Мәтінді тілдік талдау әдістері. Тілдік, лексикологиялық, стилистикалық, әдеби талдаулар



бет1/2
Дата28.04.2024
өлшемі25,41 Kb.
#201508
  1   2
Байланысты:
3 РЕФЕРАТ


Мәтінді тілдік талдау әдістері.
Тілдік, лексикологиялық, стилистикалық, әдеби талдаулар

Адамның рухани әлемін оның адамгершілік бүкіл ішкі сезім қасиетін қалыптастырып байытуда әдебиеттің, ана тілі пәнінің атқарар қызметі ерекше. Көркем туындыны толық, терең әрі жан-жақты түсіну оны талдаудың түр-түрін жетік меңгеріп, оларды талдаудың жоғары мәдениетін ғылымдық сапада жүргізуді талап етеді. Олардың қай –қайсысында да зерттеушінің алдына әдеби шығарманың шынайы көркем табиғатын тану мақсаты қойылады.


Талдау әдісі дегеніміз – тілдік және әдеби талдаудың ғылыми негізделген түрлі жолдары мен тәсілдерін іздестірумен айналысатын білім саласы. Мысалы, шығарманы танып-білу барысында тиімді тәсіл ретінде мәтіндегі эпитет пен метафораны терең ұғыну процесін алуға болады. Талдау арқылы көркем туындының көрінбей жасырын тұрған жақтарын аңғарамыз.
Негізгі мақсат: әдеби туындыны пайдаланып тіл әлемінің мағынасы мен мазмұнына терең бойлап, эстетикалық қызметін ашып айқындау. Мәтінді мазмұндауға, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
Тілдік талдау – талдаудың ең қарапайым түрі. Оның мақсаты: көркем мәтінді пайымдау, әдеби шығарманы дұрыс ұғыну, тілдік тұлғаның мәнмағынасын, көркемдегіш құралдарын ашып беру.
Міндеттері:
1. Лингвистикалық және стилистикалық талдаулар көркем шығарманы түсініп, оқудың жоғарғы мәдениетін қалыптастырады. Көркем туындыны ой мен сезім арқылы белсенді қабылдап, оқырман суреткермен бірге толғанып, көркем бейнені бірге сомдайды.
2. Әдеби туындының идеялық көркемдік болмысын шынайы терең түсінеді. Оның негізгі идеясын ашуға тілдік талдау арқылы қол жеткізеді. Бұл тұрғыдан лингвистикалық талдау стилистикалық және әдеби талдауларға жәрдемші. Көркем шығарманың тілін талдаудың әдістері сан алуан, көп қырлы болып келеді.
Талдау әдісі дегеніміз – тілдік және әдеби талдаудың ғылыми негізделген түрлі жолдары мен тәсілдерін іздестірумен айналысатын білім саласы. Мысалы, шығарманы танып-білу барысында тиімді тәсіл ретінде мәтіндегі эпитет пен метафораны терең ұғыну процесін алуға болады. Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың танымдық қабілеті арттырылады. Талдау арқылы көркем туындының көрінбей жасырын тұрған жақтарын аңғарамыз.
Болашақ маман иесі жаңалыққа құмар, білім алу үшін ізденеді, жаңалық ашуға тырысады. Сондықтан олар мәтіннен ізденіс арқылы ақпарат алады және мәтін лингвистикасының арқасында көптеген тілдік фактілерді меңгереді. Талдау барысында есімдіктердің мағыналық топтарының қызметі ашылады. Сөз таптары оның ішінде шылаулар, үстеулер, қыстырма сөздердің синтаксистік функциялары ашылады.

Әдістерді төмендегідей үш топқа жіктеп қарауға болады:


1.синтетикалық
2.құрылымдық
3.статистикалық
Бұлардың ішіндегі негізгісі – синтетикалық әдіс. Бұл әдіске тән белгісыртқы тұлғалық және ішкі мазмұндық талдаудың іштей органикалық түрде бірігуі.
Көркем әдебиет стилистикасында бұл әдіс ең алғаш А.А.Потебня, В.Б.Щебра, Б.А.Ларин, В.В.Виноградов, Г.О.Винокур сияқты ғалымдардың еңбектерінде қолданыс тауып, кейінгі зерттеулерде одан әрі ұшталып, дамытылды. Бұл әдіс арқылы жазушы стилистиканың ерекшеліктерін, тілдік тұлға мен бейнелі идеяның мазмұнының бірлігін, жанр түрінің өзгешелігін ашады. Синтетикалық әдістің негізгі белгілерінің бірі – шығарманың жекелей тілдік ерекшеліктерін емес, оның әрбір элементінің эстетикалық маңыздылығын ашу мақсатымен тұтас көркем тілдік болмысын зерттеуге құрылуы.
Әдістің екінші бір маңызды белгісі – жазушы қолданған тілдік құралдарды тізбектеп, олардың бар екенін санамалап көрсетіп, кейбір ерекшеліктерін ашып қана қоймай, олардың қолданыстағы жүйелік сипатын көрсетуі. Сонымен көркем шығарманың тілін бұл әдіс арқылы талдау кезінде оның идеялық бейнелі мазмұны композициялық құрылымымен, тілдік тұлғаның стилистикалық қолданыста жасалуымен және олардың мағыналық жағымен анықталады. Көркем шығарма тілін талдауда синтетикалық әдістен басқа құрылымдық және статистикалық әдістер де қолданылады. Бұлар синтетикалық әдіске көмекші ретінде, онымен бірлікте қолданылып, оны толықтырады.

Құрылымдық әдістің үш түрі болады:



  • диетрибутивті әдіс;

  • трансформативті әдіс;

  • құрылымдық-симманенттік талдау әдісі;

Статистикалық әдіске келетін болсақ, оның талдау тәртібін пайдалана отырып, сөздердің белгілі бір топтарының синтаксистік құрылымдардың жазушы стилінде алатын орнын анықтауға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет