Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Кереге сөзінің түбірі керу, созу болса, -еге



бет92/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   227
Кереге сөзінің түбірі керу, созу болса, -еге жұрнағын көсемшенің көне жұрнағы деп те қарауымызға болады. Кереге, дөдеге – бұл екеуі құрамдас болуы керек: ке–ре–ге, дө–де–ге (Жанпейісов, 126). Дөдегесі биік боз үйді Төскейге жағалай тігемін (Манас, 269). Кереге > кер > жазу (құру) > тор сияқты мағынасы бар. Біздің ойымызша, кереге // дөдеге // қабырға шығу тегі бір сияқты. «Кер» – деп көне түркі ұғымында балшықты айтқан болу керек. Мысалы: «кирпеш» – тюркское. Правильнее, «кир печ» – «глина из печи» (М. Аджи, 191). М. Қашқари да екі түрлі (қысқы үй, киіз үй) – деп берілген. Кере қарыс деген өлшемді білдіретін тіркестің құрамындағы кере сөзімен де семантикалық байланысы жоқ емес. Дуал // дөдеге ду // дө сияқты түбір тұлғасын қарастыруға болады.
Түркі тілінде кер түбір тұлғасынан өрбіген сөздер көп-ақ. Соның бірі – кер (керіш, керпіш) сөзінің құрамындағы кер. Екіншісі – керек «у» (етістік+зат) керек тұз). Екібастұз (Екі бассаң бір тұз шығады. – Асан Қайғының жер таңдауы). Үшіншісі – кер (диалекті «жар») деп қолданылады т.б. Төртінші - кер (кереге) түбір тұлғасы. «Кер» түбір тұлғасынан басқа да сөздер өрбіген.
Кірпіш. Қарақалпақша гербиш, хакасша кірпис, ноғайша кербиш, қырғызша kirрiç, түрікше kerpiç, чуваша кирпеч, азербайжанша кәрпич, башқұртша кирбес, татарша кирпеч, қазіргі өзбек, ұйғыр тілдерінде бұл сөздің орнына парсы тілінен алынған мына ғишт, хиш сөзі қолданылады. Ал, Сары ұйғыр тілінде бұл сөз семантикалық өзгеріске ұшыраған. Сары ұйғыр тілінде кервыш – қойдың кепкен құмалағы (Малов, Яз. жел. уйг., 67). Ал, көне түркі ескерткіштерінің көпшілігінде кәрпіч, (кирпич) түрінде кездеседі. (МҚ. А. I. 424; Мелиоранский. «Араб-филолог о турецком языке», СПб., 1900, 109). Кейбір ескерткіштерде бұл сөздің kilürpiç түрінде айтылғандығы көрсетіледі. kilürpiç түрінде айтылғанын көрсетеді. (Ettuhfet üz-zekiyye filluqat – it Türkiyye, Jst, 1945, 45). Д. Н. Ушаков оны парсы тіліне жатқызады (Ушаков. Толк. сл. рус. яз. I. 1358). Л.З. Будагов өзінің сөздігінде кірпіш сөзін де, кірэдже сөзін де араб, парсы тілдеріндегі (хиш, кич) сөзінен шығарады (Будагов, Ср.сл.тур.тат. нар. т.II 121). Кірпіш – М. Қашқари сөздігінде ұшырасады.
Кириш//кірес сөзі өзінің алғашқы мағынасында («известь») қазіргі ноғай, түрік тілдерінде қолданылады. Қазіргі азербайжан тілінде кирэч сөзі «гипс, алебастр» деген мағынада қолданылады. Бұл сөз көне түркі ескерткіштерінде де бар. «Кодекс Куманикусте» кірäц, ХII ғасырдағы түркі-араб сөздігінде кірäç (Radloff., CC. St. – Peterburq, 1887, 34; М. Г. Hautsma, Ein turkischarabisches Glossar, leiden, 1894, 96) «известь» деген мағынада кездеседі. Сөйтіп, кіріш сөзі жоғарыда аталған тілдердегі мағынасына жуық қазақ тілінде де ұшырайды. Бұл туралы кіре (жүкші) жоғарыдағы бөлімде айтылды – А. Қ. (Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – А., Ғылым. 1966. – Б. 109- 110). Көне түркі ескерткіштерінде кэрпіш (кирпич) түрінде ұшырасады (МҚ. А. I, -Б. 424). Мұрат Аджи: «Между прочим, слова «кирпич» тюркское. Правильнее, «кир-печ» «глина из печи». Европа не занала до прихода тюрков и о «кирпичах», она довольствовалась рваным камнем или плинфой» – дейді Керней п. 2. труба (печи, самовара, паровоза) – дегеннің де қатысы бар сияқты (Л. З. Рүстемов. Каз-рус. тол. сл. араб-ир. займ. сл. – А., Мектеп, 1989. – Б. 13).
Түйін. Түркілер «кер» деп (балшық, әк тас) жалпы тұз, ақ балшықты т.б. «пеш» – (пыс, күйдіру) мағынасындағы сөзді атаған болуы керек. «Керіш» сөзінің де түбір тұлғасы бір. Мына сөздердің: керамика, керемзит (общее название всех видов изделий из обожженной глины) (Словарь иностранных слов. 1979. – С. 231). Отқа күйдірілген «балшық» – деген ұғымды береді. Демек, түрік сөзі «кірпішпен» тығыз байланысты. Сол сияқты, керогаз, керосин (Толковый словарь русского языка. – М. 1999. С. 272) сөздерінің де түбір тұлғасын анықтауға болады. «Кер» сөзі мен «кен» сөзінің о баста мағыналары да бір болған сияқты

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет