МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті



бет11/15
Дата11.01.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7178
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

5 Оқиғалар


Күтүбү Ситтеде Бұхари мен Мүслим бір пікірде риуаят етеді: «Хазірет Пайғамбар хазірет Зейнеб пен некелескен күні, хазірет Әнестің анасы Үмму Сүләйм бір-екі уыс құрманы майға қуырып, кішкентай астауға салып, хазірет Әнеске ұстатып Пайғамбар ғалаиһис-саламға жіберді. Содан Пайғамбар ғалаиһис-салам Әнеске: «Бәленше – бәленшені шақыр. Һәм кімге кездессең бәрін шақыр!» деді. Әнесте кіммен қарсыласса бәріне айтты. Үшжүздей сахаба келіп Суффаны толтырды. Хазірет Пайғамбар: «Он – оннан бірігіп келіңіздер» деді де, мүбарак қолын аз тағамның үстіне қойып, дұға етті де, «алыңыздар! (бұйырыңыз)» деді. Үшжүз адамның бәрі жеп, тойып шықты. Әкеске айтты: «Табақты ал!». Табақты алған Әнес, кейін былай деді: «Білмей қалдым. Табақты қойғанымда тамақ көппе еді!? Әлде алған уақытта көп болды ма? Айыра алмадым».

Омар ибнул-Хаттаб, Әбу Хурайра, Сәлама ибнул-Әкуа, Әбу Әмрат әл-Ансари сияқты адамдар риуаят етеді: «Бір Соғыста әскерлердің тамағы бітіп, ашыға бастады. Бірлеулер Пайғамбар ғалаиһис-саламға хабар берді. Сонда хазірет Пайғмабар: «Қоржындарыңызда (қанжығаға байлайтын добра) қалған тағамды жинаңыздар» деді. Әркім аз-аз құрма әкелді. Ең көп әкелгені төрт уыс қана болды. Бәрін бір қоржынға салды.

Сәламаның сөзінде: «Менің болжауымша жиналған тағамның бәрі бір дорба ғана болды».

Пайғамбар ғалаис-салам берекет пен дұға қалып: «Әркім ыдысын әкелсін!» деді. Жүгіре басып бәрі жиналды. Әскелердің еш бірінің ыдысы бос қалмады. Тіпті, артығымен асып қалды.

Сахбалардың, риуаятшыларының біреуі бұйырады: «Сол берекеттің арта түскенін түсіндім. Егер жер бетіндегінің бәрі келсе де жетер еді».

Шифа-и Шариф және Күтүбү Сахиха да баяндалған хадис. Хазірет Жабирул-Әнсари бұйырады: «Бір адам тамақтану үшін, хазірет Пайғамбардан тағам сұрады. Пайғамбар ғалаиһис-салам жарты астау арпа берді. Ол адам көп уақыт сол арпаны қонақтарына да беріп, өздері де жейді. Қараса еш бітпейді. «Бұл неге бітпейді» деп қалғанын өлшеп көреді. Содан берекеті кетіп, азайа бастайды. Ол адам Расул-Аллаға келіп, оқиғаны баяндап береді. Оған жауап ретінде Расул-Алла: «Егер таразыға тартып өлшемесеңіз, сіздің өмірңізге жетер еді» деді.

Шифа-и Шарифта және Ибн Әби Шайба, Табаранидердің риуаятында, хазірет Әбу Хурайра былай деген: «Расул-Алла маған: «Масжиді Шарифтің Суффасында орналасқан жүзден астам кедей Муһажирлерді шақыр» деді.

Мен оларды іздеп, тауып әкелдім. Барлығымызға бір таба (кішігірім астау) ас тартылды. Біз тойғанымызша жеп, орнымыздан тұрдық. Сол таба қойылғанда қалай еді? Сол қалпында қалды. Аста, тек саусақ ізі ғана көрінді».

Бұл оқиғаны Әбу Хұрайра барлық Суффа Әһлінің атынан және солардың куәлігімен хабар берген. Демек, Сахабалардың бәрі бір ауыздан риуаят еткендей қуатты. Ол риуаят хақ, тура болмаса, ондай әділ, кәміл адамдар бір сөзбен куәлік етүі мүмкін емес еді.

Сахихаинда риуаят етілген оқиға. Хазірет Али мен Фатиматү әз-заһра үйленген күні Расул-Алла Билал Хабашиге: «Төрт-бес уыс ұннан нан пісіріңдер және бір түйенің ботасын сойыңдар» деп әмір берді. Хазірет Билал оқиғаны былай баяндайды: «Мен асты әкелгенде, мүбарак қолын үстіне қойды (дұға етті). Содан топ-топ болып сахабалар келіп тамақтанды. Тамақтың қалғанына тағыда берекеттпен» дұға қылып, барлық әйелдеріне бір-бір аяқ бергізді. Және: «Һәм жесін, һәм қастарына келгендерге берсін» деп бұйырды.

Бұхари мен Мүслим Күтүбү Сахихада риуаят етеді. «Хазірет Жабирдің әкесі қайтыс болды. Көп қарызы бар адам еді. Қарыз бергендердің бәрі Иаһүдилер. Жабир әкесінің бар малын беріп еді, олар қабылдамады. Бақшасындағы жеміс-жидекті неше жыл жиып берсе де қарызын өтей алмас еді. Жағдайды білген Расул-Алла: «Бақтың жемісін қырманға жинап әкеліңдер!» деді. Олар жинап әкелді. Расул-Алла қырманға кіріп, ішін аралап жүріп дұға жасады. Содан Жабир қырманнан әкесінің борышын қайтарып бергеннен кейін, тағы бір жылда бақшадан түсетін өнімнің мөлшеріндей жеміс қалды. Бұл оқиғаға қарыз иелері, Иаһудилер таң қалды».

Бұл оқиғаны тек хазірет Жабир ғана емес. Мағнауи дәрежесінде куәгер болған көптеген рауилер риуаят еткен.

Бұхари Күтүбү Сахихада риуаят етеді: «Хазірет Әбу Хұрайра ашығып, Расул-Алланың артынан жүріп, үйіне еріп келеді. Қараса, біреу бір аяқ сүт әкелген екен. Расул-Алла: «Әһли Суффаны (Сахабаларды) шақыр» деді.

«Бұл сүттің бәрін мен-ақ ішіп қоям ғой, мен де аш емеспім бе?!» деп ойладым. Бірақ, Елшінің әмірі болған соң, олардың бәрін жиып ертіп келдім. Олардың жүзінде аштық көрініп тұрды. Маған «Оларға сүтті ішкіз!» деді. Мен аяқтағы сүтті бірінен-кейін біріне үлестірдім. Әрбіреуі тойғанынша ішіп, екіншісіне береді. Осылай Суффа Асхабы (Сахабалар) бәрі ішіп болған соң. «Енді сен іш, қалғанын мен ішейін» деді. Мен ішкен сайып: «іш! іш!» деді. Мен оған: «Сені хақпен бірге жіберген Зул-Жалалға (Аллаға) ант етейін, ішетін жерім қалмады» дедім. Менен кейін өзі алды, «Бисмилла» деп шүкір етіп қалғанын ішті.



Су жайындағы мұғжизалар
Егер бір жамағат ортасында болған оқиғаны баяндаған сәтте, сол топтан ешкім «өтірік! олай болған жоқ!» деп айтпаса, оқиғаның болғаны ақиқат екенін дйлелдейді. Себебі адамның жаратылысында «өтірікке, өтірік» деп айтуға пейілді болады. Ол бізде ғана бар нәрсе, әлсіздің қаққысын әлді жеп жатқанын, жоғарыдағылардың не істеп отырғанын көріп отырып көз жұму.

Бұл оқиғаларды риуаят етушілер өтірік, жансақ пікірде бірлесуі мүмкін емес адамдар. Мұғжизаларға қатысты оқиғаларды үш түрлі жамағат риуаят еткен. Ең баста Бұқари, Мүслим, Имам Малик, Имам Шұғайб, Имам Қатадә сияқты «Сахи әһлінің» жамағаты, бұлармен бірге сахабалардан хазірет Әнес, хазірет Жабир, хазірет Ибн Масғұдтар көргендерін баяндаған.


Оқиғалар
Бұхари, Мүслим Күтүбү Сахихада риуаят етеді. Хазірет Жабир ибн Абдулла әл-Ансари баяндайды: «Біз мың бесжүз кісі Ғауза-и Худайбиада сусыз, қатты шөлдедік. Расул-Алла теріден істелінген торсықтағы сумен дәрет алды. Қолын торсыққа салды. Қарасам саусақтарының арасынан су ағып жатыр... Мың бес жүз кісі ішіп өз торсықтарын толтырып алды!» Салим ибни Әбил-Жағб Жабирден «Қанша кісі едіңіз» деп сұрапты. Жабир «Жүз мың кісі болсақ та жетер еді. Бірақ, біз он бес жүз (мың бес жүз) едік» деді.

Бұл оқиғадағы мұғжизаның Рауилері рухани түрде мың бес жүз адам. «Өтірікті, өтірік» деп айту. Адамзаттың жаратылысында болған қасиет. Ал, Сахабалар болса, туралық пен әділдік үшін, мал-жанын, ата-анасын, туған елін, қоғамын пида еткен жандар. Сол әділдік үшін Меккені тастап Мединеге хижрат еткен. Сонымен қатар Пайғамбар ғалаиһис-саламның: «Мен айтпаған нәрсені біле тұра: «Мен айтты» деп хабар берген адам, Жаһаннам отынан өзіне орын дайындасын» деген бұйрығын көріп отырып, өтірік нәрсені қабылдаулары мүмкін емес.

Имам Малик «Муаттада» риуаят етеді. Мұғаз ибн Жәбал былай бұйырады: «Тәбүк соғысында бір бастаудың үстінен түстік. Аққан су жіңішке жіптің жуандығындай ғана екен. Расул-Алла: «Бар суды сарқып әкеліңдер» деп бұйырды. Хазірет Пайғамбар жиналған аз сумен беті, қолын жуды. Қалғаны бастауың көзіне төкті. Сол-ақ екен бастаудың көзі ашылып, аға жөнелді. Әскерлердің бәріне жетті».

Ибн Исхахтың риуаятында: «Топрақтың астында сол бастаудың дауысы аспан күркірегендей, гүрілдеп ағып жатты» делінген.

Расул-Алла хазірет Мұғазға бұрылып: «Осы мұғжизалы мүбарак су тоқтамай ағады, бұл жерлерді бау-бақшаға айналдырады. Өмірің жетсе көресің» деді. Айтқанындай сол жер бақшаға айналды.

Бұхари, Мүслим Күтүбү Сахихада хазірет Имран Ибн-і Хұсайннан риуаят етеді. Имран былай дейді: «Бір сапарда хазірет Расул-Алламен бірге сусыз далада сусадық. Содан Али екемізге бұйырды: «Бәлен жерде бір әйел екі, торсық суды, хайуанға тиеп кетіп барады. Соны осында әкеліңіз». Али екеуміз айтқан жерге барып, су тиеген әйелді тауып әкелдік. Бізге: «Бір торсықтан аздап су әкеліңдер» деп бұйырды. Біз әкелдік. Ол берекетпен дұға жасады: Суды қайтадын торсыққа құйдық. Бізге бұйырды: «Әркім келіп өз-өз торсығын толтырып алсын» деді. Сапарда бірге болған барлық жамағат торсықтарын толтырып, ішті.

Содан кейін: «Мына әйелге бірдемелер жинап беріңдер» деді. Әйелдің етегін толтырып бердік. Имран айтады: «Мен байқадым. Жүрген сайын екі торсықтағы су арта түсуде».

Расул-Алла ол әйелге: «Сенің суыңнан алмадық. Бізге Алла тағала қазынасынан су ішкізді» деді.

Төрт үлкен Имам бағынып, одан хадис риуаят еткен Абдулла ибн Амр ибнул-Астың баласы Амр ибн Шұғайб былай дейді: «Пайғамбарлық келуден бұрын Расул-Алла немере ағасы Әбу Талибпен бірге түйемен Арафа тауының жанына келген кезде Әбу Талиб: «Мен сусадым, шөлдедім» дейді. Расул-Алла түйеден түсіп жерді теуіп қалғанда су шығады. Әбу Талиб ішіп сусынын қандырады».

Мұқаккик ғалымдар: Осы жерде мың жылдан кейін Арафат бастауы шыққанын дәлелдеген.


5.1 Расул-Алланың мұғжизаларынан ағаштар

әмірін тыңдап, қасына келуі

Ағаштар Расул-Алланың Әмірін тыңдап, қасына келуі үлкен мұғжизалардың бірі. Мұндай мұғжизаларға иман етпегендердің сенуі қиын және оларға ауыр келеді.

Мұсылманның сенуіне жеңіл болатын себебі: Олар көрмеген нәрселерге сеніп, иман еткен жандар. Көнірек көзі ояу, ішкі дүниесі рухани азықпен толы.

Бұл мұғжизалы оқиғаларды риуаят еткен сахабалар: хазірет Али, хазірет ибн Аббас, хазірет ибн Масғуд, хазірет ибн Омар, хазірет Иағла ибн Мурра, хазірет Жабир, хазірет Әнес ибн Малик, хазірет Бурайда, хазірет Усама бин Зәйд, хазірет Ғайлан ибн Сәлама. Әрбір оқиғаны осылардың бәрі, жеке-жеке риауят етеді.


Оқиғалар
Қады (қазы) Ғиаз Шифа-и Шәрифте: «Хазірет Абдулла ибн Омардан риуаят етеді. Бір сапарда Расул-Алланың қасына бір Бәдәуи келді. Пайғамбар (ғ.с.) оған: «Қайда кетіп барасың?» деді. Бәуәуи: «Еліме» деп жауап қатты. Расул-Алла: «Одан да хайырлысын қалмайсың ба?» деді. Бәдәуи: «ол не?». Расул-Алла: «Алладан басқа Құдай жоқ және оның серігі жоқ екеніне, Мұхаммед әрі оның құлы, әрі елшісі екеніне шаһадат ету». Бәдәуи: «Бұл шаһадатқа қандай куәгерің бар?» деді. Сонда Расул-Алла: «Ана жағалаудағы ағаш куәгер болсын».

Оқиғаны ибн Омар жалғастырады: «Ағаш ырғала-ырғала орнынан шығып, Расул-Алланың қасына келді, куәлік етті. Содан ағашқа әмір етті. Ол өз орнына барып орналасты.

Сахих Мүслим, Күтүбү Сахиха риуаят етеді. Жабир баяндайды. «Біз бір сапарда Алланың Расулымен бірге едік. Дәретке отыруға дайындалды. Бірақ, таса жер табылмады. Содан анадайда тұрған бір ағаштың жанына барып, бұтағынан тартты. Ағаш оған бағынып, онымен бірге жүрді. Түйенің бұйдасынан жетектегендей жетектеп, екінші ағаштың жанына апарды. Сосын оларға: «Мені далдалаңдар» деп еді. Екеуі бірігіп оны көлеңкеледі. Дәреттен тұрғаннан соң оларға әмір етті. Ол екеуі өз орындарына барды.

Бұл оқиғаны хазірет Жабир былай риуаят етеді. Маған: «Расул-Алланың мұқтажды үшін бірігіңдер» деп айт деді. Мен солай айттым. Олар бірікті. Содан мен күтіп тұрғанда Расул-Алла шыға келді де, басымен оңға-солға нұсқады. Ол ағаштар өз орындарына барды.

Расул-Алланың батыл қолбасшысы және қызметшісі Усама бин Зәйдтің риуаяты: «Бір сапарда Алланың елшісі мен бірге едік. Дәретке отыратын таса жер таба алмады. Маған бұйырды: «Мына ағаш пен тастарды көрдің бе?». Иә көрдім. «Онда ағаштарға айт. Расул-Алланың мұқтаждығы үшін бірігіңдер де. Тастарға: тау сияқты жиналыңдар де» мен солай айттым. Ант етемін, ағаштар бірікті, тастар там сияқты жиналды. Расул-Алла мұқтаждығынан кейін оларға: «Тараңдар» деді. Зат-ы Зүлжалалдың (Алланың) атымен ант етемін. Ағаштар мен тастар өз-өз орындарына барды».

Хазірет Жабир мен Усама бин Зәидтің риуаят еткен оқиғаларын Иағлә ибн Мурра, Ғайлан ибн Саламати Сақафи, хазірет ибн Масғудтар Хунайын соғысында да көргендерін айтады.

Осы оқиғаларға разы болған Кіші Азияның бір ғалымы былай деген: «Расул-Алланы ағаштардың өзі танып, пайғамбарлығына куәлік етіп, оған сәлем бере зиярат етіп, әмірін тыңдап мойынсұнғанда. Өздерін «адамбыз» деп жүргендер Оны танымаса, иман етпесе, қураған ағаштан да құнсыз, отыннан да әһәммиатсыз (пайдасыз) болып, тозаққа ғана лайық болмайма?»

Жамид, жансыз заттың Расул-Алланы тануы
Хазірет Пайғамбардың бұл мұғжизасы – «Ханинул-Жизғи» деп аталады.

Оқиғаны Бұхари мен Мүслим – Әнес ибн Малик, Жабир бин Абдулла әл-Ансари, Абдулла ибн Омар, Абдулла бин Аббас, Сәһл бин Сағд, Әбу Сайдал Хұдри, Үбәй ибнул-Қағб, Бурайда, Үммү Сәлама сынды сахабаларда риуаят еткен.

Жабирдің риуаятында: «Расул-Алла Мәсжидул-Шарифте хұтба оқығанда «Жизғун-Нахыл» деген діңгекке сүйеніп тұратынды. Кейін мінбер жасалғанда хұтбаны мінберге шығып оқи бастады. Кенеттен, діңгек буаз түйедей дауыс шығарып боздады».

Хазірет Әнестің риуаятында: «Су сиыр сияқты өкірді, мешіт дірілдеді». Сәһл ибн Сағдтың риуатяы: «Тіпті оының даусынан болып, адамдардың арсынан да жылаған дауыс естіле бастады».

Хазірет Үбей ибнул-Кағбтың риуаяты: «Қатты дауыс шыққаннан болып ортасы жарылып кетті». Бұл оқиғадан кейін хазірет Пағамбар бұйырады: «Оның дауыс шығаруы Зикр-і Иләһидің (Алланың аятының) құдіретінен болды. Егер мен оны құшақтап жұбатпасам, ол ақырзаманға дейін дауыстап жылайтын еді».

Хазірет Бүрайданың риуаятында: «Жізғ жылаған соң Расул-Алла үстіне қолын қойып жұбаныш айтты. Сосын жізғ ағаш Пайғамбар ғалаиһиссаламға: «Жәннатқа апарып мені екші! Менің жемістерімнен Жанабы Алланың сүйікті құлдары жесін. Ол бір мәңгілік мекен: шіру, қурау деген жоқ». Оған Алланың елшісі: «Жасаймын тілегіңде орындаймын» деп жауап берді».


Жанысыздардан тау мен тастың Мұхаммед Мұстафаны тануы
Күтүбү Сахихада Әнес және Әбу Зәрраның риуаяты. Хазірет

Әнес бұйырады: «Расул-Алланың жанында болатынбыз. Ұсақ тастардан жиып алып, алақанына салып еді тасбих ете бастады. Сосын Әбу Бәкірдің қолына салып еді тағы тасбих етті».

Әбу Зәрра Ғифаридың риуаяты: «Сосын хазірет Омардың алақаныа салды, тағы да тасбих етті. Оның қолынан алып жерге қойып еді, дыбыс шықпай қалды. Сосын қайтадан жерден алып хазірет Османның қолына берді, тағы тасбихха бастады”.

Хазірет Әеәс, Әбу Зәрра екеуі де бұйырады: «Біздің қолымызға беріп еді дыбыс шықпай үнсіз қалды».

Сахихаинда хазірет Аббас риуая етеді: «Расул-Алла мені төрт ұлыммен (Абдулла, Убайдулла, Фазл, Қусаи) бірге «Мулаәт» деп аталатын пердемен жауып «Иә Аллам мынау менің ағам, әкемнің інісі. Ал, аналар оның балалары. Оларды оттан (тозақтан) сақта» деп дұға етті. Бірден үйдің тамы, есігі «әмин, әмин» деп дұғаға қатысты».

Сахихайнда хазірет ибн Аббас, ибн Мәсғұд риуаят етеді. Екеуі де бұйырады: «Қағбаның айналасында қорғасынмен қапталған, тастан жасалған үш жүз алпыс пұт бар еді. Мекке фатх болған күні Расул Алла қолына ораққа ұқсайтын иілген тайақпен пұттарды бірбірден көрсетіп, нұсқап: «Жә-ә әл-Хаққа уә зәһәқа әл-батил. Ин-нә әл-бәтил кәнә зәһүқан – Хақ, тура жол келді батылдың уақыты бітті. Әлбетте адасқандардың уақытты бітті, жойылды» деп айтып еді. Нұсқап көрсеткендердің бәрі құлады. Пұттың бет жағынан нұсқаса шалқасынан, арт жағынан нұсқаса алдына қарай құлайды. Осылайша пұттардың бәрі құлап, быт-шыт болды».Осы оқиғаға ұқсас Пайғамбардың басқа бір мұғжизасы бар. Оны Қарымсақов Ақыт Үлімжіұлы “Ғахлияда” баяндайды.


Оқиғаның қысқаша мазмұны
Ата-анасынан жастайынан айрылған Мұхаммадул-Әмин Абуталибтің қолында өседі. Мұхаммед есейіп – ер жете бергенде Абуталиб әйелі: Ғатікемен ақылдасып, сол елдің байы Хадишамен таныстырып керуендерімен бірге Шамға жібермек болады. Хадиша тауратта жазылған сипатына қарап Мұхаммедті тани кетеді. Мұны Ақыт былай сүреттеген:

«Ғатіке Мұхеммедті алып барды

Құдайға намыстанып налып барды.

Хадиша «Тауратты» қолына алып.

Жазылған сипаттына көзін салды.

Құрметтеп шығарды оны төрге таман

Өзі отырды есік жақ жерге таман.

«Таураттағы» сипатына көзін салып

Байқаса дәл келгендей бәрі тәмәм.

Айтылған сипаттары бәрі дұрыс

Болмайды кітап сөзі қылдай бұрыс.

Хадиша амалсыздан сабыр етті

Кез болған ғашық оты бұл да бір іс.

Содан Хадиша саудадағы басшысы әрі хатшысы Майсараны шақырып алып Мұхаммедті таныстырып, тапсырды.

Бұл Ғахилияда былай баяндалады:

«Сыйлаңдар Мұхеммедті жақсы күтіп,

Тағызыммен икраммен қадір тұтып.

Бұл жолы Мұхаммедке өзің құл бол,

Жүрмесін көңілі ренжіп қабақ шытып.
Алып кел жүрерінде осы жерге

Сырыңды еш адамға айта көрме!

Жаман киім кигізіп жаяу жүргіз,

Көрінсін жаман болып мынау елге.


Шыққан соң өңі түзу түйе мінгіз

Үстіне патшалықтың тонын кигіз.

Құл болып өзің оған қызмет ет,

Жол бойы бұл баланы алда жүргіз.

Керуен ұзақ сапар шегіп Шамға жетеді. Майсара әкелген жүгінен еке есе пайда көріп, бұлдап сатады. Болған оқиғаны Ақыттан тыңдайық:

«Майсара өз саудасын бұлдап сатты,

Пайданы айналдырып екі жақты.

Керуендер қайтар мезгіл жақын қалып,

Қыдыртып Шам көшесін аралатты.
Майсара Мұхаммедпен бірге барды,

Мұхаммед шіркеулерге кезін салды.

Назары хақ Расулдың түскенінен соң,

Бұт-бұрхадар жығылып құлап қалды.


Әбубәкір, Майсара тұра қашты,

Жаласын арта ма деп қатты састы.

Жиылған жұрт бұл іске қайран қалып,

Поптары жиылысын кітап ашты».


Мәшһүр Уахира Рахыбтың оқиғасы. Мұхаммадүл- Әмин ағасы Әбу Талиб және бір топ Құрайшилармен бірге Шамға саудаға барды. Керуен Уахира-Рахибтың жанына келіп тоқтайды. Ешкіммен араласпайтын, күнделікті құлшылық қылу мен ғана отыратын Уахира Раһыб шыға келеді. Кереуеннің ішінен Мұхаммадул-Әминді көреді. Керуенге жақындап келіп айтады: «(Мұхаммедті нұсқап) мынау әлемнің Сұлтаны және Пайғамбар болады». Сонда Құрайшилар сұрайды: «Қайдан білесің ?» Мүбарак Рахыб жауап ретінде: «Сіздер келе жатқанда үстіңізде бір бұлт еріп келді. Сіз тоқтаған кезде, Мұхаммадул-Әминнің үстіне көлеңке түсіріп, бұлтта тоқтады. Мұнымен бірге ағаштар мен тастар оған сәжде жасағандай құбылыста болды. Бұлай пайғамбарларға ғана жасалады».

Бұл оқиғаны Ақыт Үлімжіұлы Ғахляда баяндайды:

«Мағрифа айтты жолдасы Афираға:

- Керуендер неше көшіп мұнда келді,


Мағрифа керуендерге кезін салды,

Көрді де ақ бұлтты, қайран қалды.

- Ақырзаман пайғамбары мұнда екен – деп,

Алдына керуендердің жетіп барды.


Афира бұрын біліп жүрген еді,

Түс жорып Хадишаға берген еді.

Белгісі пайғамбардың ақ бұлт деп,

«Інжіл», «Таурат», «Зәбүрден» көрген еді.


Афира: - Ей Мұхаммед балам деді,

Бар еді бір тілегім саған деді.

Киіміңді түсіріп арқанды ашып,

Көрсетші жауырыныңды маған деді.

Қабыл ғып нұр Мұхаммед жонын ашты,

Афира қуанғаннан төкті жасты.

Жауырынындағы НҮБҮУУАТ мөрін көріп,

Сол мөрге көзін сүртіп жүзін басты».


Пісірілген ешкінің еті Пайғамбарды тануы

Бұхари, Мүслим Күтүбү Сахихайнда риуаят етеді. Хайбар соғысында бір Иаһуди әйел бүтін ешкінің етін істікке шаншып, кәуап қып пісіріп, қатты әсер ететін умен улап, Расул-Аллаға беріп жібереді. Алдарына келген еттен Сахабалар жей бастайды. Сол сәтте Алланың елшісі бұйырады: «Пісірілген ешкі маған: «мен уланғанмын» деп хабар берді» деді. Бәрі қолын ала қояды. Бірақ зиянды удың әсерінен, бір түйір еттен болып Бәшр Ибнул-Бәрәғ деген сахаба қайтыс болады. Расул-Алла сол Зейнеб деген әйелді шақырып ап: «Неге бұлай жасадың?» деп сұрайды. Иаһуди әйел: «Егер пайғамбар болсаң саған зияны тимейді. Ал, жай патша болсаң адамдарды сенен құтқарайын дегем».Басқа бір риуаятта: «пісірілген ешкінің сөйлегенін Сахабалар да естіді» делінген.

Үшінші риуаята: «Расул-Алла хабарды жеткізген соң. «Бисмилла» деңіздер, сосын жеңіздер. Себебі удың зияны тимейді» деп бұйырады.
5.2 Науқастар, жараланғандар Пайғамбардың демінен

жазылуы және сәбилердің тануы

Қады Ғыйаз Шифа-и Шарифта риуаят етеді. Хазірет Омар халифа болған кезде орда басы және «Ғашара-и мұбашшараның» біреуі Сағд ибн Уәққас оқиғаны баяндайды: «Мен ұхұд соғысында Расул-Алланың жанында едім. Сол күні Ол садағы сынғанға дейін кәпірлерге оқ атты. Сосын маған оқтарын беріп, ат деді. Тіпті, қыраусыны (қанаты) жоқ оқтарды беріп «ат» деді. Мен аттым. Қанатты оқ сияқты ұшып, кәпірлерге дәл тиеді. Сол сәтте Қатада бин Нұғманның көзіне оқ тиіп, көзі шұңқырынан шығып, алдына түсті. Хазірет Расул шипалы қолымен оның көзін алып, орнына салды. Ештеме болмағандай екі көзі бірдей болып шипа болды».



Пайғамбардың мұғжизасына себеп болып, пайғамбарлығын дәлелдеген алты сәби

Біріншісі: Ибн Әби Шайба риуаят етеді. Бір әйел бір баланы Расул-Алланың жанына адып келді. Ол балада бір бәле бар еді. Еш сөйлемей үнсіз отыраты-ды. Расул су алғызып, сонымен аузын шайды, қолын жуды. Сосын әйелге берді «балаға ішкіз» деді. Бала сол суды ішкеннен кейін аурудан, пәледен ада болды. Халық арасында өте ақылды бала болды.

Екіншісі: Хазірет ибн Аббас баяндайды: Расул-Аллаға бір жынды (мәжнун) баланы әкелді. Расул мүбарак қолын оның кеудесіне қойды. Бала бірден есін жиды (ес кірді). Ішінен бір қара нәрсе шықты.

Үшіншісі: Имам Бәихаки және Нәса-и риуаят етеді. Мұхаммад ибн Хатиб деген баланың қолына қайнап тұрған қазан төгіліп күйдіріп кетіпті. Расул-Алла масих жасап (қолын сипап), түкірігін жағады. Бірден шипа болады.

Төртіншісі: Тілі жоқ, сақау, ересек бір бала Расул-Алланың қасына келеді. Расул балаға: «Мен кіммін?» - деп сұрайды. Өмірінде еш бір сөйлемеген, тілсіз бала: «Әнта Расул Алла - сен Алланың елшісің» - деп сөйлеп кетеді.

Бесіншісі: Жәләлад-дин Сұиути жаңа туған Иамама деген баланы Расул-Аллаға алып келеді. Пайғамбар балаға қарап отырады. Сәби: «Әшһәдү ән-нәкә, Расул Алла» - деп үн қатады. Расул-Алла: «Бәрака Алла!» - дейді. Содан кейін, сол бала есейгенге дейін еш сөйлемеді, бала содан бастап «Мүбаракүл-Иамаме» - деп танылады.

Алтыншысы: Баланың ақылындай ақылы жоқ, ұятсыз бір әйел хазірет Пайғамбар тамақ жеп отырғанда қасына келіп бір түйір тамақ сұрайды. Пайғамбар алдындағы астан береді. Әйел алмайды «Сенің аузыңдағыны жегім келеді» дейді. Аузындағыны да береді. Сондай ұятсыз әйел Пайғамбардың аузындағы бір түйір тамақты жегеннен бастап, Медине әйелдерінің ең үлгілісі болады.

5.3 Мұхаммед Мұстафа ғалайһис-саламның



мұғжиза болып қалған дұғалары

Бірінші мысал: Тез қабыл болатын жаңбыр дұғасы.

1) Имам Бұхари, Имам Мүслим т.б. риуаят етеді. Бір рет шарапатты мінберінде жаңбыр дұғасы үшін қол жаяды. Содан бет сипап қолын түсірмей-ақ жаңбыр жауып кетеді.

2) Бірнеше рет әскерлері далада сусыз қалады. Дұға жасайды. Бұлт түйіліп қатты нөсер жауады.

3) Пайғамбарлықтан бұрын Мұхаммадул - Әминнің атасы Абдулмұтталиб: «Мұхаммедтің құрметі үшін» - деп Алладан жаңбыр тілейді. Тілегі қабыл болады. Бұл оқиғаны Абдулмұтталиб өзінің өлең дерінде баяндаған.

4) Пайғамбар дүниеден өткеннен кейін хазірет Омар хазірет Аббасты себепкер ретінде нұсқап былай дұға жасаған. «Иа Раб!» Бұл сенің Елшіңнің ағасы. Соның құрметі үшін жаңбыр бер!» Жаңбыр келеді.

5) Имам Бұхари мен Мұслим бұйырады. Жаңбыр дұғасы тіленді. Расул-Алла дұға етті. Жаңбырдың қатты болғаны сондай. «Дұға қыл! Жаңбырды қайтар!» деді. Дұға жасады, бірден жаңбыр басылды.



Екінші мысал: Сахабаларының байлығы туралы дұғалары.

1) Бұхари мен Мүслим риуаят етеді: «Расул-Алла: Иә Аллам! Оны дінде Фахиқ қыл (Шариғат ғалымы) және Кітабыңды оған үйрет» - деп дұға жасайды. Содан Аббас «Тәржуманул - Құран», «Хабрул-Умма», «Султанул-Муфассирин» деген атаққа ие болады.

2) Имам Бәихаки риуаят етеді: «Расул-Алла Абдуррахман бин Ауф үшін, мал-жанының берекеті артсын» деп дұға етеді. Сол дұғадан кейін ол керемет байиды. Ол бір жолы жеті жүз түйені жүгімен бірге Алла жолындағыларға садақа етеді.

3) Имам Бұхари риуаят етеді: «Расул-Алла! Уруә ибни Әби Жағданың саудадағы табысы арта түссін» деп дұға етті. Уруа айтады: «Мен Куфа базарында тұратынмын, кейде бір күнде қырық мыңдай пайда көретінмін».

4) Имам Тирмизи риуаят етеді: «Расул-Алла: Сағд ибн Әби Уәққас үшін «Иә Аллам оның дұғаларына жауап бер!» деп тілейді. Оның дұғасы тез қабыл болатындықтан сол ғасырда Сағддың терісбатасынан жұрттың бәрі қорқатын болған».

5) Мәшһүр Әбу Қатада үшін Расул-Алла: «Алла сенің жүзіңді жарқын етсін! Иә Аллам оның денесін, шашын берекетті қыл» деп дұға етеді. Әбу Қатада жетпіске келіп қайтыс болғанда он бес жастағы жас жігіттей болады.

6) Имам Али үшін: «Иә Рабби! Ыстық пен суықтың қиыншылығын оған, көрсет пе» деп Алладан тілейді. Оған қыстың суығы, жаздың ыстығы еш әсер етпейді. Ол өзі былай дейді: «Сол дұғаның құрметі үшін, ыстық пен суықтан қиыншылық көрмедім».

7) Хазірет Фатима үшін: «Иә Аллам оны ашықтырма» деп тілейді. Фатима бұйырады: «Сол дұғадан кейін аштық көрмедім».


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет