Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы 1 Том



бет5/29
Дата15.09.2017
өлшемі6 Mb.
#33041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Академик Ә. Т. Қайдар жығаархаичного компонента, представляющего собой знак (из перьев павлина с инкрустацией) на головном уборе, символизировавший власть и господство высокопоставленных лиц (хана, шаха, бека, султана и др.), а его падение считалось приметой лишения этой власти или постижения неудачи – деп алдыңғы ойды қуаттайды [41, б.154].
Жыға лексемасы туралы әртүрлі пікірлер айтылып келді. Олардың бір қатары төмендегідей:
Қ. С. Ахметжанов: Тамѓалы тас суретінде малдасын ќ±рып, ќауырсынды бас киім киген т‰рік бейнеленгенін айтады. Б±дан біз айналдыра кµп ќауырсын ќадалѓан бас киім кию дєст‰рі кµшпелілерде т‰рік заманында да жалѓасып келгенін кµреміз. Бас киімнің төбесіне не маңдайына (бір-екі қауырсынды) жыға (джига) тағумен ауысқан – деп жазды (Ана тілі, 1994 жыл, аќпанныњ 2-сі). Р. Шойбеков: Жыға – дулығаның артынан (мойынды қылыш кеспеу үшін) қаптап қоятын зат, бас киімнің артқы жиегі, батырлардың төбесі үшкір, әшекейлі дулығасының етегі (Бас киімдер және оның әшекейлері. Ана тілі: 1991: № 16). Б. А. Атабаев: ғалымдар қалай деп таласса да, мағыналары жақын. Жыға сөзі қазақтың төл сөзі болып кеткен – дейді [42, б.102-103].
Түйін. Ілгеріде келтірілген талдауға қарағанда жыға атауы түркі тілдерінде үш түрлі мағынада: құс қауырсыны, асыл тасты алтын әшекей (екеуі де бас киімдікі) және бас киімнің тұтас өзі де осылай аталған. Мәшһүр-Жүсіп жығы деп бас киімге алтын тасты орнатқанды айтқан. Жыға>тас<>тәж. Тәж-деп жыға сияқты бас киімге тағатын затты да атаған.
Тәж. Тәж ~ тас тілдің даму барысында фонетикалық өзгеріске түсіп бас киім атауына айналған сияқты. Таж венецъ (Радлов, 944). Патшалардың ұрлаған тәж бен тахты (М-Ж., 162); Таққа мініп басына таж қойғанмен (М-Ж., 79). Таж 1. корона, венес (Рүстемов, 266); Тәж [täj] зат (ҚТС, 492). Тәж, тәсбих, тәжім, тәжік сөздері түбірлес болуы мүмкін.
Түйін. Мәшһүр-Жүсіп тәж//таж вариантын қымбат тас сияқты қолданған. Бас киім: тәж атауының шығуына о баста тас (руда) әсер еткен болуы мүмкін. Тас>таз (таз кепеш, кепиек). Жыға>тәж<>тас <қарқара (қымбат тас) (Қарқара – бөлімін қараңыз). Жыға мен дулыға кейіннен соғысқа киетін бас киім атауына да ауысқан.
Дулыға. Дулыға, қалқан, сауыт – баршасынан, Аты мен өзінен һәм кетер өтіп (М-Ж., 55); ¦шќыр от, т‰зу мылтыќ, болат найза, Киінген кµк дулыѓа батыр ќайда? (М. Дулат, 107), Алтын қалпақ дулыға, Шекесінде жарқылдап; Алтын қалпақ, жез телпек, Баса киіп көзіне (Қобыланды, 32,71); Құрама болат дулыға, Шекесіне қояды (Қамбар, 347).
Дулығаны М. Қашқари ашиқ, ашұқ дулыға, темір қалпақ - дейді (Түрік сөздігі, 1997: 96). Дулыға – шлемь (Радлов, 1905: т. III. Ч. 2. 1792). Дулыға сөзінің түбір тұлғасы ду болуы мүмкін. Ду ќытай тілінде екі деген ±ѓымды білдіреді екен (Хамраев, 29; Рүстемов, 96). Демек, (ду) ќалыњ – деген мағына беретін сияқты. Дулыға – шлемъ (Радлов, 1792). Сол себепті: ду < ~ дуал ~ дуан ~ дуанбасы ~ дулыѓа шығу тегі бір болуы мүмкін. Бұл соңғы шешім емес, жорамал ғана. Материалдың аздығы сезіледі.
Түйін. Мәшһүр-Жүсіп дулыға лексикасын батырдың киетін сауытының құрамдас бөлігі ретінде алған. Дулыға темірмен қапталған (каска) бас киім, соғыста ғана киетін сияқты. Дулыға алтынмен де қапталғанын: алтын дулыға, көк дулыға, темір дулыға т.б. түрлері болған. Тері қалпақ пен дулыға соғыста киетін бас киім сияқты. Дулыға в литературном языке оно означает «шлем», а здесь нардың өркеші (горб верблюда). Тру.Ко. Монг. Дулыға. Үйдің сыртқы жиегі, кенересі (наружный карниз дома). Кар.ЮКО. (С. Аманжолов, 371). Дулыға сөзінің түбір тұлғасының дуалау сөзімен қаншалықты қатысы барлығы белгісіз. Қытай сөзі болуы мүмкін. Дулыға сияқты бөрік те бас киім атауларына жатқан.
Бөрік. Ханның басындағы бөркін біреу қағып түсірсе, хан хандық қылып қандай қылар еді (М-Ж., 65). Алайық қуанғаннан бастан бөрік. Камшат бөрік басыңда (М-Ж., 67, 232). Көрінгенмен қызыл болдым түлкі, Талайдың жаңаланған тымақ бөркі (М-Ж., 139); Аламын, құнан алмай пұшпақ бөрік (М-Ж., 112); Сайға біткен қоқтымын, Бөрік үстінде шоқтымын (Қобыланды, 41); Жатсыз түрік болмас, Бассыз бөрік болмас (МҚ. I том. 406).
Түркімен тілінде бөрік вö: rüк деп, ал, чулым – түрік тілінде рö: rüк деп беріледі. Р.М. Бирюкович түркімен сөздерінің бірінші буынында чулым – түрік параллелі бар екендігін айтады. Баш., тат. Бөрі – вüн, ал якут рü: r; алт., müre ~ mörü / вürü – қасқыр [43, б.79-158, 314]. Бөрі в одном из диалектов тувинского языка встречается в форме бөрік//börük (ЭСТЯ, 220). Бұл форма қазақ тілінде де сақталды. Бұл жорамалдың шығуына мына: бөріктіру (<бөрік+тір+у) сөздері түрткі болған сияқты. Мысалы, бөлтірік бөрік астында деген тіркесті тура мағынасында бөлтірік бөрі астында; жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында – деп түсіну қажет болар. Соңғы (бөрік астында) тіркесіндегі бөрік сөзін де «бөрі» деп түсіну керек болады. Себебі тілдің ұзақ жылғы даму барысында бөрі сөзінің өзгергені соншалықты бөлтірік деген басқа мағынаға айналды. Сондықтан да логиқалық тұрғыдан бөрік астында бөрі жоқ деп айтпа (Расында да, ол бөрік астына тығылып қалар ма еді?) деген түсінік дұрыс болмас еді. Біздің ойымызша, бұл мақалдың тарихи архетипі былай: Жау жоқ деме жар астында, бөлтірік жоқ деме бөрік астында болар еді. Оның үстіне бұнымен бірге параллель қазақ тілінде өз алдына дербес бөлтірік бөрік астында – деген көне фразеологизм өмір сүруде. Жалпы бөрік пен бөрі сөзінің байланысы туралы Е. Жанпейісов өзінің зерттеуінде айтып өтті [44, б.43]. Бұл сөздің бөрі сөзімен түбірлес екендігі көкпар бөлімінде айтылды.

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет