МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті


Дін ғылымы (бірінші сабақ)



бет8/15
Дата11.01.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7178
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

3.5 Дін ғылымы (бірінші сабақ)

«الدين وضح الهى سايق لزو العقل باختيا رهم الى الخير المحمود بالزات »

«Әддину уәдху әлһәи сәиқ лизул ғәқл би ихтиәрһум иләл хәир әлмәхмуд бизәт»

Дін дегеніміз Алланың қойған заңы; айдаушы, жетелеуші ақыл иелерімен өз ыхтиярыменен жақсылыққа қарай мақтаулы болған. Адам балалары кемшіліктен шаршап дін тапқан. Бізге ең керекті дін Құрани ислам діні. Құлшылық істеушілер пайғамбардан соњ пайғамбарымыз айтып еді деп шатастырып өткен.

Пайғамбар ең әуелі өзіне білдіргенді Құранмен білдірген басқа еш нәрсемен, еш дәлелмен білдірмеген. Дін ахлақ жағынан керек. Дінде ғылым өте көп. Бәріде өз орнында пайдалы. Кісі ғылымдарды, табиғатты тексерумен шығарған осы заманда үш жүз пәнге толған. Кісі ғылымды білумен бақытты болмайды, µмірін тиісті жолға жүргізумен бақытты болады.

Дүниеде әркім өз міндетін істеп, қажетті өмір сүруді үйреткен ғылымды, ғылым ахлақ дейді. Адам бір жұмысты істегенде аз уақыт пайда үшін, я мәңгілік бақыт үшін істейді.

Ахлақ осының қайсысы ерік пайданы ерік қылуға жарамайды. Себебі ахлақтың ережесі жалпы болуы керек, пайда да жалпылық жоқ. Енді не ерік болмақ дін ғылымы ахлаққа ізгілік, жақсылықты ерік қылады, бұл әркімге түсінікті. Діннің үйрету тәні сол ізгілік, жақсылық. Жақсылық сауда жолымен болмайды, жақсылық сауда жолымен болса жалпы ереже бұзылады. Кәпір олар ахлаққа ғылым ерік болады дейді. Ол сөзде дәл келе қоймайды, талай білімді жұрттар ахлақтан айырылып жоғалған. Осы заманда да ахлақсыз адамдар аз емес.

Дін сенім жағынан керек. Кісідегі қуаттың күштісі сенім. Ар, ұят, мейірімділік бәріде сенімге ереді. Мысалы өлген дұшпаныңды өлтіру керек деп жаның сенсе ар ұжданың тыныш тұрады. Антпен уәде дүниенің ең бір байлауы. Діні жоққа ол екеуінің керегі жоқ, неге десеңіз ол дінсіз ешбір күштің алдында сұраулы емес. Адамшылық тоқтатады деушілер бұлар оған айтамыз адамшылықта жүректегі сенімнен табылмақ.

Діннің мақсаты түзулік. Қай дін болсада мақсаты түзу. Алладан келген діннің бәріде туралыққа үндейді. Заман өткен сайын дін бастары өзгеріп мақсаттан теріс кеткен. Оған дін айыпты емес. Ел түзу болып, дін тура тұрғанда пайғамбар келмеген осы күнгі үш дінді қарайық Мұса, Иса, Мұхаммед.

Ислам діні бәрінде пайғамбар кітаптарын кітап деп білді. Асылдан ауытқыған соң Ислам діні келген. Таурат өртеніп кеткен. Инжілдің асылы қай тілде жазылғаны, кім жазғаны белгісіз, көп түрлі Инжил таралып көп қандар төгілген. Инжил хазреті Ғиса рух Аллаға отыз жасында келген, қағазға жазылып нұсқа болып келмеген, ауыздан ауызға үйретілген. Онан соң дүниеде үш-ақ жыл тұрды. Үш жылда қанша жанға үйреткен діні айыпты емес.

Ислам дінінің жолы айқын, тарихта анық жазылып отырылған. Бүтін мұсылманның тоқтайтұғын бір Құран, бірақ түрлі. Қалайша тарағанын, кім жазғанын ислам тарихында баяндайды.
Дін тағылымы
¤тінейін достарым,

Хош тыњдањыз Бисмилла.

Сүлеймен кім,

Кәпір кім айырғыш Бисмилла.

Бұ дүниені жаратқан,

Батыс шығыс түзеткен,

Қатер суды нақшыл еткен,

Саниғ санғ Бисмилла.

Әууәл Адам атамыз,

Ұжмаққа айта кірді Бисмилла.

Нұх нәби қаумына батуды ойлады суменен,

Кеме ішіне кірер де,

Айта кірді Бисмилла.

Юнус нәбиді қырық күн балық ішінде,

Халас қылған Бисмилла.

Юсуф садиқ құл болды,

Кµњілі қайғыға толды,

Кµзде жас кµл болды,

Мәләкәт бірге Бисмилла.

Екі жиһан патшасы,

Ол Мұхаммад Мұстафа.

Құл Сүлеймен болсањ сен,

Мүминдерді сүйсењ сен.

Ұжмақа кірсењ сен,

Шапағатшы Бисмилла.

Мұхаммед Мұстафа салаллаһу


3.6 Дін тарихы (бірінші әңгіме)

Пайғамбарымыз Тағала ғалайһи уәс-сәләм. 575-ші милади жылында жиырма жетінші апрелде он екінші рабиғуль әууалде дүйсенбі таңата дүниеге келді. Бұл жылын Фил деп атайды, кітаптарда фил һижраттан елу екі жыл бұрын. Жиырма бес жасында Хадиша анамызға некелесті, қырық бес жасында пайғамбарлық келді, сол уақыттарда Мекке халқын он үш жылдай иманға шақырып қырық бес кісіден артық дос табылмай құпия дін таратты. Елу үшінші жыл ақырында Мәдина Мунаууараға көшті, бұл һижрат миладидің 623 жылдарына келеді. Он үшінші августе уақиға болған. Мәдина халқын он жылдай үйретті тоқсан бес мың мұсылман менен барып қажы тауап етті. Сол күннен бері мұсылмандарға қажылық парз болды. Хижраттың он бірінші жыл кіргенде Пайғамбарымыз дүниеден ахиретке көшті, алпыс үш жасында тарих 534 жылында он екінші рабиғуль-әууалде дүйсенбі күн бесін уақытында болған.

Хазретті Әбу Бәкір радиаллаһу ғанһу пайғамбардыњ орнында екі жыл он үш ай халифалық етті. Хазретті Омар Фаруқ радиаллаһу ғанһу үшінші жылында отырды он бес жыл жарым халифалық етті. Хазреті Ғұсман ради аллаһу он екі жыл халифалық етті. Хазретті Әли Кәрәм Аллаһу уәжһу төрт жыл тоғыз ай халифалық етті.

قال النبى عليه الصلوة و السلام: إقرأؤا القرأن فإنه يأتى يوم القيامة شفيعاً لأصحابه

«Қалә Нәби гәлейһи саләту уә сәләм: Иқрәу әл қурән фә иннәһу иәти иәмәл қиәмәт шәфиғән ли әсхәбиһи».
«Пайғамбарымыз Мұхаммад ғалейһи сәләм айтты: Құран оқыңдар себебі қиамет күнінде иесіне, оқыған адамына шапағат болады».

قال النبى عليه الصلوة و السلام: خيركم من تعلم القرآن و علمهم

«Қалә Нәби гәлейһи саләту уә сәләм: Хәирукум мән тәгәлләм әл-қурән уә гәлләмәһу».

«Пайғамбарымыз Мұхаммад ғалейһи сәләм айтты: Ен қайрлыларың Құран оқып басқаларына үйреткендерін».


قال النبى عليه الصلوة و السلام: و اما قوة القلب فلا دواه الا القرآن و الدعاء

«Қалә нәби гәлейһи саләту уә сәләм: Уә мә қуәтәл қәлб фәлә дәуә илләл қурән уә дәгә»

«Пайғамбарымыз Мұхаммад ғалейһи сәләм айтты: Жүректің күші не оған еш қандай ем жоқ, құранмен дұғадан басқа».


3.7 Дін тарихы (екінші әңгіме)

Хазретіміз Нәби салаллаһу ғалайһи уәс-сәләм Тайыптан келе жатып тан әл-нахла деген маудуғға түскен екен. Түн жарымда тұрып намаз тахажудке дайындық қылып Құран қирағат қылған екен. Сол уақытта жындар жамағаты насбин жерден кетіп бара жатып Құран ауазін естіп тұра қалып пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәс-сәләмға таспих айтып дін исламға шырақ болғандар екен.

Жын сүресі: (Мұхаммед ғ.с Меккемен Тайіптің арасындағы «Нахла» деген жерде сахабалармен бірге таң намазын өтегенде; жындар тыңдаған. بسم الله الرحمن الرحيم

قل اوحى الى انه استمع نفر من الجن فقالواانا سمعنا قرانا عجبا يهدى الى الرشدفامنابه ولن نشرك بربنا احدا

«Қул ухиә иләииә әннәһу истәмәгә нәфәру минәл жини фәқалу инә сәмигнә қурәнән ғәжәбә. Иәһди иләр рушди фә әмәннә биһи уә лән нушрик бираббинә ахәдә»

(Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді» де. Сонда жындар: «Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық» деді. «Құран, бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуіді ортақ қоспаймыз».

Сонда жындар хазретіміз Нәби салаллаһу ғалайһи уәс-сәләмға ғарс қылғандар екен иә расул Аллаһ біз ақтар ард(жер) қажетіміз үшін зиярат байтуллаһ үшін сыр сапар қылсақ азық алып жүреміз мысалы не қорек қыламыз дегенде Пайғамбарымыз саллаллаһу ғалайһи уәс-сәләм айтты дейді. Адам азықтарының етін жеп «Бисмиллаһи раһмани раһим» – деп бір араға төккен сүйектер сіздердің қорегіңіз болсын деп.

Сонда жындар айтқан екен иә расул Алла, етін адамдар жеп қойды қалған құр сүйек бізге қалайша қорек болады дегенде, Хазретіміз айтыпты: адамдар «Бисмиллаһи раһмани раһим» деп бір жерге төгіліп тастаған сүйекке Алла Тағала жаңадан ет жаратады сіздер соны жеп тіршілік қыласыз тадур қиямет сол сіздерге ғазап болады депті. Оны Алла Тағала сол сіздердің оны қорек қылып мадақ айтқан шүкірліктеріңнің берекеті дін ұжмақта құстар жаратты қашан қиямет күні болса осы сүйекті тастап «امنابه و صدقن»

«Бисмилла әмәннә биһи уа садақна» – деп тастағыш пенделерге ұжмақта ауыздарына тағамдар болады.

Қолмен түртпейінше тіспен шайнамайынша мүмин пенделерінің ауыздарына ұшып кіріп аузының ішінде еріп кетеді депті, мұннан түсінікті болды ет жеп болғаннан соң сүйегін жинап «Бисмиллаһи раһмани раһим» деп бір жерге төгіп тастау керек екен, бір пайдасы мұсылман жындарға қорек болады екен. Бір пайдасы ұжмақта құс болып пенделернің өзіне нығмет болар екен. Егер «Бисмиллаһи раһмани раһим» демей тастаса мұсылман жындарға қорек болмайды екен.



3.8 Қырық парыз баяны

Тµрт түрлі Истинжа [дәрет] парыздүр

Әууалі Жүнібтіњ истинжасы.

(Түсінік: Жүніб араб сµзі. Балиғат жасқа толған ер адамныњ ұйықтағанда ұрығы шығу. Ж.Х.)

Екінші хайздан пәк болған қатынныњ истинжасыдүр.

(Түсінік: Хайз – әйелдіњ айлық мерзімі, етеккір).

Нифас: Әйел босанғаннан кейінгі 40 күндік қан келуі.

Тµртінші: Мұқрижда нәжесте қадердүр һәмде артық болған кісініњ истинжасы.
Таһаратта [дәретте] тµрт парыз бардүр
Әууәлі: Бет жуу.

Екінші: Екі қолын [шыншақтан асыра] жуу.

‡шінші: Аяғын жуу тобықтарымен бірге.

Тµртінші: Басыныњ тµртте біріне масих тарту.




Ғұсылда үш парыз бардүр
Әууәлі ауыз жуу [аузын шаю].

Екінші мұрын жуу [мұрнына су алып сіњбіру].

‡шінші: барша ағзасына су тигізу [иненіњ ұшындай су тимеген жер қалдырмай жуу].
Ғұсылдыњ парыз болуыныњ себебі бесдүр
Әууәлі ері [мен] қатыныныњ бір-біріне жақындасуы.

Екінші: Мәни [ер адамныњ ұрығы] жеттік ләззатпен шығуы.

‡шінші: Ихтилам болу.

Тµртінші: Хайыз.

Бесінші: Нифастан пәк болу.

Тәйәммүмда тµрт парыз бардүр
Әууәлі ниет.

Екінші пәк топырақ [таза топырақ тауып алу].

‡шінші екі қолын пәк топыраққа бір соғу бетіне масих үшін [екі қолын топыраққа үйкеп, сосын бетіне масих қылады].

Тµртінші тағы бір соғу екі қолға масих үшін.

Жүніптіњ тәйәммүмінде [Жүніптік жағдайда тәйәммүм соққанда] тахаһарт жетер.
Намазда неше парыз бар?
Он екі парыз бар.

1) Хадестен тазару (яғни дәрет алу, қажет болғанда ғұсыл құйыну).

2) Нәжістен таза болу (денесі, киімі және намаз оқитын орны таза болу).

3) Ғаурат жерлері жабық болу (аурат жерлері деп, намазда жабылу парыз болған жерлерді айтады. Ерлердің кіндігі мен тізесінің арасы ғаурат. Әйелдердің беттері, екі қолының басы мен қызыл асықтан төменгі екі аяғының басынан басқа барлық денесі ғаурат).

4) Уақыт (намаз уақыты болу, уақытынан бұрын оқылған намаз дұрыс болмайды. Уақытында оқылған намаз «ада» деп атайды. Уақытынан кейін оқылған намаз «қаза» дейді).

5) Қиям (яғни тік тұру).

6) Ниет (намаз оқуға кіріскенде сол оқылатын намазды көңілмен ниет ету).

7) Тәкбір Тахрим (Аллаһу әкбәр деп намазға кірісу, яғни намаздан басқаны харам ету тәкбірі деп атайды).

8) Қыбла (бетті қыблаға қарату. Намазды қыбла жаққа қарап оқу).

9) Қирағат (Құран оқу).

10) Рукуғ (яғни құран оқылғаннан кейін еңкейіп барып иілу).

11) Сәжде (яғни рукуғдан кейін бас қою. Әр ракағатта екі рет сәждеге бас қою).

12) Қағдатул ахира (соңғы отырыста «әттахият» оқу).
Намазда 12 парыз бардүр
Әууәлі пәклік.

Екінші пәк орын.

‡шінші пәк киім.

Тµртінші уақыт [намазды уақытында оқу].

Бесінші Қыбыла [Меккеге қарау ].

Алтыншы ниет.

Жетінші тәкбир такрим [құлаққа дейін қолды кµтеріп «Аллаһу Әкбар» - деп айту].

Сегізінші қиям [тік тұру].

Тоғызыншы Қирағат [«фатиха» және қосымша бір сүре оқу]. Яғни Құраннан бір ұзын аят иәки үш қысқа аят оқу.

Оныншы рукуғ [ењкейіп тұрып «Сүбхана Раббиәл-Ғазим» деп айту].

Он бірінші Сәжде [мањдайды, мұрынды жерге тигізу].

Он екінші Қағда ақира – Әттәхииат оқитындай уақыт отыру.


Намазбен құрбан шалу мәні туралы
«уә лә туғтул хикматы лиғаири әһлиһә» - демепбеді, хикметіне әһли болмағанларға хайір еркіндік қылма дегені қайда.

« و انهم ليصدونهم عن سبيل ويحبون انهم مهتدون »

«уә иннәһум ли ясдунаһум ған сәбили, уә юхибуна иннаһум мүһтадун» ол ләғин шәйтандар Құдай жолына жібермеске әбден ерікті болғандар, өзін біреу билеп еріп, қамап алғанын білмей жәһилдер уа ғафиллар білімсіз надандар және ынтасыздар түзу жолда жүрген өзіміз ғой бізден басқаның бәрі де адасуда ғой» - деп ойлайды. Міне жігіттер жандалмен шын көңілмен біз сөйлейік.

Сізлерде жан құлағыңызды салып шын ықыласыңызбен ұғып алыңыздар. Құдайға қылған құлшылықты танып, біліп қылыңыздар. Намаз оқып Аллаға пікір айтпақ, имам сайламақ өз-өзімен жеткізе алмас. Біз деп біреуді дүбірнай қылып переводчик қылмақ пендесімен қожасының арасына молла деген жүйрік тілмаш. Ол переводчик қылып не айтып тұрғанын өзі білмей тұрса халықтың сөзін қалай жеткізе алады. Білсе имам болады керек. Білмесе имамлығы дұрыс та болмайды кем. Кім-кімге болсын намазды білуі керек.

Намаз деген сөздің мағынасы:

Ол өзі не орынға тұратұғын жұмыс. Молдалардан сұрасақ намаз араб тілінде « صلاة » «салатун» дейді.

صلوة көпше түр салауат صلوت Тілде: «Дұға иә тахрику салауин» дейді. Екі жеңді қозғалтпақ дейді. Дұға болғанда қыблаға қарап қол жайып отыра берсек онымен де болса керек. Иә болмаса екі жеңді дамылсыз қозғай берсек мұныменде болса керек. Жоқ бұл екеуімен намаз болмайды.

Намаз немен намаз болады. Тіл өз қызметін орнына келтіріп ризалық білдіріп және асыра мадақтап айтып, он екі мүше басқа жұмысқа бұрылмай парыз, уажіп, сүннет, мүстахапты орнына келтіріп көңілге де қарап, бос тұрмай Құдай Тәбарак уа Тағаланің ұлы зор падиша екендігін, өзінің оған пенде екендігін, бұл тұрмысы сол Құдайға шүкірлік айту үшін тұрғандығын.



وهو معكم اينما كنتم و نحن اقرب إليه من حبل الوريد يحبهم و يحبونه فاذكرونى اذكركم انه عليم بذات الصدور

«Уә һууә мәғәкум әйнәмә кунтум уә нәхну әқрәб иләиһи мин хәбл әлуәрид юхибуһум уә юхибунәһум фәзкуруни әзкурукум иннәһу ғәлиму би зәти судур»

Ол Алла Тағала бізбен бірге қайда болсақта және біз оған жақынбыз. Сендер Алланы жақсы көріп еске алсаңдар ол Аллада сендерді жақсы көріп еске алады. Осыларды молда қатты қылып есінен шығармай ойлап тұрса, намаз сонда намаз болады.



« ان الله يامر بالعدل و الاحسان»

Алла Тәбарак уа Тағала әділ, шындық, жақсылықпеннен әмір қылғандығы бұл аят Құран кәрімнен түсінікті болып тұр.

«الاحسان ان تعبد لله كانك تره فان لم يكن يراه فانه يراك»

Әл ихсән иннә тәгбуду аллаһ кәиннәк тәрәһ фә инләм иәкун иәрәһ фә иннәһу иәрәк. Ихсан сол ғибадат Алла Тәбарак уа Тағалаға көз алдында көрініп тұрған, патшаға иіліп тағзым қылған секілді. Сен көрмесеңде Алла Тәбарак уа Тағала сені сол уақытта зор көріп тұрады. Олай болса, сен көріп тұрған іспетті аса қорқынышпен қай жерімнен менің қателігімді табады дегендей қылқылдап, қымсынып қылығыңды орнына келтір.

Сол намазда тұрғанда Құдай Тәбарак уа Тағаланың құдіретін менде көріп тұрмын, мені құдіретте көріп тұр деп ойыңда болуы керек. Көңіліңде бұл қиял болмаса намазың Құдайға қылған құлшылық емес, қарғаның екі қарап бір шұқығаны секілді нәрсе. Мағун сүресі.

« و لا يحض على طعام المسكين فويل للمصين الذين هم عن صلاتهم ساهن الذين هم يراءون »

«Уә лә ихудду гәлә тағәмил мискин. Фәуәилул лилмусәллин. Әлләзинә һум гән саләтиһим сәһун. Әлләзинә һум иурәуун».

Мискиндерді тамақтандыруға қызықтырмайды. Сондай намаз оқушыларға қандай өкініш. Олар, намаздарын немқұрайды оқиды. Олар намаздарын көрсету үшін оқиды.

Хадис шариф: «لاصلوة الابحضورالقلب »

«Лә саләту иллә би худурил қалб».

Шын жүрекпен оқылмаған намаз, намаз болмайды алдау болады. Жүрегінің бой ұсынуы және бағындыру қатысуымен деді.

Біреудің есігі ашық қалса ішінде адамзат жоқ болса ол үйге ит қалай кіремін десе ерікті. Көңіл деген осы сықылды нәрсе оның ішіне кіретұғын иесі жаратушы Құдай. Және олар Құдайды ойлау, еске түсіру зікір қылу. Құдайды ойлап еске алмаған көңілге шайтан ғалейһи ләғнет қалай кіремін десе кіруге ерікті.

Шайтан ұялаған көңілдің иесі болған кісіні намазды оқығаны не оқымағаны не, сол үшін құлақ қағып намазға кірісе бастаса қайда бір ұмытқан нәрсесі есіне түседі.

Көңіл Құдайын ойлап, өз жұмысымен алданып тұрса, бөтен жаққа бұрылуға қолы тиіп мұршасы келе алмайды. Намазда тұрғанда көңілдің жұмысы төменде айтылған сөздер болу керек. Намазда құлақ қағып «Аллаһу әкбар» демек. «Ей бір Құдайым сенің жолыңда өзімді құрбан қылдым дегенің.

Мал бауыздағанда: «Бисмиллаһи Аллаһу әкбар» бұйырылды. Намазға кіріскенде: «Бисмиллаһи мен Аллаһу әкбар» бұйырылды. Бауыздалған малдың жаны жалған дүниемен амандасқандай, намаз оқушы олар қашан намаздан босағанша жалған дүниемен амандасты. Солай болған үшін хазрет Омар радиаллаһу анһу намазда тұрғанда өзін біреу қылышпен шапсада қол сермемеді. ¤йткені бар ойы намазда болды, өзін өлген кісі есебінде көріп тұрғандықтан. Хазрет Әли карама Аллаһу уәжһуһум сол хиялда болып намазын бұзбады. Болмаса бір қолды солар қолымен қойып қалса жайратпайма.

Хазретіміз Мұхаммад Мұстафа ғалейһи сәләмнің



«موتوا قبل ان تموتو»

«Мәуту қаблә ән тәмуту» дегені өлмес бұрын өлуіңіз дегені.

Ажалдан бұрын өліп қал дегені емес, намазға кіріскенде өзіңді өлік есебінде қылып тұр дегені.

Құрбан мағынасы: Аллаһ Тағалаға жақындық қылу сол үшін айт күндерінде шалынған мал құрбан атанды. Намаз бен құрбан не үшін десеңіз.

Мұны олар Құдайға жақындық үшін қылып тұрған құлшылық. Тәкбір тәхримнің мағынасы сол бірінші тәкбір намаз оқушының сөздің, әрекеттің, қимылдың манағы ойлағанлығы үшін дүниауи нәпсінің қимылдарын намаз оқушыға харам қылғандығы тыйым салынған үшін тәкбір тахрим делінген. Мал бауыздаушы «Бисмилла Аллаһу әкбар» деуменен малды өлтірген сықылды намаз оқушы бұл тәкбір тахримнің Аллаһу әкбәр менен нәпсісін өлтірді.

Пенде мүминнің жаны Ибраһим Халиуллаһ дәрежесіндей өзін ойлап орнын тауып тұрған, денесін хазрет Исмағил іспетті қылып аяқ қолын жіпсіз байлап құрбандыққа шалды.

Бисмиллаһи рахмани рахим деп және тәкбір тахримнің Аллаһу акбәр такбирін орнына келтірумен халал бауыздалған малдай болды. Мұнан түсінікті болды намаз оқымаған адам, арам өлген мал есебінде екендігі. Намаз оқып, намаздың шарт шариғатын орынға келтірушінің орындаған сүйкімділігі құрбандық шалынған малдың етінің сүйкімділігі секілді болған.

Қол қусырып қыблаға қарап құдайға жылап тұрғанның қиямет күнінде Құдай Тәбарак уа Тағаланың алдында тұрған күйім деп ойлап тұру керек. Есеп, мінажат айта келгенім осы ғой деп ойлауы керек. Бұл күнде мұңайып мүләймағаныңмен, ол күнде мұңайып мүләйіп Құдай алдында тұруың айдан жарық белгілі.

Қиямет күнінде Құдай алдында қандай тұрсаң, намазда да сондай тұр «يدعوكم فتستجيبون بحمده يوم » «иәумә иәдғукум фәтәстажибунә би хамд»

«امنابه و صدق» «әмәннә уа садақна» қиямет күні болғанда иман келтірдік оған және сендік. Құдай Тәбарак уа Тағала жарлығын орнына келтіру керек. Жатқан орнынан ұшып түрегеліп, топырақтан басын сілкілеп

«سبحانك اللهم و بحندك» «сүбхәнәкә аллаһумма уа бихамдикә» деп айтып түрегелмек.

Ахирет күніне сеніп Құдай алдына көру есілдертінде тұрғандар, солай болатұғұндығы үшін намазда құлақ қағысымен айтушыға бұйырылған. Әркім намазда құлақ қаққанда таңла махшарда Құдай алдында айту ниетінде деп даяр тұрсын. Сонда тілің құран қирағат оқып, денең намаздан басқаға бұрылмай тұрғанда көңліңмен Құдайдың алдында тұрмын деп Құдай Тәбарак уа Тағала маған мына сөзларды айтып тұрады деген пікірде болуың керек.

«تعلى ولقد جئتمونا فرادى كما خلقناكم اول مرة قوله »

Құдай Тәбарак уа Тағала сол күнде әй пенделерім дүниеде саған сондай кеңшілік бердім, маған сен не келтірдің деп, осындай жасқа жеткенше бір күн ғұмырыңды не қызметте өткіздің, сендерге демалыс бердім, ол демалысты не қызметпен тауыстың, ақыл бердім, қандай орынға жұмсадың? Ғылым бердім оның күшімен не жұмыс қылдың? Мал бердім оны қалай аударып төңкердің? Гауһар тастай көз бердім, саңғырлап тұрған құлақ бердім қалай жұмсасаң икеміңе көнетұғын қол бердім, қолыңды ойлаған жеріңе жеткізуге тіл бердім, ойлаған жеріңе баруыңа аяқ бердім өзімде бар болған сипаттардың әрқайсысынан саған бердім.

Алла Тағаланың сипаттары Хаиат - Алла Тағаланың тірі болуы адамзатқа бүкіл әлемге өмір беру. Ғылым - Алла Тағала бәрін білуші. Құдірет - Алла Тағаланың әр бір іске күші жетуші. Басар - Алла Тағала барлық затты көруші. Самиғ-Алла Тағала барлығын естуші. Ирада - Алла Тағаланың тілеуі, қалауы. Кәлам -Алла Тағаланың сөзідері. Тәкуин - Алла Тағала жоқтан бар қылушы.

Дүниені бір базар қылып осынша сумемен жіберген маған не базарлық алып келдің? Бірі шот бірі көрік орнында қол аяқ беріп егін салыңдар деп жібердім қандай жерге егін салдыңдар? Қанша еңбек алдыңдар деген уақытта не жауап айтамыз деп ойлаудың күштісінен иіліп тізе басса керек. Бұл тізе басып рукуғ қылмақтың артықшылығы сол жетпіс екі миллат бар бізбен жетпіс үш соның бәрі Құдайға құлшылық қылады, әркім өзінің ұстаған дінімен.

Біз Құдайға қол қусырсақ оларда бар Құдайға қол қусыратын құлшылық. Біз жерге бас қойсақ оларда да бар бас қойып құлшылық қылатұғын жалғыз-ақ жоқта біздің дін мубиннан басқа діндерде тізе басып иіліп тұратұғын жоқ. Соның үшін Құдай Тәбарак уа Тағала «уәркағу мәғәр-ракиғин» деді. «و اركعوا مع الراكعبن» Рукуғ қылыңдар рукуғ қылушылармен бірге.

Бұл иілмекдің мәнісі: Құдайым не жүгің болса үйіп қоя бер, тостым арқамды, сенің құлағаныңды арқам соқпақ басым аумақ болсын деп иілгің келеді екен. Жалғанда дүние не қаптаған пәлеге айдар болуға жарайтын үш түрлі жұмыстың бірі рукуғ екен. Құдай Тәбарак уа Тағала өзі айтқан екен хадис құдси: «Рукуғда тұрған пенделерім болмағанда, хайуандардың аузы шөп жеп оттамағанда, аузы емшекте тұрған сәбилер болмағанда пәлені сау еткізіп құйып жіберер едім» - деген екен. Рукуғының қасиеті биік зор екен.

Пенде мумин тізе басып рукуғда тұрғанда Алла Тағаладан көтер басыңды пенделерім деген жарлық барлығынан имам хабардар болып,

«سمع الله لمن حمده » «сәмиг Аллаһу лимән хәмидә»:

Яғни Алла Тағала құлының мадақтауларын қабыл алар демегі. Басты жоғары көтереді екен намаз оқушылар, немесе имамға ұйып намаз оқушы жамағат.



«ربنا لك الحمد » « Раббана ләкәл хамд» дейді екен.

Әй біздің пәруәрдігеріміз «ғәлә кулли хәл хамд» Барлық нәрсе үшін Аллаға шүкір қылдым сенің үшін деп түрегелер екен. Аллаһ Тағаланың бұйырған амалдарын қылған үшін кінәдан, жазғырудан, есептен құтылып Алла Тағаланың мейірімділігіне және аяуына есіркеуіне жақын болам деп бола алмайды, құлшылық тәубәсінің барып тұрған ғайаты сәждеге барып бас қойады екен.

Екі сәжде бір мағнада тәкрару тәкид (қайталау, сендіру, растау) үшін хақ Тағала басың көтер пендем болсаң әр ісің үшін сұрайтұғын сұрауымбар дегеннен пенде мүмин басты көтерседе Құдай Тәбарак уа Тағаланің жарлық жүгінің ауырлығынан тұруға шамасы болмағаннан жүк түсіп шарт жүгініп отырып «Әттахииату лиллаһи уас-салату уа тайбату» дер екен. Сол уақытта Аллаһ Тағала не келтірдің, не түрлі қылмысың бар деп сұрайды екен.

Тән тереңде татлиғ жан жараттым. Дегенде пенде мумин не айтарын білмей сасқанынан оң жағына жалт қарап «Ассәләму галейкум уә рахматуллаһ» деп асхабул әнбия серіктес, жолдас аталмыш әулия, пайғамбарлар және әулие қайырымдылар жәрдем тілеп қорғаушы, қолдаушы бола көріңіздер деп бас екі жаққа сәлем беретұғын себебі сол екен.


Парыз хилафия бесдүр
Әууәлі тәртіп.

Екінші намаздан µз әрекетімен шығу.

‡шінші Қалар қылу рукуғда, сәждеде.

Тµртінші қуми [тік тұру].

Бесінші Жәләсә [отыру].

Имам Әбу Иусуф уә Имам Шафидіњ үкімінде зекет парыз болу үшін 7-шарт бар.

Әууәлі: һүр болу [басы бос, тұтқында болмау керек].

Екінші Балиғатқа толған болу [ер бала 13-15 жас, қыз бала 9-12 жас].

‡шінші ақылы болу [жынды емес, есі дұрыс болуы керек].

Тµртінші Ислам.

Бесінші Нисаб. [зекет беретін мүлкі – үйі, кµлігі, күнделікті қолданатын заттарыныњ сыртында жетіп тұруы керек].

Алтыншы жыл µту. [зекет беретін малы, мысалы қойы 40 – қа толғаннан кейін бір жыл µтуі керек].

Жетінші борышы болмауы керек. Ниет зекет берген уақытта парыздүр.
Зекетті зекет беруге лайық адамдарға ғана беру парыз
Бұлар жетідүр.

Әууәлі Пақыр.

Екіншісі Мискин.

‡шіншісі Зекет жинайтын қызметкерлер.

Тµртіншісі Мәкатиб.

Бесінші борышты кісі.

Алтыншы соғыстан кесілген кісі [соғыстан тұтқындалған кісі].

Жетінші Алла жолындағылар.


Оразада үш парыз бардүр
Әууәлі ниет.

Екінші тамақтан тиылу, тамақ ішпеу.

‡шінші жамағ қылмау. Тањ атқаннан кеш [күн] батқанша парыз болған нәрселерді білу. һәм парыз айындүр. Уә күсіп парыздар қажет уақытты білу. Білмеген кісіге білдірмек һәм парыздүр.
Мұсылман болған кісіге 4 парыз бардүр
Әууәлі халал ашамақ [халал тағам].

Екінші рызқын Алла Тағаладан [екенін] білу.

‡шінші Алла Тағаланыњ қисмәтіне [берген кәсібіне] разы болу.

Тµртінші кінә қылмау. Парыз айын мен ғамал қылу барша мүмин уә мүминәларға парыз айындүр.


3.9 Құрбан

Әй ғазиздер біліңдер осы айт құрбан намазын өтеушілер және құрбан бауыздаушылар сауап алушы оң басарлар осы айт намазын өтемек құрбан бауыздамақ хақ Тағаланың кәләм шариғлы ләзим және фарыз.

Құран кәрімнің ең қысқа сүресінің бірі Кәусәр сүресінде «Әй Мұхаммад (Ғ:С) саған пайғамбарлықты, Құранды, исламды, ғылымды, миғражды ұжмақтағы кәусәр атты көлді бердік. Соның шүкіршілігі үшін айт намазын оқып, құрбан шал» - делінген ұғымдағы аят бойынша және хазрет пайғамбарымыз (ғ.с)ның «Шамасы жетіп тұра құрбан шалмаған кісі намаз оқитын жерімізге әсте жақындамасын» делінген хадисі бойынша шамасы барларға құрбан шалу уәжіп болған.

Құрбан бауыздау хақ Тағаланың аят кәрімі дәлел қылды, құрбан бауыздамақ әрі халі жеткіш адамға.

Әй адамдар Алла Тағалаға құлдық және Расул Аллаға үмметтік дұғасын қылыңдар. Егер Аллаға рас пенде болсаңыз Алла Тағаланың бұйрығын істейсіз және Расул Алланың сүннетін істейсіз оның жолымен жүресіз, істегенін істейсіз. Біраз нәрсеге сараңдық қылып бұйырғанын істемей бұл Кусәр шарабын ішпектен құр қалмаңыз. Сондықтан негізгі қажеттерінен артық ақша немесе мал-мүлік барға уәжіп болған. Құрбан айттың үш күнінде де шалуға болады. Түнде шалу мәкруһ.

Құрбан шалудың сауапты уақыты айт намазы оқылмайтын жерлерде айт намазынан бұрын. Ал айт намазы оқылатын жерлерде айт намазынан кейін. Білетін кісі өз қолымен бауыздау, білмейтін кісі бауыздалғанда жанында болып «Әй Алла! Өз ризалығың үшін шалған құрбанымды достың Ибраһим (ғ.с)нан қабылдағаныңдай қабыл ал! Егер әмірің болса жолыңда жанымды да құрбан етер едім» деп шынайы ықыласпен тілек тілеу керек. Басқа арнаулы бір құрбан батасы шарт емес.

Құрбан етінің ең азында үштен бірін пақырларға садақа етуі тиіс. Үй ішімен өздері жеседе болады. Құрбан шалған малдың терісін садақаға берсе тіпті жақсы. Яғни айт намазы үшін барша нығмет. Барша нығметтің шүкірін сен жинаушы.

Әй ғазиздер осы айт күнінде құрбан бауыздар күніңіз. Құрбан бауыздап Алла Тағаланың қасында ұлық биік дәреже алар күніңіз Тәмуғ отынан құтылып, ұжмақта болатын күніңіз. Оның үшін кім хақ Тағаланың періштелері әр мүмин мұсылманның құрбан қылған жерінеде бар болғандар ол кім бір нәрсені жарлықай тілер. Құрбандықтың қанының әрбір қатары сонша мың шаһидтің сауабын жазар. Бұны кім жасады мүмин мұсылманның нышаны деп қоштап хақ Тағаланың қасында куәлік береді мына құлың өзін тәмуғтан құтқармақ үшін құрбан қылды деп айтады екен.

Хақ Тағала хазрет айтар ол періштелерге сіздерге өліңіздер жарылқадым мен пендемді менім әмірімнің бірін келтіргендігі үшін оны айтады пайғамбар салаллаһу ғалейһи уәс-сәләм ұлықтаңыз құрбандығыңызбен яғни қуаттырағын және семізрегін бауыздаңыз ол құрбандық қиямет күнінде сират көпірінен аттанып кетер атыңыз дүр.

Ол құрбандықтың қаны тартылар мизанда, ауыр келер, барша күнәләрден құрбандықтың терісі жауып қиямет күнінде ғарш көлеңкесінде аясының басы үстінде көлеңке.

Әй адамдар осы күнде өзіңіз үшін жиһаз етіңіз Алла Тағаланың бұйрығын қойып бұл жақсылықтардан (құр қалмақтан) махрум болмақтан сақтаныңыздар. Көрмеймісіз пайғамбарлар ұғландардың құрбан қылмақ естідіңдер жақсы сиқырлар жақсы тілеулер құрбандық қылдыңдар.

Әй мүминдер біліңіздер хақ Тағала дүниеде малыњ бұл жерде қажет, қазір пайда алмақ үшін Алла Тағаланың бұйырған жеріне келтірмек үшін. Алланың әмірін тұтпастар және ғалымдардың сөзін естіместер бұ фәни дүниеде сараңдық қылып өздеріңді бұл істен құтқармаңдар. Аз нәрсені зиян санағандар, өздеріне зиян қылғандарын білместер, сауаптан құр қалғандар. Дүниеде мал малдей махрум уа мағбун өлерлер, адамдар бұ дүниені жинап бақи мәңгі қалармын деп ойлама, неше-неше патшалар, ақыл иелері өлмес мал-мүлкі, ұры қаралар ешбірі өлімнен қалмас және барып хақ Тағала алдында ешбір іске жауап бергісі жоқ дүр. Өлгеннен соң анда (о дүниеге) барып жауыз амалдарына шомылғанын көргеннен соң тіріліп тәуба қылып амал қылмағы жоқ.

Расында бүгін тірек еркіндік, мүмкіншілік қолыңызда. Есен- амал етіңіз хақ Тағаланың бұйрығын тұтыңыз және расул Алланың жолымен жүріңіз. Өміріңнің қадірін біліп өлместен бұрын, тағат және құлшылық қылыңыз, уақыт өтпестен бұрын өміріңізді босқа жібермеңіз, нәпсінің артынан жүрмеңіз. Сақалыңызды ағартып көңілдеріңізде түрлі-түрлі күнәлар қылмаңыз.

Хақ Тағаланың бұйрығын қойып күнә істеп, рәсуәлық исрап шашу істеп, хасил етіп тәубәсіз кетіп, бұл қуатыңызға және байлығыңызға сенбеңіз. Неше-неше малдарын өлтірді, істерін тәмәм аяқтамай етпей қойды, ұл қыздарын жетім қылды.

Әй мүминдер өлімді қатеріңізде тұтып, ахиретте тәмуғтан құтылмақ және өз ойларыњыздың бүтін болғанына, бос болғанына мәз болып мақсаттарыңызға қарап тұрмағайсыз, өз ойларың дүниеде қалады. Ертең өлген күні сол үйдің тµрінде жылы жәйлі жерінде сені сақтап қоймайды. Жұрт алып барып көрге салады. Таңла махшарға сап майданы құрылғанда Құдай қади мизан таразы даярланған күн, мешіт кеме болып имам кеме ішінде капитан болып ол кемеге салып, сәламат сақтап сират көпірден ат арба ат парахотпен өткізгендей өткізеді.

Бұл мешіт Құдай ұйі мұнда болған имам орталарыңызда көтерген ту, бұл имамдарыңыз намаз оқығанда артында тұрып аузынан шыққан сөзін жерге түсірмей малыңызды, жаныңызды пида қылып, айтқанына көніп, айдауына жүріп тұрсаңыздар қия-мет күні болғанда «әмәннә биһи уә садақнә». Бұл имам ту көтеріп сіздер сол тудың түбіне жиылып Құдай алдына ойламастай болып барасыздар.



اعوذ بالله من الشيطان انا نحن نى الموتىو نكتب ما قدموا و اثارهم وكل شى احصيناه في امام مبين

Ол ұлы заттығы пәк сипаттығы Құдай біз өлген, тірі кездеріміз дейді. Өлген жаннан бір жан тірілгенін көрдіңіздерме. Жоқ, енді нені айтады. Міне осы өздеріңіз бас қосып жиылып отырған мешітті айтады. Бұл жер бұрын өлік есебіндегі жер емесбеді. Мұнан бұрын қайсың осы жерде осындай боп орнап, тойлап, жиылып жас ағаштай иіліп, жаратқан Құдайың сиынып отырушы міне осы жердің мешіт болып сіздер рукуғ қылғандармен бірге рукуғ қылыњдар.

«اركعوا مع الراكعين »

Иркәғу мәғә ракиғин деген.

Алла Тәбарак уа Тағаланың әміріне муафақатлық қылып бас қосып осы жерде айт намазын өтеп отырғандарыңыз Құдай Тәбарак уа Тағаланың өлікті тірілткені осы. «و نكتب ماقدموا واثارهم » дегені осы жерде мешіт бар, айт намазы бар, имам бар деп үйлеріңізден шығып аттыңыз, жаяуіңіз, жаяу қанша қадам басып келдіңіздер соны Құдай Тәбарак уа Тағаланың өзі айтып уағда қылып тұр. Алдыңғы жағындағы басқан жерін артта қалған ізін бәрін таразыдан жақсылық салынатұғын басына саламыз. Бұл жүрісдегі жүрісінен, қатты терлеген аттарыңның тері, артынан түсіп қалған тезегі, сиген сідікте далада қалмайды, жаяудің өзі тері мұнан он есе, жүз есе артық.

Әй мұсылмандар шыдар үш балақсыз атты тоқтатылмай иманда сондай оғанда үш балақ керек; бірі шүкір, бірі сабыр, бірі ұят.

Алла Тәбарак уа Тағаланың не берген нығметтің басқа-басқа шүкіршілік бар мұсылманшылық Алла Тәбарак уа Тағаланың бізді және сізді мүмин мұсылман қылғаны зор нығмет.

Бұл мұсылмандықтың шүкір дегені құр тілмен шүкір дегені түкке тұрмайды. Шүкірлік дәлмен болсын би фиғл ужудқа келсін, олай болатұғын болса мұсылманшылықтың шүкірі ғылым оқымақ.



« اول العلم معرفةالجبارا»

«Әууәл әл-гилм мағрифәт әл-жәббәр»

Ғылым білімнің ең алды Құдай Тағаланы танымақ.

Кімде-кім ғылым оқыды, ғылым жолына кірді, мұсылмандығын шүкіршілігін орнына келтірді, кімде-кім ғылым оқымады надан қалды, күпірлікте қалудан қашыңдар. Құдай Тәбарак уа Тағала кәләм мәжидінде бұйырды. يايها الذين آمنوا قو انفسكم و اهليكم نارا



«Ағузу билләһи минаш шайтанир ражим. Иә әюһәл-ләзинә әмәну қуу әнфусәкум уә әһликум нәрән».

Әй иман келтіруші құлдар өздеріңізді әрі үй-іштеріңізді оттан сақтаңыз дейді. Сен енді өзіңізді қатын балаңызды оттан сақтау үшін қияметке ескі шоқпыт тірлік алып барасыңба, жоқ, болмаса бір насус сатып алып соны апарарсың саған өзіңді және қатын балаңды оттан Құдай өзі сақтайды дейсің. Қайсың ұлы едің, қайсың тіліңді алдырып айтқаныңды қылдырушы едің, ойла. Құдай ұлы, айтқанын қылдырар, жарлығына көнгізер, айдауына жүргізер. Олай болса өзіңді және қатын балаңды оттан сақтамақшы болсаң ғылым оқы.

Балаларыңды оқуға бер ғылым білім үйренсін, дін танысын, өзін танысын, өзін жаратқан Құдайын танысын. Қатын балаңның надандықта қалғандығына қиямет күні сен сұраласың. Өз басыңның күнәсі де аз емес олардікін де қоса арқалап қиямет күні қиын қыстауда кеңірдегіңнен келіп қылқынып жүрме. Бізге дүниеде ешкім айтпады демеймін мен айтып мойнымнан түсірдім. Әй адамдар сыртымызды түзеп, ішімізді жамандыққа айлаға толтырып хақ тағаланың алдына қалай барамыз.

Сүбхәнә Аллаһ Тәбарак уа Тағала үстімізден түрлі-түрлі бәлелер фитналар салды, дұшманның берекетін көтерді, не ерлік қылды, дүниедегі жазамыз бұл. Ахиретте Алла Тағала білер хәлімізді, Иләһ мүмин мұсылман пенделеріңе тауфиқпен һидаят иман байлығын берсін.

Тәкбір тәшрихнің асылы Ибраһим Халиуллаһ баласын бауыздамаққа дайын болған уақытта хазрет Жәбрейіл ғалейһи сәләм көктен көк қошқар келтіріп бауыздап жіберер деп асыққаннан.

«الله اكبر الله اكبر»



«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар»

«Алла ұлы, Алла ұлы» деп айғайлайды. Ибрахим Халиулаһ естіп басын көтеріп алып қарай салып көк қошқарды көріп баласының орнына құрбандыққа шалу үшін келтіргенін біліп.

«لا اله الا الله و الله اكبر»



«Лә иләһә иллә аллаһ аллаһу әкбар» дейді.

«Алладан басқа тәњір жоқ, Алла ұлы! Сонда забих Аллаһ естіп құдайының сақтығына қайран қалып бауыздамақтан өзінің аман қалғанына шүкірін «و الله الحمد الله اكبر» Аллаһу әкбар уалиллаһил хамд дейді. Біздерге ахирет күніне дейін Ибраһим Халиуллаһтан сүннет болып қалды дейді.



ليس عيد لمن لبس الجديد انما العيد لمن من الوعيد

«Ләисә гәид лимән ләбисәл жәдид иннәмәл гәид лимән минәл уәгид» Құр жаңа киім кигенмен оған айт болмайды.

ليس العيد لمن ركب المطايا انما العيد لمن عفرله الخطايا

«Ләисәл гәид лимән рәкибәл мәтаиә иннәмәл гәид лимән гуфрәләһул хәтаиә».

Құр атқа мініп шапқылағанмен айт болмайды, Құдай қасында шын ықыласыңызбен қылған амалыңыз орнына тұрып күнәләріңіз жарылқанса онда соған айт болады.

Хазрет Ибраһим Халиуллаһ буаз күнінде шешесін сусыз шөлге апарып тастап кеткен, қатынынан туған жалғыз бала Исмағил ғалейһи сәләмді көрейін деп іздеп келгенде Исмағил ғалейһи сәләм үйде жоқ екен. Әдейі келген соң көріп қайтайын деп үш күн тосты. Үш күн ұдайы түсіне кірді. Құдайдың құдіреті болып мен үшін жалғыз балаңды құрбан қыл, мына таудың басына апарып бауызда деп.

Алғашқы түс көрген түні Зилһижжаның сегізі екен ол күні тәрун болды, екінші түні Зилһижжаның тоғызы екен ол күні жерара болды. Үшінші түні Зилһижжаның оныншы түні екен ол күні нахриға мал бауыздалатұғын құрбандық күні болды.

Үш күн ұдайымен өзі түс көріп Құдай жарлығы екенін анық көзі жетіп қайдан қолыма түседі деп тұрғанда баласы қарсы алдынан ұшырап жолығады. Әкесіне айтпай танып, сұрамай біліп, ойлап сәлем беріп қолын ұсынады. Ұсынған қолынан шап беріп ұстай алып жүр балам менің соңымнан ер деп Мина тауына қарай ала жөнелді. Ағузу биллаһи мин шайтанир ражим. «فلما بلغ معه قال يا بني انى ارى فى المنام »

Ибраһим Халиуллаһ айтты әй балашағым лайықты мен көремін түсімде сені бауыздап Құдай жолына құрбандыққа шалмақшы.

Сонда баласы Исмағил ғалейһи сәләм айтты жатқан орнына келтір құдай не бұйырса пайғамбар түсі өтірік болмайды. Түсіңізде көрсеңіз көргеніңіз көргенше құдай бұйрығы болады. Инша Аллаһ құдай не қыламын десе мен соған даярмын, бас бұрмаймын, қабақ шытпаймын. Үш өсиет айтамын соны орнына келтірсек болды.

Бірі менің қол аяғымды бекем қылып бекітіңіз, жан алуда мен тыпырлай қалсам үсті басыңызға қан шашырап таңла Құдай алдында барғанда бой ұсынбағандар санында болып шәрменде болып жүрмейін.

Екінші көйлегімді анама алып барып беріңіз балаң құдай жолында жарады орынға тұрып пұлға татиды, бір жұмысқа жарап кетті деңіз. Мұнымен көңілі дауалансын.

Үшінші менің жүзімді жерге жабсыра жатқызыңыз тамағыма пышақ салған уақытыңызда көзім көзіңізге түспейтұғын болсын, әйтпесе мейіріңіз түсіп кетсе өзіңізден ерік ыхтияр кетіп қалып пышақ қолыңыздан түсіп кетіп мен бауыздалмай қалып Құдай әмірі орнына келмей қалып ұятсыз құлдардан болып жүрмейік.

Хазреті Ибраһим Халиуллаһ баласына риза болды, мұндай бала бергендігіне Құдайына да риза болды. Көңіліне шаттық кіріп тасып кетіп баласының қол аяғын мықтап, бұрып жүзін баласының айтқанындай жерге жапсырып жатқызып, пышақпен орып жібергенде пышаққа кесіп өтпе деген жарлық келіп қалып тас кесетұғын алмас пышақ есіктің тұтқасы есепті болды.

Хазрет Ибраһим Халиуллаһ пышақ Құдай әмірімен өтпей жатқанын сезбей жаны қиналмасын деп осыншама өткір қылып ақ қайрап едім ғой балам бауыздалмай Құдай әмірі орнына келмей баламды бауыздауға қимаған жан есебінде болдым ау деп долданып пышақты тасқа салып қалғанда, тасты ортасынан қақ жарып тіліп түсті. Сол тас солай ортасынан тілініп, өйткені қойдың басындай тұр. Ибраһим Халиуллаһ баласын түсінде үш күн ұдайымен бауыздап тамағынан қан шығара алмай шаршап қояберген екен. Түсінде көргеніндей болды.

Біз шын ықыласымен ұмтылған пенделерге осындай жақсылық қыламыз. Риза болдық, сенің ықыласың бұл түс, саған көрсеткен бір сын еді. Шыдап тұрып қалдың, біздің сенімімізге орай өзің орай балаң, аталы балалы екеуің бір жерден шықтың. Сонан соң өзіміз арашалап қалдық. Балаңның қол аяғын шеш, мына көк қошқарды шал құрбандыққа. Әкелі балалы екеуінің бұл пейілі кейінгі көп пенделерге жақсылық болды.


3.10 Және мүслим уә мүслималарға 54 парыз бардүр

1-ші Қақты [Алланы] «Бір» [деп] біліп үнемі зікір ету. Қала Тағала [Алла Тағала бұйырды]: يا يها الذين امنوا اذكروا الله - «Иә әйюһәл-ләзинә әмәну үзкүру Алла».

(Түсінік: 1. Бұл Құран аяты: Мағынасы: «Ей иман етіп сенгендер Алланы зікір етіњдер».

2) Халалдан [пайдаланыњдар]. Қала тағала: [Алла бұйырды]: « يايهل الّذين امنوا خذو زينتكم عند كلّ مسجد - иә әйюһәл-ләзинә Әмәну хүзү зинатакүм ғинда күлли масжидин».

3) Дәрет алу. «يايهل الذين امنوا اذا قمتم الى الصلوة غسلوا وجوهكم وايديكم الى المرافق وامسحوابرويكم و ارجلكم الى الكعبين - иә әйюһәл-ләзинә изә құмтүм иләс-салата фәғсилу үжуһәкүм уә әйдиәкүм иләл-марафиқ. Уәмсаху би-русикум уә әржулукүм иләл кәғбайн». [Мағынасы: Мәйда сүресі 6-аят. «Әй мүминдер намазға тұрарда жүздеріњді және шынтаққа дейін қолдарыњды жуыњдар. Бастарыња масих тартыњдар. Және екі тобыққа дейін аяқтарыњды жуыњдар»].

4) Бес уақыт парыз оқу. «إن الصلوة كانت على المءمنين كتابا موقوتا - иннәс-Салата кәнат ғалал-мүмнинә китәбән мәуқутән».

5) Жүніптен ғұсыл ету. «وإن كنتم جنبا فاطهروا - уә ин күнтүм жүнүбән фәтаһһиру».

6) Рыздығы үшін жүрегін рахаттандыру. «و ما من دابّة فى الارض الاّ على الله رزقهاو يعلم مستقرها ومستودع ما كلّ فى كتاب مبين - уә мә мин дәббәтин фил-ард иллә ғала Алла ризқуһә уә иағләму мүстәқарраһә уә мүстаудағһә күлли фи китәбин мүбин».

7) Халал тағам жеу және ішу. «يايها الّذين امنوا كلو ممّا فى الارض حلالا طيبات مارزقناكم - иә әйюһәл-ләзинә әмәну күлү миммә фил-ардин халалән тай-ибән күлү мин тай-ибәтин мә разақнәкүм».

8) Қанағат ету. «و توكل على الحى الّذى لا يموت وعلى الله فتوكلّواان كنتم موءمنين - уә тәуәккәлу ғалал-хайил-ләзи лә иәмут. Уә ғала Аллаһи фәтәуәккәли ин күнтүм мүһминин».

9) Қазаға разы болу [қайғырмау].

10) «فاصبر لحكم ربك رضى الله عنهم و رضواعنه - фасбир лихүкма Раббәка. Ради Аллаһү ғанһүм уә раду ғанһ».

11) Нығметтіњ бір-біріне [жеке-жеке] шүкір ету. «لئن شكرتم لزيدنكم - лә ин шәкәртүм ләзидәннәкүм».

12) Пәлеге [қауіп-қатерге] сабыр ету. «يايها الّذين امنوا صبرواوصابر واورابطو واصبروانّ الله مع الصابرين انّالله يحب الصابرين - иә әйюһәл-ләзинә әмәну исбиру уә сабиру уә рабиту әсбиру иннә Аллаһә мағас-сабирин. Иннә Аллаһә иүхиббус-сабиринә».

13) Күнәларына тәуба ету. «يايها الذين امو توبوا لىالله توبتا نصوخاو توبوالى الله جميعا يايها الموءمنين لعلكم تفلحون - иә әйюһәл-ләзинә әмәну тәғбу илә Аллаһи тәубәтән насухан уә түбү илә Аллаһи жамиған. Иә әйюһәл мүһмининә ләғаллакүм туфлихун».

14) Ықласпен [µз қалауымен] ғибадат ету.

15) Шайтанды «дұшпан» - деп білу. «انّ الشيطان لكم عدو فاتخذو عدوّا هاتو برها نكم - иннәш-Шайтанә ләкүм ғаду-ун. Фәттәхизу ғадуән һәту бүрһәнәкүм».

16) Құранды дәлел ету.

17) ¤лімге дайар болу. «كلّ نفس ذيقة الموت كلّ من غليها فان و بقى وجه ربك ذوالجلال والاكرم - күллу нәфси зәйқатул-мәут. Күллә мән ғалайһи фә-ин уә иәбқа уәжһә Раббакә зүлжәләли уәл-икрам».

18) «انّالله يامر بالعدل والاحسن وايتاء ذى القربى وينهى عن الفحشاء والمنكر والبقى يعظكم العلكم تذكرون كنتم خير امتّ اخرجت لناس تاءمرون بالمعروف و تنهون عن المنكر - әмір мағруф уә нәһи ғанил-мүнкәр. Иннә итә зил-құрба уә иәнһә ғанил фақшә-и уәл-мүнкәри уәл-бақи. Уәғизукүм ләғаллакүм тәзәккарун. Күнтум хайран мәтти ахражат лин-нас тәһмурунә бил-мағруф уә тәнһәунә ғанил-мүнкәри».

19) Ғайбат айтпау [біреудің артынан өсек айту]. «يايهاالذين امنوا جتتبوا كثيرا من الظنّ إنّ بعض الظنّ اثم ولا تجسوا ولا يعتب بعضكم بعضا ايحب احدكم انّ ياءكل لحم اخيه ميتا فكره تموه والتقوالله انّ الله تواب الرحيم - иә әйюһәл-ләзинә әмәнүж-тәнибу кәсирән минәз-зан-ни иннә бағдаз-занни исмун. Уә лә тәжәс-сәсу уә лә иағтәб бағдукум бағдан. Ә иүхиб-бу ахадукум ән иәһкулә лахма ахиһи мәйтән фәкәриһ-түмух. Уәт-тақуллаһә иннә Аллаһә тәууәбур-рахим» [Хұжырат 12 аят. Түсінігі: «Әй мүминдер күмәннің барлығынан сақтаныңдар. Өйткені күмәннің кейбірі күнә.

Сынап сөкпеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Өлген туысыңның етін жеуді жақсы көресіңдер ме? Әрине оны жек көресіңдер. [Өсек айту, ғайбаттау сол өлген бірге туғаныңның етін жеумен бірдей. Әлбетте Алла тәубаны қабыл етуші ерекше мейірімді»].

20) Ата анаға бағыну. «ان شكر لى ولواديك الى المصير مخلصين له الّذين الا لله الخا لص فمن كان يرجوا القأربه فليعمل عمل صا لحا و لا يشرك - иннаш-шүкра ли уәлидәйкә иләл-масир мухлисина ләһүд-динә иллә Аллаһәл-халису. Фәмән кәнә иәржу лиқа лаббаһи фәл-иағмала ғамалин салихан уә лә иашрук».

21)


22) Аманатқа қиянат етпеу: «انّ الله يأمركم ان تودوّ الامانات الى أهلها - иннә Аллаһә иә мүрукум ән туәдду уәл-әмәнәти илә әһлиһә». (Ниса 58-аят. «Алла Тағала сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды әмір етеді:»).

23) Алла уа Расуліне бағыну اطعوالله واطعوالرّسول - атғу Аллаһә уә әтғу әр-расула».

24) Алладан қорқу. «و لا تخافوهم وخافون ان كنتم مؤمنين فلا تخشوالناس واخشون - фәлә тансау ән-нас уә ақшауна уә лә тақафуһүм. Уә қафуна инкүнтүм мүһминин».

25)


26)

27) Ғибрат ету. [18 мың ғаламға ақыл көзімен ғибрат алу мақсатымен қарау]. «اعتبر واياأولى الابصار اولم يتفكّروا فى ملكوت السموات والارض - фағтабиру иә үлил-абсар а-уәләм иатафаккару фи малакут әс-самаути уәл-ард».

28) Ойлану, ой жүгірту. «يتفكّرون فى خلق السموات والارض - иәтәфәккарунә фи халақас-самаути уәл-ард».

(Түсінігі: Жер мен көктің жаратылысына қарап ойланыңдар. Ж.Х.).

29) Тілін жаман сөзден сақтау. «ما يلفظ من قول الاّ لديه رقيب عتيد - ма иалфазу мин қаулин иллә ләдәйһи рақибун ғатидун».

30) Жаман әрекеттерден [күнәдан] сақтану. «كونو ربّانيين بما كنتم تعلمون الكتاب وبما كنتم تدرسون - куну Раббани-ин бимә күнтүм туғаллимунәл-китәб уә би-мә күнтүм тәдрусун».

31) Кісіні қорлаудан [ат қойып, айдар тағудан] сақтану. «لا يسنم قوم من قوم الآته - лә иәснам қаумун мин қаумин әл-әйәтиһи».

32) Әйеліне, қызына [балаларына] абай болу. «قل للمؤمنين يفضّون من ابصارهم انّالسّمع والبصروكلّ اولئك عنه مسؤلا - құл лил-мүһминина иафудду мин абсариһим иннәс-самға уәл-абсара күлла уәләикә ғанһә масула».

33) Әр жағдайда әділ болу, өтірік айтпау: «يايهاالّذين امنوالتقوالله وكونوا مع الصادقين رجال صدقوا ماعهدوالله عليه هذايوم ينفع الصادقين صدقهم ان السّمع والبصر والعفوا وكلّ اولئك عنه مسئولا ومن الناس من يشترى لهوالحديث ان الله يحب الفرحين - иә әйюһәл-ләзинә әмәнут-тақуллаһә уә куну мағас-садиқин. Рижәл-ун садақу мә ғаһду уаллаһа ғалайһә һәзә иәумә иән фағус-садиқина сидқиһим. Иннәс-самға уәл-абсара уәл-ғафу. Уә күллә әуләикә ғанһә масулә уә минәннәсә мән иаштара ләһүл-хадиса. Инна Аллаһә иухиббул-фарихин».

34) Қуанышты тәрк ету. «تأسو على مافاتكم ولا تفرحوابما اتكم - тәһсәу «Тәһсәу ғала мә фәтәкүм уәлә тәфәррахү бимә әтәкүм».

35) Сиқырлық, айлакерлік жасаудан аулақ болу. «فجمع السّمرة لميقات يوم معلوم يايهاالسّاحرادع لنا ربك - әфә-жамуға сихрату лимиқат иәумун мағлумун. Иә әйюһәс-сәхиру үдғу ләнә Раббакә».

36) Мизанын [таразысын, біреумен есептескенде] әділ ұстау. «فلايامءن مكر الله القوم الخاسرين - фәлә иәмән мәкраллаһә ил-ләл-қаума әл-хасирин».

37) Бір күндік тойып жейтін тамағы жоқ адамға садақа беру. «واطعما البائس الفقير واماالسّائل فلا تنهر - уәтғаму либә-ис әл-фақира уә әм-мәссәила фәлә тәнһәр».

38) Қақ Тағаланың рақметінен [берекетінен] үміт үзбеу. «ولا تتبع الهواى ولا تقنطوامن رحمة الله - уәлә тәт-тәбиғул-һәуә уә тақнату мин Рахмату Аллаһи».

39) Нәпсінің қалауына еріп, нәпсісін тыңдау. «وأمّامن خاف مقام ربّه ونهى النفس عن الهوى فانّالجنّة هى الماءوى - уә әммә мән қафа мақама Раббаһә уә нәһиә ән-нафса ғанил-һәуә фә ин-нәл-жәнната һиә әл-мә уә».

40) Алла Тағаладан келген дәулетіне шүкір ету. «وانفقوا ممّا جعلكم مستخلفين فيه والذين اذا انفقوا ولم يسرفوا - уән-фақу мим-мә жағалакүм мүстахлафинә фиһи уәл-ләзинә изә әнфәқу уә ләм иусрифу».

41) Халалдан қажетіне жарай рызық етіп, пайдалану. «فابتقوا عند الله الرزق واعبدوه واشكروا له الله ترجعون والذين يكنزون الذّهب والفضّة ولا ينفقونها فى سبيل الله فبشرهم بعذاب اليم يوم يحمى عليها فى نار جهنّم فتكوى بها جباههم وجنوبهم وظهور هم هذا ماكنزتم لا نفسكم فذوقوا ماكنتم تكنزون - фәбтәғу ғинда Аллаһир-Ризқа уә әғбудуһү уә әшкүру ләһу иләйһи түржағун уәл-ләзинә иәннәзунә әз-зәһәбә уәл-фиддатә уә лә иәнуфқунәһә фи сәбилил-ләһи фәбәш-шируһүм би-ғазабилиам иәумә ғалайһә фи нәри жәһәннам фәтәку бинәһә жибәһәһүм уә жүнүбүһүм уә зуһуриһим һәзә мә кәнзә-түһүм лә нәфсүкүм фәзүқу мә күнтум тәһнизун».

42)


43) Хайыз уақытында [әйелге] жақындамау. «فاتعزلوالنساء فى المحيض ولا تقربوهنّ حتى يطهرن - фағтазилу ән-нисә-ә фил-лахиза уәлә тақаррабу һүн-нә хатта латһурна».

44) Күнәнің бәрінен көңілін пәк қылу. «انّالله يحب كل خوان أثيم يوم لا ينفع مال ولا بنون الاّ من اتى الله بقاب سليم. - инна Аллаһа иухиб-бу күллә хаунин әсима иаума. Лә иәнфағу малун уәлә би-нунун әл-әмән әтә Аллаһү би-қалбин салим».

45) Жетімнің малын жемеу [жетімге зиян келетін нәрсе жасамау]. « ولا تاء كلواموالهم الى موالكم انه كان حوبا كبيرا ولا تكبربو تقربوا امال اليتم الاّ بالّتى هى احسن تلك الدار الآخرة - уәлә тә күлу әмуәләһүм илә мәуләкүм әннәһү кәнә хубән кәбирән. Уәлә тақрабу мәләл-иәти мә ил-лә бил-ләти һиә әхсану тилкә дәрәл-ахирати».

46) Тәкәббар болмау [кеудесіне нан пісіретіндей, мұрнын көкке көтермеу]. «جعلها للذين لا يريدون علوّا فى لارض ولا فساداوالعاقبة للمتّقين ولاتمش فى الارض مرحا - тәжғаләһә лил-ләзинә лә иүридунә ғұлуән фил-арди уәлә фәсәдән уәл-ғақибәти лил-мүттақин. Уәлә тәмши фил-арди марахан».

47) Оғланға жақын болмау. «ويحل لهم الطيبات ويحرم عليهم الخبائث - уә юхиллу ләһүм әт-тайбәт уә иәхурраму ғалайһиму әл-хаба-ис».

48) Бес уақыт намазын үнемі үзбей орындау. «حافظوا علىالصلوات والصلوة - хафизу ғалас-салауати уәс-салата».

49) Кісіге [ешкімге] зұлымдық жасамау. «انّا الذين ياءكلون اموال اليتامى ظلما انّما ياءكلون فى بطونهم نار وسيصلون سعيرا - ин-нәл-ләзинә иә күлүнә әмуәлә әл-иәтәмә зұлмән ин-нәмә иә күлунә фи бутуниһим нәран уә сәйәсләунә сағиран».

50)


51) Аллаға серік қоспау [Алла тек біреу, ол жалғыз деп білу]. «ومن يشرك بالله فقدحرماالله عليه الجنة - уә мәр иүшрик бил-ләһи фақад харрама Аллаһү ғалайһә әл-жәннәтә».

52) Зинадан сақтану. [Аулақ жүру]. «و لا يزنون ذالك يلق اثاما ولاتقربوالزناانه كان فاحشة و ساء سبيلا - уә лә иәзнунә зәлинә иәлқа әсәмән уәлә тәқрабу әз-зинә әннәһү кәнә хашиәтән уәсә-ә сәбилә».

53) Жалғанға ант етпеу. «يعلمون و يحلفون على الكذ ب و هم - уә иәхләфунә ғалал-иәзби уә һүм иағләмун».

54) Берген садақасын міндет етпеу [мақтанбау, жарияламау]. «يايهاالذين امنوالاتبطواصدقاتكم بالمن ولا ذى كالّذى ينفق ماله رءالناس ولايوء من بالله واليوم اللآخر صدق الله العظيم - иә әйюһәл-ләзинә әмәну лә тубтұлу садақатикүм бил-мәнни уәл-әзә кәл-ләзи иүнфиқу мәләһү ән-нәси уә лә иүһминү бил-ләһи уәл-иәумил ахири садақаллаһүл-ғазим»


Сауал
Раббым Алла Тағала екеніне дәлел: «فاعلم انه لا اله الله الحمد صدرب العالمين - фә-әғләмә ән-нәһү лә иләһә илла Аллаһүл-хамд мүддә Раббил-ғаламин».

Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалайһис-саламға дәлел: «و كفى بالله شهيدا محمد رسول الله - уә кәфә бил-ләһи мәһидән Мұхаммадин Расул Алла».

Дінім Ислам дінідүр, дәлел: « ان الدين عند الله الاسلام - ин-нәддинә ғинда Аллһил-Ислам».

Кітабым Құран Ғазим, дәлел: «تبارك الذى نزل القرقان الم ذالك الكتاب لا ريب فيه هدى - тәбәракәл-ләзи нәз-зәләл-фурқана», «Әлиф ләм мим зәлик әл-китәбу лә райба фиһи һудә».

Қыблам кағба Шариф, дәлел: «يايها الذين امنوا من يرتد دمنكم عن دينه فسوف ياءتى الله بقوم يحبهم ويحبونه اذلّة على الموءمنن اعزة على الكافرين - иә әйюһәл-ләзинә әмәну мән иәртәд- ди минкүм ған дини фәсауфа иә ти Алла би-қауми. Иухиб-буһүм уә иухиббуна изәл-ләти ғалал-мүһмининә әғиззатин ғалал-кәфирин».

Ғамалда Мәзһәбім Имам Ағзам, дәлел: «ولن هذا صراطى مستقيما فاتبعوه - уәмин-нә һәзә сирати мұстақимән фәт-табақуһү».

Хазіреті Адам ғалайһис-салам зүрриатынданмын. Дәлел: «واذااخذ ربك من بنى ادم من ظهورهم ذريتهم واشهدهم على انفسهم الستا بربهم قالو بلى شهدنا ان تقولوا يوم القيامت اناكنا عن هذا غافلين - уә изә ахаза Раббака мин бәни зүһуриһим. Уә әшһәдиһим ғала ән фүсиһим. Әлсәт би-Раббиһим қалу бәлә шаһиднә ән тақулу иәумәл-қиамати әннә күн-нә ған һәзә ғафилин».

Миллетім – миллет Ислам. Дәлел: «يمنون عليكم ان اسلمواقل لا تمنوا على اسلامكم بل الله يمن عليكم - иәмүн-нүнә ғаләйкә ән әсләму. Құл лә тәмүннү ғаләй-иә Исләмәкүм бәлил-ләһү иәмүн-нү ғаләйкүм. Ән һәдәйкүм лил-иман ән күнтүм садиқин».

Мұхаммедтің үммәтімін. Дәлел: «كنتم خير امة اخرجت للناس تاءمرون بالمعروف و تنهون عن المنكر - күнтүм хайран үммәтин ухрижат линнәси тәмүрунә бил-мағруф. Уә тәнһәунә ғанил-мүнкәри».

Мүмин мұсылмандығым қақ. Дәлел: «ولئك هم الموء رمنون حقالهم درجات عند ربهم ولكن قولواسلمنا الحمد مد دليل صدق الله العظيم - уә уләикәһүмүл-мүминун хаттә ләһүм дәрәжәтун. Ғинда Раббиһим уә ләкин қулу әсләмнә. Әлхамдү мүддә дәлил. Садақа Алла һүл-ғазим».


4 Құран оқығанда немен бастау керек?
Құдай Тәбарак уа Тағала кәләм мәжидінде;

فاذا قرات القران فاستعذ بالله من الشيطان الرجيم»

«фә изә қәрәтә әл құран фәс-тәғиз билләһ мин шайтан ражим»

«Әр қашан құранды оқымақшы болсаң ағузу билләһи мин әш шайтанир ражим» деп айтың. Олай болса Бисмиллаһир рахманир рахим деп айтпағың.

Бисмиллаһ шариф Құдай Тәбарак уа Тағаланың ұлық аты. Құдай атын ауыз жумай айту дұрыста емес. Ағузуны айт деп бұйырғаны ауыз соны айтумен жуылсын дегені. Құдай атын қорқынышпен айт дейді. Олай болса сен Бисмиллаһ шарифні айтар болсаң Ағузу биллаһи мин әш шайтани ражим демейінше айтпа. Өзің айтасың «اعوذ سلب مضرت بسم لله جلب منقعت»



«Ағузу сәлб мәдәррәт бисмиллаһ жәлб мәнқағат».

«Зарары шықпай пайда кірмес» Қара темірге татын кетірмей күміс орнамас. Ағузу айтумен аузыңның татын кетіріп, күміс орнатқың келсе сонан соң орнат.

Құдай Тәбарак уа Тағала бізге ақылды не үшін берген. Әр нәрсені ақылға билет те, ақылға сиса ұста, ақылға симаса ұнамаса таста деп сол үшін берген. Құдай Тәбарак сөзі Құран алты мың алты жүз алпыс алты аят. Бір аят оқумен қирағатның парыздығы түгел болғандықтан, ойла бір аят өзі Құран болуға толық болғандығын. Олай болса Бисмиллаһ шариф Құран екен. Құран екендігіне нанып тоқтасаң неге сен ағузіні айтпай, атын айтасың.



«ا قرات القران فاستعز بالله من الشيطان الرجيم فاذ »

«Фә изә қәрәт әл құран фәстағиз биллаһи мин әш шайтанир ражим» Әмір екендігіне шәк шәбіһің барма.

Құдай Тәбарак уа Тағаланің мың бір аты бар. Бұл мың бір дегені айтуға жеңіл болу үшін Құдай атының көптігінің ұшы қиыры жоқ, санауға сан жетпейді, айтуға ауыз жетпейді, есеп өлшеусіз, мөлшерсіз көп болған аттары сипаты жалғызақ сөз Алла есім. «الله»

«الله اسم ذات مستجمع الجميع الصفات الكامل»

«Аллаһ исму зат мустәжмәғ әл жамиғу сифәт әл кәмилә».

Бұл сөзге қарағанда Құдай аттарының ішінде сөз Алла толық түгел.

Ол сөз Алла қай жерде тұр? «الله»

«باسمك اللهم »

«Би исмукә Аллаһума» делініп Бисмиллаһ шарифте тұр. Мұнда төрт әріп, бір әлиф, екі ләм, бір һә. Егер бірінші әріп әлиф қалса қалған үш әріп Құдайға толық ат болуға жарап тұр. « لله »

«ولله جنود السموات والارض » «Уә лилләһи жунудус сәмәуәти уәл ард»

Мұнан бір ләм қалса, қалған екі әріп Құдайға толық ат болуға жарап тұр. « له »

«Ләһу мәқалид сәмәуәти уәл-әрд». « له مقاليد السموات والارض»

Бұл ләм және қалып жалғыз һә-әрібі қалса онда да Құдайға толық ат болуға жарап тұр.

Ол қай жерде тұр?

Ыхылас сүресіндегі һууә дағы һә. « ه »



«أعوذ بالله من الشّيطان الرجيم بسم الله الرّحمن الرحيم قل هو الله احد»

«Ағузу билләһи мин әш-шайтанир ражим Бисмилләһи рахмани рахим. Қул һууә Аллаһу ахад».

Һууә да тұрған һә әрібі, солай болғаны үшін ыхылас сүресі атанып өзі кішкене болса да қасиеті шарапаты басқа сүрелерден асып тұрғандығы сол. Құдай Тәбарак уа Тағаланың ұлық есімін айтар болсаң аузыңды жумай айтпа деп шартын айттым, болмаса Бисмиллаһ шарифдің қасиетін шарапатын түгелдеуге, жазып тамамдап түгелдей алмайды.

Бала ұстаз алдына барып Бисмиллаһ шарифін үйренген уақытта, бұл баланың аузына бал болып жабысқанның аузыда бал, сөзіде бал, аузынан шыққанның бәрі балдай тәтті болып тұрады. Аду болып жабысқанның аузы да аду, сөзі де аду, аузынан шыққанның бәрі адудай жексұрын көрініп тұрады.

Мұның бірі мақбул «مقبول» «қабыл болу» бірі мардуд «مردود» «қайтару»

Иә Аллаһ қайтарылушылардан қылма қабыл қылушылардан қылакөр.

«نعوذ باالله من شرور انفسنا و من سيات اعمالنا باالله »

«Нәгузу биллаһи мин шуруур әнфусинә уә мин сәиәти әгмәлинә билләһ» Иә Аллаһ біздің жанымызды жамандықтан және жаман істермен амалдардан сақта.




4.1 Не үшін Иллә Аллаһ жеті әріптен тұрады?الا الله

1 Хаят таухидпен болады. حياتى توحيد

2 Ғылым шуһудпен болады. علمى شهود

3 Құдреті радамен болады. قدرتى رضا

4 Натқы хикметпен болады. نطقى حكمت

5 Назары басиратпен болады. نظرى بصيرت

6 Шуһуды хақиқатпен болады. شهودى حقيقت

7 Самиғ кәсифпен болады. سمعى كثيف

«لا إله إلا الله» «Лә иләһә иллә аллаһ»-да он екі әріп. Кімде кім бұл қорғанға шын ықыласымен қорғанып кірсе, Құдайдың қорғанында болған жанға ешқандай қауіп қорқыныш жоқ.

«لا خوف عليهم ولاهم يحزنون » «Лә хауфун ғаләиһим уа лә һум яхзинун». Жылда он екі ай, «محمّد رسول الله» Мұхаммед-та он екі әріп бар.

«لا إله إلا الله محمّد رسول الله» Лә иләһә иллә Аллаһ Мұхаммадун расул Аллаһта жиырма төрт әріп бар. Жиырма төрт саған күндіз-түнге дәлме дәл. Бұл қорғанға кірген он екі жыл, он екі ай, жиырма төрт сағат бәрін жаратушы өзі билеп төстеп отырады.

«Лә иләһә иллә аллаһ» бұл зікірдіњ сұлтаны.

Лә иләһә иллә Алланың мағынасы

Барша нәрсені жаратқан және барша нәрсеге тіршілікке рыздық берген бір хақ Алла Тағала өзі. Мұхаммед ғалейһи сәләм Алла Тағаланың елшісі, хабаршысы адамдарды жамандықтан, күпірліктен тиып, ислам дініне және шариғат хүкіміне үйретпек үшін жіберілген ақырғы пайғамбар.



«اشهد ان لا اله الا الله واشهد ان محمد عبدوه رسوله»

«Әшһәду әллә иләһә иллә Аллаһ уә әшһәду әннә Мухаммад габдуһу уә расулуһу».

Бір Алланың барлығына сендім затына және сипатына еш шірік жоқ. Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһи сәләмнің Құдай Тағаланың елшісі екеніне сендім. Құдай Тағаланың періштелеріне, пайғамбарына, кітаптарына сендім. Барша жақсылық және жамандық нәрселерінің болуына, тағдырға ажал келіп өлмекке қабірде сұрақ сұрамаққа, бұл дүние бітіп исраил сүр үрлемекке барша жан иесі өлмекке, ахирет күніне сендім. Барша өлгендер сүйегі шіріп топырақ болған тән жандар тірілмекке бұ дүние фәни, ахирет бақи дегенге сендім.

Амал дәптері беріліп, амалдан есеп болмаққа, амалды мизан таразыға салып даушылар хақым алмаққа, шапағатшыларының шапағаты, кәусәр шарабы, жаһаннам үстінен құрылған сират кµпіріне, ұжмақтың барлығына кәпірлердің тамуғде мәњгі қалмаққа мұсылмандардың ұжмақта мәњгі қалмаққа, ғаршы күрен лауху қалам баршасына хақ деп және раста деп біліп иландым сендім.

Шын көңіліммен айтамын құдайым бір Алла, пайғамбарым Мұхаммед расул Аллаһ, дінім ислам діні, кітабым құран, қыблам Кағба, барша мумин мұсылмандар бауырларымыз. Мазһәбім әһли сунна уал жамағат мазһәбі. Амалда мазһәбім Имам ағзам әбу Ханифа мазхәбі. Муғжизалар, Әулиелер, барша пайғамбарлар хақ.

4.2 Алла тағаланың 99 көркем есімі (әсмәүл–хусна)

Әсмәүл-хусна деген не?

Әсмә араб тiлiнде есiм сөзiнiң көпше түрде, есiмдер мағынасына келедi. Хусна болса, ол да араб тiлiнде ең көркем деген мағынаға келедi. Бұған қарай Әсмәүл-Хусна الحُسْنىَ اسْماءُ сөйлем мағынасы бойынша Ең көркем есiмдер деген мағынада.

Ең көркем есiмдер Аллаға тән. Өйткенi Ол – барлық сөздiң иесi. Әсмәүл-Хуснадағы бүкiл есiмдер Алла Тағалаға тән, қасиеттi сөздер.

Алланың көркем есімдерінің (әсмәүл-хусна) 2-ші кестесі


Арабша

айтылуы




Оқылуы


Мағынасы

11

1

2

3

4

11

الله

Аллаһ

Алла (Аллаға тән, ең жоғары есiм. Исми-Хас деп аталады).

12

الَرَّحْمَنُ

Әр-Рахман

Жаратылғандарды өте кешiрушi.

13

ألرَّحِيمُ

Әр-Рахим

Мүминдердi жарылқаушы.

14

ألمَلِكُ

Әл-Мәлик

Барлық әлемнiң иесi.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет