Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау. Сынып жетекшісі жұмысының 6 бағыттарын анықтайды, олардың ішінде алты басым бағытты бөліп көрсетуге болады



Дата10.02.2023
өлшемі499,34 Kb.
#168310
Байланысты:
Дополнительные материалы (мультимедийные материалы, ссылки на электронные ресурсы и т.д.)-1670146615536
ылымны тарихы мен философиясыны п ні, Лекция-1672752191071, Лекция-1672752288376 2, httpengime.orguploaddownloadid131199, Лекция-1672919273607, Рахимгалиева Д. тапсырма, Òà?ûðûáû ?îñûìøà ?äåáèåòòåðä³ çåðäåëåï, «ò?ðáèåë³ê æ?éå», «ò?ðá

Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау.
Сынып жетекшісі жұмысының 6 бағыттарын анықтайды, олардың ішінде алты басым бағытты бөліп көрсетуге болады.
Бірінші бағыт – Денсаулық
Оқушының физикалық және психикалық денсаулығын қорғау, сақтау және дамыту мақсатында сынып жетекшісі оқушылардың физикалық денсаулығын зерделеу және алдағы уақытта түзету үшін мектептің, аудан, немесе қаланың медицина қызметкерлерімен бірге жұмыс жасайды;
Екінші бағыт – Қарым-қатынас
Қарым-қатынас – бұл бала тұлғасын дамытуға, ең алдымен көпшілікке таныс құндылықтар қалыптастыруға бағытталған этикалық тәрбиесіне барынша көңіл бөлу Сынып жетекшісі «оқытушы – оқушы», «оқушы – оқушы», «оқытушы – оқушы – ата-ана» жүйелері жұмысын тиімді ұйымдастыру
Үшінші бағыт − Адамгершілік
Оқушыларда өз дене дамуының сапалары туралы білімді, қатынас жасау біліктілігін дамыта отырып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге зор назар аудару қажет.
Төртінші бағыт − Оқу
Оқушылардың зияткерлік біліктіліктерін дамыту – сынып жетекшісі жұмысындағы өте маңызды бағыт болып табылады.
Бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырғанда жалпы сыныптың оқу ерекшеліктерін зерделеу және әрбір оқушының оқу мүмкіндіктерін алдағы уақытта түзету үшін анықтау;
Бесінші бағыт – Бос уақыт
Сынып жетекшісі жұмысының маңызды құрамдас бөлігі балалардың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады. Бұл – демалыс, қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту және адамдармен еркін қарым-қатынас жасау уақыты. Сынып жетекшісі сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың қызығушылықтарын және қажеттіліктерін анықтау; оқушылар үйірме, секция және т.б. таңдағанда оларға кеңес беру және түсіндіру;
Алтыншы бағыт − Отбасы
Мектеп оқушыларының отбасылары әртүрлі. Олардың материалдық және мәдени деңгейлері әртүрлі. Ол оқушылардың денсаулығына, оның психикасына, оқуға деген қарым-қатынасына әсер етеді. Тәрбие процесін отбасымен ынтымақтаспай жүргізу мүмкін емес. Бұл бағыттағы жұмыстарда сынып жетекшісі оқушылардың отбасын зерттеуі; ата-аналармен психологиялық-педагогикалық ағартушылық жұмыстар ұйымдастыруы; ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізуін ұйымдастыруы; ата-аналардың жеке бастамасын марапаттауы тиіс.
Қарым қатынас
зерттеу
Мақсат-міндеттер
Тәрбие жоспары
Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар: -сыныбының ерекшеліктері (жас ерекше-ліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), қабілеттері ; - өткен жылғы жұмысты талдау; - сыныпқа сипаттама беру; - жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айқындау;
Тәрбие жұмысы жоспарының бірінші түрі: 1.Ұжымды ұйымдастыру
Тәрбие жоспарының екінші түрі: I. Сынып оқушыларына мінездеме. II. Тәрбиелік міндеттер.

Тәрбие жұмысы жоспарының үшінші түрі: Сынып жетекші жоспарының үлгі құрылымы: • сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайлы жплпы мәліметтер. • сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары. • тәрбие міндеттері. • сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс. • ата-аналармен жұмыс. • сынып жетекшінің жұмыс есебін жүргізуі. • сынып жетекшінің есеп беруі.
Тәрбие жоспарына қойылатын кейбір талаптар: • жоспардық қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі; • өмірмен тығыз байланыстылығы; • жоспарға тәрбиенің барлық салаларынан жұмыстар енгізу; • тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жасына, ұжымының ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкес болуы; • жоспардық жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті тұрғыдан); • жоспардық нақтылығы. Сынып жетекшісі педагогикалық кеңесте немесе сынып жетекшілері бірлестігінде есеп береді. Оқу жылының аяғында сыныбындағы тәртіп пен үлгерімге байланысты жазба есеп береді.
Жоспардың үлгілік сызбасы
(жылдық, жарты жылдық, тоқсандық)
-Қызметтің бағыты және мазмұны
-Педагогикалық мақсаттары
-Мерзімі
-Жауапты
-Нәтижелері және оларды талдау
Сынып сағатын ұйымдастыру әдістемесі
Сынып жетекшісі білім алушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік түсініктерін, көзқарастарын, қызығушылықтарын, тілектерін, пайымдауларын (сауалнама, әңгіменің көмегімен) зерделегеннен кейін, ұжымдағы тәрбие және қарым-қатынас проблемасын айқындаған соң ғана сынып сағаттарының тақырыптары мен мазмұнын анықтайды.
Сынып сағаттарын дайындауда және өткізуде түрлі тәсілдер қолданылады:
– әңгімелер, газет және журнал материалдарын оқу, соңынан талқылау, мезгілдік басылымдарға шолу жасау;
– шақырылған мамандар өткізген дәрістер;
– сауалнама және оның нәтижесін талдау;
– дөңгелек үстел басындағы сұхбат, нақты жағдайды талқылау;
– өнер туындыларымен танысу, оқушылардың көркем-шығармашылық қызметінің элементтері (сынып сағаты барысында ән айтып, билеген, сурет салған кезде);
– танымал тұлғалар айтқан ойларды одан әрі талқылау үшін сілтеме жасау;
– «ми шабуыл» («ой-талқы»), шығармашылық топтардағы жұмыс.
Сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынас әдістемесі
Сынып жетекшісінің маңызды міндеттерінің бірі – отбасының бірігуіне, нығаюуына, ата-аналар мен балалар арасында өзара түсіністік, баланың отбасында дамуы үшін жайлы, қолайлы жағдай орнатуына ықпал ету.
Бұл зерделеудің негізгі аспектілері:
– отбасының құрамы, ата-ананың жасы мен мамандығы;
– отбасы өмірінің тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі;
– бала тәрбиесіне қатысудағы ата-аналардың белсенділігі;
– ата-аналар мен балалардың құндылықты бағдарлары;
– баланың күн тәртібін орындауы;
– ата-аналар мен балалардың бос уақыты;
– отбасында міндеттерді бөлу;
– дәстүрлер, отбасылық мерекелер;
– ата-аналар мен балалардың қызығушылықтары, қабілеттері;
– отбасындағы қарым-қатынас болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет