-3.2 Дәлелді тәжірибе: әрбір науқасты диагностикалау, емдеу және оңалту үшін медицинадағы ең тиімді заманауи жетістіктерді пайдаланады, алдын алу, диагностикалық және емдеу іс-шараларын олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелдеріне сүйене отырып қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет