Мерзiм 24. 11. 2015 ж. Мұғалiм: Мадиева Г. сынып: 9«Б» Оқушылар саны: 18 Тақырып



бет3/5
Дата20.12.2023
өлшемі29,08 Kb.
#197770
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты «Мамандық таңдау маңызды іс» (9 сынып)

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер

Жаңа ақпаратты түсініп,өздеріне ой түйіндейді

Осы мамандықтардың сәйкесін табады



1.

7 мин


СТО, Диалог

Диалог

Сонымен мамандық дегеніміз не?
Жұмбақ жан- бізге кейіпкеріміз хат жолдапты .Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып , өнер адамдарын пір тұттым. « Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.
Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.
Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалады өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !
Сұрақ- жауап :

  1. топқа сұрақ :Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?

  2. топқа сұрақ : Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет