Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинеті



бет3/12
Дата12.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#157858
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Ìåðê³ àóäàíû ?ê³ìä³ã³í³? á³ë³ì á?ë³ì³í³? ?ä³ñòåìåë³ê êàáèíåò³
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ презентация (1)
Пайызға берілген есептер.


  1. Цехта 60 адамжұмысістейді, оның 30%-ы әйелдер. Цехта қанша әйел жұмыс істейді?

Шешуі: 60санының 30%-ін табу керек, яғни (30:100)∙60=18
Жауабы: 18 әйел
2. 25%-ы 150 мың теңгені құрайтын салымшының пайызын табыңдар.
Шешуі: салымшының 1% 150/25 мың теңгені құрайды, ал 100% деп алынған барлық салым тең (150/25) ∙100=600 мың теңге.
Жауабы: 600 мың теңге.
3. Бұдан екі жыл бұрын жинақ банкасына салынған ақша 1312,5 мың теңге болды. Жылдық өсімі 25% болғанда алғаш қанша ақша банкке салынған?
Шешуі: ең алғаш салынған ақша х(мың теңге) болсын. Бірінші жылдың соңында салынған ақша х+(25:100)х=1,25х (мың теңге), ал, екінші жылдың соңында 1,25х(1+0,25)=1,252 х (мың теңге). Яғни 1,252 х=1312,5 мың теңге, бұл арадан х=840 мың теңге
Жауабы: 840 мың теңге
4. Товар бағасы 20%-ға арзандалды. Товар бағасы алғашқы бағасындай болу үшін қанша пайызға көтеру керек?
5. Товарды 1386 сомға сатқанда 10% пайда түскен. Товардың өзіндік құнын табыңыздар?
6. Өндірістік артель өнімін 1348 сомға сатып, 4% зиян шекті. Бұл өнімнің өзіндік құны қандай еді?
7. Баға төмендетілуден бұрын 2 сом 90 тиын тұратын 1 пачка папирос бағасы төмендетілгеннен кейін 2 сом 60 тиын тұратын болды. Баға неше процент төмендетілген?
8. Товардың килограмы 6 сом 40 тиын тұратын еді, баға төмендегеннен кейін ол 5 сом 70 тиын тұратын болды. Товар бағасы неше процент төмендетілген еді?
9. Жүзімді кептіргенде шығатын мейіздің салмағы бүкіл жүзімнің салмағының 32%-і болады. 2 кг мейіз қанша жүзімнен түседі?
10. Бірінші томның 60 данасы мен екінші томның 75 данасының жалпы құны 405 сом. Егер бірінші томның бағасы 15%, екінші томның бағасы 10% арзандатылса, онда барлық даналар үшін 355 сом 50 тиын төлеу керек болар еді. Бірінші және екінші томдардың бағасын анықтаңыздар?
11. Антиквар магазині 225 сомға сатып алған екі нәрсені 40% пайдамен сатты. Бірінші нәрседен 25%, екіншісінен 50% пайда тапқан болса, магазин әрбір нәрсені қаншаға сатып алған еді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет