Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


( тығыз қалың шерст  материал )



Pdf көрінісі
бет22/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
(
тығыз қалың шерст 
материал
), 
фетрадан 
(
тығыз жұқа войлак) жасалған созылмалы (эластикалық) 
дөңгелектер болып табылады ( сурет 2).
Войлокты дөңгелектерді өндірісте үш типте дайындайды: дөрекі жүнді 
(шерст), жартылай дөрекі жүнді және жұқа жүнді. Дөрекі жүнді дөңгелектер
бұйымды алдын-ала өңдеуде қолданылады. Ал жартылай дөрекі жүнді және 
жұқа жүнді дөңгелектер беттік қабатты соңғы рет тазалауда, сонымен қатар
бұйымның беттік қабатының кедір - бұдырлығын неғұрлым азайту арқылы 
оның нақты мөлшерін сақтауда қолданылады.

– 
сурет 
Екі 
шпинделді 
шлифовальды-полировальды станок 
2 – сурет Шлифтеуге және полирлеуге 
арналған эластикалық дөңгелек 
Матадан істелінген дөңгелектерді жеке дискілерге жинақтап, спиралды, 
радиалды және концентрлі немесе параллелді тігіспен тігеді. Тігістің ара - 
қатысы азайған сайын (қатты дөңгелектер үшін 5 - 10 мм, ал жұмсақ 
дөңгелектер үшін 15 -20 мм) дөңгелектің қаттылығы арта түседі. Иілімді 


(эластикалық) дөңгелектерге абразивті қабатты жақпас
 
бұрын оларды 
профилирлеуге (дұрыс профилге келтіру), қайрауға (обточкаға) және 
балансирлеуге (теңгеру) ұшыратады. Осыдан кейін дөңгелектерді кептіріп, 
беттік қабаттарына желім жағып, шлифтеу ұнтағын себе отырып орайды.
Желімдік қабат столяр желімінен, казеиннен немесе сұйық шыныдан тұрады.
Столярлы желімді сумен бірге судың екі бөлігіне бір бөлік желім есебінде 
құйып, ісінгенге дейін 10 - 12 сағат аралығында ұстайды. Желімнің, судың және 
шлифтеуші ұнтақтың қатынасы абразивті материалдың түйіршіктілігіне 
байланысты. Түйіршіктілік мөлшері неғұрлым жоғары болған сайын,
дөңгелекте берік абразивті қабат алуға қажет желім мөлшері де жоғары 
болады. Түйіршіктілік (зернистость) 16 - 12 тең абразивті материал үшін қажет 
желімдік массасы 35 - 33 % (масса бойынша) желімнен, 65 – 67 % судан, ал 
түйіршіктілігі 5 – 4 тең абразивті материал үшін 25 - 23 % желімнен және 75 - 
77 % судан дайындалады. Ісінген желімнің қызып кетуінің алдын-алу үшін су 
ұңғымасында (ваннасында) желім қайнатқышта 65 - 70 
0
С температурада 
біртекті массаға дейін қыздырады. Дөңгелектің беттік қабатына ыстық желімді
ара - арасында әрбір қабатты кептіре отырып кезекпен жағады. Дөңгелекке 
айналдырғанға дейін шлифтеуші ұнтақ түйіршігін 40 - 50
0
С қыздырса, 
дөңгелекті 30 - 40
0
С қыздырады. Дөңгелекпен бөлшектің жазылу бағыты 
оның түгінің бағытымен сәйкес келуі керек. Және де осы бағытпен дөңгелек 
шлифтеу кезінде де айналу керек. Бөлшектің желім қабатына терең енуіне әсер 
ететін шлифтеуші ұнтақты дөңгелекке орауда түсірілетін қысымды арттыра 
отырып, дөңгелектің қызмет ету уақытын ұзарту үшін әрбір қабатты кептіре 
отырып екі-үш есе орау қажет. Оралған дөңгелектерді кептіру 25 - 30
0
С 
температурада және ылғалдылық салыстырмалы түрде 50 % - да бір қабаттық 
оралымдарда 20 - 24 сағат, екі қабатты оралымда 48 сағат, ал 35 - 40

С 
температурада сәйкесінше 10 - 12 және 24 сағат аралығында жүзеге 
асырылады. Егерде дөңгелекке алдын-ала дайындалған желім мен шлифтеуші 
ұнтақ енгізсе, шлифтеу қабатын дайындауды бір операция көлемінде жүзеге 
асыруға болады (3 - 4 бөлік шлифтеу ұнтағына 6 -7 бөлік желім).
Дөңгелекке шлифтеу ұнтағын енгізгенге байланыстырушы компонент 
ретінде столяр желімінен басқа сұйық шыны немесе козеин (фосфопротеид) 
желімін қолдануға болады. Сұйық шыныны ірі мөлшерлік абразивті 
материалдарды дөңгелекке орағанда қолданған тиімді.
Бұйымдар жақсы өңделген жағдайда оларды шлифтеу желімсіз 
абразивтік қабаттарда, яғни войлокты немесе
 
мата дөңгелектерге жағылған 
абразивті паста көмегімен жүзеге асырылады. Болат бөлшектерді шлифтеу 
үшін құрамы 60 % (масса бойынша) шаңтәрізді кварцтан, 30 % парафиннен,
10 % олеин қышқылынан тұратын паста қолданылады. Жұқа шлифтеу 75 % 
шлифтеуші ұнтақтан, 15 % стеариннен, УН- 8, 2 % керосиннен тұратын паста, 
мыстан, алюминийден, мырыштан және олардың қорытпаларынан жасалған 
бөлшектерді жұқа шлифтеуде 40 % шлифтеуші ұнтақтан және 60 % 
стеариннен құралған паста пайдаланылады.
Бұрын пайдаланылған шлифтеуші дөңгелектерді қолданар алдында
алдын-ала ескі желім қабатын және абразивті материалдарды қайшы, 


шлифтеуші тас көмегімен тазалағаннан кейін ғана жаңа абразивті қабат жағу 
керек.
Шлифтеу үшін абразивті толтырғыштар мен резиналық 
композицияларды нығыздау арқылы дайындалған вулкандық дөңгелектер 
қолдану, бөлшектерді өңдеу процесін тездетеді, сондай-ақ олар берік, жылуға 
төзімді және ұзақ қызмет көрсетеді. Шлифтеу режимі өңделетін бөлшектің 
материалымен, шеңбердің айналу жиілігімен және оның металл бетіне түсіретін 
қысымымен анықталады. Қатты металдар мен құймалардан дайындалған 
қарапайым формадағы бөлшектерді шлифтеуде үлкен айналу жылдамдығын 
қажет етеді. Толық өңделмеген бөлшектерді шлифтеу барысында неғұрлым
көбірек металл қабатын алуда бөлшектің айналып тұрған дөңгелекке жанасу 
күшін арттыру қажет. Әртүрлі материалдардан дайындалған бөлшектерді
шлифтеу барысындағы дөңгелектердің айналу жылдамдығы (м/с): 
Шойын, қалайы, никель, хром 
14-28 
Мыс және оның құймасы 
12-24 
Алюминий және оның құймасы, 
қалайы, мырыш 
10-19 
Созылмалы 
(эластикалық) 
ленталарды 
немесе 
барабанды 
қондырғыларды қолданғанда шлифтеу неғұрлым эффективті болады.
Созылмалы (эластикалық) ленталар бір мезгілде неғұрлым үлкен беттік 
аумақты, күрделі конфигурациялық бөлшектерді өңдеуге мүмкіндік береді.
Жылу шығарудың жиілігіне байланысты өңдеу режимін интенсивтендіруге 
болады.
Созылмалы (эластикалық) ленталарда шлифтеу арнайы станоктарда 
жүзеге асырылады. Ленталар арнайы роликтерге керіп орналастырылады. Бұл 
роликтердің біреуі бастаушы болып, лентаның белгілі жылдамдықпен 
айналуын қамтамасыз етеді. Екінші ролик беттік қабатты өңдеуде тірек ретінде 
қолданып, сукнамен немесе войлакпен жабылады. Роликтер аралығындағы 
лентадан бос аймақтарда профирирленген бөлшектерді өңдейді.
Ленталармен шлифтеу екі тәсіл арқылы жүзеге асады. Бірнші тәсілде ірі 
мөлшердегі абразивті материалдар қолданылады, екінші тәсілде ұсақ мөлшерлі 
абразивті материалдар қолданылады. Ленталардың қозғалыс жылдамдығы
бөлшектердің материалдарына және конфигурацияларына байланысты болады.
Қалайыдан, қорғасыннан, шойыннан жасалған бөлшектердің тегіс беттік 
қабатын шлифтеудегі ленталардың қозғалыс жылдамдығы 15 - 20 м

с, ал
цилиндірлі беттік қабатта 25 - 30 м

с. Жеңіл металдарды өңдеу кезіндегі 
ленталардың қозғалыс жылдамдығы 30 - 40 м

с, қатты құймаларды өңдеу 
кезіндегі ленталардың қозғалыс жылдамдығы 15 - 18 м

с.
Лентаның созылуы артқан сайын, беттік қабат соғұрлым тегістеледі. 
Процестің өнімділігі және өңдеу тазалығы лентаның қозғалыс жылдамдығы,
онда өңделетін металдың қысымы артқан сайын жоғарлайды. Шлифтеу және 
полилирлеу өнімділігін арттыру тек созылмалы ленталарды қолданғанда ғана 
жүзеге аспайды, сонымен қатар барабанды қондырғылар көмегімен де 
жоғарлайды.


Сонымен қатар барабанды қондырғыларда бір мезгілде ұсақ 
бөлшектердің көп мөлшері өңделеді. Барабанның айналысы және 
бөлшектердің бір-біріне жанасуы кезінде беттік қабаттың тазаруы және 
тегістелуі жүзеге асады. Егерде бөлшектермен қоса барабанға абразивті немесе 
полирирлеуші материалды салып, өңдеуді сұйық ортада жүргізсе процесті 
тездетуге болады. Қышқылдық орта тотық қабыршағын металдан бөліп, 
бөлшектесе, сілтілік орта абразивті материалды кесу әрекетін жеңілдетеді.
Шлифтеуде әртүрлі конфигурациядағы, сонымен қатар ішкі өсінділері 
бар бөлшектерді өңдеуде вибрациалық қондырғыларды қолдану тиімді. Дөрекі 
шлифтеуде абразивті материалдардың шығыны болмайтын және бөлшектік 
мөлшері әртүрлі материалдарды қолдануға болатын нығыз барабанды 
қондырғыларды пайдалануға болады. Мұндай барабандарда сұйық ортада
абразивті материалдар мен бөлшек өнімдері жинақталып қалатындықтан үнемі 
ауыстырып отыру қажет. Сұйық ортасы бар астауға (ваннаға) салынған 
перфорирленген барабандардағы абразивті материалдар өнімдерінде үздіксіз 
алып тасталып отырылады. Бөлшектің беттік қабатын өңдеу сапасы абразивті 
материалдардың бөлшектік мөлшеріне, санына және бөлшектерге түсіретін 
қысымына байланысты. Сондықтанда барабан диаметрі неғұрлым үлкен, ал 
ұзындығы кіші болған сайын нығыздау бірдей болған жағдайда соғұрлым 
бөлшекке әсер ететін абразивті материал массасы жоғары болып, өңдеу 
интенсивті түрде жүреді. Ұзындығы 400 - 1000 мм барабандар үшін олардың 
диаметрі екі есе кіші, ал ұзындығы 900 - 1500 мм барабандар үшін 
ұзындығынан 1,5 есе кіші. Егерде салыстырмалы мөлшердегі металды бөліп 
алу қажет болса, өңдеуді сұйық орта қатысынсыз диаметрі ұзындығына тең 
барабанда жүргізуге болады. Барабандарда абразивті материалдар ретінде 
шлифтеуші ұнтақтар, ұсақ тастар, форфор қолданылады. Тегістік дәрежесін 
арттыру және шлифтеу процесін интенсифтендіру үшін барабанға бір 
мезгілде абразивті материалдарды салуды ұсынады. Қара металдарды шлифтеу 
үшін электрокорунд, ірі
 
кварц құмын, шлифтеуші ұнтақ қолданылады. Түсті 
металдарды өңдеу үшін фарфор, мрамор, гранит түйіршіктерін, ұсақ 
түйіршікті шлифтеуші ұнтақтарды қолдануға болады.
Сұйық ортада барабанды шлифтеуде келесі құрамдағы еріткіштер 
қолданылады (мас.

): қалайы үшін 0,8 үшнатрийфосфат және 0,2 натрий 
нитраты, кальцилирленген сода-1, канифол - 0,5; натрий гидроксиді 1-3, кір 
сабын 0,1-0,2, мыс және олардың қоспасы үшін 0,5-1 кальцилирленген сода
0,6-0,8 үшнатрифосфат, алюминий және оның құймасы үшін 0,6-0,8 
үшнатрифосфат. 
Барабанды көлемі бойынша 50:80 % дейін толтырады, көлемдік 
қатынасы бойынша бөлшек пен абразивті материал қатынасы 1:4 -1:8 құрайды.
Вибрациялық шлифтеуді құрғақ әдіспен жүргізуге болады, ал сұйық 
ортаны қолдану өте тиімді болып табылады. Полилирлеудің шлифтеуден 
айырмашылығы оның арнайы паста қатысында, металдың аз мөлшерде бөлініп 
алу арқылы жүргізіледі. Кедір-бұдырлы беттік қабаттың тегістелуі
микрорельефтің шығынқы аймақтарын қыйып алып тастау нәтижесінде емес,
металдың беттік қабаттық аумағына таралып, микроойықтарға енуі 


нәтижесінде жүзеге асады. Мұндай жағдайда беттік қабаттың өңделуіне
полилирлеуші паста көмегімен жүзеге асатын химиялық және термиялық 
процестер үлкен әсер етеді. Металдың беті пастаның құрамындағы активті 
компоненттер әсерінен жұқа қабатпен немесе тотық қабықшаларымен 
жабылады. Полилирлеуші құрал көмегімен бұл қабықшалар бұзылғанымен 
жаңарған металл қабытына қайта пайда бола бастайды.
Металдың беттік қабатын полилирлеу шлифтеуде қолданылатын 
қондырғыларда, полилирлеуші паста жағылған иілімді (эластикалық) 
дөңгелектерде жүргізіледі. Паста құрамына ұсақ шлифтеуші ұнтақтар, 
байланыстырушы заттар және металдың беттік қабатына активтеуші әсер ететін
олеин қышқылы, күкірт секілді беттік - активті заттар кіреді. Пастаның құрамы 
өңдейтін бөлшек металының қасиетіне, дөңгелек материалына және
майсыздандыру барысында пастаның метал бетінен неғұрлым оңай кетуіне 
байланысты болады. Паста тұтқыр, эластикалық, дөңгелек бетіне оңай 
жағылатындай, онда ұсталып тұратындай болуы қажет. Пастаның құрамы 60-
70% абразивті материалдан және 30 - 40% байланыстырғыштан тұрады.
Абразивті материалдарға хром тотығы, темір тотығы, алюминий тотығы,
вендік ізбес ( аз мөлшерде магний қоспасы бар кальций тотығы), кремний 
тотығы жатады. Байланыстырушы заттар: парафин, стеарин, церезин, 
техникалық сала. Активтеуші қоспалар: күкірт, олеин қышқылы. Паста 
тұтқырлығы оның құрамына скипидар немесе керосин қосқанда төмендейді.
Алдын - ала полилирлеуде абразивті ірі түйіршікті материалдарды М63 
– тен М40 – қа дейінгісін пайдаланады, ал келесі өңдеуге М 28-тен М3 ке 
дейінгі материалдар қолданылады. Металдар мен құймаларды полилирлеуге 
арналған пасталардың құрамы 1- кестеде көрсетілген.
Полилирлеу пастасын дайындау үшін алдымен байланыстырушы майлы 
затты металдық ыдыста жабық отта балқытады, содан кейін арнайы қоспалар 
қосып, үздіксіз араластыра отырып, абразивтік материалды себеді. Біртекті 
масса алғаннан кейін оны металдық немесе қағаз формаларға құйып, суытады.
Кесте 1 – Металдар және құймаларды полирлеудегі паста құрамы (масс. 
мөлшері %)
Паста 
компоненттері 
Полилирлеуші металдар және құймалар 
Болат, никель, 
хром 
Болат, никель, мыс 
және олардың 
құймалары
Алюминий, мыс 
никель, хром 
және олардың 
құймалары 
Алюминий, 
мыс, мырыш 
және олардың 
құймалары 
Хром оксиді 
73 
37 
40 



36 

70 



Темір оксиді 



73 

72 
37 
49 



36 
Кремний оксиді 








- - 
45 

Алюминий 
оксиді 










36 
Каолин 

37 


68 







Стеарин 
17 
13 
40 
19 
17 
14 

18 

23 


Парафин 






27 

28 

37 

Церезин 









1,5 

13 
Вендік әк 









72 




Олеин қышқылы 10 

10 




25 




Техникалық май 


10 






2,5 


Петролатум 

13 


15 
14 






Скипидар 












Минералды май 










10 

Жақсы полилирлеуші қасиет көрсеттетін хром тотығы негізіндегі ГОИ 
пасталар болып табылады. Қара және түсті металдар және олардың құймаларын 
полилирлеу, шлифтеу үшін құрамында абразивті материалмен қоса құрамына 
глицерин және сабын кіретін суда еритін полилирлеуші паста қолданылады 
(кесте 2). Паста металл бетінен органикалық еріткіштер қатынасынсыз ыстық 5 
%-ды кальцинирленген соды ерітіндісі қатысында бөліп алынып тасталады. 
Бұл өрт тудыратын және улы еріткіштерді өндірісте қолданыс мүмкіншілігін 
азайтады. Рижадағы А.С. Попов атындағы радиозауытта суда ерігіштігі мен 
полилирлеуші қасиеттерін арттыру мақсатында суда еритін полилирлеуші
паста құрамы өзгертілген (мас. %) 
Шлифтеуші микроұнтақ 
58 
Кір сабан 
17,5 
Карбамид 

Глицерин 

Сульфанол 
0,5 
Синтанол ДС-10 
0,5 
Су 
17,5 
Бөлшектің беттік қабатын полирлеуші паста қалдықтарынан тазалау үшін
оларды 20 - 30 сек уақыт аралығында құрамы 20г/л натрий гидроксидінен; 50 
метаксилат натрийдан; 20 кальцинирленген содадан; 20 үшнатрийфосфатынан 
тұратын және 70-80

С температураға дейін қыздырылған ерітіндіде өңдейді. 
Құрамына паста енетін созылмалы дөңгелектерде полилирлеу режимі
өңделетін металдың қаттылығымен анықталады. Қаттылығы неғұрлым жоғары 
болса, дөңгелектің айналу жиілігі және оның өңделетін бетке түсіретін 
қысымы соғұрлым арта түседі (кесте 3). 1м

бөлшек аумағын полилирлеудегі
материал шығымы шамамен: 0,02-0,03 войлак дөңгелегі 1,2- 1,4 1м
2
бөз және 
100-120 ГОИ пастасын құрайды. 
Кесте 2 Суда еритін шлифтеуші - полилирлеуші, полирлеуші пасталардың 
құрамы (мас. % ) 
Паста компоненттері 
Шлифтеуші-
полилирлеуші паста 
Полилирлеуші паста 
ОХ 4-2 маркалы хром
тотығы 
29,5 
59 
М 10 микрототығы 
29,5 

Кір сабын 60%) 
16 
16 
Дистилденген глицерин 5 

УН майлағышы 


А маркалы карбамид 




ОП-7 препараты


Су 
14 
14 
Кесте 3 Созылмалы (эластикалық) дөңгелектермен полилирлеу режимі 
Материал 
Дөңгелетілген 
жылдамдығы, м

с 
Өңделетін 
беттік 
қабатттағы қысым, МПа 
Қалайы, никель 
30-35 
0,1-0,2 
Мыс 
және 
оның 
құймалары 
22-30 
0,03-0,08 
Алюминий және оның 
құймалары 
18-22 
0,01-0,04 
Пластмассалар 
12-15 
0,01-0,02 
Алтын және күміс металдарының беттік қабаттарын әсемдік жаңарту 
үшін полилирлеуші дөңгелектер мен арнайы пасталар жарамсыз. Бұл 
жағдайларда бағалы металдардың шығынын болдырмау үшін беттік қабаты 
тегіс агаттан, қатты құймалардан дайындалған арнайы полилирлеушілерді 
қолданады. Полилирлеу қолмен құралды баса бір қалыпты қайтармалы - 
үдемелі қозғалта отырып жүргізіледі. Жұмыс уақытында полилирлеу құралын 
үздіксіз түрде сабын сумен сулап отырады. Құралды жұмысқа қабілетті күйде 
ұстап тұру үшін хром немесе кракус пастасы бар теріде қолмен периодты түрде 
полилирлейді. Барабандық және вибрациялық қондырғыларда полилирлеуді 
жабынды отырғызар алдында бөлшекті тазалауда немесе жабын 
отырғызылмайтын бөлшектердің бетін жаңартуда қолданылады. Сұйық орта 
қатысынсыз барабанда полилирлеу тек глянцты беттік қабаты бар жұмсақ 
металдар мен пластамассалардан жасалған бөлшектерге қолданылады.
Полилирлеуші материалдар ролін фетра, тері тілімдері, шайырлы емес 
ағаш тұқымдарының (бук, қызыл қайың, ақ үйеңкі) құрғақ үгінділері атқарады. 
Сұйық орта қатысында 

су астылық

деп аталатын барабанды 
қондырғыларда полилирлеу де кең қолданыс тапты. Алдан-ала майсыздандыру 
сапалы полилирлеу жүргізуде міндетті процесc болып табылады. Мұндағы 
жұмысшы орта 0,2 - 0,7 %- ті кір сабын ерітіндісі. Қара металдарды өңдегенде 
сабын ерітіндісін полилирлеу процесін интенсивтендіру үшін 40 - 50 
0
С
температурада қыздыруға болады. Ерітіндінің қызмет ету ұзақтығы 24 сағат, 
содан кейін оны қайта ауыстыру қажет. Сондай-ақ ерітіндіге беттік активті 
заттарды қосу ұсынылады. Қара металдар үшін мұндай заттарға Петрова 
контактісі, НП-2 немесе НП-3 препараттары жатады.
Көміртекті болатты полирлеу үшін сабынды ерітінділерден басқа келесі 
ерітінділер (мас. %) қолданылады:
- ерітінді 1 ( натрий силикаты-0,8; натрий фосфаты (Na
3
PO
4
) - 0,3; ),
- ерітінді 2 (кальцинирленген сода-0,2; әк -0,2 ),
- ерітінді 3 (натрий нитраты-0,2).
Коррозияға тұрақты болаттарды полилирлеу үшін келесі құрамдағы 
ерітінділер пайдаланылады: (мас. %) кальцинирленген сода -1; натрий нитраты 


- 0, 25; әк -0,2, мыс және олардың құймаларын полилирлеу үшін құрамнан 
(мас. %) хромды ангидриді -1; натрий хлориді - 0,5; алюминий және оның 
құймаларын полилирлеу үшін құрамнан: хром ангидриді - 1; күкірт қышқылы - 
0,5 тұратын ерітінділер қолданылады. 

Су астында

полилирлеуде материал ретінде диаметрі 1 мм - ден 10 мм 
–ге дейінгі құрышталған болат шариктері, диаметрі 4 мм - ден 15 мм –ге 
дейінгі фарфорлы бойлар, кварцтың ұсақ бөлшектері, әртүрлі диаметрдегі 
шыны шариктер, вендік әк қоланылады. Жас жүгерілер (глянцалы) 
жылтырлық әсер беріп, беттік қабаттар жылтырдың пайда болуына ықпал етеді. 
Барабанның көлеміне есептегендегі жалпы жүктеме 40-80 % құрайды.
Өңделетін метал көлемінің полилирлеуші материал көлеміне қарым-қатынасы 
1:2 ден 1:10 қатынасына дейін өзгеруі мүмкін. Салқын штамтаумен алынған 
болат бөлшектерді полилирлеу ұзақтығы 2-6 сағатты, ыстық штамтаумен 
алынған бөлшектерді полилирлеу ұзақтығы 50 сағатты, алюминийлі 
бөлшектерді полилирлеу ұзақтығы - 10-15 сағатты, мыс құймаларынан 
жасалған бөлшектерді полилирлеу ұзақтығы 2-6 сағатты құрайды.
Гальваникалық қаптаманы болат және шыны шариктермен 0,5-2 сағат 
аралығында полилирлейді.
Бөлшектерді полилирлеу процесін интенсификациялауды сілкіндіру 
қондырғылардың көмегімен жүзеге асыруға болады. Түсті металл мен олардың 
құймаларынан жасалған бөлшектерді вибрациялық жолмен полирлеу войлок 
тілімдері секілді толтырғыштары бар 2 % калий хромпигі ерітіндісі қатысында 
және жұмсақ абразивті материалдар немесе вендік әкте жүргізеді. Болатты 
бұйымдарды қатты толықтырғыштармен (ұсақ, жұқа шлифтейтін ұнтақтар) 
бірге 2 % калцирленген соды ерітіндісімен өңдейді. Бұл жағдай беттің кедір-
бұдырлығы азайтады. Вибрациялық қондырғыларда полилирлеу режимі:
контейнердің тербелу жиілігі минутына 2000 в, амплитудасы 2-3 мм, беттік 
қабаттың бастапқы жағдайына байланысты өңдеу ұзақтығы 2-6 сағат. 
Полилирлеу процесін интенсификациялау үшін барабанды қондырғыда
галваноабразивті әдіс көмегімен жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда 
абразивті материал ролін атқаратын металдың түйіршіктерімен өңделетін 
бөлшектің жанасуы кезінде пайда болатын гальваникалық жұп әсері 
нәтижесінде туындайтын электрохимиялық реакциялар барабанда 
орналастырылған механикалық әсерлерге қосымша болады. Болатты 
бөлшектерді мыс түйіршіктерімен жанастыра отырып, натрийдің 
дигидрофосфатының 10 % - тік ерітіндісінде өңдегенде, процестің 
жылдамдығы кәдімгі абразивті барабанда өңдеуге қарағанда 2-3 есе арттырды.
Крацевание дегеніміз - арнайы станокта немесе электроматордың 
шпинделінде орналастырылған дискілі және фигуралы крацевалды щеткалар 
көмегімен айналатын бөлшектің беттік қабатын механикалық дайындау 
Болат бөлшектерін тазалауда диаметрі 0,05-0,04 мм сымдардан жасалған
қалайы шеткалар қолданылады. Түсті металдар диаметрі 0,1-0,2 мм жезді 
немесе нейзилберлі(мыс, никель, мырыш құймасы) сымдардан жасалған
неғұрлым жұмсақ щеткалармен өңдейді.


Жуан және қысқа сымдардан жасалған щеткаларды сіңіп қалған 
ластағыш заттардан металдарды тазалауда, ал ұзын және жұқа сымдардан 
жасалған щеткаларды беттік қабатты тегістеуде және әсемдеуде қолданылады. 
Гофрирленген (кеңірдектенген) сымды щеткалар тіке сымдыларға қарағанда 
өте серпінді, созылмалы. 
Дискілі щеткалардың айналу жиілігін олардың диаметрін есепке ала 
отырып нақтылайды. Диаметрі 130-150 мм майлағыштардың айналу жиілігі
2500-2800 айн

мин, диаметрі 1250-270 мм –де 1800-2100 айн/мин, диаметрі 400 
– 420 мм –де 1200-1500 айн/мин.
Жұмсақ металдарды крацевтеу үшін капронды, шөпті щеткалар 
қолданған дұрыс. Құрғақ шеткамен кравцевтеу беттік қабатқа жылтыр емес 
тегістік береді. Егерде щетканың соңғы ұшына полилирлеуші паста жақсақ 
онда жылтыр болады. Құрғақ щеткаларды сулау беттік қабатта жылтырдың 
пайда болуына әкеледі. Мұндай эластикалық щеткалардың айналу 
жылдамдығы 30-40 м/с. Декаративті өңдеуде (әсемдік жаңартуда) және 
галваникалық қаптамаларды өңдеуде металдың шығымын азайту үшін
жұмысшы зонаға тамшы немесе жұқа ағын түрінде суытқыш эмульсия , 
сулағыш сұйықтық беріп отыру керек.
Қара металдарды өңдегенде суытқыш эмулсия немесе құрамына беттік 
активті зат қосылған әлсіз сабын ерітінділерін мысалы – синтанолды қолдануға 
болады. Түсті металдар және галваникалық қаптамалар 0,5 % - ды сабын 
ерітіндісін немесе 3 % - ды сақар (поташ К
2
СО
3
) ерітіндісін қолданса жақсы 
өңделеді. Щеткаларды крацевтеу кезінде сулау металл шығымын азайтып, 
беттік қабатты жылтырата түседі. 1м
2
металл аумағын өңдеуге кететін болат 
щетканың шығыны 0,02 -0,2 тал капрондық майлағыштардың шығыны 0,01 - 
0,2 тал.
Бөлшектің беттік қабатын абразивті материалдың немесе сұйық 
абразивті суспензияның ағынымен, ағынды абразивті және гидроабразивті 
өңдеу арнайы аппараттарда жүзеге асырылады. Ол изоляцияланған жұмыс 
кеңістігі бар абразивті шаңдар мен абразивті металл қалдықтарын арнайы 
бөліп алып тастауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде құмды ағын әдісі гидроағын әдісімен ауыстырылған.
Сондықтанда бұл неғұрлым қатты металдарды өңдеуге мүмкіндік туғызды.
Түсті металдармен коррозияға төзімді болаттарды өңдегенде өңделетін бетке 
етене еніп, оларды өзгеріске әкелетін қатты абразивті материалдарды қолдануға 
болмайды. 
Қара 
және 
кейбір 
түсті 
металдардан 
жасалған 
бөлшектерді 
гидроабразивті өңдеуде құрамы (г

л): кварц құмы немесе электрокорундтың 
шлифтелген ұнтағы 380-420; натрий нитраты 18-22; кальцинирленген содадан 
4-6 тұратын суспензиялар қолданылады. Бөлшектерді гидроабразивті 
өңдегеннен кейін пассивтеуші ерітінділермен жуады. Пассивтеуші ретінде 
құрамында 100-150 г/л натрий нитарты және 8 -12 г 

л кальцинирленген сода 
кіретін ерітінділер қолданылады. Пассивтеу екі су моншасында 65 - 75 

С 
температурада әрбіреуінде 1,5-2 мин аралығында жүргізіледі. Содан кейін


қара металдан жасалған бөлшектерді жумайды, ал түсті металдан жасалған 
бөлшектерді сумен жуып, кептіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет