Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


«Кереку» көне сөзі түркі сөздігінде IХ ғасырда кездеседі. Бұл – лексема бұдан да бұрын пайда болғанға ұқсайды. Сонымен, «кер» түбір тұлғасынан өрбіген «кереку



бет91/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   227
«Кереку» көне сөзі түркі сөздігінде IХ ғасырда кездеседі. Бұл – лексема бұдан да бұрын пайда болғанға ұқсайды. Сонымен, «кер» түбір тұлғасынан өрбіген «кереку» тұлғасы (орал-алтай) бірлестігінен келе жатқан лексема деп қортындылауға болатын сияқты. Кереку мен кереге единицаларының шығу генезисі бір сияқты.
KEREGY: Түркмендер – «шатырды», «көшпенділер қышлық evdi – қышлық евді – «қыстық үйді» «керегү» деп атайды. Мақалда былай деп келген: кек kөrdi keregy jүзti: Кек көрді кергү иүдзтіБейнет көрді, киіз үйін өзі артып алды (М. Қашқари. Түрік сөздігі. I том).
Кереге I (Сем.: Ақс., Көкп., Алм.: Еңб. Қаз., Кег., Жамб., Түрікм.: Ашх., Таш.) үйдің қабырғасы. Тамның (қ.) керегесінде үндеу қағаз жапсырулы тұр (Алм., Кег.). Осы тамның керегесі әктемелі (Түрікм., Ашх.). Кереге II (Шығ.Қаз., Түрік.). Машинамен жиналған шөп үйіндісі. Кереге қап (Түрікм., Ашх., Красн.,Таш.) көшіп-қонғанда сынып қалмау үшін кереге басына кигізетін киіз қалта (ҚТДС, 1999: 97).
Кереге – решетка, составляющая основание или лучше стены (киргизы так называют и стены домов): она состоит из полотен – ќанат / говорится: алты ќанат уй – кибитка в шесть полотен или звеньев/: кереге басы (Ильминский жалпы кейбір киіз үйге байланысты мәліметті Будагов осы Илм. алған болуы керек. – А. Қ.). Кереге сөзінің алғашқы мағынасы – «тор» екендігін сарыкөл тілінің дерегінен білеміз. Онда керган – тор (решетка) (Т. Пах., – рус. Сл., 1971, 88). Бұл тілде осы сөзден пайда болды дерліктей, киіз үй мағынасында қолданылатын «хирги» тұлғасын да ұшыратамыз (сол сөздік, 204). Кейде бір зат атауы екінші нәрсеге ауысып отыратын жағдай тіл заңдылығында жиі ұшырасатыны белгілі. Осыны дәлелдейтін тағы бір дерек киіз үйдің негізгі жабдығының бірі – тор көз, монғол, қалмақ тілдерінде киіз үй атауына айналған. Айырмашылық тек соңғы екі-үш дыбыстың түсіріліп «гэр» не «гер» тұлғаларында көрінуі (Мон.-қаз. сөздік; 1954, 69; Рус.-кал. Сл; 1964, 794). Қазақ тілінде -еге жұрнағын сақтай отырып, киіз үй жабдығының бірі болып қала берген (Нұрмағамбетов, 136-137). Кереге (kerege) зат. Katlanip açilabilir, kafes şekeindeki destek (otağ, cadir) (Қазақша – түрікше сөздік, 2003: 201). Йерге – обертывать, заворачивать, туынды етістіктің қимыл есім тұлғасы (-ге); йерге – наматывать, «йөрге–завернуть, закутать... йөргет – велеть завернуть» (В. В. Радлов:Т.III ч.I). Кереге сөзіндегі е аффиксі жалпы бағытты білдіруі мүмкін. Ал, А. М. Щербак е тұлғасының арғы түбін қимыл есімі деп береді. Е фонемасына келетін болсақ, қазіргі түркі тілдерінде екі түрлі негізде қалыптасқан: таза түркілік е, орыс тілі арқылы енген сөздер құрамындағы е. Таза түркілік деп қаралатын е немесе түркі сөздерінің құрамында айтылатын ä дауыстысы көне түркілік ä дауыстысының көрінісі болып табылады (Томанов, 146).

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет